Мақала
Бұйрықтар

№ 310 бұйрық (29.06.2005): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 29 маусымдағы N 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 10 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3781. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
310
Қабылданған күні
29.06.2005
Актіні өзгерту күні
30.06.2010
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. "Дiрiл көзi бар жұмыс жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар
  2. 1. Жалпы ережелер
  3. 2. Жұмыс атқарушыларға дiрiлдiң қолайсыз әсерiн азайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
  4. "Металдарды балқытып пісіргенде, дәнекерлегенде және кескенде қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар
  5. 1. Жалпы ережелер
  6. 2. Металдарды балқытып пісіргенде, дәнекерлегенде және кескендегі өндірістік үй-жайларға, құрал-жабдықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
  7. 3. Жылытуға, жарықтандыруға және желдетуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
  8. 4. Металдарды электронды жолмен өңдегенде пайда болатын рентген сәуле көзінен қорғануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
  9. 5. Торийланған вольфрамды электродтармен жұмыс істегенде жұмысты ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
  10. 6. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайларға және металдарды балқытып пісіргенде, дәнекерлегенде және кескен кезде жұмыс жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.06.30 N 476 бұйрығымен .

"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына және 17-бабының 1), 16) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған: 1) "Діріл көзімен жұмыс істегенде жұмыс жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"; 2) "Металдарды балқытып пісіргенде, дәнекерлегенде және кескенде жұмыс жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жолдасын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

"КЕЛIСIЛДI"

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрi

2005 жылғы 8 шілде

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылы 29 маусымдағы N 310 бұйрығымен бекітілген

"Дiрiл көзi бар жұмыс жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар

1. Жалпы ережелер

1. "Дiрiл көзi бар жұмыс жағдайына қойылатын санитарлық- эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрi - санитарлық ережелер) қызметi өндiрiстiк жабдықтар, стационарлық, өздiгiнен жүретiн, тiркемелi машиналар мен механизмдер тудыратын (темiр жол, су және әуе жолдарын есептемегенде) адамдарға дiрiлдiң қолайсыз әсерiн азайтатын шараларды қарастырады.

2. Осы санитарлық ережелерде мынандай терминдер қолданылды: дiрiл - техникадағы (машиналардағы, механизмдердегi, құрылымдардағы, қозғалтқыштардағы және басқалардағы) механикалық тербелiстер.

2. Жұмыс атқарушыларға дiрiлдiң қолайсыз әсерiн азайтуға бағытталған шараларды ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

3. Жұмыс орнында еңбек етудiң қауiпсiздiк жағдайын сақтау үшiн дiрiлдiң әсерiн төмендетуге бағытталған технологиялық және конструкциялық шаралар, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық тұрақтылығы саласындағы қолданыстағы стандарттарға, нормативтiк құқықтық актiлерге (бұдан әрi - НҚА) ережелер мен нормаларға сай және үй-жайдағы машиналар мен құрал-жабдықтардың орналасуына қарай, жұмыс орнын дiрiлден қорғайтын қондырғыларды орналастыруға байланысты жобалау ұйымдарында дайындалады.

4. Дiрiл көзiндегi дiрiлдiң деңгейiн төмендететiн негiзгi шаралар мынандай: 1) дiрiл оқшаулағыш тiректiң, серпiндiлi аралық төсемiнiң, конструкциялық ажыратулардың, резонаторлардың, қаптаманың және басқадай құрылымдардың көмегiмен; 2) бөлгiш конструкциялардың, резонансты жұтқыш қондырғылардың, қабырғалардың көмегiмен, төбелердi, едендi жапқыштармен жабу арқылы дiрiлдi азайту; 3) компрессорлық машиналарға, желдету жүйесiне және ауаны кондиционерлеуге арналған құрылғыларды дiрiл оқшаулағыш іpгетастың көмегiмен; 4) құрылыстың, көлемдi жобалау өлшемдерiн ескере отырып, акустика тұрғысынан оңтайлы шешу үшiн өндiрiстiк цехтарды, үй-жайларды, ғимараттарды дұрыс орналастыру; 5) жаңа машиналарды, агрегаттарды және құрал-жабдықтарды жобалағанда немесе бар машиналардың құрылысын жетiлдiргенде дiрiл көзiн тудыратын конструкциялық және технологиялық шараларды жетiлдiру; 6) жұмыс барысында технологиялық тұрғыдан дiрiл тудырмайтын үдерiстер мен агрегаттарды пайдаланып, участоктар мен цехтарды қайта жаңартқанда станоктар мен құрал-жабдықтарды оңтайлы орналастыру арқылы; 7) жұмыс iстеу барысында машиналардан немесе құрал-жабдықтардан пайда болатын дiрiлдi дiрiл азайтатын материалдарды қолдану және олардың қаттылығын немесе басқа да қасиеттерiн күшейту арқылы; 8) жұмыс орындарында дiрiл мен шу деңгейiнiң оңтайлы жағдайын жасау үшiн, қолданыстағы НҚА-ның талаптарына сай, әкiмшiлiк үй-жайларын, ғимараттағы өндiрiстiк цехтар мен учаскелердi оңтайлы орналастыру арқылы.

5. Жұмыс орнындағы дiрiл қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдастырушылық және емдеу-профилактикалық шаралары мыналарды қамтуы керек: жұмыс iстейтiндерге профилактикалық тексерiстер жүргiзу арқылы; дiрiл қауiпсiздiгi бар кәсiпте жұмыс iстейтiндердiң еңбек етуiн, демалуын ұштастыру; дiрiл әсерiн азайтатын уақытты қарастыру; өндiрiстiк арнайы жаттығулар жүргiзу; жеке бастық қорғау құралдарын пайдалану.

6. Дiрiл тудыратын қол машиналары мен құрал-жабдықтарын төлқұжатта көрсетiлмеген жағдайда қолдануға және шамадан тыс уақыт бойы жұмыс iстеуге рұқсат бермеу керек.

7. Өңделетiн бөлшекпен қоса есептегенде қол машинасының салмағы 100 килограмнан (бұдан әрi - кг) аспау керек. Салмағы 60 кг астам машинаның (бұл салмаққа қосымша қолданылатын құрал-сайманның, саптың, түтiктердiң салмағы да енедi) тiрегiштерi болуы керек.

8. Машинаны жұмысқа қосуға қажеттi басу күшi төлқұжатында көрсетiлген режимде бiр қолмен iстейтiн машина үшiн 1000 Ньютоннан (бұдан әрi - Н), ал екi қолмен iстейтiн машина үшiн 2000 H аспауға тиiс.

9. Қолмен iстейтiн машинаның және қолмен басқарылатын дiрiлдеушi жабдықтардың тұтқасының үлгiсi жұмысқа ыңғайлы және қолдың салқындауын туғызбауы керек. Алақанның бетiмен жанасатын орынның жылуберiлу коэффициентi 5 Ватт шаршы метрден (бұдан әр - Вт/м 2 ) аспайтындай ететiн жабындысы болуы немесе тұтас жылуөткізгiш коэффициентi 0,5 Вт/м 2 артық емес материалдан дайындалуы керек.

10. Қол машиналармен жұмысты температурасы плюс 16 о Цельсийден кем болмайтын, салыстырмалы ылғалдығы 40-60 пайыз және ауа қозғалысының жылдамдығы 0,3 метр секунд (бұдан әрi - м/с) аспайтын, жылытылатын, жабық үй-жайларда жүргiзiлуге тиiс, бұл жағдайда сығымдалып шығарылған ауа немесе пайдаланудан шыққан булар қолға үрлемеуi және жұмыскердiң демалу аумағын ластамауы керек.

