Мақала
Бұйрықтар

№ 8 бұйрық (17.01.2006): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылы 17 қарашадағы N 815 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 17 қаңтардағы N 8 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 30 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 4063. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 311 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
8
Қабылданған күні
17.01.2006
Актіні өзгерту күні
29.04.2010
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыстарының мақсатты көрсеткіштері

Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы 15 желтоқсандағы N 1327 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылы 17 қарашадағы N 815 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3267 болып тіркелген; Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы N 1, 11-бабында жарияланған; N 3344 болып тіркелген 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 1, N 3984 болып тіркелген 2005 жылғы 30 қарашадағы N 541 бұйрықтармен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесіндегі: 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "18. Әкімші сараптама өткізілген кезде нақты көрсетілген медициналық көмек көлеміне және медициналық көмектің сапасы мен көлемі сараптау қорытындысына сәйкес Жеткізушілермен шарттардағы сомаларды түзетуді жүзеге асырады (осы Ережеге 3-қосымша). Медициналық көмектің көлемі мен сапасын сараптауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) соңы сараптама өткізілген күннен кейінгі кезеңді бақылау нәтижелері бойынша жүзеге асырады.";

мынадай мазмұндағы 19, 20-тармақтармен толықтырылсын: "19. Қаржыландыру көлемінің қайтарым сомасын осы бұйрыққа 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес уәкілетті органдар бекіткен кемістік тізбелеріне сәйкес бюджеттік бағдарлама әкімшілері анықтайды.

20. Әр тоқсан сайын, келесі тоқсанның есеп беру айының 10-ы күнінен кешіктірмей, бюджеттік бағдарлама әкімшілері қаржыландыру көлемінің қайтарылымы жүргізілгеннен кейінгі нәтижелер бойынша осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша қолданылған шаралар туралы ескертпені комитетке ұсынады.";

осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес 3, 4, 5, 6, 7-қосымшалармен толықтырылсын;

қосымшада "Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде қызмет көрсетудің типтік шартында": 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері өткізген жағдайдағы медициналық көмектің көлемі мен сапасын сараптау нәтижелерінің есебі бойынша, орындалған жұмыс актілеріне сәйкес шығындардың өтеуі әр ай сайын жүзеге асырылады";

7-тармақта "медициналық көмектің сапасын талдау және бағалау" деген сөздер "өткізілген жағдайдағы медициналық көмектің көлемі мен сапасын сараптау" деген сөздермен ауыстырылсын;

тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде қызмет көрсетудің Типтік шартына 2-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті (У.И.Ахметов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі А.А.Амангелдиевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің м.а.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2006 жылғы 17 қаңтардағы N 8 бұйрығына 1-қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесіне 3-қосымша

N_____медициналық көмектің көлемі мен сапасын сараптау қорытындылары

Медициналық ұйымның атауы_______________________________ ________________________________________________________

Медициналық көмектің түрі_______________________________

N ауру тарихы, аурудың амбулаториялық картасы, жолдама қағазыКемістік кодыКемістік саны

ҚРДСМ МҚСБК аумақтық басқармасының бастығы ______________ ____________ (аты-жөні) (қолы)

Күні"____"________200_ж.

МО

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2006 жылғы 17 қаңтардағы N 8 бұйрығына 2-қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесіне 4-қосымша

Стационарлық деңгейде сапасыз медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың экономикалық әсер етуші іс-шараларының кемістік тізбесі

N р/сКемістік атауларыБірлік өлшемМемлекеттік мекеме құрылымында стационарлық қызметке бөлінген жылдық қаржыландыру сомасыМедициналық көмек көрсете- тін заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік шегіндегі тапсырысы (емделген жағдайдағы құнының пайызынан)
12345
1Тегін көмектің кепілді көлеміне кіретін меди- циналық көмек көрсету кезінде емделушінің ақша қаражатын және дәрі-дәрмегін қатыстыру1 емделу жағдайыҚұжаттармен расталған шығын сомма- сынаҚұжаттармен расталған шы- ғын соммасына
2Алдын-ала тексерусіз жоспарлы науқасты жатқызу1 емделу жағдайы0,001410%
3Бағдарсыз жатқызу1 емделу жағдайы0,014100%
4Науқасты қарамай стацинарлық емдеуге жатқызу1 емделу жағдайы0,014100%
5Мерзімді диагностикалық хаттамалар мен кесел- дерді* емдеудің емдеу диагностикалық іс-шара- лармен сәйкессіздігі1 емделу жағдайы
5.1Негізгі диагностикалық іс-шаралар бойынша0,00086%
5.2Негізгі емдеу іс-шаралары бойынша0,00214%
6Мезгілінен бұрын негіссіз шығару0,00430%
7Көрсетілген медициналық көмектің көлемін қосып жазу арқылы көбейту1 емделу жағдайы0,014100%

