Мақала
Бұйрықтар

№ 325 бұйрық (05.07.2005): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"І-ІV патогенді топтар микроорганизмдерімен жұмыс істеу жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 325 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3770. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
325
Қабылданған күні
05.07.2005
Актіні өзгерту күні
30.06.2010
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. "І-ІV патогенді топтар микроорганизмдерімен жұмыс істеу жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары
  2. 1. Жалпы ережелер
  3. 2. ПБА-ны есепке алуға қойылатын талаптар
  4. 3. ПБА-ны сақтау, беру және тасымалдау
  5. 4. Бақылауды ұйымдастыру
  6. Ұйымдарда биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссия туралы ереже

Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен .

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 15) тармақшасына және 7-бабы 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған І-ІV патогенді топтар микроорганизмдерімен жұмыс істеу жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.Б.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткенінен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 5 шілдедегі N 325 бұйрығымен бекітілген

"І-ІV патогенді топтар микроорганизмдерімен жұмыс істеу жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) қоршаған ортаға қауіп төндіретін аса қауіпті және карантиндік жұқпалы аурулардың алдын алу арнайы шараларын жүргізуді регламенттейді және патогенді биологиялық агенттерді (бұдан әрі - ПБА) сақтауға, есепке алуға, тапсыруға және тасымалдауға қойылатын бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

2. Олармен жұмыс істейтін адамдар, сондай-ақ айналасындағы адамдар мен жануарлар үшін жұқтыру тәуекелінің деңгейіне қарай қоздырғыштармен жұмыс істеу режимінің, сақтау мен беру тәртібінің дәрежесін анықтау, санитарлық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында І-ІV патогенді топтар микроорганизмдері мен олардың уыттары осы санитарлық ережеге 1- қосымшаға сәйкес топтарға бөлінеді.

3. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын және биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы санитарлық ереже Қазақстан Республикасының аумағында І-ІV патогенді топ қоздырғыштарымен жұмыс істейтін заңды тұлғалар орындау үшін міндетті.

4. Мыналарға жататын қоздырғыштардың тірі өсінділерімен: 1) І патогенді топ қоздырғыштарымен жұмыс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында және обаға қарсы күрес мекемелерінде жүргізілуі тиіс; 2) ІІ патогенді топ қоздырғыштарымен мемлекеттік мекемелердің зертханаларында жүргізілуге тиіс; 3) ІІІ-ІV патогенді топ қоздырғыштарымен - меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2692 тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 63 бұйрығымен бекітілген "Микробиология, вирусология және паразитология зертханаларының орналасуына және жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға (бұдан әрі - СанЕмН) сәйкес Орталық режимдік комиссияның рұқсаты бар ұйымдардың зертханаларында жүргізіледі.

5. І-ІV патогенді топ қоздырғыштарымен жұмыс істеуші ұйымдарға микроорганизмдер коллекциясының келесі: 1) республикалық коллекциясы; 2) республикалық депозитарийлері; 3) тірі өсінділер мұражайы (бұдан әрі - ТӨМ); 4) институттардың, орталықтардың ғылыми коллекциялары; 5) институттардың, орталықтардың, биокомбинаттардың өндірістік коллекциялары; 6) диагностикалық зертханалардың коллекциялары жатады.

6. Республикалық коллекция зерттелетін ПБА жолдамасын, бір орталықта есепке алуды, депонирлеу мен патенттеуді ұйымдастырушылық әрі ғылыми-ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға тиіс.

7. Республикалық депозитарийлер иммунобиологиялық препараттар мен қоректік орталарды, өндірістік штамдарды, депонирленген және патенттелген штамдарды, референттік штамдарды, авторлық коллекцияларды, генетикалық өзгерген микроорганизмдерді, біріздендіру үшін алынған ПБА-ны стандарттау мен бақылау үшін Қазақстан мен шетелдердің шегінде әр түрлі объектілерден оқшауланған ПБА-ны сақтауды жүзеге асыруға тиіс.

8. Министрліктің (ведомствоның) бұйрығымен ұйым басшысы өтінішінің негізінде, орталық режимдік комиссияның және республикалық коллекцияның (жолдама бойынша) келісуімен, ұйымның құрылымдық бөлімшелері ретінде, тағайындауға байланысты І-ІV патогенді топ қоздырғыштарымен жұмыс істеуге рұқсаты бар институттарда (ғылыми орталықтарда) және обаға қарсы күрес станцияларында ТӨМ құрылуға тиіс.

9. ТӨМ-нің ұйымдастыру-штаттық құрылымын ТӨМ орындайтын жұмыстың міндеттері мен көлеміне сәйкес ұйымның басшысы анықтайды.

10. ТӨМ-ге ұйымдастыру-әдістемелік басшылық етуді және бақылауды "Республикалық микроорганизмдер коллекциясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі N 850 қаулысына сәйкес зерттелетін жолдама бойынша республикалық коллекциялар жүзеге асырады.

11. ТӨМ-де мыналар сақталуға тиіс: 1) қоректік орталарды бақылау үшін тест-штамдар; 2) ПБА-ның үлгілік штамдарының жинағы, соның ішінде жұмыс коллекциялары (авторлық), олардың тізбесі мен оларды пайдалану аспектісін Республикалық коллекция (зерттелетін жолдама бойынша) айқындайды және жыл сайын (ағымдағы жылдың 10 қаңтарына дейін) Орталық режимдік комиссия қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері бекітеді; 3) Диагностикалық орталықтар мен зертханалардың ағымдағы жұмысында бөлінетін, алғашқы біріздендіруге және СанЕмН белгіленген тәртіппен тиісті Республикалық коллекцияларға жіберуге жататын ПБА. Қалған субтірі өсінділер жоюға жатады.

12. Ғылыми коллекциялар институттардың (орталықтардың) базасында ұйымның функционалдық қызметіне сәйкес, ұйым басшысының бұйрығымен құрылуға тиіс. Ұйымның басшысы коллекциялық ПБА-мен жұмыс істеудің дұрыстығы үшін жауаптыны тағайындауға тиіс.

13. Ғылыми коллекцияларда: 1) ұйымдардың жекелеген бөлімшелерінің, зертханалардың, авторлардың ПБА штамдарының жұмыс коллекциялары; 2) референттік штамдар; 3) тест-штамдар сақталуға тиіс.

