Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 38 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2506. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі N 578 бұйрығымен.
- Бұйрық нөмірі
- 61
- Қабылданған күні
- 24.09.2003
- Актіні өзгерту күні
- 30.07.2010
- Мәртебесі
- Күшін жойған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.30 N 578 (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында Бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылғы 18 қазанда N 2017 тiркелген және 2002 жылғы "Нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенiнiң" N 47 басылымында жарияланған Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi "Азық-түлiк рыноктарын орналастыруға, ұстауға және пайдалануға қойылған санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережелер мен нормаларды бекiту туралы" N 38 бұйрығына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген "Азық-түлiк рыноктарын орналастыруға, ұстауға және пайдалануға қойылған санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережелер мен нормаларға: "Әкiмшiлiк азық-түлiк рыногына қойылатын талаптар" деген 9-тарауда 64-тармақтағы 4) тармақшада "сондай-ақ рынокқа жапсарлас аумақты" деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң төрағасы В.А.Меркерге жүктелсiн. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Іздеу атаулары: №61 бұйрық, 61-бұйрық, приказ 61, алпыс бірінші бұйрық, 61 бұйрық скачать.