Мақала
Бұйрықтар

№ 891 бұйрық (27.12.2004): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Амбулаториялық емдеу кезiнде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiк тегiн босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындарының жекелеген санаттарының тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 891 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 30 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3319. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 637 бұйрығымен (қоладынсқа енгізілу тәртібін 8-тармақтан қараңыз).

Бұйрық нөмірі
891
Қабылданған күні
27.12.2004
Актіні өзгерту күні
23.12.2005
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 637 бұйрығымен ( қоладынсқа енгізілу тәртібін 8-тармақтан қараңыз ). ___________________________

"Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 13 қыркүйектегi N 1438 Жарлығын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН : 1. Қоса берiлiп отырған Амбулаториялық емдеу кезiнде дәрiлiк заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiк тегiн босатылатын науқастар түрлерiнiң және тұрғындардың жекелеген санаттарының тiзбесi бекiтiлсiн. 2. Емдеу-алдын алу iсi, аккредиттеу және ақпаратты талдау департаментi (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн. 3. Әкiмшiлiк департаментi (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсiн. 4. "Амбулаториялық емдеу кезiнде дәрiлiк заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiк тегiн босатылатын науқастар түрлерiнiң және тұрғындардың жекелеген санаттарының тiзбесiн бекiту туралы" (N 3031 нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген) Денсаулық сақтау министрiнiң 2004 жылғы 23 шiлдедегi N 554 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын өзiм бақылаймын. 6. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап күшiне енедi және 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқықтық қатынастарға қолданылады.

Министрдiң мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 891 бұйрығымен бекiтiлген

Амбулаториялық емдеу кезiнде дәрiлiк заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлiк тегiн босатылатын науқастар түрлерiнiң және тұрғындардың жекелеген санаттарының тiзбесi

Ескерту: Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 17 маусымдағы N 282 бұйрығымен .

