Мақала
Бұйрықтар

№ 38 бұйрық (03.02.2005): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ережелерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 3 ақпандағы N 38 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 14 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 3440. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 21 мамырдағы N 289 Бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
38
Қабылданған күні
03.02.2005
Актіні өзгерту күні
21.05.2008
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008.05.21 N 289 (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

Рецептілерді жазып беруді және рецептімен берілуі тиіс дәрілік заттарды беруді реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ереже бекітілсін. 2. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшылары (келісім бойынша) мен республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары осы Ережені басшылыққа алсын және орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (Пак Л.Ю.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі А.А.Ақановқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді және 2005 жылғы 15 наурыздан қолданысқа енгiзiледi.

Министр

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 3 ақпандағы N 38 бұйрығымен бекітілген

Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ереже

1. Рецептілерді денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері өз құзыреті шегінде осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша бланкілермен тиісті медициналық айғақтар болған кезде береді. Рецептілер рецептіні жазып беретін медицина қызметкерінің қолымен және мөрімен бекітеді.

2. Дәрілік заттармен тегін немесе жеңілдікпен қамтамасыз етілуге құқығы бар науқастардың жекелеген санаттары үшін дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға рецептілер осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес бланкілерге жазып беріледі. Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға арналған рецептілерге денсаулық сақтау ұйымының басшысы қосымша қол қояды және мөрімен бекітеді. Фельдшерлік-акушерлік пункттің меңгерушісі дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда алуға рецептіге қол қояды және фельдшерлік-акушерлік пункттің мөрімен бекітеді.

3. Қазақстан Республикасында тіркелмеген және қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарға рецептілер жазып беруге жол берілмейді.

4. Рецептілер науқастың жасы және дәрілік заттың құрамына кірген ингредиенттер әрекетінің сипаты ескеріле отырып жазып беріледі.

5. Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікпен алуға арналған рецептінің мазмұны мен нөмірі науқастың амбулаториялық картасында көрсетіледі. Рецептілердің бланкілері осы Ереженің 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша рецепт бланкілерін есепке алатын арнайы кітапта тіркеледі.

6. Рецептілер бланкілердегі көрсетілген барлық бағандар міндетті түрде толтырыла отырып, анық жазумен жазып беріледі.

7. Рецептіде осы Ереженің 4 қосымшасына сәйкес қысқартуларға жол беріледі.

8. Дәрілік затты қолдану тәсілі қабылдау мөлшері, жиілігі мен ұзақтығы көрсетіле отырып, мемлекеттік немесе орыс тілінде жазылады. Жалпы нұсқаулармен ("Белгілі", "Ішке", "Сыртқа") шектеуге болмайды.

9. Бір рецепт бланкісіне бір дәрілік зат жазылып беріледі.

10. Дәрілік затты жоғары бір реттіктен артық мөлшерде жазып берген кезде дәрігер рецептіге дәрілік заттың мөлшерін жазумен және леп белгісімен белгілейді. Дәрігер осы талапты сақтамаған жағдайда фармацевтика қызметкері жазып берілген дәрілік затты белгіленген жоғары бір реттік мөлшердің жартысын береді.

11. Рецептілер стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында айрықша қолданылатын дәрілік затқа (ингаляциялық және ингаляциялық емес наркозға арналған заттар және басқалары) жазылып берілмейді.

12. Рецептілер жеті күннің ішінде жарамды.

13. Тұрақты (ұзақ) емдеуді қажет ететін науқастарға дәрілік заттарды (дәріханалардан тегін немесе жеңілдікті жағдайларда берілетін дәрілік заттарды қоспағанда) жазып беру кезінде рецептілердің жарамдылық мерзімі 1 айға дейін белгіленеді. Мұндай жағдайда рецептілерде дәрігердің қолымен және денсаулық" сақтау ұйымының мөрімен бекітілген "Арнайы тағайындалған" деген жазу болуы тиіс.

14. Жоғарыда санамаланған талаптарға сай келмейтін және/немесе үйлеспейтін компоненттерден жасалған дәрілік зат жазылған рецепт жарамсыз болып есептеледі.

15. Жарамсыз рецептілер "Рецепт жарамсыз" деген мөртаңбамен күші жойылады, осы Ереженің 5 қосымшасына сәйкес дұрыс жазылып берілмеген рецептілерді есепке алатын арнайы журналға тіркеледі. Бұл орайда фармацевтика қызметкері науқасқа үйлеспейтін компоненттерден жасалған дәрілік заттарды қоспағанда, жазылып берілген дәрілік затты береді де, дұрыс жазылып берілмеген рецептілер туралы ақпаратты денсаулық сақтау ұйымының басшысына береді.