11. Жылынуға арналған үй-жайдың алаңы жұмыс орнынан 150 метр қашық емес жерде орналасып, анағұрлым көпсандық ауысымда жылынуды пайдаланатын бiр адамға шаққанда 0,1 шаршы метр (бұдан әрi - м 2 ) есебiнен анықталады, бiрақ 12 м 2 кем болмауы керек.

12. Машинаны және жабдықтарды жасау барысын бақылағанда олардың жұмыскерлердi шуылдан және дiрiлден қорғау жөнiнде жобалық құжаттарға сәйкестiгiн тексеру керек. Жаңа және қайта жаңартудан өткен машиналар, жабдықтар мен кәсiпорындарды пайдалануға бергенде жұмыс орнындағы шуыл мен дiрiл параметрлерiне бақылау жүргiзiлiп және санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды берiлуге тиiс.

13. Машиналар мен жабдықтардың дiрiлi 12 децибелден (бұдан әрi - дБ) (4,0 есе) артық және кез келген октавалық жолақта дыбыс қысымының деңгейi 135 дБ жоғары болса оларды пайдалануға, олармен жұмыс iстеуге тиым салынады.

14. Дiрiлге қауiптi мамандықта жұмыс iстейтiн адамдардың белгiленген еңбек режимiн жүзеге асыру және оның сақталуын кезеңмен бақылау, кәсiпорынның басшылығымен хронометраждық бақылаулар мен технологиялық карта дайындау әдiсi арқылы жылына кем дегенде бiр рет жүргiзiлуi керек.

15. Нақты дiрiлдiк-шулық жүктеменi төмендету және оның жағымсыз әсерiнiң алдын алу үшiн, жұмыскерлер қолданыстағы стандартқа сәйкес жеке қорғану құралдарын қолдануы керек.

16. Еңбек үдерiсi барысында дiрiлдiң әсерiне ұшырайтын адамдар жұмысқа қабылданар алдында және әрi қарай жұмыс барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2004 жылы 12 наурыздағы N 243 бұйрығы және Қазақстан Республикасының нормативтi құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеуден өткiзетiн Реестрiнде N 2780 тiркелген "Алдын-ала және кезеңдi медициналық тексерiстерден өтетiн өндiрiстiк зиянды факторлардың, кәсiптердiң тiзiмiн бекiту туралы және алдын-ала медициналық тексерiстерден өтетiн зиянды, қауiптi факторлардың және өндiрiстiк қолайсыз факторлардың әсерiне ұшырайтындарды мiндеттi түрде алдын-ала және кезеңдi медициналық тексерiстерден өткiзудiң нұсқауын" сай медициналық тексерiстен өткiзу керек.

17. Бiр жұмысшыға деген дiрiлдiк жүктеменiң спектральдық көрсеткiштерiнiң нормалары, осы санитарлық ережелердiң қосымшасында көрсетiлген.

"Дiрiл көзi бар жұмыс жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға 1-қосымша

Жұмыс iстеушiге дiрiлдiң әсер ету ұзақтығына байланысты дiрiлдiк жүктеменiң спектральдық көрсеткiштерiнiң нормалары. Жалпы дiрiл, 1-категория, Z осьi 1-кесте

1248
M.c. -2дБM.c. -2дБM.c. -2дБM.c. -2
304,41333,21302,31272,4
354,11322,91292,11262,2
403,81322,71292,01262,1
453,61312,61381,91252,0
503,41312,41281,81251,9
553,21302,31271,71241,8
603,11302,21271,51231,7
902,51281,81251,31221,4
1202,21271,61241,11211,2
1502,01261,41231,01201,1
1801,81251,31220,91191,0
2101,71241,21220,91190,9
2401,61241,11210,81180,8
2701,51231,11210,81180,8
3001,41231,01200,7117
3301,31221,01200,71170,7
3601,31220,91190,61160,7
3901,21220,91190,61160,7
4201,21220,81180,61160,6
4501,121210,81180,581150,6
4801,121210,791180,571150,6

кестенің жалғасы

81631,563
ДБM.c. -2дБM.c. -2дБM.c. -2дБ
301284,51339,013918,0145
351274,21328,313913,6144
401263,91327,813815,6144
451263,71317,413714,7143
501253,51317,013713,9143
551253,31306,613613,3142
601243,21306,413612,7142
901232,61285,213410,4141
1201222,31274,51339,0139
1501212,01264,01328,1138
1801201,81253,71317,3137
2101191,71253,41316,8137
2401181,61243,21306,4136
2701181,51243,01306,0136
3001181,41232,81295,7135
3301171,41232,71295,4135
3601171,31222,61285,2134
3901171,31222,51285,0134
4201161,21212,41284,8134
4501161,21212,31274,6133
4801161,131212,251274,5133

Жалпы діріл, 1-категория, осьтері X, Y 2-кесте

Т, минОктавалық жолақты жиіліктің нормативтік мәндері (дірілжеделдетуші)
1248
M.c. -2дБM.c. -2дБM.c. -2дБM.c. -2
301,561241,681243,21306,5
351,441231,551243,01296,0
401,351221,461232,81295,6
451,281221,381232,61285,3
501,211221,301222,51285,0
551,151211,241222,41274,8
601,101211,191212,31274,6
900,901190,971201,81253,7
1200,781180,841191,61243,2
1500,701170,751181,41232,9
1801,641160,681171,31222,6
2100,591150,641161,21222,4
2400,551150,591151,11212,3
2700,521140,561151,11212,2
3000,491140,531151,01202,0
3300,471130,511141,01202,0
3600,451130,481140,91191,9
3900,431130,471130,91191,8
4200,421120,451130,91191,7
4500,401120,431130,81181,7
4800,391120,421130,81181,62

кестенің жалғасы

Т, минОктавалық жолақты жиіліктің нормативтік мәндері (дірілжеделдетуші)
81631,563
дБM.c. -2дБM.c. -2дБM.c. -2дБ
3013612,814225,614851,2154
3513611,814123,714747,4154
4013511,114122,214744,3153
4513510,514020,914641,9152
501349,914019,814639,6152
551339,414018,914537,8152
601339,113918,114536,2151
901317,413714,814329,6149
1201306,413612,814225,6148
1501295,713511,414122,9147
1801285,213410,414020,9146
2101284,81349,714019,4146
2401274,51339,113918,1145
2701264,31338,513917,1145
3001264,11328,113816,2144
3301263,81327,713815,4144
3601253,71317,413714,8143
3901253,61317,113714,2143
4201253,41316,813713,7142
4501253,31306,613613,2142
4801243,21306,413612,8142

Жалпы діріл, 2-категория 3-кесте

Т, минОктавалық жолақты жиіліктің нормативтік мәндері (дірілжеделдетуші)
24816
M.c. -2дБM.c. -2дБM.c. -2дБM.c. -2
301,61241,141211,21222,28
351,481231,051201,111212,11
401,391230,991201,041201,97
451,311220,931190,931201,86
501,241220,881190,931191,77
551,181210,841100,891191,68
601,131210,811180,851181,61
900,921200,661160,691171,32
1200,801180,571150,601161,14
1500,721170,511140,541151,02
1800,651160,471130,491140,93
2100,601160,431130,451130,86
2400,571150,401120,421120,81
2700,531150,381120,401120,76
3000,511140,361110,381120,72
3300,481140,341110,361110,69
3600,461130,331100,351110,66
3900,441130,321100,331100,63
4200,431130,301100,321100,61
4500,411120,291090,311100,59
4800,401120,2851090,301100,57