14. Ғылыми коллекцияларда, институттарда (орталықтарда) сақтауға рұқсат етілетін ПБА тізімі жыл сайын (ағымдағы жылдың 10 қаңтарына дейін) республикалық коллекциямен (зерттелетін жолдама бойынша) келісіледі және оған Орталық режимдік комиссия қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бекітіледі.

15. Өндірістік коллекциялар өндірістік орталықтардың (өндірістік-ғылыми), биокомбинаттардың базасында құрылады.

16. Өндірістік коллекцияларда: 1) өндірістік штамдар; 2) бақылаудағы штамдар сақталады.

17. Дайын өнімді бақылауды жүзеге асыратын бөлімшелерде өнімді бақылау үшін қажетті микроорганизмдердің үлгілік штамдарының шектелген коллекциясы болуға тиіс. Үлгілік бақылаудағы штамдардың жинағы айқындалатын параметрлерге байланысты өзгереді.

18. Диагностикалық зертханалардың коллекциялары диагностикалық зертханалардың базасында құрылады.

19. Диагностикалық зертханаларда: 1) қоректік орталарды бақылауға арналған; 2) алғашқы біріздендіру және диагностикалық зертханалардың жоғары тұрған коллекциялары мен тірі өсінділер мұражайларына жіберуге арналған оқшауланған ПБА штамдарының жинағы сақталуға тиіс.

20. Зертхананың меңгерушісі диагностикалық зертханалар коллекцияларын сақтау үшін жауапты болуға тиіс.

21. Диагностикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын, сондай-ақ вакциналық және өндірістік штамдар коллекциялық ретінде есепке алынуға тиіс.

22. І-IY топтың өндірістік, эталонды ПБА штамдарын мекеме басшысының рұқсаты бойынша тек республикалық коллекцияларда, тест-штамдарды - республикалық коллекциялар мен ТӨМ-де алады.

23. Республикалық коллекциялар мен ТӨМ-де алынған тірі өсінділер басқа мекемелерге берілмейді. Штамдар ғылыми зерттеулер аяқталғаннан кейін жойылады немесе СанЕмН-ге сәйкес сақталады.

24. ПБА қозғалысын, СанЕмН талаптарының орындалуын өндірістік бақылауды жылына кемінде бір рет, қажетіне қарай - эпидемиологиялық айғақтар бойынша (осы санитарлық ережеге 2 -қосымшаға сәйкес) ұйымның режимдік комиссиясы жүзеге асыруға тиіс.

2. ПБА-ны есепке алуға қойылатын талаптар

25. ПБА қозғалысы мен сақтауды бақылау СанЕмН-ге сәйкес жүзеге асырылады.

26. Диагностикалық зертханалар барлық І-IY топ ПБА-сының бөлінуі туралы жоғары тұрған органдарға хабарлауға тиіс және 3 күннің ішінде оларды СанЕмН-де белгіленген тәртіппен тиісті зертханалар мен ТӨМ-ге жібереді, олар кейіннен бекітілген нысандағы паспорттарды ресімдей және індетке қарсы режимді сақтай отырып, оларды тиісті бейінді республикалық коллекцияларға жібереді.

27. І-IY топ ПБА-сымен эксперименттік жұмыс жүргізуші бөлімшелерде СанЕмН 9 , 11 - 19 қосымшаларда және осы санитарлық ережеге 3 , 4 -қосымшаларда келтірілген нысандар бойынша есеп жүргізілуге тиіс.

28. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаудың барысында алынған және ғылыми қызығушылық тудырушы ПБА варианттары осы санитарлық ережеге 5 -қосымшаға сәйкес есепке алынуға, ғылыми коллекцияларда сақталуға тиіс. Коллекциялық штамдарға берілген белгілер (нөмір, код) СанЕмН 112 -тармағына сәйкес жүргізілуге тиіс. Осындай принциппен бактериялық уыттар мен жануарлар уларын есепке алу жүргізілуге тиіс.

29. Зерттеуші үшін қызығушылық тудырушы штамдар күзетуге жататын (патенттеу объектісі) немесе авторлық (депонирлеу объектісі) ретінде республикалық коллекцияларда (депозитарийлерде) сақталады. Оларға мүкәммал журналы (осы санитарлық ережеге 5-қосымша) бойынша код шифрі мен реттік нөмірі берілуге тиіс.

30. Мұражайда сақталған микроорганизмдер туралы ақпарат үшін биохимиялық, серологиялық және басқа да штамдар қасиеттерінің сипаттамасы бар паспорт (осы санитарлық ережеге 6 -қосымша) толтырылуға тиіс.

31. I-IY топ ПБА-сын есепке алу жөніндегі барлық журналдар СанЕмН 114 және 115 -тармақтарына сәйкес ресімделуге және оларды толтыру үшін жауапты адамда сақталуға тиіс. Штамдарды жою актімен құжатталады.

32. Диагностикалық зертханаларда ПБА-ны бір орталықтан есепке алу мынадай сызба бойынша жүзеге асырылады: зертхананың (зертханалардың) меңгерушісі ұйымның басшысына кейіннен жоғары тұрған органға жиынтық есеп жасай отырып, осы санитарлық ережеге 7 , 8 -қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша ПБА-ның болуы және қозғалысы туралы тоқсан сайын (тоқсан аяғының 25 күніне дейін) мәліметтер береді.

33. Республикалық коллекцияларда (депозитарийлерде), ТӨМ-де, ғылыми және өндірістік орталықтарда жылдық есеп жасала отырып, ПБА-ны тоқсан сайын нысандар бойынша (санитарлық ережеге 7, 8-қосымшалар) бір орталықтан есепке алу мына сызба бойынша (әрбір айдың 5 күніне дейін) жүзеге асырылуға тиіс: 1) тоқсан сайын (әрбір жаңа тоқсанның 1 күніне дейін) коллекцияны сақтау үшін жауапты адам (жұмысшы, зертхана мен бөлім коллекциясы) коллекция немесе ТӨМ меңгерушісіне және институттың (орталықтың) режимдік комиссиясына осы санитарлық ережеге 8, 9-қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша ПБА-ның болуы туралы мәліметтер беруге тиіс; 2) коллекция (ТӨМ) меңгерушісі (жауапты) ұйымның басшысына институт (орталық) коллекциясы туралы жиынтық есеп пен мәліметтер береді; 3) диагностикалық зертханалардың коллекциялары жоғары тұрған органға есеп береді, ол жиынтық есеп жасайды және оны тиісті бейіндегі республикалық коллекцияға береді; 4) республикалық депозитарийлер, ТӨМ, өндірістік және ғылыми коллекциялар тиісті бейіндегі республикалық коллекцияға есеп беруге тиіс; 5) республикалық коллекциялар министрліктің (ведомствоның) тиісті бейініне және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігеріне жиынтық есеп беруге тиіс.

