Мақала
Бұйрықтар

№ 479 бұйрық (16.06.2004): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының N 1630 тіркелген "Жыныстық жолмен берілетін аурулармен (ЖЖБА) күрес шараларын жетілдіру туралы" 2001 жылғы 27 шілдедегі N 695 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 16 маусымдағы N 479 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 12 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2942. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 890 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
479
Қабылданған күні
16.06.2004
Актіні өзгерту күні
12.12.2011
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.12.12 № 890 (қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

Жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауыратын науқастарға көмек көрсететін медициналық ұйымдардағы зертханалық диагностикаларды жетілдіру мақсатында Бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының "Жыныстық жолмен берілетін аурулармен (ЖЖБА) күрес шараларын жетілдіру туралы" 2001 жылғы 27 шілдедегі N 695 бұйрығына (N 1630 мемлекеттік тіркелген, "Ресми газетте" 2001 жылғы 5 қазанда N 40 жарияланған (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 7 сәуірдегі N 280 бұйрығымен өзгеріс енгізілген - N 2259 тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 14 маусымдағы N 24 жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауыратын науқастарға көмек көрсететін медициналық ұйымдардағы микробиологиялық, зертханалық диагностика әдістерінің міндетті минимумы туралы нұсқаулықта: 2-тармақта: 1) тармақшада "ПБР" деген сөздерден кейін ", ИФТ, VDRL, МНА-ТР, РПГА, FТА-абс" деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшада "әдіс" деген сөз "ПБР, ЛБР" деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақшада "ПИФ" деген сөз "ПБР, ЛБР, ИФТ" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Емдеу-алдын алу ісі, аккредиттеу және ақпаратты талдау департаменті (Нерсесов А.В.) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Әкімшілік департаменті (Шабдарбаев А.Т.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.

Министр

Іздеу атаулары: №479 бұйрық, 479-бұйрық, приказ 479, төрт жүз жетпіс тоғызыншы бұйрық, 479 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.