* диагностикалық және емдік іс-шаралар көлемі хаттама болмағанда жалпы қабылданған әдістемеге медициналық көрсетулермен белгіленеді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2006 жылғы 17 қаңтардағы N 8 бұйрығына 3-қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесіне 5-қосымша

Амбулаториялы-емханалық деңгейде сапасыз медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың экономикалық әсер етуші іс-шараларының кемістік тізбесі

N р/сКемістік атауларыБірлік өлшемМемлекет- тік мекеме құрылымында (амбулато- риялық- емханалық) қызметті қаржылан- дыру көлемінің жылдық пайызыМедициналық көмек көрсететін заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік шегіндегі тапсырысы
Білікті медицина- лық көмек көрсететін амбулато- риялық емханалық ұйымдар (қызметіне базалық тарифте/ жан басына шаққандағы норматив)Мамандан- дырылған медицина- лық көмек көрсете- тін амбу- латория- лық емханалық ұйымдар (қызметі- не базалық тарифте)
12345
1Тегін көмектің кепілді көлеміне кіретін медицина- лық көмек көрсету кезінде емделуші- нің ақша қаражатын және дәрі-дәрмегі- мен қатыстыру1 ем- делу жағ- дайыҚұжаттармен расталған шығын сомасынаҚұжаттар- мен расталған шығын самасыҚұжаттар- мен расталған шығын самасы
2Кеселдерді емдеу мен мерзімді диаг- ностикалық хатта- малардың емдеу- диагностикалық іс- шаралармен сәйкес- сіздігі
2.1Негізгі диагности- калық іс-шаралар бойынша0,0013,5 БТ/ 0,75 ЖН3,5 БТ
2.2Негізгі емдеу іс-шаралар бойынша0,00041,5 БТ/ 1,75 ЖН1,5 БТ
3.Науқастарды жатқы- зу жолдамасының негізділігі1 ем- делу жағ- дайы
3.1Науқасты жатқызуға көрсетімсіз жібе- рілуі0,00725 БТ/ 12,5 ЖН25 БТ
3.2Жоспарлы науқасты жатқызуға тексеру- сіз жіберілуі0,0013,5 БТ/ 0,75ЖН3,5 БТ
4.Халықты диспансе- ризациямен қамту толықтылығы (жыл- дық қаржыландыру көлемінің пайызы- нан жылына бір рет ұсталынады)0,004
4.180 пайызға дейін4%4%4%
4.270 пайызға дейін6%6%6%
4.360 пайызға дейін8 %8 %8 %
4.450 пайызға дейін10%10%10%
5.Көрсетілген меди- циналық көмектің көлемін қосып жазу арқылы көбейту1 ем- делу жағ- дайы0,00725 БТ/ 12,5 ЖН25 БТ
6.Көрсетілген меди- циналық көмектің көлемін қосып жазу арқылы көбейту1 қыз- мет/1 бекі- тілген тұрғын0,00031 БТ/1 ЖН1 БТ
7.Балаларды өмірі- нің бірінші жылы- нан бастап қадаға- лауБірін- ші өмір жылын- да 1 нәрес- те
7.1Ұрықты антенатал- дық қорғау толық көлемде жүргізіл- меген12,5 БТ/ 6 ЖН
7.2Ұрықты антенатал- дық қорғау жүргі- зілмеген25 БТ/ 12,5 ЖН
7.3Перзентханадан шыққаннан бері алғашқы үш тәулік- те нәрестенің патронажының жоқ болуы3 БТ/ 1,5 ЖН
7.4Мамандардың қарауы мен лабораториялық тексеру жүргізіл- меген30 БТ/ 15 ЖН
7.5Мамандардың қарауы мен лабораториялық тексеру толық көлемде жүргізіл- меген20 БТ/ 10 ЖН
7.6Иммунопрофилактика кемшілікпен және өз уақытында өткі- зілмеген10 БТ/ 5 ЖН
7.7Иммунопрофилактика жүргізілмеген20 БТ/ 10 ЖН
7.8Алдын-ала емдеу іс-шаралары өткі- зілмеген25 БТ/ 10 ЖН
7.9Алдын-ала емдеу іс-шаралары толық көлемде өткізілме- ген12,5 БТ/ 6 ЖН
7. 10Жүйелі бақылаудың болмауы12,5 БТ/ 6 ЖН
8Жүктілікті бақылау
8.1Жүктілік бойынша уақытында тіркеуді қамтамасыз ету1 ем- делу жағ- дайы
8. 1.112 аптадан жоғары0,000853 БТ/ 1,5 ЖН
8. 1.228 аптадан жоғары0,0027 БТ/ 3,5 ЖН
8. 1.3Үнемі бақылау жүргізілмеді0,0027 БТ/ 3,5 ЖН
8.2Ұрықтың құрсақтық патологиясын диаг- ностикалау және емдеу1 ем- делу жағ- дайы
8. 2.1Өткізілмеген0,00725 БТ/ 12,5 ЖН
8. 2.2Өз уақытында неме- се толық көлемде өткізілмеген0,003512,5 БТ/ 6 ЖН
8.3Жүктілікті және туу ағымын болжау есебімен алдын-ала емдеу іс-шаралары:
8. 3.1Өткізілмеген0,00725 БТ/ 12,5 ЖН
8. 3.2Өз уақытында неме- се толық көлемде өткізілмеген0,003512,5 БТ/ 6 ЖН
8.4Айқындалған кеселдер бойынша емдеу іс-шаралары (акушерлік патоло- гия, экстрагени- талдық кеселдер)
8. 4.1Өткізілмеген0,00725 БТ/ 12,5 ЖН
8. 4.2Өз уақытында неме- се толық көлемде өткізілмеген0,003512,5 БТ/ 6 ЖН
9Балаларды жасөспі- рім жасында қада- ғалау1 жасөс- пірім
9.1Мезгілсіз диспан- серлік есепке алу0,00517,5 БТ/ 3,75 ЖН
9.2Жасөспірімдер бөл- месіне ауыстыру тексерусіз жүргі- зілген0,00517,5 БТ/ 3,75 ЖН
9.3Диспансеризациялық қамту толықтығы
9. 3.180-71 %6 %6 %
9. 3.270-61 %9 %9 %
9. 3.360-51 %12 %12 %
9. 3.450 % және одан төмен15 %15 %
9.4Әскери шақыру жасына дейінгі және әскерге шақы- ру жасындағы жас- өспірімдер арасын- да емдеу-алдын алу шараларын өткізу
9. 4.1Іс-шаралар өз уақытында өткізіл- меген0,00517,5 БТ/ 3,75 ЖН
9. 4.2Іс-шаралар толық көлемде өткізілме- ген0,00259 БТ/2 ЖН
10Стационарды алмас- тыратын медицина- лық көмекті көрсе- тімсіз пайдалану1 ем- делу жағ- дайы0,00725 БТ/ 12,5 ЖН25 БТ