16. Тегін немесе жеңілдікті жағдайлардағы рецептілер бойынша дәрілік заттарды беруді денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен келісім-шарты бар дәріхана ұйымдары жүзеге асырады.

17. Дәрілік затты рецептіде көрсетілген санымен беру қажет болған кезде дәріхана орамына дәріхана ұйымының атауын, дәріні, санын, мөлшерін, сериясын және жарамдылық мерзімін міндетті түрде көрсете отырып, түпнұсқа орамды бұзуға болады.

18. Әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (аудан, қала, облыс) жарамды тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттарға арналған рецептілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттарға жазылып берілген рецептілер республиканың бүкіл аумағында жарамды.

19. Дәрілік заттарға арналған рецептілерді сақтау мерзімі: 1) тегін және жеңілдікті жағдайларда босатылғандар - 3 жыл; 2) басқалары - 3 ай.

20. Сақтау мерзімі асып кетісімен рецептілер жойылуы тиіс.

21. Рецептілерді жою үшін құрамында дәріхана ұйымының басшысы мен материалдық жауапты адамы бар комиссия құрылады. Комиссия жою туралы акт жасайды, онда жойылған рецептілердің саны жазумен көрсетіледі.

Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ережеге 1 қосымша

А 8 форматы

Рецепт бланкісінің нысаны

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ АТАУЫ

РЕЦЕПТ

БАЛАҒА АРНАЛҒАН ЕРЕСЕККЕ АРНАЛҒАН (астын сызу керек)

20 __ жылғы "___" ___________ (рецептінің жазылған күні)

Науқастың Т.А.Ә., жасы _____________________________________________ Дәрігердің Т.А.Ә., _________________________________________________

Rp: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________

D.S. ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________

Дәрігердің қолы мен жеке мөрі __________________________ м.о.

Жадынама Денсаулық сақтау ұйымының шифры баспаханалық тәсілмен басылады немесе мөртабан қойылады. Рецепт анық, айқын жазылады, түзетуге тыйым салынады. Бір бланкіге: заттық-сандық есепке алуға жататын бір дәрілік затты; тегін немесе жеңілдікті жағдайлармен босатылатын бір дәрілік затты жазып беруге рұқсат етіледі. Ережеде қабылданған рецептуралық қысқартуларға ғана рұқсат етіледі. Қатты, сусымалы заттар грамдарда, сұйық заттар - миллилитрлерде, грамдар мен тамшыларда жазылады. Қолдану тәсілі - мемлекеттік немесе орыс тілдерінде. "Ішке", "Сыртқа", "Белгілі" деген және басқа да жалпы нұсқаулармен шектеуге тыйым салынады. Рецептіні толтырған кезде (ересектерге арналған, балаға арналған) не тегін немесе жеңілдікті жағдайларда - қажеттісінің астын сызу керек. Дәрігердің қолы оның жеке мөрімен расталуы тиіс.

Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ережеге 2 қосымша

А8 нысаны

Дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікті жағдайларда босатуға арналған рецепт бланкісінің нысаны

Денсаулық сақтау ұйымының атауыМедициналық құжаттамаДенсаулық сақтау ұйымының атауыМедициналық құжаттама
ТҮБІРТЕК (денсаулық сақтау ұйымында қалдырылады, одан кейін бухгалтерияға өткізіледі) 20 __ жыл N ____ 20 __ жылғы "___" ___________ Рецептінің жазып берілген күні Науқастың Т.А.Ә., жасы _______________________________ _______________________________ Диагноз _______________________ _______________________________ Науқастың медициналық құжаттамасының N ______________ Үйінің мекен-жайы _____________ _______________________________ Rp: ___________________________ _______________________________ Д.S. __________________________ _______________________________ Дәрігердің қолы мен жеке мөрі ____________ м.о.ТЕГІН НЕМЕСЕ ЖЕҢІЛДІКТІ РЕЦЕПТ (астын сызу керек) 20 __ жыл N ____ БАЛАҒА ЕРЕСЕККЕ АРНАЛҒАН АРНАЛҒАН (астын сызу керек) 20___ жылғы "___" ___________ Рецептінің жазып берілген күні Дәрігердің Т.А.Ә. _____________ _______________________________ Науқастың Т.А.Ә., жасы ________ _______________________________ Науқастың медициналық құжаттамасының N ______________ Диагноз _______________________ _______________________________ Үйінің мекен-жайы ____________ _______________________________ Rp: ___________________________ _______________________________ Д.S. __________________________ _______________________________ Дәрігердің қолы мен жеке мөрі ___________ м.о.