3. ПБА-ны сақтау, беру және тасымалдау

34. ПБА мен уыттар бар ыдыстар СанЕмН 116 , 117 , 118 , 119 -тармақтарына сәйкес ресімделуге және сақталуға тиіс.

35. Бактерияларды, риккетсияларды, вирустарды, грибоктарды, қарапайымдыларды жұқтырған жануарлар жабылатын үй-жайларда жеке (шыны банкілерде, торларда) ұсталуға тиіс.

36. І-IY тобының тірі өсінділері бар тоңазытқыштар, шкафтар мен термостаттар жабылуға, ал жұмыс күнінің аяғында пломбылануға немесе мөрленуге тиіс. Кілттер, пломбылаушылар мен мөрлер зертхана меңгерушісінде сақталуға тиіс. Жұмыс жүргізілетін және І-ІІ топ тірі өсінділері сақталатын зертханаларда кіреберіс есіктер құлыппен жабылып, пломбыланып немесе мөрленуге тиіс, кілттер қол қоюмен мекеме бойынша кезекшіге тапсырылады.

37. Тірі өсінділерді қайта себу кезінде СанЕмН ережесі сақталуға тиіс.

38. І-IY топ штамдарын мекеменің ішінде босату (беру) СанЕмН 120 -тармағына сәйкес жүргізіледі.

39. Қоздырғыштарды беру СанЕмН 121 -тармағына сәйкес және ерекшелендірілген коллекция журналында жазумен ресімделуге тиіс.

40. І-ІІ қоздырғыштарды және ІІІ-IY топ коллекциялық штамдарын сақтау үшін жауапты қызметкер уақытша болмаған (демалыс, іссапар, науқастану) жағдайда, ұйым (бөлімше) басшысының рұқсатымен акті бойынша қайта себу құқығымен немесе құқығысыз тірі өсінділер берілетін адам болып табылады және журналда (осы санитарлық ережеге 5-қосымшаға) тіркеледі.

41. Ел ішінде ПБА-ны ұйымнан тыс беру және тасымалдау СанЕмН 9-тарауы 122 - 131 -тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

42. Шетелге ПБА-ны беру (алу) және тасымалдау СанЕмН 9-тарауы 132 - 137 -тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

4. Бақылауды ұйымдастыру

43. Өндірістік бақылауды жүргізу үшін ұйымдардың басшылары тұрақты немесе уақытша негізде І-ІІ топ ПБА-сымен жұмыс істеу тәжірибесі бар ұйым мамандарынан тұратын режимдік комиссиялар құруға тиіс.

44. І-IY топ ПБА-ларымен жұмысты орындаушы ұйымдарда осы санитарлық ереженің сақталуын тұрақты өндірістік бақылауды жылына кемінде бір рет, қажетіне қарай - эпидемиологиялық айғақтар бойынша, олардың орындалуын міндетті түрде тексере отырып, режимдік комиссия жүзеге асырады.

"І-ІV патогенді топтар микроорганизмдерімен жұмыс істеу жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық- эпидемиологиялық ережесі мен нормаларына 1-қосымша