Науқастар түрлерiнiң және тұрғындардың жекелеген санаттарыБосатылатын препараттардың тiзбесi
Онкологиялық ауруларМорфин, 1 мл 1% ампулада инъекция үшiн ерiтiндi Тримепиридина гидрохлорид 1 мл 1% ампулада инъекция үшiн ерiтiндi Хаттамаларға сәйкес химиотерапия
Гематологиялық аурулар (темiр тапшылықты анемиядан басқа)Морфин, 1 мл 1% ампулада инъекция үшiн ерiтiндi Тримепиридина гидрохлорид 1 мл 1% ампулада инъекция үшiн ерiтiндi Хаттамаларға сәйкес химиотерапия
Психикалық ауруларВальпроевтi қышқыл, 150 мг, 300 мг, 500 мг таблетка Диазепам, 2 мг, 5 мг таблетка Кломипрамин, 25 мг драже Лития карбонат таблетка, 300 мг қапшық Трифлуоперазин, 5 мг таблетка; 2 г инъекция үшiн ерiтiндi Хлорпромазин, 25 мг, 100 мг таблетка Галоперидол, 1,5 мг, 5 мг, 10 мг таблетка Амитриптилин, 25 мг, 50 мг таблетка Карбамазепин, 100мг, 200мг таблетка
ЭпилепсияВальпроевтi қышқыл, 150 мг, 300 мг, 500 мг таблеткa Диазепам, 2 мг, 5 мг таблетка Карбамазепин, 100 мг, 200 мг таблетка Фенитоин, 117 мг таблетка Фенобарбитал, 50 мг, 100 мг таблетка Бензобарбитал 100 мг таблетка
ТуберкулезDOTS - терапия үлгiсi бойынша препараттар
Қант диабетi және қантсыз диабетЕритiн инсулин, 100 МЕ/мл инъекция үшiн ерiтiндi Орташа әсер ететiн инсулин, 100 МЕ/мл инъекция үшiн суспензия Орташа әсер ететiн инсулинi бар еритiн инсулин қоспасы, 100 МЕ/мл инъекция үшiн суспензия Глибенкламид, 3,5 мг, 5 мг таблетка Гликлазид, 30 мг, 80 мг таблетка Глимепирид, 1 мг, 2мг, 3 мг, 4 мг таблетка Метформин 500 мг, 850 мг, 1000 мг таблетка Репоглинид 0,5 мг, 1 мг, 2 мг Пиоглитазон 15 мг, 30 мг Десмопрессин 0,1 мг, 0,2 мг таблетка; 1 мл ампуладағы ерiтiндi
МерезБензатин бензилпенициллин, 500000 ЕД, 1000000 ЕД сауыттағы инъекция үшiн ұнтақ Цефртриаксон, 250 мг, 500 мг, 1000 мг сауыттағы инъекциялық ерiтiндi дайындау үшiн ұнтақ
ЖҚТБ, АҚТҚ жұқтырған адамдарХаттамаларға сәйкес антиретровирусты терапия
Бруцеллездiң ауыр түрiДоксициклин, 100 мг таблетка, қапшық Ципрофлоксацин, 250 мг, 500 мг таблетка, 200 мг/100 мл сауыттағы инфузия үшiн ерiтiндi Диклофенак натрия, 25 мг, 100 мг, 150 мг таблетка; 75 мг/3 мл инъекция үшiн ерiтiндi; 50 мг, 100 мг ректальды суппозиторий, май
Жүйелi (жiтi) қызыл жегiПреднизолон, 5 мг таблетка, 30 мг/мл инъекция үшiн ерiтiндi Азатиоприн, 50 мг таблетка Диклофенак натрия, 25 мг, 100 мг, 150 мг таблетка; 75 мг/3 мл инъекция үшiн ерiтiндi; 50 мг, 100 мг ректальды суппозиторий, май
Жүйелi, созылмалы, ауыр терi ауруларыЛоратадин, 10 мг таблетка Кетотифен, 1 мг таблетка Преднизолон, 5 мг таблетка Бетаметазон, 0,1% крем, май Гидрокотризон, 1% крем, май
Бронх демiкпесiБеклометазон, 200 доз аэрозоль Ипратопия бромид, 100 мл аэрозоль Кромоглициевтi қышқыл, 1 мг, 5 мг/дозадағы аэрозоль Сальбутамол, 100 мкг/дозадағы аэрозоль Теофиллин, 100 мг, 200 мг, 300 мг таблетка, 350 мг ретард таблетка
Бехтерев ауруыСульфасалазин, 500 мг таблетка Диклофенак натрия, 25 мг, 100 мг, 150 мг таблетка 75 мг/3 мл инъекция үшiн ерiтiндi; 50 мг, 100 мг ректальды суппозиторий, май
Аддисонов ауруыПреднизолон, 5 мг таблеткалар
Гипофизар ергежейлiлiгiСоматотропин, 18 МЕ, 36 МЕ инъекциялық ерiтiндi дайындау үшiн лиофилденген ұнтақ, 5 мг/1,5 мл, 10 мг/1,5 мл инъекция үшiн ерiтiндi
Жыныстық ерте дамуТрипторелин, 3,5 мг инъекциялық ерiтiндi дайындау үшiн ұнтақ Бромокриптин, 2,5 мг таблетка
ФенилкетонурияҚұрамында фенилаланин жоқ арнайы өнiмдер
МуковисцидозПанкреатин, кем дегенде 4500 ЕД липаздардан тұратын таблетка, қапшық
Балалар церебральды сал ауруыВальпроевтi қышқыл, 150 мг, 300 мг, 500 мг таблетка
Паркинсон ауруыТригосифенидил 2 мг таблетка Леводопа+ карбидопа 250 мг/25 мг таблетка
Бұлшық ет әлсiздiгiПиридостигмин, 60 мг таблетка, 5 мг/мл 1 мл ампулада инъекция үшiн ерiтiндi
Миопатия, Мари мишық қимыл үйлесiмсiздiгiПирацетам, 200 мг таблетка Нандролон, 50 мг/мл инъекция үшiн майлы ерiтiндi
Жiтi ауыспалы порфирияМорфин, 1% 1 мл ампулада инъекция үшiн ерiтiндi Трифлуоперазин, 5 мг таблетка; 2 г инъекция үшiн ерiтiндi