кестенің жалғасы

Т, минОктавалық жолақты жиіліктің нормативтік мәндері (дірілжеделдетуші)
1631,563
дБM.c. -2дБM.c. -2дБ
301274,521339,0139
351264,181328,32139
401263,911327,79138
451253,661317,36137
501253,501316,97137
551243,341306,64136
601243,201306,36136
901222,611285,20134
1201212,261274,50133
1501202,021264,03132
1801191,841253,67131
2101191,711253,40131
2401181,601243,18130
2701181,511243,00130
3001171,431232,85129
3301171,361232,71129
3601161,301222,60128
3901161,251222,50128
4201161,211222,40128
4501151,161212,32127
4801151,131212,25127

Жалпы діріл, "а" түріндегі 3-категория 4-кесте

Т, минОктавалық жолақты жиіліктегі дірілжеделдетушінің нормативтік мәндері
248
M.c. -2дБM.c. -2дБM.c. -2дБ
300,561150,41120,44113
350,521140,371110,41112
400,481140,351110,38112
450,461130,331100,36111
500,431130,311100,34111
550,411120,291090,32110
600,401120,281090,31110
900,321100,231070,25109
1200,281090,201060,22107
1500,251080,181050,20106
1800,231070,161040,18105
2100,211060,151030,17104
2400,201060,141030,16104
2700,191050,131020,15104
3000,181050,131020,14103
3300,171040,121010,13102
3600,161040,121010,13102
3900,161040,111010,12101
4200,151040,111010,12101
4500,1441030,101000,113101
4800,141030,101000,11101

кестенің жалғасы

Т, минОктавалық жолақты жиіліктің нормативтік мәндері (дірілжеделдетуші)
1631,563
M.c. -2ДБM.c. -2дБM.c. -2дБ
300,81181,61243,2130
350,741171,481233,0121
400,691171,391232,8129
450,651162,311222,62128
500,621161,241212,48128
550,591151,181212,36128
600,571151,131212,36127
900,461130,921191,85125
1200,401120,801181,60124
1500,361110,721171,43123
1800,331110,651161,30122
2100,301100,651161,21121
2400,281090,601151,13121
2700,271090,571151,07121
3000,251080,531141,01120
3300,241080,511140,96120
3600,231070,481130,92119
3900,221070,461130,89119
4200,211060,441130,85119
4500,211060,411120,82118
4800,201060,401120,80118

Жалпы діріл, "б" түріндегі 3-категория 5-кесте

Т, минОктавалық жолақты жиіліктің нормативтік мәндері (дірілжеделдетушінің)
248
M.c. -2дБM.c. -2дБM.c. -2дБ
300,08980,056950,05695
350,074970,052940,05294
400,069970,048940,04894
450,065960,046930,04693
500,062960,043930,04393
550,06960,041920,04192
600,057950,04920,0492
900,046930,032900,03290
1200,04920,028890,02889
1500,036910,025880,02588
1800,033900,023870,02387
2100,03900,021860,02186
2400,028890,02860,0286
2700,027890,019850,01985
3000,025880,018850,01885
3300,024880,017840,01784
3600,023870,016840,01684
3900,022870,016840,01684
4200,021860,015830,01583
4500,021860,014830,01483
4800,020860,014830,01483

кестенің жалғасы

Т, минОктавалық жолақты жиіліктің нормативтік мәндері (дірілжеделдетуші)
1631,563
M.c. -2дБM.c. -2дБM.c. -2дБ
300,1121010,2241070,448113
350,1041000,2071060,414112
400,0971000,1941060,388112
450,092990,1831050,366111
500,087990,1731050,347111
550,083980,1651040,331110
600,079980,1581040,317110
900,065960,1291020,259108
1200,056950,1121010,224107
1500,05940,11020,2106
1800,046930,091990,183105
2100,042920,085990,169104
2400,04920,079980,158104
2700,037910,074970,149103
3000,035910,071970,142103
3300,034910,067970,135102
3600,032900,065960,129102
3900,031900,062960,124101
4200,03900,06960,120101
4500,029890,058950,115101
4800,028890,056950,112101

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 29 маусымдағы N 310 бұйрығымен бекітілген

"Металдарды балқытып пісіргенде, дәнекерлегенде және кескенде қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар

1. Жалпы ережелер

1. Осы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) металдарды балқытып пісіретін, дәнекерлейтін және кесумен айналысатын кәсіпорындарды жобалайтын, құрылысын жүргізетін, жаңартатын, пайдаланумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға арналған.

2. Осы санитарлық ережелер мен нормаларда төмендегідей терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: 1) дәнекерлеу - металды балқыту арқылы бұйымның бетіне жағу; 2) балқытып пісіру - машинаның, құрылымдардың және ғимараттардың бөлшектерін жергілікті түрде немесе жалпылай қыздыру арқылы айырылмайтындай етіп балқытып қосу.

2. Металдарды балқытып пісіргенде, дәнекерлегенде және кескендегі өндірістік үй-жайларға, құрал-жабдықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

3. Балқытып пісіру және кесу жұмыстарын жинақтап-балқытып пісіретін өндірістік жұмыстар ашық ауада жүргізгенде қолданыстағы құрылыс нормалар мен ережелердің (бұдан әрі - ҚНжЕ) және техникалық қауіпсіздіктің талаптарына сай болуы керек.

4. Көп қабатты бірімен-бірі ашық жалғасып жатқан ғимараттарда балқытып пісіру кезінде пайда болатын аэрозольдардың таралуына жол бермеу үшін, олардың арасына биіктігі 2,5 метр (бұдан әрі - м) болатын бөлгіштер қойылуы керек.

5. Адамдар мен көлік жүретін жерлердің, жұмыс орындарының және қойма үй-жайларының шекарасы көрінетін белгімен бөлінуі керек (шайылмайтын ақ бояумен).

6. Бұйымдарды хром-никель балқыту материалдарын пайдалана отырып, металдарды балқытып пісіру және дәнекерлеу жұмыстары жеке үй-жайларда жүргізілуі керек.

7. Егер хром-никельді балқытып пісірілетін материалдардың шығыны басқа балқытып пісіретін материалдардың шығынына қарағанда, сорып шығаратын жергілікті механизмі бар көлемі 1000 куб метр (бұдан әрі - м 3 ) тұрақты постыларда 5 пайыздан (бұдан әрi - %) аспаса немесе 1 сағаттағы шығыны 0,25 килограммды (бұдан әрі - кг/сағ.) құраса мұндай жұмыстарды жалпы үй-жайларда жүргізуге болады.

8. Металдарды балқытып пісіру, дәнекерлеу және кішкентай немесе орташа мөлшердегі бұйымдарды кесу тұрақты орындарда төбесі ашық кабиналарда жүргізуге болады. Қорғағыш газдарды қолдану арқылы заттардың периметрі бойынша жүргізілетін пісіру жұмыстарын жүргізгенде еденге дейінгі аралығы 300 милиметр (бұдан әрі - мм) болуы керек.