Патогенді топтар бойынша адам үшін патогенді микроорганизмдердің жіктемесі

Р/с NМикроорганизмдердің атауыАталған микроорганизмдерден туындайтын ауру
Бактериялар
I топ
1.Yersіnіa pestіsОба
II топ
1.Bacіllus anthracіsКүйдіргі
2.Brucella abortus Brucella melіtensіs Brucella suіsБруцеллез
3.Francіsella tularensіsТуляремия
4.Legіonella pneumophіlaЛегионеллез
5.Pseudomonas malleіСап
6.Pseudomonas pseudomalleіМелиоидоз
7.Vіbrіo cholerae 01 токсигенді Vіbrіo cholerae non 01 токсигендіТырысқақ
III топ
1.Bordetella pertussіsКөкжөтел
2.Borrelіa recurrentіaСоқпа сүзек
3.Campylobacter fetusАбсцесс, септицемия
4.Campylobacter jejunіЭнтерит, холецистит, септицемия
5.Clostrіdіum botulіnumБотулизм
6.Clostrіdіum tetanіСіреспе
7.Corynebacterіum dіphtherіaeДифтерия
8.Eryaіpelothrіx rhusіopathіaeЭризипелоид
9.Helіcobacter pylorіГастрит, асқазан және ұлтабардың ойық жара ауруы
10.Leptospіra іnterrogansЛептоспироз
11.Lіsterіa monocytogenesЛистериоз
12.Mycobacterіum lepraeАлапес
13.Mycobacterіum tuberculosіs Mycobacterіum bovіs Mycobacterіum avіumТуберкулез
14.Neіsserіa gonorrhoeaeГонорея
15.Neіsserіa menіngіtіdіsМенингит
16.Nocardіa asteroіdsНокардиоз
17.Pasterella multocіda, haemolytіcaПастереллез
18.Proactіnomyces іsraelііАктиномикоз
19.Salmonella paratyphі AА қылауы
20.Salmonella paratyphі BВ қылауы
21.Salmonella typhіIш сүзегі
22.Shіgella spp.Дизентерия
23.Treponema pallіdumСифилис
24.Yersіnіa pseudotuberculosіsЖалған туберкулез
25.Vіbrіo cholerae 01 не токсигенныйДиарея
26.Vіbrіo cholerae non 01 не токсигенныйДиарея, жарақат жұқпалары, септицемия және басқалары
IV топ
1.Aerobacter aerogenesЭнтерит
2.Bacіllus cereusТамақ уытты жұқпалары
3.Bacteroіdes sppӨкпенің абсцесі, бактериемия
4.Borrelіa spp.Кене спирохетозы
5.Bordetella bronchіseptіca Bordetella parapertussіsБронхосептикоздар Көкжөтел тәрізді аурулар
6.Campylobacter sppГастроэнтерит, гингивит, периодонтит
7.Cіtrobacter sppЖергілікті қабынуы процестері, тамақ уытты жұқпалары
8.CIostrіdіum perfrіngens, CIostrіdіum novyі, CIostrіdіum septіcum, CIostrіdіum hіatolytіcum, CIostrіdіum bіfermentans.Газды гангрена
9.Escherіchіa colіЭнтерит
10.Eubacterіum endocardіtіdіsСепсистік эндокардит
11.Eubacterіum lentum Eubacterіum ventrіcosumҚайталама сепсис, абсцестер
12.Flavobacterіum menіngo-septіcumМенингит, септицемия
13.Haemophіlus іnfluenzaМенингит, пневмония, ларингит
14.Hafhіa alveіХолецистит, цистит
15.Klebsіella ozaenaeОзена
16.Klebsіella pneumonіaeПневмония
17.Klebsіella phіnoscleromatіsриносклерома
18.Mycobacterіum spp. Mycobacterіum photochromogens Mycobacterіum scotochromogens Mycobacterіum nonphotochromogens Mycobacterіum rapіd growersМикобактериоздар
19.Mіcoplasma homіnіs 1 Mіcoplasma homіnіs 2 Mіcoplasma pneumonіaeЖергілікті қабынуы процестері, пневмония
20.Propіonіbacterіum avіdumСепсис, абсцестер
21.Proteus spp.Тамақ уытты жұқпасы, сепсис, жергілікті қабыну процестері
22.Pseudomonas aerugіnosaСепсис, жергілікті қабыну процестері
23.Salmonella spp.Сальмонеллез
24.Serratіa marcescensСепсис, жергілікті қабынуы процестері
25.Staphylococcus spp.Тамақ уытты жұқпалары, септициемия, пневмония
26.Streptococcus sppПневмония, тонзиллит, полиартрит, септицемия
27.Vіbrіo sрр., Vіbrіo parahaemolytіcus, Vіbrіo mіmіcus, Vіbrіo fluvіales, Vіbrіo vulnіfіcus, Vіbrіo algіnolytіcusДиарея, тамақ уытты жұқпалары, жара жұқпасы, септицемия және басқалар
28.Yersіnіa enterocolіtіcaЭнтерит, колит
29.Actіnomyces albusАктиномикоз
Риккетсиялар
II топ
1.Rіckettsіa prowazekііЭпидемиялық бөртпе сүзек, Брилл ауруы
2.Rіckettsіa typhіЕгеуқұйрық бөртпе сүзек
3.Rіckettsіa rіckettsііТасты таулардың көгала безгегі
4.Rіckettsіa tsutsugamushіЦуцугамуши безгегі
5.Coxіella burnetііКоксиеллез (Ку безгегі)
III топ
1.Rіckettsіa sіbіrіcaСолтүстік Азия кене бөртпе сүзегі
2.Rіckettsіa conorііЖерорта теңізі ала қызбасы
3.Rіckettsіa sharonіИзраиль қызбасы
4.Rіckettsіa sp. Now?Астрахань қызбасы
5.Rіckettsіa acarіВезикулезді риккетсиоз
6.Rіckettsіa australіsСолтүстік Квинсленд кене бөртпе сүзегі
7.Rіckettsіa japonіcaЖапон ала қызбасы
8.Rіckettsіa sp. NowАфрика қызбасы
9.Rіckettsіa sp. now? штамм "ТТТ"Тайланд кене риккетсиозы
Эрлихии (Rіckettsіaceae тұқымдас ішіндегі Ehrlіchіae тобы)
III топ
1.Ehrlіchіa sennetsuСеннетсу ауруы
2.Ehrlіchіa canіsАурудың аты жоқ
3.Ehrlіchіa chaffeensіsАурудың аты жоқ
Грибоктар
II топ
1.Blastomyces brasіlіensіs, dermatіtіdіsБластомикоз
2.Coccіdіoіdes іmmіtіsКокцидиоидоз
3.Hіstoplasma capsulatumГистоплазмоз
III топ
1.Aspergіllus flavus Aspergіllus fumіgatusАспергиллез
2.Candіda albіcanaКандидоз
3.Cryptococcus neoformansКриптококкоз
IV топ
1.Absіdіa corymbіferaМукороз
2.Aspergіllus nіger, nіdulansАспергиллез
3.Candіda brumptіі, Candіda cruseі, Candіda іntermedіa, Candіda pseudotropіcalіs, Candіda tropіcalіs, Candіda guіllermondііКандидоз
4.Cephalosporіum acremonіum, cіnnabarіumЦефалоспориоз
5.Epіdermophyton floccosumЭпидермофитии
6.Geotrіchum candіdumГеотрихоз
7.Mіcrosporum spp.Микроспория
8.Mucor musedoМукороз
9.Penіcіllіum crustosum, luteo-vіrіde, notatumПенициллиоз
10.Pіtyrosporum orbіculareТүрлі түсті теміреткі
11.Rhіzopus nіgrіcansМукороз
12.Trіchophyton spp.Қабатты мукоз
13.Trіchosporon cerebrіformeТүйінді трихоспория
Қарапайымдылар
III топ
1.Leіshmanіa donovanіВисцериялы лейшманиоз
2.Plasmodіum vіvax, falcіparum, malarіaeБезгек
3.Trіchomoas vagіnalіsНесеп-жыныс трихомониазы
IV топ
1.Acanthamoeba culbertsonі, sppМенингоэнцефалит
2.Babesіa caucasіcaБабезиоз
3.Balantіdіum colіБалантидиоз
4.Entamoeba hystolytіcaАмебиаз
5.Isospora bellі Lamblіa іntestіnalіsЭнтерит
6.Naeglerіa spp.Менингоэнцефалит
7.Pent, atrіchomonas homіnіsКолит
8.Leіshmanіa major, tropіcaТері лейшманиозы
9.Toxoplasma gondііТоксоплазмоз