Жадынама

Денсаулық сақтау ұйымының шифры баспаханалық тәсілмен басылады немесе мөртабан қойылады. Рецепт анық, айқын жазылады, түзетуге тыйым салынады. Бір бланкіге: заттық-сандық есепке алуға жататын бір дәрілік затты; тегін немесе жеңілдікті жағдайлармен босатылатын бір дәрілік затты жазып беруге рұқсат етіледі. Ережеде қабылданған рецептуралық қысқартуларға ғана рұқсат етіледі. Қатты, сусымалы заттар грамдарда, сұйық заттар - миллилитрлерде, грамдар мен тамшыларда жазылады. Қолдану тәсілі - мемлекеттік немесе орыс тілдерінде. "Ішке", "Сыртқа", "Белгілі" деген және басқа да жалпы нұсқаулармен шектеуге жол берілмейді. Рецептіні толтырған кезде (ересектерге арналған, балаға арналған) не тегін немесе жеңілдікті жағдайларда - қажеттісінің астын сызу керек. Дәрігердің қолы оның жеке мөрімен расталуы тиіс.

Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ережеге 3 қосымша

Денсаулық сақтау ұйымының атауы

Дәрілік заттарды тегін және жеңілдікпен беруге арналған рецепт бланкілерін есепке алу кітабы

р/с NКүніРецептінің сериясы, NРецепт бланкісін алған медицина қызметкерінің Т.А.Ә., қолы

Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ережеге 4 қосымша

Негізгі рецептуралық қысқартулар

ҚысқартуларТолық жазылуыАудармасы
aaanaтеңдей
as. Asіd.Acіdumқышқыл
amp.Ampullaампула
aq.Aquaсу
aq. Purіf.Aqua purfіcataтазартылған су
aq. destіll.Aqua destіllataдистилляцияланған су
but.Butyrumмай (қатты)
comp., cps.Composіtus (a, um)күрделі
D.Da, Detur, DenturБер. Берілетін болсын. Осылар берілетін болсын
D.S.Da, Sіgna; Detur, SіgneturБер., белгіле. Берілетін, белгіленетін болсын. Берілсін, белгіленсін
D.t.d.Da (Dentur) tales dosesОсындай мөлшерлерді бер (берілетін болсын)
Dec.Decoctumқайнатпа
dіl.dіlіtusерітілген
dіv. іn p. аеqdіvіde іn partes аеqualesтең бөліктерге бөл
emulsrmulsumэмульсия
extr.extractumсығынды, сорып алынған
f.fіat (fіant)түзілетін болсын (түзілсін)
gtt.gutta, guttаетамшы, тамшылар
іnf.іnfusumтұнба
іn. amp.іn ampullіsампулаларда
іn.caps. gel.іn capsulіs gelatіnosіsжелатинді капсулаларда
Іn tabl.іn tab (u)leettіsтаблеткаларда
lіn.lіnіmentumсұйық жақпа май
lіq.lіquorсұйықтық
M. pіl.vassa pіlularumпилюльдік салмақ
M.Mіsce; MіsceaturАраластыр. Араластырылатын болсын. Араластырылсын
N.numeroсанмен
ol.oleumмай (сұйық)
pіl.pіlulaпилюля
p. аеq.partes аеqualesтең бөліктер
pulv.pulvіsұнтақ
q.s.quantum satіsқанша қажет, қанша керек
r., rad.radіxтамыр
Rp.ResіreАл
Rep.Repete. RepetaturҚайтала. Қайталанатын болсын
rhіz.rhіzomaсала тамыр
S.Sіgna. SіgneturБелгіле. Белгіленетін болсын
sem.semenұрық
sіmpl.sіmplexқарапайым
sіr.sіrupusшырын
sol.solutіoерітінді
supp.supposіtorіumбалауыз
tabl.tab(u)lettaтаблетка
t-ra, tіnct, tst.tіncturaтұнба
ung.unguentumжақпа май
vіtr.vіtrumшыны ыдыс
ppt., praec.praecіpіtatusтұнған
past.pastaпаста

Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды қоспағанда, дәрілік заттарға рецепт жазып беру және дәрігердің рецептісі бойынша беру жөніндегі Ережеге 5 қосымша

Дұрыс жазылып берілмеген рецептілерді есепке алу журналы

р/с NКүніДенсаулық сақтау ұйымының атауыДәрі- гердің Т.А.Ә.Рецеп- тінің маз- мұныҚа- тесіҚабыл- данған шара- ларДәріхана ұйымы маманы- ның Т.А.Ә.

Іздеу атаулары: №38 бұйрық, 38-бұйрық, приказ 38, отыз сегізінші бұйрық, 38 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.