* - диагностикалық және емдік іс-шаралар көлемі Хаттама болмағанда жалпы қабылданған әдістемелерге сәйкес медициналық көрсетілімдер бойынша белгіленеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2006 жылғы 17 қаңтардағы N 8 бұйрығына 4-қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесіне 6-қосымша

Сапасыз жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың экономикалық әсер етуші іс-шараларының кемістік тізбесі

кодКемістік атауларыӨлшем бірлігіМемлекеттік мекеме құрылымында тез және жылдам медициналық көмекке бөлінген жылдық қаржыландыру сомасының пайызындаМедициналық көмек көрсете- тін заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік шегіндегі тапсырысы (емделген шыққан жағдайдағы құнының пайызынан)
12345
1Тегін көмектің кепілді көлеміне кіретін меди- циналық көмек көрсету кезінде емделушінің ақша қаражатын және дәрі-дәрмегін қатыстыруҚұжаттармен расталған шығын сомасынаҚұжаттармен расталған шығын сомасына
2Мерзімді диагностикалық хаттамалар мен кесел- дерді* емдеудің емдеу диагностикалық іс-шара- лармен сәйкессіздігі1 шақыру
2.1Негізгі диагностикалық іс-шаралар бойынша0,0033%
2.2Негізгі емдеу іс-шара- лар бойынша0,01515%
3Көрсетілген медициналық көмектің көлемін қосып жазу арқылы көбейту1 шақыру0,1100%

* - Диагностикалық және емдік іс-шаралар көлемі Хаттама болмаған жағдайда жалпы қабылданған әдістемелерге сәйкес медициналық көрсетілімдер бойынша белгіленеді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2006 жылғы 17 қаңтардағы N 8 бұйрығына 5-қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесіне 7-қосымша

200___жылғы "_____"_____________

Медициналық көмектің көлемі мен сапасын сараптау қорытындыларына N_____ескертпе

Медициналық ұйымның атауы_______________________________ ________________________________________________________

N ауру тарихы, аурудың амбулаториялық картасы, жолдама қағазыКемістік кодыКемістік саныНегізсіз ұсынылған қаржылан- дыру көлемін қайтару соммасы, мың теңге

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы ______________ ____________ (А.Т.Ә.) (қолы)

Күні"____"________200___ж.

