Мақала
Бұйрықтар

№ 100 бұйрық (17.02.2026): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2026 жылға арналған комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 17 ақпандағы № 100 бұйрығы.

Бұйрық нөмірі
100
Қабылданған күні
17.02.2026
Актіні өзгерту күні
19.03.2026
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

ЗҚАИ-ның ескертпесі! Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-1) тармақшасына, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 1156 қаулысының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) 2026 жылға арналған қызметін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекті шама шеңберінде Қордың комиссиялық сыйақысының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасы есепті айда Қордың шотына түскен активтер мөлшерінің 1,21 пайызы белгіленсін.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 19.03.2026 № 144 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2026 бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика, қаржы және корпоративтік басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрдегі оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министріА. Әлназарова

Іздеу атаулары: №100 бұйрық, 100-бұйрық, приказ 100, жүзінші бұйрық, 100 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.