Мақала
Бұйрықтар

№ 816 бұйрық (04.11.2003): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Халықтың декреттелген тобы өкілдерінің жеке медициналық кітапшасының нысанын және жеке медициналық кітапшаны беру, есепке алу және толтыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау министрінің 2003 жылғы 4 қарашадағы N 816 бұрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 қарашадағы тіркелді. Тіркеу N 2575. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы N 768 Бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
816
Қабылданған күні
04.11.2003
Актіні өзгерту күні
24.11.2009
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.11.24 N 768 бұйрығымен .

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласында пайдаланылатын есепке алу-есеп беру медициналық құжаттамасын жетілдіру мақсатында бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) халықтың декреттелген өкілдерінің жеке медициналық кітапшасының нысаны; 2) жеке медициналық кітапшаны беру, есепке алу және толтыру ережесі бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 4 қарашадағы N 816 бұйрығымен бекітілген Халықтың декреттелген тобы өкілдерінің жеке медициналық кітапшасының нысанын және жеке медициналық кітапшаны беру, есепке алу және толтыру ережесін бекіту туралы

Жеке медициналық кітапшаны беру, есепке алу және толтыру ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Жеке медициналық кітапшаны беру, есепке алу және толтыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) жеке медициналық кітапшаны беру, есепке алу және толтыру тәртібін анықтайды.

2. Осы Ереже жеке және меншік нысанына қарамастан заңды тұлғаларға арналған.

3. Міндетті медициналық қараулардың нәтижелері жеке медициналық кітапшаға (бұдан әрі - ЖМК) енгізіледі.

2. Беру және есепке алу тәртібі

4. ЖМК-ыны санитарлық-эпидемиологиялық қызметке кіретін мемлекеттік ұйымдар береді.

5. ЖМК халықтың декреттелген тобы өкіліне (бұдан әрі - ЖМК иесі) жұмысқа қабылдаған кезде беріледі.

6. ЖМК иесінің фотосуретіне оны берген ұйымның мөрі қойылуға тиіс.

7. Жеке медициналық кітапшаларды есепке алу оны осы ережеге қосымшаға сәйкес берген ұйымның жеке медициналық кітапшаларды есепке алу журналында жүргізіледі.

3. Толтыру тәртібі

8. ЖМК мемлекеттік және орыс тілдерінде, мынадай тәртіппен анық, қатесіз толтырылуға тиіс.

9. 1 "Паспорт деректері" бөліміне ЖМК иесінің жеке куәлігі немесе паспорты бойынша деректері енгізіледі.

10. 2 "Медициналық кітапша иесі туралы мәліметтер" бөліміне ЖМК иесі туралы мәліметтер енгізіледі.

11. 1 және 2-бөлімдерді жұмыс беруші немесе жеке тұлғаның өзі толтырады.

12. Жұмыстан босатылған және/немесе басқа жұмысқа ауысқан кезде ЖМК жаңа жұмыс орнында ұсыну үшін иесінің өзінде қалады. Ұйымына ЖМК иесі жұмысқа орналасатын жұмыс беруші (әкімшілік) 3 "Басқа ұйымға жұмысқа ауысуы туралы белгілер" бөліміне тиісті деректерді енгізуге тиіс.

13. 4 "Бұрын ауырған жұқпалы аурулары" және 5 "Медициналық тексерудің қорытындысы, терапевт" бөлімдеріне тексеруді жүргізген емдеу-алдын алу ұйымы дәрігерінің ЖМК иесін медициналық тексерудің нәтижесі жөніндегі қорытындысы енгізіледі және тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - ТАӘА) көрсетіле отырып, оның қолымен және мөрімен бекітіледі.

14. 6 "Туберкулезге тексерудің қорытындысы" рентгенологиялық зерттеулерінің нәтижелері мен медициналық тексеруді жүргізген емдеу-алдын алу ұйымы дәрігерінің қорытындысы енгізіледі және оның ТАӘА көрсетіле отырып, оның қолымен және мөрімен бекітіледі.

15. 7 "Жыныс ауруларына тексеру мен зертханалық зерттеудің қорытындысы" және 8 "Гинекологиялық тексерудің қорытындысы" бөлімдеріне ЖМК иесінің зертханалық 6 "Туберкулезге тексерудің қорытындысы" рентгенологиялық зерттеулерінің нәтижелері мен медициналық тексеруді жүргізген емдеу-алдын алу ұйымы дәрігерінің қорытындысы енгізіледі және оның ТАӘА көрсетіле отырып, оның қолымен және мөрімен бекітіледі.

16. 9 "Патогенді стафилококктарға зерттеудің қорытындысы", 10 "Ішек құрттары қабыршақтарына тексерудің қорытындысы", 11 "Бактериологиялық зерттеудің қорытындысы" бөлімдеріне оның ТАӘА көрсетіле және зерттеуді өткізген ұйымның мөрі қойыла отырып, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке немесе емдеу-алдын алу ұйымына кіретін ұйымның маманы жүргізген ЖМК иесін зертханалық зерттеудің қорытындысы енгізіледі.

17. 12 "Гигиеналық оқыту бойынша емтихан тапсыруы туралы белгі" бөліміне емтихан тапсыруы туралы тиісті белгі қойылады, ол оның ТАӘА жазыла және тиісті мөрі қойыла отырып, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының уәкілетті лауазымды тұлғасының қолымен бекітіледі.

18. 13 "Жұмыс істеуге рұқсат беру" бөлімінде ЖМК иесінің медициналық тексеруден, зертханалық зерттеуден және гигиеналық оқытудан өтуді аяқтағаннан кейін жұмыс істеуге рұқсат беру мерзімі көрсетіледі, оған ТАӘА көрсете отырып, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органының басшысы жеке қолы мен мөрін қояды.