9. Кабиналардың көлемі пісіргіш аппаратты, үстелді және өңделетін бұйымды бағыттайтын - кондукторды қоятындай кең болуы керек. Бір постыдағы балқытып пісіру кабинасындағы бос орын 3 шаршы метрден (бұдан әрі - м 2 ) кем болмауы керек. Бір кабинада екі және одан да көп пісіру постыларын орналастыруға болады, егер пісірушілерді оқшаулайтындай етіп кабиналар қорғағыш экранмен бөлінсе және әр жұмыс атқаратын адамға тиісті бос аумақ қарастырылса.

10. Алдын ала қыздырылатын заттарды балқытып пісіретін және дәнекерлейтін кабинада бірнеше пісіргіш постыларды орналастыруға болмайды. Бір бұйымды балқытып пісіргенде бір кабинада екі пісірушілердің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.

11. Балқытып пісіру үшін қолданылатын қондырғылар бірінші қабаттағы үй-жайларда орналасуы керек.

12. Электронды сәуле қондырғылары орналасқан үй-жай мынандай талаптарға сай болуы керек: 1) электронды сәуле қондырғылары тұрған жерден басқа бос алаң, үй-жайдың жалпы алаңының кем дегенде жартысын алуы керек; 2) қондырғының жоғарғы бетімен төбеге дейінгі аралық кем дегенде 1 м болуы керек; 3) басқару пульті қондырғыдан алыс дегенде 1,5 м жерде орналасуы керек; 4) пісіргіш қондырғыларда басқару жүйесін қайталайтын камера орналастыруға болады.

13. Электронды сәуле қондырғылары орналасқан жердің астындағы жер төлелерді жұмысшылар тұрақты түрде жұмыс істейтін қызмет бабындағы үй-жай ретінде пайдалануға болмайды.

14. Бұйымдарды плазмалық жолмен өңдейтін учаскелер үшін үй-жайлар немесе ғимараттың сыртқы қабырғасының қасында орналасқан пісіру постыларының оқшауланған цехтарын қарастыру керек. Үй-жайлардың еденінен төбеге дейінгі биіктігі кем дегенде 3,5 м болуы керек. Әр жұмыс атқарушы үшін құрал-жабдықтардан бос алаңның көлемі 10м 2 болмауы керек. Ғимараттардың жер төле үй-жайларында пісіру учаскелерін орналастыруға болмайды.

15. Балқытып пісірудің барлық түрін жүргізетін құрал-жабдықтар (электрлі жанасқыш, флюс астындағы электрлі доғалы, қорғағыш газ, ұнтақ сым және басқалары) орналасқан жерде пісіру барысында пайда болатын аэрозольдарды сорып алатын жергілікті қондырғылар қарастырылуы керек.

16. Бағыттағыш көлемі үлкен бұйымдарды балқытып пісіргенде, дәнекерлегенде қолданатын құрал-жабдықтарда жергілікті соратын құрылым солардың ішінде, ал кескен кезде кесетін үстелдердің ішінде орналасуы керек.

17. Қождама астында автоматты түрде жүргізілетін пісіру жұмыстарын жүргізетін пісіру құрал-жабдықтары мыналармен жабдықталуы керек: 1) пісіру ваннасында қождаманы механикалық жолмен жабуға арналған қондырғылармен; 2) пісірілген орыннан қолданылмаған қождаманы жинап алу үшін қождама сорғышпен.

18. Қождама астындағы автоматты түрде пісіру жұмыстары жүргізілгенде (тұрақты постыларда) пісірілген орындағы қождық қабатты жинау үшін, әуелі металдан жасалған шөткелермен (жартылай автоматтандырылған, пісіргіш қондырғысы бар тракторларға) тазаланып, механикалық жолмен сорылып алынып, тазалануы керек. Қождаманы қолмен жинау, тек аппараттарды қолдануға болмайтын жағдайда ғана жүргізіледі.

19. Қождама астында тұрақты автоматтандырылған балқытып пісіру постылары ауаны барлық жерден бірдей соратын ұзартылған (300 мл кем болмайтын) жергілікті сорғыштармен қамтамасыз етілуі керек.

20. Электрліқож әдісіне керекті құрал-жабдықтар алыстан басқарылатын пультпен, қождаманы қождық ваннаға механикалық жолмен салатын құралмен жабдықталуы керек.

21. Қорғағыш газ ортасында электрлік қож арқылы пісіргіш аппаратты қолданғанда (пісіргіш адам жақтан пісіруші басқа қарсы) керекті тығыздықтағы ашылатын қорғағыш жарықсүзгіш - шыны қалқан қолданылады.

22. Жанасу әдісі арқылы пісіргенде қолданылатын машиналарды шашыранды ұшқындардан жұмысшыларды қорғау және пісіру үдерісін бақылау үшін мөлдір ашылатын қалқанмен жабылуы керек.

23. Тотықтыруға қарсы заттар жабылған бұйымдарды пісіру барысында бөлінетін аэрозольдің мөлшерін азайту үшін пісіру тәртібі (балқытып пісірілетін материалдарға арналған тоқ күшін көбейтпеу керек) сақталынуы керек.

24. Бұйымдарды плазмалық жолмен өңдегенде тоқ көзі жұмыс жүргізілетін үй-жайдың сыртында орналасуы керек.

25. Плазмалық үдеріс және оның тоқ көзі алыстан басқарылуы керек. Операторлардың жұмыс орны жақсы жарықтандырылып, таза ауамен қамтамасыз етілуі керек.

26. Қабырғаларды плазмалық жолмен жапқанда кабинаның іші дыбыс жұту коэффициенті 0,7 кем емес материалдармен жабылуы керек.

27. Пісіру барысында бөлінетін озонның трихлорэтилен, трихлорэтан және басқа да хлорланған көмірсутегілерімен байланысуының әсерінен дем алдырмайтын газ - фосген пайда болатындықтан, бұйымдарды алдын ала майсыздандыру үшін жоғарыдағы заттарды пайдалануға болмайды.

28. Балқытып пісіру, дәнекерлеу, кесу учаскелерінде салмағы 20 килогарммнан (бұдан әрі - кг) артық бұйымдар өңделетін болса, жылжымалы көтергіш механизмдер қарастырылуы керек.

29. Жұмыс отырылып істелген жағдайда, биіктігі реттелінетін, арқасы бар, отыратын жері жұмсақ үстелдер қарастырылуы керек.

30. Жұмыскерлерді балқытып пісіру, дәнекерлеу және металдарды кесу жұмыстарына байланысты емес сәуле қуатынан қорғау үшін пісіру постылары жанбайтын материалдардан жасалынған биіктігі 1,8 м экранмен қоршалынуы керек.

3. Жылытуға, жарықтандыруға және желдетуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

31. Жылумен қамтамасыз етуді тартатын желдету жүйесімен бірлестірілген ауа арқылы қамтамасыз ету керек. Техникалық экономикалық негіздеме болғанда ауа - жылыту агрегаттарын кезекші жылытқыш ретінде қолдануға болады.

32. Көлемі үлкен бұйымдарды электрлі жолмен пісіргенде және дәнекерлегенде қолмен жұмыс істеу кезінде, оның бетінде пайда болатын аэрозольдарды көтеріліп - бұрып тұратын соратын механизмдер қарастырылуы керек. Мұндай панелдердің төменгі беттері пісіру орыннан 350 мл биіктікте орналасуы керек.