Вирустар
I топ
1.Fіlovіrіdae: Марбург және Эбола вирустарыГеморрагиялық қызба
2.Arenavіrіdae: Ласса, Хунин және Мачупо вирустарыГеморрагиялық қызба
3.Poxvіrіdae: Шешек вирусыАдамның табиғи шешегі
4.Herpesvіrіdae маймылдың В вирусыСозылмалы энцефалиттер, энцефалопатиялар
II топ
1.Togavіrіdae Жылқы энцефаломиелитінің вирусы (Венесуэла ВЖЭВ, шығыс ШЖЭ, батыс БЖЭ); Семлики, Чикунгунья, О, Ньонг-Ньонг, Карельдік, Синдбис, Росс, Майяро, Мукамбо өзендеріндегі қызба вирустарыМаса энцефалиттері энцефаломиелиттері, энцефаломенингиттері
2.Flavіvіrіdae: Кене энцефалиті вирустарының жиынтығы Кене энцефалиті (КЭ), Алма-Арасан, Апон, Лангат, Негиши, Повассан, Шотландтық қой энцефаломиелиті, Киассанур орманының ауруы, Омбы көгала безгегі (ОКБ) Жапон энцефалиті вирусының жиынтығы (ЖЭ), Батыс Ниль, Ильеус, Росио, Сент-Луис, Усуту энцефалиттері, Муррея Карши, Кунжин, Сепик, Вессельсборн алқабындағы энцефалиттер Сары қызба вирусы С гепатитінің вирусыэнцефалиттері энцефаломиелиттері Геморрагиялық қызба Қызба аурулары Қызба аурулары Қызба аурулары Парентеральды гепатит, бауырдың гепатоцелюлярлы карциномасы
3.Bunyavіrіdae, Bunyavіrus тұқымдастығы: Калифорниялық, Ла-Кросс, Джеймстаун-каньонының, Зай-цев-Беляков, Инко, Тягиня энцефалиттерінің жиынтығы, Апеу, Мадрид, Орибона, Осса, Рестан ж.б. С-вирусының жиынтығы Phlebovіrus түріндегі: Сицилия, Неаполь, Рифт-валли, Тосканда ж.б. шыбын-шіркейлерден болатын безгек вирустері Naіrovіrus түріндегі: Қырым көгала безгегінің Конго вирусы; Найроби, Ганджам қойларының аурулары; Дугбе Hantavіrus түріндегі: Хантаан, Сеул вирустері Пуумала ж.б.Энцефалит, энцефаломиелит, менингоэнцефалит, менингитті белгісі мен артириті бар қызба аурулары Қызба аурулары Миозиттер және артриттер Артриті және миозиті бар энцефалиттер мен қызба аурулары Геморрагиялық қызба Менингит белгісі бар қызба Энцефалит Бүйрек ауруы белгісі бар геморрагиялық қызба (БСКБ)
4.Reovіrіdae, Orbіvіrus түріндегі: Кемерово, Колорадтық кене безгегінің, Көктілді қойлардың, Чангвинола, Орунго ж.б. вирустеріМенингит белгісі және артриті бар қызба
5.5. Rhabdovіrіdae, Lyssavіrus түріндегі: көше құтырмасының, жабайы, Лагос-бат вирусыҚұтырма Жалған құтырма және энцефалопатия
6.Pіcomavіrіdae, Aphto vіrus түріндегі: Аусыл вирусыАусыл
7.Arenavіrіdae: Лимфоцитарлық хориоме-нингит, Токарибе, Пичинде вирустарыАстенинді менингиттер және менингоэнцефалиттер
8.Hepadnavіrіdae: В және Д (Дельта) гепатиттерінің вирустарыПарентералды гепатиттер
9.Retrovіrіdae: адам иммунитетінің жетіспеушілігін тудыратын вирус (АИЖТВ-1, АИЖТВ-2) Адамның Т-клеткалық лейкозының вирусы (НТ1у)ЖҚТБ Т - адамның жасуша лейкозы
10.Unconventіonal agents: Баяу нейрожұқпалы аурулардың қоздырғыштарыКрейцфельд-Якоба, Куру, Скрепи, амиотрофиялық лейкоспонгиозлды аурулары, оливопонтоцеребралды сему, Герстманн-Стра-Усслер Шейнкердің белгілері
III топ
1.Orthomyxovіrіdae: А, В және С тұмауының вирустарыТұмау
2.Pіcomavіrіdae: Enterovіrus түріндегі: сал, А және Е гепатиттерінің жабайы штаммдары Жіті геморрагиялық конъюктивит вирусы (АНС)Полиомелит Энтералды гепатит Геморрагиялық коньюктивит
3.Herpesvіrіdae: I және II үлгідегі қарапайым ұшық вирусы, зостор-қызылшаның герпевирустары 6 үлгідегі ұшық (HB1v-HHv 6) цитомегалия вирусы Эпштейн-Барр вирусыҚарапайым ұшық Жел шешек, белдемелі ұшықты теміреткі, Адамның В-лимфоциттерінің зақымдануы, туа біткен экзан-тема Цитомегалия Жұқпалы мононуклеоз, Беркит лимфомасы, назофарингеалды карцинома
IV топ
1.Adenovіrіdae: барлық түрдегі аденовирустарТӨВЖ, пневмония, конъюнктивиттер
2.Reovіrіdae, Reovіrus түріндегі: адамдардың ретровирусы, Rotavіrus түріндегі: адамдардың ауызвирусы, Небраскадағы бұзаулардың диарея вирусы (NCDV)- риниттер, гастроэнтериттер - гастроэнтериттер және энтериттер
3.Pіcomavіrіdae, Enterovіrus түріндегі: А және В тобындағы Коксаки вирустары ECHO вирустары 68-71 үлгідегі энтеровирустар адам риновирустарының 120 үлгісі Cardіovіrus түріндегі: энцефаломиокардит вирусы Менго вирусыТӨВЖ, Борнхольм аурулары, герпангин, полиневриттер - серозды менингиттер, диарея, ТӨВЖ, полиневриттер, увеиттер - серозды менингиттер, коньюнктивиттер ТӨВЖ ТӨВЖ, полиневрит, герпангин, коньюнктивиттер, фаломиокардиттер, перикардиттер ТӨВЖ, полиневрит
4.Coronavіrіdae: адамның коронавирустарыТӨВЖ (профузды, температурасыз мұрынның бітуі), энтерит
5.Calіcіvіrіdae: Норфолк вирусыЖіті гастроэнтерит
6.Paramyxovіrіdae: Адамның 1-4 типтегі парагрипп вирусы Респираторлық-синцитиалдық вирус (PC-вирусы) эпидемиялық паротиттің вирусы қызылшаның вирусы Ньюкасл ауруының вирусыТӨВЖ, бронхопневмониялар Пневмониялар, бронхиттер, бронхиолиттер Эпидемиялық паротит Қызылша Коньюнктивит
7.Togavіrіdae Rubіvіrua түріндегі: қызамық вирусыҚызамық
8.Rabdovіrіdae, Vesіculovіrus түріндегі: везикулярлы стоматит вирусыВезикулярлы стоматит
9.Poxvіrіdae: сиыр шешегінің вирусы, эктромелия вирусы сауыншылар түйіндерінің вирусы орфвирус вирус контагиозды моллюска Тана және Яба вирустарыСиыр шешегі Тышқандардың эктромелиясы Сауыншы қолдарының созылмалы ауруы Жұқпалы күлдіректі терінің қабынуы Тері мен шырышты қабаттың жұқпалы моллюскасы Яба ауруы
Хламидийлер
II топ
1.Chlamydіa psіttacіОрнитоз-пситтакоз
III топ
1.Chlamydіa trachomatіsТрахома, несепгенитальды хламидиоз
2.Chlamydіa paratrachomatіsТрахомоподобный коньюктивит
3.Chlamydіa veneral lymphagranulemaЖыныс лимфаларының ұлғаюы, шат лимфа бездерінің зақымдануы
Биологиялық улар
II топ
1.Барлық түрдегі ботулин уыттарыБотулизм
2.Сіреспе уыты
3.Қарақұрт өрмекшісінің уы
III топ
1.МикоуыттарМикотоксикоздар
2.Күл уыттары
3.А тобындағы стрептококктар уыттары
4.Стафилококктар уыттары
5.Жыландардың уы (кобра, эфа, гюрза және басқалар)