4. ЖМК-інің дайындалуына қойылатын талаптар

19. ЖМК-інің мұқабасы мен беттері ұзақ қолданылатын құжаттарға (паспорт, әскери билет) қойылатын талаптарға сәйкес технология бойынша арнайы материалдан жасалады.

20. ЖМК-інің мөлшері 97 Х 135 мм, бұрыштары дөңгелетілген, мұқабасы қара көк түсті.

21. ЖМК-ны жасандылықтан қорғау мақсатында, онда қосымша: 1) мұқабасының ортасында мемлекеттік және орыс тілдерінде алтын түстес әріптермен жазылған жазу: Жеке Медициналық Кітапша 2) мұқабасының ішкі жағында және барлық беттерде ортасында жарты айшық түріндегі көгілдір торша бейнеленген, төменгі жақта ортасында: жеке медицина кітапша - личная медицинская книжка деген жазу жазылған.

22. ЖМК-нің бөлімдеріндегі кесте үстіндегі және бағандарындағы барлық жазулар мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған.

23. Әрбір бетте жоғары жақ ортасында ЖМК-інің бөлімі сипатталған.

24. 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-бөлімдерді екі және одан астам беттерге жазуға болады.

Жеке медициналық кітапшаны беру, толтыру мен есепке алу ережесіне қосымша

Жеке медициналық кітапшаларды есепке алу журналы __________________________________________________________________ Р/с ЖМК иесінің Жұмыс орны, Тұрақты ЖМК Гигиеналық оқыту N тегі, аты, лауазымы мекені нөмірі бойынша емтихан әкесінің аты тапсыруы туралы белгі __________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 __________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы "4" 11 N 816 бұйрығымен бекітілген Халықтың декреттелген тобы өкілдерінің жеке медициналық кітапшасының нысанын және жеке медициналық кітапшаны беру, есепке алу және толтыру ережесін бекіту туралы

Халықтың декреттелген тобы өкілдерінің жеке медициналық кітапшасының нысаны

1. Паспорт деректері

Фотосурет орны М.О.

1. Тегі ______________________________ 2. Аты ______________________________ 3. Әкесінің аты _____________________ 4. __________ N ___________________ сериясы нөмірі 5. Кітапша иесінің жеке қолы ________

Медициналық кітапшаны _____________ _________ берді қандай ұйым қашан Сериясы ___ N

жеке медициналық кітапшасы

2. Медициналық кітапшаның иесі туралы мәліметтер

1. Негізгі мамандығы ____________________________________ ___________________________________________________________________ 2. Қызметі __________________________________________________ ___________________________________________________________________ 3. Ұйым _____________________________________________________ ___________________________________________________________________ 4. Туған жылы, айы, күні __________________________________ 5. Мекен-жайы _______________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________

жеке медициналық кітапшасы

3. Басқа ұйымға жұмысқа ауысуы туралы белгілер

__________________________________________________________________ Күні Ұйымның атауы Лауазымы Қолы __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________

жеке медициналық кітапшасы

4. Жұқпалы аурулармен ауырғандығы туралы деректер

1. Бұрын ауырған жұқпалы аурулары ___________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ __________________________________________________________________ ___________________________________________________________________

жеке медициналық кітапшасы

5. Медициналық тексерудің қорытындысы Терапевт

_________________________________________________________________ Күні Дәрігердің қорытындысы Дәрігердің ТАӘА қолы мен ұйымның мөрі _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________

жеке медициналық кітапшасы

6. Туберкулезге тексерудің қорытындысы

________________________________________________________________ Күні Дәрігердің қорытындысы Тексерген дәрігердің ТАӘА қолы мен мөрі _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________

жеке медициналық кітапшасы

7. Жыныс ауруларына тексеру мен зертханалық зерттеудің қорытындысы

_________________________________________________________________ Күні Дәрігердің қорытындысы Тексерген дәрігердің ТАӘА қолы мен мөрі _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________

жеке медициналық кітапшасы

8. Гинекологиялық тексерудің қорытындысы

________________________________________________________________ Күні Дәрігердің қорытындысы Тексерген дәрігердің ТАӘА қолы мен мөрі _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________

жеке медициналық кітапшасы

9. Ауру тудыратын стафилококктарды тасымалдауды зерттеудің қорытындысы

_________________________________________________________________ Күні Дәрігердің қорытындысы Тексерген дәрігердің ТАӘА қолы мен ұйымның мөрі _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________

10. Ішек құрттары қабыршақтарына тексерудің қорытындысы

_________________________________________________________________ Күні Дәрігердің қорытындысы Тексерген дәрігердің ТАӘА қолы мен ұйымның мөрі _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________

жеке медициналық кітапшасы

11. Бактериологиялық зерттеудің қорытындысы

_________________________________________________________________ Күні Дәрігердің қорытындысы Тексерген дәрігердің ТАӘА қолы мен ұйымның мөрі _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________

жеке медициналық кітапшасы

12. Гигиеналық оқытудан өткендігі және емтихан тапсырғандығы жөніндегі белгілер

__________________________________________________________________ Күні Гигиеналық оқытудан Тексерген дәрігердің ТАӘА өткендігі туралы қолы және гигиеналық оқытуды белгі өткізген ұйымның мөрі _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________ _ _______________

жеке медициналық кітапшасы

13. Жұмыс істеуге рұқсат беру

_________________________________________________________________ Күні Рұқсат беру мерзімі Cанитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органы басшысының қолы мен мөрі _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________

жеке медициналық кітапшасы

Іздеу атаулары: №816 бұйрық, 816-бұйрық, приказ 816, сегіз жүз он алтыншы бұйрық, 816 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.