33. Кішкентай, орташа бұйымдарды балқытып пісіру, дәнекерлеу кезінде пайдаланылатын аппараттарға және жұмыс жағдайына байланысты аэрозольдарды сору үшін тік және көлбей орналасқан сорғыш шкафтар пайдаланылады.

34. Зиянды заттарды бөлетін көздердің қасындағы жергілікті сору механизмдерінің ауаны сорып-шығаратын жылдамдығы мынандай болуы керек: 1) қолменен пісіру жұмыстарын жүргізгенде - секундына 0,5 метрден кем емес (бұдан әрі - м/сек.); көмірқышқыл газында пісіру жұмыстарын жүргізгенде секундына 0,5 м көп болмасын; инертті газдар арқылы пісіру жұмысын жүргізгенде секундына 0,3 м көп болмасын; 2) титан және төменгі дәрежеде легірленген болат қосындыларын кескенде газды ортада секундына 1 м кем болмауы керек; плазмалық жолмен кескенде 1,4 м/сек. кем болмауы керек; 3) алюминді - магнийлі қоспаны және жоғарғы дәрежеде легірленген болатты плазмалық жолмен кескенде 1,8 м/сек. кем болмауы керек; плазмалық жолмен дәнекерлегенде 1,3 м/сек. кем болмауы керек; торий қосылған вольфрамды электроттарды кескенде 1,5 м/сек. кем болмауы керек.

35. Жергілікті сорудың салдарынан жиналатын зиянды заттардың жиынтығын шығару шкафтары үшін 90% аспай, басқадай сорғыш механизмдер үшін 75% аспауы керек. Зиянды заттардың қалған бөлігі (10-25%) жалпы араластыру желдеткішінің көмегімен рұқсат етілетін деңгейге дейін еселенуі керек.

36. Цехтың 1м 3 көлеміне 0,2 гр сағатына (бұдан әрі - г/с) пісіргіш материалдар жұмсалса және цехтың ішінде аэрациялық фонар қарастырылса, бүйірдегі шыныланған қабырға ашылатын болса, ауа айырбастайтын желдеткіш жүйесін қарастырудың қажеті жоқ.

37. Пісіргіш цехтардың ауасында кездесетін зиянды заттарды шектеу шегіне дейін ерітетін ауаның мөлшері, осы санитарлық ережелердің 2-қосымшасында көрсетілген шектеу мөлшерінде болуы керек.

38. Металдарды пісіру немесе кесу жұмыстары жүргізілетін балқытып пісіру учаскелері қабырғадағы тесік арқылы басқа үй-жайлармен біріктірілсе, желдету жүйесі қарастырылуы керек.

39. Металдарды пісіру және кесу учаскелері әр жерде орналасып, желдету жүйесінің сызбасын жасағанда, ауаның ластануы аз аумаққа зиянды заттар келмейтіндей етіп қарастыру керек.

40. Сыртқы ауаның параметрлерін есептеу жылумен қамтамасыз ету, желдету және ауаны тоңазыту туралы қолданыстағы ҚНжЕ-нің талаптарына сай жүргізіледі.

41. Үй-жайдың жұмыс орнына сорып әкелінетін ауаны бергенде, крановщиктердің кабинасы механикалық желдету жүйесімен қамтамасыз етілуі керек.

42. Сорып әкелінетін ауа былай бөлінуі керек: 1) пісіру орнында жергілікті сору қондырғылары арқылы желдету жұмысы қарастырылғанда үй-жайдың жұмыс аумағына шашыранды түрде жіберіліп, пісіру учаскелеріне (инертті газдар ортасында пісіру жұмыстары жүргізгенде) тікелей берілмеуі керек. Жұмыс орнындағы ауаның жылжу жылдамдығы 0,3 м/сек. көп болмауы керек; 2) басқа жағдайларда сорылып әкелінетін ауа үйдің жоғарғы жағына беріледі. Электрлі доға арқылы пісіріп дәнекерлейтін жұмыс орнындағы ауаның жылжу жылдамдығы 0,3 - 0,9 м/сек. болып, басқа пісіру жұмыстары жүргізілгенде 0,5 м/сек. болуы керек.

43. Бұйымның ішін балқытып пісіргенде жергілікті сорып шығару көздері, ауаны жалпы айырбастайтын желдету немесе жоғарғы вакуумды қондырғы қарастырылады.

44. Үй-жайда орналасқан бұйымның ішін балқытып пісіргенде жұмыс орнындағы ауаның жылжу жылдамдығы 0,7-2 м/сек. құрауы керек. Желдеткіш қондырғылар арқылы берілетін ауаның температурасы 20 градус Цельсия (бұдан әрі - о С) төмен болмауы керек.

45. Бұйымның ішін балқытып пісіргенде үй-жайдан сорып шығарылатын ауаны сыртқа бағыттау керек. Ластанған ауаны жылжымалы сору қондырғыларын пайдаланғанда ондай оны үй-жайларға жіберуге болады. Ауаны жалпы айырбастайтын желдету жүйесінің қуатын есептегенде үй-жайларға түсетін зиянды заттардың есебін жүргізу арқылы мөлшері анықталынады.

46. Бұйым ішіндегі ауаны сору үшін жергілікті сору қондырғыларын немесе жалпы желдету жүйесі қарастырылмағанда, балқытып пісіруші адамның бетіндегі маскасына жылдың суық мезгілінде 18 о С дейін жылытылған, 6-8 метр сағат (бұдан әрі - м/сағ) көлемінде таза ауа беретін жол қарастырылуы керек. Мұндай жолмен ауа беруді тотықтырмайтын затпен жабылған бұйымдарды балқытып пісіргенде немесе тиімді жергілікті желдету жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндік болмай, түсті металдарды, шойынды пісіру барысында үй-жайға көп мөлшерде пісіру аэрозольдары бөлінетін болса қолдану керек.

47. Сұйытылған газдарды сақтайтын арнайы үй-жайларда немесе металдан жасалған шкафтарда жоғарғы және төменгі жағынан ауа шығатындай табиғи желдету жолдары қарастырылуы керек.

48. Жинау-пісіру цехтарын, металдарды плазмалық және электрондық жолмен өңдейтін учаскелерді жоспарлау құрылысын жүргізу және пайдалану қолданыстағы ҚНжЕ-нiң талаптарына сай жүргізілуі керек.

49. Көпірлік крандардың көлеңкесінің салдарына жұмыс орындарының, өтетін жолдардың қараңғылануын кран астына ілінген қосымша шамдар арқылы жарықтандыру керек.

50. Шеңбер тәрізді контурлы бұйымдардың (сыйымдылықтар, қазандар, цистерналар, бөліктер, құтылар) ішкі беттерін жарықтандыру балқытып пісірілетін нысанның сыртында орналасқан немесе жылжымалы бағытты жарық беретін қол шамдары арқылы жүргізіледі.

51. Апат орын алған жағдайда қолданылатын шамдар заттарды плазмалық жолмен өңдегенде, кескенде металдарды электрлі жолмен өңдегенде, ал басқа үй-жайларда адамдарды шұғыл түрде сыртқа шығаратын жолдарды жарықтандыру үшін қарастырылуы керек.

52. Жарық фонарлары, терезелер және жарық көздері ластанған сайын тазаланып отырылуы керек, бірақ кем дегенде 3 айда 1 рет тазалануы керек.

