Мақала
Бұйрықтар

№ 159 бұйрық (04.12.2025): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 142/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 159 бұйрығы

Бұйрық нөмірі
159
Қабылданған күні
04.12.2025
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 142/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21479 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесінде:

реттік нөмірі 9- жол алып тасталсын;

реттік нөмірі 33-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

33D 80.0, D 80.1 D81.0- D81.9 D82.0 D83.0, D84.0, D84.1, D84.8Иммундық механизм қамтылған жеке бұзылуларБастапқы иммун тапшылықтарыҚан, қан өндіру ағзаларының аурулары және иммундық механизм қамтылған жеке бұзылуларС1 ингибитор - адам эстеразасыB06AC01
ЛанаделумабB06AC05
Иммуноглобулин (тамырдан тыс енгізу)J06BA01
Иммуноглобулин (венаішіне енгізу үшін)J06BA02
Интерферон гаммаL03AB03

";

реттік нөмірі 46-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

46G 12.2Қозғалтқыш невронның ауруы. Қозғалтқыш невронның отбасылық ауруыАмиотрофиялық бүйірлік склероз, жұлын бұлшықеттік атрофия – аккредителген зертханада молекулалық генетикалық растау болған кездеНерв жүйесінің ауруыФилграстимL03AA02
НусинерсенM09AX07
РисдипламM09AX10
РилузолN07XX02

";

реттік нөмірі 47-жол алып тасталсын;

реттік нөмірі 49-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

49G71.0 –G71.3Нерв-бұлшықет синапсы және бұлшықет ауруларыБұлшықет дистрофиясы: Дюшенн немесе Беккер типті аутосомды рецессивті, ерте контрактуралары (Эмери-Дрейфус) бар жауырын-перонеальды), дистальды иық-жауырын-бет, қол- аяқ- бел, көз бұлшық еті, көз жұтқыншақ (окулофарингеалды). Миотониялық Штейнер дистрофиясы. Туа біткен Томсен миотониясы. Исаакс нейромиотониясы. Туа біткен парамиотония. Туа біткен бұлшықет дистрофиясы: бұлшықет талшығының ерекше морфологиялық зақымдануы. Орталық ядро ауруы, миниядролық, мультиядролық Талшықтар типтерінің диспропорациясы. Миотубулярлық миопатия (орталық ядролы), немалиндік (немалинді дене ауруы). Басқа айдарларда жіктелмеген митохондриялық миопатия –аккредителген зертханада молекулалық генетикалық растау болған кезде.Бастапқы бұлшық ет бұзылуларыДефлазакортH02AB13
АталуренM09AX03
ЭтеплирсенM09AX06
ГолодирсенM09AX08

";

реттік нөмірі 50-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

50Е 74.8Glut 1 тапшылық синдромыGlut I глюкозасының транспортері тапшылығы синдромы аккредителген зертханада молекулалық генетикалық растау болған кездеКөмірсулар алмасуының басқа анықталған бұзылушылықтары
ТригептаноинA16AX17

";

реттік нөмірі 63-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

63G40.8 G40.9Эпилепсияның сирек кездесетін және резистентті түрлеріЕрте нәрестелік эпилептикалық энцефалопатиялар (инфантильді спазм –Вест синдромы); Туберкулезді склероз (Бурневилл ауруы); Ландау-Клефнер синдромы; (Леннокс-Гасто синдромы); Симптоматикалық ерте миоклониялық энцефалопатия (Отахар синдромы); Ерте миоклониялық эпилепсия; Миоклониялық абсанспен болатын эпилепсия (Тассинари синдромы); миоклониялық-астатикалық эпилепсия(Дуз синдромы),Драв синдромдары барлық расталған генетикалық мутацияларНерв жүйесінің ауруыАдренокортикоидты гормон (АКТГ)H01AA
ТетракозактидH01AA02
ЭтосуксимидN03AD01
ВигабатринN03AG04
СультиамN03AX03
ЛакосамидN03AX18
МидазоламN05CD08
ПерампанелN03AX22
ТиагабинN03AG06
РуфинамидN03AF03
ФенитоинN03AB02
СтирипентолN03AX17
КлобазамN05BA09

";

реттік нөмірі 66-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

66С47.3 С47.4 С47.5 С47.6 С47.8 С47.9 С48.0 С74.1 С74.9 С76.0 С76.1 С76.2 С76.7 С76.8НейробластомаНейробластомаДәл белгіленбеген қатерлі ісікДинутуксимаб бетаL01XC16

".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты қабылданған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Альназарова

Іздеу атаулары: №159 бұйрық, 159-бұйрық, приказ 159, жүз елу тоғызыншы бұйрық, 159 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.