Мақала
Бұйрықтар

№ 222 бұйрық (19.03.2003): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің "Дәрі-дәрмек, емдеу-диагностика және косметика құралдарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медицина техникасы мен емдеу-алдын алу тамақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу ережелері туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндегі мемлекеттік тіркеуі 1999 жылғы 17 мамырдағы N 759) 1999 жылғы 30 сәуірдегі N 226 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 7 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2231. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 тамыздағы N 635 бұйрығы (V032496).

Бұйрық нөмірі
222
Қабылданған күні
19.03.2003
Актіні өзгерту күні
25.08.2003
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Қазақстан Республикасы Президентінің "Дәрілік заттар туралы" Заң күші бар 1995 жылғы 23 қарашадағы N 2655 Жарлығына , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" 1997 жылғы 19 мамырдағы N 111-1 Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасының дәрілік саясат тұжырымдамалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы N 584 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің "Дәрі-дәрмек, емдеу-диагностика және косметика құралдарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медицина техникасы мен емдеу-алдын алу тамақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу ережелері туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндегі мемлекеттік тіркеуі 1999 жылғы 17 мамырдағы N 759, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 16 қарашадағы N 947/1 бұйрығымен енгізілген өзгерістері бар, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндегі мемлекеттік тіркеуі 2001 жылғы 2 қарашадағы N 1665) 1999 жылғы 30 сәуірдегі N 226 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген дәрі-дәрмек, емдеу-диагностика және косметика құралдарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медицина техникасы мен емдеу-алдын алу тамақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу ережелерінде: 20-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: "Тұпнұсқа препараттарды әзірлеушілер қорғау құжатының (патенттің) қолданысы аяқталғаннан кейін клиникалық сынақтар туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс, ұдайы өндірілетін препараттарды өндірушілер биологиялық барабарлығы туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс."; мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын: "20-1. Республикалық бюджет бағдарламасының шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын халқын емдеу кезінде қолданылатын ұдайы өндірілетін дәрілік заттар ұзақтығы 3 айдан артық емес міндетті шектелген клиникалық сынаққа немесе биологиялық барабарлыққа (биоқолжетімділікке) арналған сынақ жүргізуге жатады." 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі А.Т.Айдархановқа жүктелсін. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді.

Министр

Іздеу атаулары: №222 бұйрық, 222-бұйрық, приказ 222, екі жүз жиырма екінші бұйрық, 222 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.