4. Металдарды электронды жолмен өңдегенде пайда болатын рентген сәуле көзінен қорғануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

53. Жұмыс орындарындағы рентген сәуле көзінің деңгейі қолданыстағы 2003 жылы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтау министрінің N 97 бұйрығымен бекітіліп, нормативті құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеуден өткен Реестр N 2198 "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін санитарлық-гигиеналық талаптар" cанитарлық ережелер мен нормалардың талаптарына сай радиоактивті заттармен және иондағыш сәуле көздерімен тікелей жұмыс істемейтін адамдарға арналған мөлшерден аспауы керек.

54. Көру терезелері қорғасын шынысымен жабдықталып, ал балқыту қондырғылары үшін перископтық қондырғыларымен жабдықталуы керек.

55. Рентген сәуле көзінің қуатына дозиметриялық бақылау жүргізгенде оператор отырған жұмыс орнынан қарайтын терезенің қасында, қондырғының әр бөліктері жалғасқан жерде және қорғаныс шаралары толық жүргізілмеді-ау деген орындарда.

5. Торийланған вольфрамды электродтармен жұмыс істегенде жұмысты ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

56. Торийланған вольфрамды электродтармен жұмыс істеудің барлық түрдегі жұмыстарды жүргізген кезде радиациялық фактордың орын алуы, осы санитарлық ереженің 1-қосымшасына сай жіктелінеді.

57. Торийланған вольфрамды электродтарды қолданатын өнеркәсіп орындарында, мекемелердегі электродтардың қоры жылдық керектіліктен аспауы керек. Қор кәсіпорынның орталық қоймасында сақталуы керек.

58. Жұмысқа керекті электродтардың мөлшері ай немесе тоқсан сайын 5 кг аспаса, цехтың немесе учаскенің қосымша үй-жайларында, фотосезімталдығы жоғары басқа материалдармен бірге сақтауға болады.

59. Бір мезгілде, бір цехта, 5 жұмыс орны торийланған вольфрамдық электродтарды қолдана отырып, балқытып пісіру жұмыстарын жүргізсе, ол жер радиациялық тұрғыдан қауіпті деп саналынады.

60. Торийланған вольфрамдық электродтарды жонатын жұмыстар, санитарлық және гигиеналық талаптарға сай болатын пісіру постыларының жанындағы үй-жайда орналасқан арнайы станоктарда жүргізіледі. Жону станогы механикаландырылған тартып шығаратын желдету жүйесімен қамтамасыз етілуі керек. Сорылып алынған шаң-тозаң қатты радиоактивті қалдықтарды жинайтын орынға апарылуы керек.

61. Торийланған вольфрамдық электродтарды пайдалана отырып, жұмыс атқарғанда нысанның зертханасы арқылы өндірістік дозиметриялық бақылау жасалынуы керек.

6. Санитарлық-тұрмыстық үй-жайларға және металдарды балқытып пісіргенде, дәнекерлегенде және кескен кезде жұмыс жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

62. Магистралды құбыр желісін, электр тасымалдау жүйесін, санитарлық-тұрмыстық ғимараттардың құрылысын жүргізгенде қолданыстағы ҚНжЕ-нің талаптарына сай жүргізіледі.

63. Жылдың суық мезгілінде арнайы жылыту үй-жайларын қарастыру пайдалы болмағандықтан, далада немесе жылытылмайтын үй-жайларда жұмыс істегенде, газ немесе электр жылу көздері қарастырылуы керек. Инфрақызыл жылу көздерін пайдаланғанда, жағылатын өнімнің қалдықтары ауаға (сыртқа) таралатындай етіп қарастыру керек.

64. Жергілікті жылыту орындары арнайы орындарда орналасып, жұмыс орнынан 50 м артық болмауы керек. Егер технологиялық жағдай мүмкіндік бере алатын болса, жылыту көзін жұмыс орнында қарастыру керек.

65. Балқытып пісірумен, дәнекерлеумен және металдарды кесумен шұғылданатын жұмыскерлер арнайы жұмыс және аяқ киімдерімен, жеке басты қорғау құралдарымен жабдықталуы керек.

66. Бұйымдарды плазмалық жолмен өңдегенде, операторлардың жеңдері жең жапқыштармен, ал терінің ашық жерлері мен мойын, кеуде тұстары отқа төзімді материалдан жасалған кеудешемен қорғалуы керек.

67. Сыртта жұмыс істейтін пісіруші ылғалды және суық жермен, қармен, суық металмен жанаспас үшін отқа, суға төзімді төсеніштермен және білек, тізе қорғаныштарымен жабдықталуы керек.

68. Төбеде балқытып пісіру жұмыстарын жүргізгенде пісірушінің білектерін қорғау үшін жең қорғағыштармен жабдықталып, дененің жоғарғы жағын қорғау үшін арнайы қорғағыштарды пайдалану керек.

69. Пісірушілер бет пен көздерін электрлі доғаның сәуле көзінің қуатынан, сондай-ақ балқыған металдың ұшқыны мен шашырандысынан қорғау үшін маскалармен, ал газбен кесетіндер, газбен пісіретіндер, олардың көмекшілері көзілдірікпен жабдықталуы керек. Пісіру тоқ көзінің мөлшеріне және жалынның шығаратын жарықтығына байланысты әртүрлі жарық сүзгілері қолданылуы керек.

70. Су астында жүргізілетін электрлі пісіру жұмыстарында су астында жүретін электрлі пісірушінің бас киімінің алдындағы иллюминаторда жарық мөлшерін 2/3 азайтатын, төменгі жағынан жабылатын жарық сүзгі қарастырылуы керек.

71. Балқытып пісіретін немесе кесетін жұмыстар бір мезгілде әртүрлі биіктікте жүргізетін болса, басты қорғайтын каскадан басқа, қалқалайтын (жарық түсірмейтін жапқыш материалдар) қондырғылар қарастырылуы керек.

72. Газбен кесетін жұмыскердің және оның көмекшісінің кальций карбидің газогенераторға салып, қалған қалдығын төгу үшін, қорғағыш көзілдіріктері және саусақты резеңке қолғаптары болуы керек.

73. Бұйымдарға плазмалық өңдеу және металдандыру жұмыстарын жүргізгенде пайда болатын шудан қорғану үшін жеке басқа арналған шу өткізбейтін құрал немесе шуды азайту үшін құлаққа тығатын заттар қарастырылуы керек.

74. Торийланған вольфрамдық электродтарды пайдалану арқылы балқытып пісіру жұмыстарын жүргізгенде (бір мезгілде, бір үй-жайда 5-тен аса жұмыс постысы жұмыс атқарғанда) немесе электродтарды жонып жасағанда, жонғыш станоктың шаң-тозаңын жинағанда шаң тұтқышты пайдалану керек. Электродтарды жонатын адамдар қосымша қолғаппен қамтамасыз етілуі керек.

75. Балқытып пісіру, дәнекерлеу және металды кесетін жұмыскерлер, қолданыстағы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы "Міндетті түрде алдын-ала, кезеңді медициналық тексерістерден өтетін зиянды өндірістік факторлардың, мамандықтардың тізімі және алдын-ала зиянды, қауіпті және өндірістік қолайсыз факторлардың әсеріне тап болатын жұмыскерлерге кезеңді медициналық тексерістер жүргізу туралы нұсқауды бекіту туралы" N 243 бұйрығына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден өткізу реестрінде N 2780 тіркелген, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы нұсқауымен танысып, жұмысқа алынардың алдында және кезеңді медициналық тексерістерден өтіп отырулары керек.