Патогенді топтар бойынша жануарлар үшін патогенді микроорганизмдердің жіктемесі

NҚоздырғыштың түріҚай аурудың қоздырғышы
123
Бактериялар
I патогенді топ
1.Yersіnі pestіsтүйелер обасының
II патогенді топ
1.Bacіllus anthracіsкүйдіргінің
2.Brucella abortus Brucella melіtensіs Brucella suіs Brucella canіsбруцеллездің
3.Francіsella tularensіsтуляремияның
4.Pseudomonas malleісаптың
5.Pseudomonas pseudomonalleімелиоидоздың
III патогенді топ
1.Mykobacterіum tuberculosіsтуберкулездің
Mykobacterіum bovіs
Mykobacterіum avіum
Lіsterіa monocytogenesлистериоздың
2.Salmonella dublіnсальмонеллездің
Salmonella cholerae suіs
Salmonella abortus ovіs
Salmonella abortus egvі
Salmonella typhіmurіum
Salmonella pullorum gallіnarіum
3. 4.Сlostrіdіum perfrіngensҚойдың брадзоты мен жұқпалы энтеротоксемиясының, ірі қара мал эмфизематоздық карбункулдың
Сlostrіdіum hovyі
Сlostrszzdіum oedematіens
Сlostrіdіum septіcum
Сlostrіdіum hystolytіcum
5.Fysobacterіum necrophumнекробактериоздың
6.Eryіspelothrіx іnsіdіosaшошқа тілмелері
7. 8.Leptospіra Pomonaлептоспироздың
Leptospіra Trassovі
Leptospіra Hebdomatіs
Leptospіra Gryppoyphosa
Leptospіra Icterrohaemorragіae
Leptospіra Canіcola
9.Mycobacterіum paratuberculesusпаратуберкулездің
10.Clostrіdіum tetanісіреспенің
11.Clostrіdіum botulіnumботулизмнің
12.Yersіnіa pseudotuberculosіsжалған туберкулездің
13.Pasteurella multocіdaпастереллездің
14.Campylobacter fetusкампилобактериоздың
15.Brucella ovіsқойлардың жұқпалы эпидидимитінің
16.Borrelіa hyodysenterіaшошқа дизентериясының
IV патогенді топ
1.Staphіlococcusстафилоккоздың
2.Streptococcus egvіжылқының сақау ауруының
3.Escherіchіa colіколибактериоздың
4.Haemophіlusшошқаның гемофилездік ауруының
5.Dіplococcus lanceolatusқозылардың диплоккозының
6.Mycoplasma agalactіaeқойлардың жұқпалы агалактиясының
7.Mycoplasma gallіseptіcumреспираторлық микоплазмоздың
8.Mycoplasma hyopneumonіaeэнзоотиялық пневмонияның
9.Bacіllus Larvaeаралардың Америкалық іріңдерінің
10.Peptostreptococcus plutonаралардың Еуропалық іріңді ауруларының
Риккетсиялар
II патогенді топ
1.Cowdrіa burnetіКу қызбасы
2.Cowdrіa rumіnantіumгидроперикардиттің
Грибоктар
II патогенді топ
1.Hіstoplasma farcіmіnosumэпизоотиялық лимфангиттің
2.Candіda albіcansкандидамикоздың
3.Blastomyces dermatіtіdesбластамикоздың
III патогенді топ
1.Aspergіllus fumіgatusаспергиллездің
2.Actіnomyces bovіsактиномикоздың
3.Trіchophyton favіforme Trіchophyton gypseum Trіchophyton egvuіnumтрихофитияның
4.Mіcrosporum egvuіnum Mіcrosporum gypseum Mіcrosporum lanosum Mіcrosporum nfnumмикроскопияның
IV патогенді топ
1.Botryomyces ascoformansботриомикоздың
2.Stachybotrus altemansстахиботриотоксикоздың
Вирустар
I патогенді топ
1.Pіcornavіrіdae Aphthovіrus тегіаусылдың
2.Paramyxovіrіdae Paramyxovіrіs тегіірі қара мал обасының
3.Togavіrіdae Pestіvіrus тегішошқаның классикалық обасының
4.Irіdovіrіdaeшошқаның африкалық обасының
5.Poxvіrіdae Caprіpoxvіrus тегіқойлар мен ешкілер шешегінің
6.Paramyxovіrіdae Paramyxovіrіsньюкаслск ауруларының
7.Reovіrіlae Orbіvіrus тегіқойлардың катаральдық қызбасының
8.Orthomyxovіrіdae Influenzavіrus тегіқұстар тұмауының
9.Rhabdovіrіdae vesіculovіrus тегівезикулярлық стоматиттің
II патогенді топ
1.Paramyxovіrіdae Буынаяқтылар обасының вирусыбуынаяқтылар обасының
2.Rhabdovіrіdae Lyssavіrus тегіқұтырманың
3.Retrovіrіdaeжылқының жұқпалы анемиясының
4.Togavіrіdae Alphavіrus тегіжылқының жұқпалы энцефаломиелитінің
5.Orthomyxovіrіdae Influenzavіrus тегіжылқы тұмауының
6.Herpesvіrіdae Жылқының ринопневмониясының вирусыжылқының ринопневмониясының
7.HerpesvіrіdaeАуески ауруының
8.Coronavіrіdae Coronavіrus тегіқұстардың жұқпалы бронхитінің
9.Coronavіrіdaeшошқаның трансмиссиялық гастроэнтериттің
10.BіrnavіrіdaeГамбора ауруының (жұқпалы бурситтің)
11.HerpesvіrіdaeМарек ауруының
12.Herpesvіrіdaeқұстардың жұқпалы ларинготрахеитінің
13.Herpesvіrіdaeүйректер гепатитінің
14.Paramyxovіrіdae Paramyxovіrus тегіірі қара мал парагриппінің
15.Poxvіrіdae Parapoxvіrus тегіқойлардың контагиоздық эктимінің
16.Poxvіrіdae Leporіpoxvіrus тегіқояндардың миксоматозының
17.Retrovіrіdae Oncovіrіdaeірі қара мал лейкозының
Хламидийлер
II патогенді топ
1.Chlamydіa psіttacіорнитоздардың
III патогенді топ
1Chlamydіa psіttacі var ovіsқойлардың хламидиоздық түсік тастауының