МО

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2006 жылғы 17 қаңтардағы N 8 бұйрығына 6-қосымша

"Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтің типтік шартына 2-қосымша

Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыстарының мақсатты көрсеткіштері

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар үшін: 1. Кеселдерді емдеу және мерзімді диагностикалық хаттамалардың емдеу-диагностикалық іс-шараларының сәйкестілік дәрежесі. 2. Науқасқа жатуға негізделмеген жолдама беру. 3. Бекітілген халықты диспансерлеумен қату. 4. Бекітілген халықты вакцина жоспарын орындау. 5. Халықтың декреттелген тобын медициналық алдын-алу тексерулердің жоспарын орындау. 6. Алғашқы өмір жылынан бастап балаларды бақылау. 7. Жүкті әйелдерді бақылау. 8. Жасөспірім жастағы балаларды бақылау. 9. Стационарды алмастыратын медициналық көмекті пайдаланудың тиімділігі мен негізділігі 10. БМСК жұмысы кезінде бекітілген халықтың жедел медициналық жәрдемге сұрау жайы (1000 адамға шаққандағы шақыру саны) соның ішінде БМСК ұйымының жұмыс сағатында. 11. "Д" тобында жатқызу деңгейі. 12. ІІІ-ІV сатыдағы онкологиялық ауруы алғаш рет анықталып отырған аурулардың болуы. 13. Көрсетілген медициналық көмектің сапасына және ұйымдарға емделушілердің негізделген шағымдарының болуы. 14. Емханалық және стационарлық диагноздардың бір-біріне сәйкес келмеуі. 15. Бекітілген халық бойынша перинаталдық, ана және баланың өлім оқиғалары. 16. БМСК деңгейінде басқарылатын аурулар бойынша бекітілген халықтың стационарды бір тәулікке дейінгі өлім оқиғалары. 17. Көрсетілетін медициналық қызмет және бекітілген халық санын қосып жазу арқылы көрсетілген медициналық көмектің көлемін көбейту. 18. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуді емделушінің ақша қаражаты мен дәрі-дәрмегін қатыстыру. 19. Бекітілген халықты бөлек санаттағы бекітілген аурулар түрлерінің тізімі бойынша жеңілдік жағдайлармен немесе тегін рецепте шығарылатын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету. 20. Еңбекке қабілетті жастағы тұлғалардың алғаш рет мүгедектікке шығуы.

Стационарлық медициналық көмек көрсететін ұйымдар үшін: 1. Жоспарлы науқасты алдын-ала тексерусіз жатқызу. 2. Негізделмеген жатқызудың болуы. 3. Бағдарсыз жатқызудың болуы. 4. БМСП маманының жолдама қағазынсыз жатқызудың болуы. 5. Ауруларды емдеу мен мерзімді диагностикалық хаттамалардың емдеу-диагностикалық іс-шаралармен сәйкестік деңгейі. 6. Төсек қорын тиімді пайдалану көрсеткіштері (аурудың төсекте жатуының орташа ұзақтығы, жұмысы, бос тұрып қалуы, жатқызу мерзімінің негізделмеген бұзылуы). 7. Операциядан кейінгі асқынулардың болуы. 8. Хирургиялық бағдар бөлімінде операцияға дейінгі болудың ұзақтығы. 9. Өлімге әкеліп соғуы. 10. Ауруханаішілік жұқпаның болуы. 11. Бір айдың ішінде бір ауруды қайталап жатқызу деңгейі. 12. Көрсетілген медициналық көмектің көлемін қосып жазу арқылы көбейту. 13. Патологоанатомиялық және клиникалық диагноздар пайызының бір-біріне сәйкес келмеуі. 14. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуде емделушінің ақша қаражаты мен дәрі-дәрмегін қатыстыру. 15. Көрсетілген медициналық көмек сапасына және ұйымдарға емделушілердің негізделген шағымдарының болуы.

Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем көрсететін ұйымдар үшін: 1. Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем көрсетуде емделушінің ақша қаражаты мен дәрі-дәрмегін қатыстыру. 2. Ауруларды емдеу мен мерзімді диагностикалық хаттамалардың емдеу-диагностикалық іс-шаралармен сәйкестік деңгейі. 3. Бір тәулік ішінде бір аурудың қайта шақыру жағдайлары. 4. Жедел медициналық жәрдем көрсетуге бригадалардың аттануының негізделмеген кешігуі. 5. Жедел медициналық көмек бригадаларының бағдарсыз және негізделмеген жатқызулары. 6. Көрсетілген медициналық көмектің көлемін қосып жазу арқылы көбейту. 7. Көрсетілген медициналық көмек сапасына және ұйымдарға емделушілердің негізделген шағымдарының болуы.

Іздеу атаулары: №8 бұйрық, 8-бұйрық, приказ 8, сегізінші бұйрық, 8 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.