"Металдарды балқытып пісіргенде, дәнекерлегенде және кескенде қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға 1-қосымша

Торийланған вольфрамдық электродтарды пайдалану арқылы жүргізілетін жұмыс кезінде пайда болатын радиациялық қауіптілік дәрежесі

Жұмыстардың сипаттамасыЖұмыс орынындағы электродтар саны
Кем дегенде 1 кг1-ден 5 кг-ға дейін5-тен 10 кг-ға дейін
Электродтарды қабылдау және оларды кәсіпорынға жеткізуРадиациялық қауіпсіздікті тудырмайдыРадиациялық қауіпсіз- дікті тудырмайдыШартты түрде радиация- лық қауіп- тілігі бар 1)
Электродтарды кәсіпорынның қоймасында сақтауЖоғарыдағыдайЖоғарыдағы- дайЖоғары- дағыдай
Пісіру постыларына электродтарды жеткізуЖоғарыдағыдай- 3)- 3)
Жұмыс орындарында электродтарды уақытша сақтауЖоғарыдағыдай--
Электродтарды жонуШартты түрде радиациялық қауіптілігі бар--
Балқытып пісіруШартты түрде радиациялық қауіптілігі бар 2)-

Ескерту: 1) шартты түрде радиациялық қауіптілігі бар деген жұмыстар, осы ереженің талаптарын орындағанда радиациялық қауіпсіздікті бермейтін жұмыстар; 2) бір мезгілде 5 жұмыс постысына кем орында пісіру жұмыстары жүргізілсе, ондай жұмыстың радиациялық қауіпсіздігі жоқ; 3) кестедегі көрсетілген сызықтар 1 кг артық электродтарды пайдаланатын жұмыстардың жоқтығын көрсетеді.

"Металдарды балқытып пісіргенде, дәнекерлегенде және кескенде қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға 2-қосымша

Пісіру барысында пайда болатын аэрозольдарды рұқсат етілген шамаға дейін жеткізетін ауаның мөлшері

1-кесте

Техно- логиялық операцияПісіру материал- дарыГраммен өлшеніп анықталатын жұмсалатын пісіргіш материалдардың 1 кг келетін зиянды заттардың ауа айырбасындағы жалпылай бөлінуі1 кг пісіру мате- риалына жұмса- латын ауаның мөлшері 1м 3
АтауыСаны
Электродтармен, ұнтақтармен, электродтық және басқыш сымдармен жүргізілетін балқытып пісіру және дәнекерлеу жұмыстары
1. Электр доғасы арқылы қол- мен жүргі- зілетін пісіру жұмыстары: 1) көмір- текті және төменгі дәрежеде легирленген болат құры- лымдарынЖапқышы бар элек- тродтар: 1) газ қорға- ғыштар 2) (ОЗС-3) (АНО-1, ОЗС-6) түріндегі рутил және рутил- карбонаты (АНО-3), АНО-4, МР-3, МР-4, ЗРС-3, РБУ-4, ОЗС-4, АНО-5, ОЗС-12Марганец Темір тотығы 3% дейін марганец тотығы қосылған Жоғарыдағы- дай Темір тотығы фторлы немесе 3-6% дейінгі марганец қосындылары Марганец0,83 20,0- 24,2 15,3 7,1-13,8 0,59-1,872800 3400-4000 2500 1800-3400 2000-6200
3)(УОНИ-13/ 45, УОНИ-13/ 85, СК2-50) түріндегі фторлы- кальций (ВСФ-65, ВСФС-60, УОНИ-13/65, АНО-7) (ЭБ-55, УОНИ-13/55, УОНИ-13/55е, АНО-1, УОНИ-13/55Д) 4) (ЦМ-7, ОММ-5, СМ-5, АНО-6) 1) түріндегі рудно- қышқылы және ильмениттіТемір тотығы фторлы немесе 3-6% дейінгі марганец қосындылары Марганец Фтор сутегі Марганец11,2-13,6 1,1-1,53 2,13-2,7 1,7-2,382800-3400 3700-5100 4300-5400 5700-8000
2) ыстыққа тұрақты болат; 3) тотта- нуға қарсы ыстыққа тұрақты, ыстыққа төзімді болат; 4) орташа легирленген жоғарғы төзімді- ліктегі болат.(ЦЛ-26м, ЦЛ-17) 1) үлгісіндегі фторлы кальций электроды Жапқышы бар электродтар: 1) (ОЗЛ-9а, НИАТ-1, ОЗЛ-14) 1) түріндегі рутилді және рутил- карбонаты 2) (ОЗЛ-20, ВИИМ-1, ОЗЛ-7, ЦТ-15, ЭА-400/10е, НЖ-13, ЭА-606/11, ОЗЛ-6, ОЗЛ-5, ЦТ28, ИМЕТ-10, ЦЛ-9) 1) түріндегі фторлы- кальций үлгісіндегі (ЦТ-36) (ЭА-395/9, ЭА-981/15, ВИ-10-6)* үлгісін- дегі фторлы- кальцийлі электрод.Хром ангидриді Жоғары- дағыдай Жоғары- дағыдай Марганец Хром ангидриді0,085-0,166 0,273-0,46 0,1-0,595 1,19 0,425-0,728500-16600 27300-46000 10000-59500 4000 42500-72000
2. Электрлі доға арқылы қолмен дәне- керлеу 1) төменгі сатыда легирленген болат қабатын; 2) хромды болат қабатын; 3) жоғарғы хромды арнайы шойын немесе болат қабатын;(ОЗЛ- 250) 1) үлгісіндегі фторлы кальций жабылған электрод (НР-70, ОЗЛ-300) 1) (ОЗШ-1, ЭН-60М, УОНИ-13/НЖ, ЦН-6Л, ОЗИ-3) 1) (ВСН-6, ОМГ-Н) 2) үлгiсiндегi фторлы- кальций жабылған электрод (Т-590, Т-260) 2) үлгісін- дегі хроммен легирлен- ген электродТемір тотығы фторлы немесе 3-6% дейінгі марганец қосындылары Марганец Хром ангидриді Жоғарыда- ғыдай Жоғарыда- ғыдай22,4 3,9-4,42 0,145-0,393 0,29-1,54 2,87-3,75600 11000-14700 14500-39000 29000- 154000 287000- 370000
3. Шойынды электр доғалық жолмен қолмен балқытып пісіру және дәнекерлеуФторлы кальций жабылған электрод: 1)(ЦЧ-4) 1) үлгісіндегі фторлы кальциймен жабылған электрод 2)(МНЧ-2), (ОЗЧ) 1) үлгісін мыс немесе мысты никельді электро- дпенВанадий, бесқышқылды түтін Мыс0,54 4,42-6,055400 4400-6100
4. Мыс және оның қосынды- ларын балқытып пісіру және дәнекерлеу("Комсомолец 100") 1) үлгісіндегі фторлы кальциймен жабылған электродМарганец3,913000
5. Жарты- лай автомат- тандырылған әдіспен болатты пісіру: 1) газды қорғаныссыз 2) газды қорғаныссыз 3) көмір- қышқылды газ қорғауымен; 4) жоға- рыдағыдай(ЦСК-3) (ЭП-245) үлгісіндегі басатын сым және керамикалық өзек (ЭПС-15/2) 1) үлгісіндегі ұнтақталған сымдар (ПП-ДСК1, ПП-ДСК-2, ПСК-3) 1) (ПП-АНЗ) 1) (ПП-АН4) 1) (ПП-АН8) 1) үлгісіндегі ұнтақтал- ған сымдар 1) (СВ- 08Г2С) үлгісіндегі сым элект- родтар (СВ- 10Г2Н2С)Жоғары- дағыдай Темір тотығы фторлы немесе 3-6% дейінгі марганец қосындылары Марганец Темір тотығы фторлы немесе 3-6% дейінгі марганец қосындылары Фторлы сутегі Жоғары- дағыдай Марганец Темір тотығы фторлы немесе 3-6% дейінгі марганец қосындылары 3% марганец тотығы араласқан темір тотығы1,11 12,4 0,89 7,7-11,7 2,7 1,95 2,18 0,8 12,03700 3100 2900 1900-2900 5400 3900 7300 2000 2000
2) (СВ-08х19НФ2112), (СВ-Г6Х 16Н25М6) 1) үлгісіндегі хром никельді электрод сымдарыХром ангидриді0,5-1,050000-100000
6. Мыс және оның қосынды- ларын жартылай автоматты түрде пісіру: 1) азоттың қорғауымен; 2) аргонның немесе гелидің қорғауымен(МНЖ-КТ5-1- 0,2-0,2) 1) үлгісін- дегі сым электрод- тары (МНЖ-КТ5- 5-0-0,2) 1) үлгісіндегі сым элек- тродтарыМыс Мыс7,0 11,07000 11000
7. Алюминий және оның қосындыла- рын қолмен пісіру(ОЗА-1, ОЗА-2/АК) 1) үлгісіндегі электродтарАэроль тәрізді алюминий тотығы20,0-28,010000-14000
8. Жартылай автоматтан- дырылған арагонды- доғалық (гелилі- доғалық) алюминий және оның қосынды- ларын еріген электрод арқылы пісіру(Д-20, АМЦ, МАК-6Т, қоспа-3) 1) электродты сымдарЖоғарыда- ғыдай7,6-28,03800-14000
9. Балқы- тылған электрод арқылы титан қос- паларын аргонды- доғал жол- мен жарты- лай автомат- тандырылған түрде пісіруЭлектрод- ты сымдарТитан және оның қос тотығы4,75500
2. Құйылған қатты қоспалар және карбитті борлы қосындыларымен дәнекерлеу
10. Электр доға арқылы дәнекерлеу1)(С-27, В-2К) 2) үлгісіндегі құйылған қатты қоспалар; 2) (КБХ-45, БХ-2, ХР-19) 2) үлгісіндегі легирленген жұқпасы бар өзекті электродтар; 3) (КБХ) 1) үлгісіндегі дәнекерлеу қоспасы (БХ)* (Сталинит М) 1)Хром ангидриді Жоғары- дағыдай Жоғары- дағыдай Темір тотығы фторлы немесе 3-6% дейінгі марганец қосындылары Марганец1,01-1,66 2,12-4,35 0,033 54,2 9,48101000- 166000 212000- 435000 3300 9000 31600
11. Газ арқылы қолмен дәнекерлеу1)(С-27) үлгісіндегі құйылған қатты қоспалар (В-2К) 1) 2) (РЭЛИТ-Т3) үлгісіндегі түтікті құйылған каврибидтерТемір тотығы фторлы немесе 3-6% дейінгі марганец қосындылары Хром ангид- риді Вольфрам3,16 0,475 3,94800 47500 650
12. Жартылай автоматтан- дырылған түрде газ арқылы бүрку(СНГН, ВСНГН) 1) үлгісіндегі шашыратуға арналған ұнтақХром ангидриді0,063-0,3576300-35700
3. Керамикалық қождама астында балқытып пісіру және дәнекерлеу
13. Бал- қытылған қождама астындағы автоматтан- дырылған пісіру: 1) болатты(ФЦ-2А, ФЦ-6, ФЦ-7, ФЦ-12, АН-26, АН-64, 48-ОФ-6М, ОСЦ-45) (АН-30, АН-60, АН-348А, 48-ОФ-11) үлгісін- дегі сым электрод- тары және қождама- лар.Фторлы сутегі Марганец0,017-0,2 0,012-0,0740-400 40-250
2) алюминий және оның қоспалары(АН-А1) 1) үлгісіндегі сым элек- трод- тары және қождамаларАэрозоль тәрізді алюминий тотығы31,215600
14. Бал- қытылған керамика және қождама астындағы автоматты және жарты- лай автомат- ты жолмен пісіру: 1) болатты; 2) алюминий және оның қоспалары(К-8, ЖС-450, КС-12ГА2) (К-11) (АНК-18, К-1) үлгісіндегі сым элект- родтары және қождамалар (ЖА-64) үлгісіндегі сым элект- родтар және қождамаларКөміртегі тотығы Марганец Фторлы сутегі Жоғары- дағыдай17,8-22,4 0,089 0,042-0,15 0,076900-1100 300 80-300 150

