Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.
"Ғылыми-медциналық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 661 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 467 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 13 қазанда тіркелді. Тіркеу N 3888. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы N 696 Бұйрығымен
- Бұйрық нөмірі
- 467
- Қабылданған күні
- 22.09.2005
- Актіні өзгерту күні
- 12.11.2009
- Мәртебесі
- Күшін жойған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.11.12 N 696 бұйрығымен .
"Қолданыстағы заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдерге оларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай туғызатын нормалардың болуы тұрғысында тексерiс жүргiзу жөнiндегі жұмыс тобын құру туралы" және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 661 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2511 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесінде: 13-тармақ алынып тасталсын.
2. Білім, ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі А.Ақановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Іздеу атаулары: №467 бұйрық, 467-бұйрық, приказ 467, төрт жүз алпыс жетінші бұйрық, 467 бұйрық скачать.