Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.
"Халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесiн, олардың түрлерi мен көлемiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 24 қарашадағы N 863 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 18 мамырдағы N 240 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 8 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3670. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 796 Бұйрығымен.
- Бұйрық нөмірі
- 240
- Қабылданған күні
- 18.05.2005
- Актіні өзгерту күні
- 26.11.2009
- Мәртебесі
- Күшін жойған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.26 N 796 бұйрығымен .
Халықтың денсаулығын сақтау саласында нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН : 1. "Халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесiн, олардың түрлерi мен көлемiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 24 қарашадағы N 863 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2609 тiркелген) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесiнде: 20-тармақтағы "және тамақтану" деген сөз алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Емдеу-алдын алу iсi департаментi (Нерсесов А.В.) заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментi (Акрачкова Д.В.) заңнамада белгiленген тәртiппен оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрi С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсiн. 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енедi.
Министрдiң мiндетiн атқарушы
Іздеу атаулары: №240 бұйрық, 240-бұйрық, приказ 240, екі жүз қырқыншы бұйрық, 240 бұйрық скачать.