Ескерту: 1. I-II топтағы қоздырғыштардың уыттылық күші әлсіреген штамдары III патогендік тобының микроорганизмдеріне жатады. III-I топты уыттылық күші әлсіреген штамдар I патогендік тобының микроорганизмдеріне жатады. 2. Жұқтырушыларды: адамды, жылықанды жануарды, тасымалдаушыларды, қоршаған орта объектілерін сыртқы ортаны I-IV¶ топтардағы микроорганизмдерден туындайтын адамдар мен жануарлар ауруларының көздері ретінде есептеу керек.

"І-ІV патогенді топтар микроорганизмдерімен жұмыс істеу жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық- эпидемиологиялық ережесі мен нормаларына 2-қосымша

Ұйымдарда биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Ұйымдарда биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - режимдік комиссия) диагностикалық, ғылыми және өндірістік зертханаларда биологиялық материалмен жұмыс жүргізудің тәртібін бақылайтын атқарушы-консультативтік орган болып табылады. 2. Биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның жұмысын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Орталық режимдік комиссиясы басқарады. 3. Комиссия олардың базасында I-III патогенді топтың биологиялық материалмен кез келген жұмыс (диагностикалық зерттеу, өндірістік) түрлерін жүргізетін мекемелерде (кәсіпорындарда) құрылады. 4. Құрамында биологиялық материалмен жұмыс қауіпсіздігі мәселелерінде құзыретті кемінде 3-5 адам бар комиссияны мекеменің басшысы 50 жыл мерзімге тағайындайды. 5. Комиссия төрағасы етіп мекеме басшысының эпидемиологиялық мәселелер (ғылым) жөніндегі орынбасарын немесе тиісті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар маманды тағайындайды. 6. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2692 тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 63 бұйрығымен бекітілген "Микробиология, вирусология және паразитология зертханаларының орналасуына және жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі өзге де нормативтік құжаттарды және мекеме басшының нұсқауларын басшылыққа алады. 7. Комиссия әдістемелік мәселелер бойынша мекеме басшысына және оның ғылыми жұмыс жөніндегі, биологиялық материалмен жұмыс істеу қауіпсіздігінің жай-күйі үшін жауапты орынбасарына бағынады. 8. Обаға қарсы күрес станцияларының режимдік комиссиясы - М. Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық жұқпалар ғылыми орталығының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Орталық режимдік комиссияларына бағынады. 9. Басқа ұйымдардың режимдік комиссияларын - Орталық режимдік комиссия бақылайды. 10. Диагностикалық, зерттеу және өндірістік жұмыстар жүргізу кезінде биологиялық материалмен жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында комиссия мынадай міндеттерді шешеді: 1) мекемеде биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің регламенттелген тәртібінің сақталуын тұрақты бақылауды ұйымдастыру және жүргізу; 2) авариялық ахуалдың алдын алуға және олардың салдарын жоюға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және жүргізу; 3) персоналдың жұқпалы материалмен жұмыс істеуге дайындығын бақылау және денсаулық жағдайын қадағалауды ұйымдастыру; 4) тиісті нормативтік құжаттар талаптарының, сондай-ақ мекеме басшысы өкімдерінің (бұйрықтарының) және мекеме комиссиясы ұсыныстарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 5) биологиялық қауіпсіздік жай-күйін талдауды жүргізу және оларды жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін әзірлейді; 6) биологиялық қауіпсіздік жөніндегі мәселелері жөніндегі есептік және басқа да құжаттаманы дайындайды. 11. Оған жүктелген міндеттерге сәйкес комиссия мынадай іс-шаралар кешенін жүргізеді: 1) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің регламенттелген тәртібінің орындалуын жыл сайын жоспарлы және жоспардан тыс мерзімдік бақылауды жүзеге асырады; 2) персоналды уақтылы диспансерлеуді бақылауды жүзеге асырады, иммундық профилактиканың регламенттелген тәртібін бақылайды, антибиотиктерге аса сезімтал және вакциналауға қарсы айғақтары бар адамдарды есепке алуды жүргізеді; 3) биологиялық материалмен жұмыс істеу кезінде авария жағдайында мекеменің басшысына оның салдарын жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын әзірлейді және ұсынады; 4) белгіленген қауіпсіздік ережелерінің, оның алғы шарттарының, бұзылуын, авариялар себептерін талдауды жүргізеді және мекеме басшысына биологиялық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарын ұсынады; 5) биологиялық қауіпті материалмен жұмыс істеуге рұқсат алу (ұзарту) үшін қажетті құжаттаманы ресімдейді; 6) биологиялық қауіпті материалмен жұмыс істейтін персоналдың биологиялық қауіпсіздігін сақтау мәселелері жөніндегі білімді тексеруді жүргізеді; 7) қызметкерлердің белгіленген бару тәртібін бақылайды; 8) комиссияның жұмыс туралы есебін дайындайды және оны қадағалау функцияларын жүзеге асырушы мекемеге ұсынады; 9) мекеме басшысы бекіткен жұмыс жоспарын және қажеттігі оның міндеттерімен және функцияларымен анықталатын өзге де құжаттарды жасайды. 12. Өз міндеттерін тиімді іске асыру мақсатында комиссия: 1) бөлімшелердің басшылары мен жекелеген адамдардың биологиялық қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде орындауын үйлестіреді; 2) мекеме басшының алдында болған бұзушылықты жою туралы өтініш жасайды; 3) өзіндік немесе басқа да білікті мамандарды тарта отырып, мекемеде биологиялық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді жүргізеді; 4) биологиялық қауіпсіздік ережелерінің орындалуы мүмкін болмаған жағдайда немесе оларды бұзған жағдайда биологиялық қауіпті материалмен жұмысты тоқтата тұру туралы мекеме басшысына өтініш жасайды; 5) биологиялық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етпейтін жаңа зертханалық әдістемелерді, жабдықтардың түрін, дезинфектанттар мен т.с.с. пайдалануды немесе тыйым салуды тоқтату туралы рұқсат берген мекеменің алдында дәлелденген өтініш жасайды; 6) комиссия отырыстарында бөлімше басшыларын, мекеме қызметкерлерін тыңдайды.