Миокард инфарктi (алғашқы 6 ай)Ацетисалицилдi қышқыл 100-500 г таблетка Атенолол, 50 мг, 100 мг таблетка Верапамила гидрохлорид 40 мг, 80 мг таблетка Изосорбида динитрат, 5 мг, 10 мг, 20 мг, 40 мг, 60 мг таблетка Эналаприл таблетка 2,5 мг, 10 мг
Балалар гемофилиясыVII белсендi рекомбинантты фактор, 1,2 мг, 2,4 мг ұнтақ Фактор VIII концентрат, порошок лиофилизированный 100 МЕ, 250 МЕ, 500 МЕ
Жүктi әйелдерЕкi валенттi тұз темiрi, с бiр компоненттi препараттар мен аскорбиндi және фолиевтi қышқылы бар комбинациядағы кем дегенде 30 мг аса темiрден тұратын таблеткалар (анемияның алдын алу үшiн - 30 күн курс, емдеу үшiн - 30 күннен 2 курс) Калий йодид, 100 мг, 200 мг (йод тапшылығының алдын алу үшiн - 30 күннен 3 курс) таблетка
1 жасқа дейiнгi балалардың аурулары
Пневмония, асқынбаған нысаны (емдеуге жататын 2 айлық балаларды қоспағанда)Амоксициллин, 250 мг/5 мл суспензия дайындау үшiн түйiршiктер 15 мг/5 мл, 30 мг/5 мл амброксол шырыны Парацетамол, 2,4% iшетiн шырын
Обструктивтi бронхит (емдеуге жататын 2 айлық балаларды қоспағанда)Амоксициллин, 250 мг/5 мл суспензия дайындау үшін түйершіктер 100 кг/доза дағы сальбутамол аэрозолы Теофиллин, 100 мг таблетка Парацетамол 2,4% iшетiн шырын
Жiтi бронхитАмброксол, 15 мг/5 мл, 30 мг/5 мл шырын Парацетамол, 2,4% iшетiн шырын
Жiтi респираторлы ауруларПарацетамол, 2,4% iшетiн шырын 0,25% оксолиндi майы
Жiтi фарингит/ тонзиллитБензатин бензилпенициллин, 500000 ЕД, 1000000 ЕД сауыттағы инъекция үшiн суспензия дайындау үшiн ұнтақ Цефаликсин, 250 мг, 500 мг таблетка, қапшық, 125 мг, 250 мг/5 мл iшу үшiн шырын мен суспензия Парацетамол, 2,4% iшетiн шырын
Орта және/немесе сыртқы отитАмоксициллин, 250 мг/5 мл суспензия дайындау үшін түйіршіктер Парацетамол, 2,4% iшетiн шырын Фрамицетина сульфат 5 мг + Грамицидина, 50 мкг + Дексаметазона метасульфобензоат 500 мкг/м құлақ тамшылары
Стоматит0,25% оксолиндi майы 1% клотримазол кремi, майы
Темiр тапшылығы анемиясыЕкi валенттi тұз темiрi, бiр компоненттi препараттар мен аскорбиндi және фолиевтi қышқылы бар комбинациядағы 20 мг/мл тұз темірінен тұратын iшетiн ерiтiндi
Жiтi iшек жұқпалары (iш өту)Глюкоздi-электролиттi ерiтiндi (пакеттер, ұнтақ) дайындау үшiн iшетiн регидратациялық тұз Сульфаметоксазол + триметоприм, 240 мг/5 мл iшетiн суспензия
Мешел, алдын алу және емдеуЭргокальциферол, 10 мл су ерiтiндiсi Кальция глицерофосфат, 250 мг таблетка
Жаңа туу кезеңiндегi аурулар (алдын алу және емдеу)Ана мен балаға арналған дәрi-дәрмек қобдишасы
1 жастан 5 жасқа дейiнгi балалардағы аурулар
Пневмония, асқынбаған нысаныАмоксициллин, 250 мг/5 мл суспензия дайындау үшiн түйiршiктер 15 мг/5 мл, 30 мг/5 мл амброксол шырыны Парацетамол, 2,4% iшетiн шырын
Обструктивтi бронхит100 кг/дозадағы сальбутамол аэрозолы Амброксол, 15 мг/5 мл, 30 мг/5 мл iшетiн шырын
Жiтi респираторлы ауруларПарацетамол, 2,4% iшетiн шырын Амброксол, 15 мг/5 мл, 30 мг/5 мл iшетiн шырын
Жiтi фарингит/ тонзиллитБензатин бензилпенициллин, 500 000 ЕД, 1 000 000 ЕД сауыттағы инъекция үшiн суспензия дайындау үшiн ұнтақ Амоксициллин, 250 мг/5 мл сауыттағы инъекция үшiн суспензия дайындау үшiн түйiршiктер
Темiр тапшылығы анемиясыЕкi валенттi тұз темiрi, бiр компоненттi препараттар мен аскорбиндi және фолиевтi қышқылы бар комбинациядағы 20 мг/мл тұз темiрiнен тұратын iшетiн ерiтiндi
Жiтi iшек жұқпалары (iш өту)Глюкоздi-электролиттi ерiтiндi (пакеттер) дайындау үшiн iшетiн регидратациялық тұз, ұнтақ Сульфаметоксазол + триметоприм, 240 мг/5 мл iшетiн суспензия
ЭнтеробиозМебендазол, 100 мг шайнайтын таблетка
Ерте жастан жасанды немесе қоспалармен қоректендiретiн бiр жасқа дейiнгi балалар; медициналық айғақтар бойынша шипалы тағамға мұқтаж үш жасқа дейiнгi балаларБалаларға арналған және шипалы тағамдық өнiмдер

Іздеу атаулары: №891 бұйрық, 891-бұйрық, приказ 891, сегіз жүз тоқсан бірінші бұйрық, 891 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.