Мақала
Бұйрықтар

№ 282 бұйрық (17.06.2005): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының "Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындарының жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 891 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 17 маусымдағы N 282 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 27 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3693. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 890 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
282
Қабылданған күні
17.06.2005
Актіні өзгерту күні
12.12.2011
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.12.12 № 890 (қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының "Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындарының жекелеген санаттарының тізбесін бекіту туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 891 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 30 желтоқсанда N 3319 болып тіркелген, "Ресми газеттің" 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 5 (214) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Амбулаториялық емдеу кезінде дәрілік заттар мен балаларға арналған және шипалы тағамдық арнаулы азық-түлік тегін босатылатын науқастар түрлерінің және тұрғындарының жекелеген санаттарының тізбесінде: 2-бағандағы 26-жолдағы "60 аса" деген сөздер "кем дегенде 30" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Емдеу-алдын алу ісі департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін. 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Іздеу атаулары: №282 бұйрық, 282-бұйрық, приказ 282, екі жүз сексен екінші бұйрық, 282 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.