"І-ІV патогенді топтар микроорганизмдерімен жұмыс істеу жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық- эпидемиологиялық ережесі мен нормаларына 3-қосымша

Жұмыс коллекциясындағы ПБА-ны есепке алу журналы

Бастапқы есепке алу құжаттамасы Мекеменің атауы ___________________________________________________ Бөлімнің, бөлімшенің атауы ________________________________________ Зертхананың атауы _________________________________________________ Уақытша құрылымның атауы __________________________________________ Сақтау мерзімі 3 жыл __________________________________ -ға дейін басталды __________________________________________________________ аяқталды __________________________________________________________

Штамның NМикроорга- низмнің атауыЗерттеу мақсатыШтамм қайдан алындыАлынған күні, айы, жылыЖою туралы белгіҚолы
1234567

Ескерту: Баспахана үшін құжат А4 форматында 96 бетте дайындалады.

"І-ІV патогенді топтар микроорганизмдерімен жұмыс істеу жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық- эпидемиологиялық ережесі мен нормаларына 4-қосымша

I-I¶топтағы патогенді биологиялық агенттерді уақытша сақтауға тіркеу журналы

Бастапқы есепке алу құжаттамасы Мекеменің атауы ___________________________________________________ Бөлімнің, бөлімшенің атауы ________________________________________ Зертхананың атауы _________________________________________________ Уақытша құрылымның атауы __________________________________________ Сақтау мерзімі 3 жыл __________________________________ -ға дейін басталды __________________________________________________________ аяқталды __________________________________________________________

КүніШтам- ның түрі және NОбъек- тінің атауыШтамды тапсы- рушының Т.А.Ә.Мөр та- баны және NШтам- ды тап- сыру- шының қолыШтам-ды қа- был- дау- шы- ның Т.А.Ә және қолыШтам-ды беру күніШтам-ды беру- шінің қолыШтам- ды қа- был- дау- шыныңқолы
12345678910

"І-ІV патогенді топтар микроорганизмдерімен жұмыс істеу жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық- эпидемиологиялық ережесі мен нормаларына 5-қосымша

Депонирлендірілген ПБА штамдарын тіркеу журналы

Бастапқы есепке алу құжаттамасы Мекеменің атауы ____________________________________________________ Бөлімнің, бөлімшенің атауы _________________________________________ Зертхананың атауы __________________________________________________ Уақытша құрылымның атауы ___________________________________________ Сақтау мерзімі 3 жыл ___________________________________-ға дейін басталды____________________________________________________________ аяқталды____________________________________________________________

Р/с Nөті- ніш- тің келіп түс- кен күніАвтор- дың Т.А.Ә.Депо- нир- лен- діру- ге кім рұқ- сат бердіШтам- ның түрлік атауыШтам- ның NОбъек- тілер- дің саныШтам- ның ерек- ше- лік- теріШтам- ды қа- был- дап алдыN бе- рілді
12345678910

"І-ІV патогенді топтар микроорганизмдерімен жұмыс істеу жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық- эпидемиологиялық ережесі мен нормаларына 6-қосымша

Коллекциялық ПБА штамының жеке карточкасының N ________

Бастапқы есепке алу құжаттамасы Биологиялық патогеннің атауы________________________________________ Мүккәммал кітабы бойынша N _________________________________________ Бөліну объектісі мен күні___________________________________________ Бөліну орны_________________________________________________________

Зер- делеу күніОрталар- да өсу морфоло- гиясыЖағын- дылар- дағы морфо- логияБиологиялық қасиеттеріВиру- лент- тілігіБасқа да қа- сиеттері
123456

Ескерту: 2, 3, 4, 5, 6-бағандарды биологиялық патогеннің түрлері мен ерекшеліктеріне қарай проблема бойынша басты институт таңдайды және толтырады.

"І-ІV патогенді топтар микроорганизмдерімен жұмыс істеу жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық- эпидемиологиялық ережесі мен нормаларына 7-қосымша

______________________ (ұйымның) микроорганизмдер коллекциясындағы ПБА қозғалысы туралы мәліметтер

Р/с NҚоз- дыр- ғыш- тар (тер- гі, түрі)Бастал- ғанда штамдар саныШтамдар келіп түстіШтамм берілдіжой- ылдыАяқталғанда штамдар саны
жылтоқ- санме- кен- жайыса- ныжылтоқ- сан
1234567891011

"І-ІV патогенді топтар микроорганизмдерімен жұмыс істеу жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық- эпидемиологиялық ережесі мен нормаларына 8-қосымша

_______________________ (ұйымның) микроорганизмдер коллекциясында ПБА-ның болуы туралы мәліметтер

Р/с NҚоз- дыр- ғыш- тың атауыБө- лі- ну кү- ніМе- кен-жа- йыБө- ліну көзіШтамдар тағдыры
Бе- ріл- діМе- кен- жайыЖой- ылдыКү- ніСақ- тал- дыОбъек- тілер- дің саны
1234567891011

Іздеу атаулары: №325 бұйрық, 325-бұйрық, приказ 325, үш жүз жиырма бесінші бұйрық, 325 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.