Ескерту: 1) қосымша шаң тұтқыштарды пайдалану немесе маска астына ауа жіберу керек; 2) жергілікті сорып-шығаратын желдету жүйесін және қосымша шаң тұтқышты пайдалану керек.

2-кесте

Техноло- гиялық операцияАуа алмастыруды талап ететін зиянды заттарАуаның көлемі м 3
АтауыӨлшегішСаны
Жанасу арқылы электрлі жолмен пісіру, үйкелеу арқылы пісіру, плазмалық жолмен бүрку, электрлі-доға арқылы кесу, газ плазма арқылы кесу және пісіру
1. Болатты жанасу арқылы пісіру: 1) жанас- тыру арқылы 2) нүкте арқылы3% марганец тотығы қосылған темір тотығы Жоғары- дағыдайМашина қуатының 75 кВА бар г/сағ жоғары- дағыдай 50 кВА үшін25 2,54000 400
2. Үйкелу арқылыКөміртегі тотығыЖанасу алаңының см 2 жібері- летін мг80,4
3. Алюминий плазма арқылы бүркуАэрозоль түріндегі алюминий тотығыЖібері- летін 1 кг сымға жұмсала- тын г77,538700
4. Болатты мырыш арқылы металдауМырыш тотығыЖіберіл- ген 1 кг сымға жұмсала- тын г9616000
5. Жоғарғы марганецті болатты газ арқылы кесуМарганецЖуандығы 1мм 1м кесілген жерге жұмсала- тын г0,12400
6. Көмір- текті және төменгі лигерленген болат үшін жоғарыда- ғыдай3% марганец тотығы қосылған темір тотығыЖоғары- дағыдай0,4575
7. Титан қосынды- ларына жоғарыда- ғыдайТитан және оның қос тотығыЖоғары- дағыдай0,15150
8. Алюминий қоспаларын электрлі доға арқылы кесуАэрозоль түріндегі алюминий тотығыЖоғары- дағыдай0,2100
9. Ацети- лин-оттегі жалыны мен болатты газды пісіргіш арқылы пісіруАзот тотығы1 кг ацетилин- ге жұм- салатын г224400
10. Пропан- бутан қосындысын пайдалану арқылы жоғарыдағы дай жұмыс жүргізуЖоғарыда- ғыдай1 кг қоспаға жұмса- латын г153000

Іздеу атаулары: №310 бұйрық, 310-бұйрық, приказ 310, үш жүз оныншы бұйрық, 310 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.