Мақала
Бұйрықтар

№ 357 бұйрық (18.08.2006): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Марапаттаудың салалық жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 357 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 6 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4374. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы N 689 Бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
357
Қабылданған күні
18.08.2006
Актіні өзгерту күні
10.11.2009
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.10 N 689 бұйрығымен .

БҰЙЫРАМЫН: 1. "Марапаттаудың салалық жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы N 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2691 тіркелген, "Юридическая газетаның" 2005 жылғы 18 қарашадағы N 214-215 сандарында жарияланған, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 463 "Донорларды марапаттау ережесін бекіту туралы" бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3889 тіркелген, "Юридическая газетаның" 2005 жылғы 25 қарашада N 218 (952) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздер алынып тасталсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін марапаттау тәртібі туралы ережеде: Ереженің атауындағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздер алынып тасталсын;

1-тармақтағы "Денсаулық сақтау" деген сөздердің алдындағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздер алынып тасталсын;

7-тармақтағы»"Қазақстан Республикасы" деген сөздер алынып тасталсын;

15-тармақта "денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар" деген сөздермен толықтырылсын;

19-тармақта "сондай-ақ" деген сөздерден кейін "министрліктің, ведомствоның, Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын: "20-1. Өзге ұйымдар наградтау материалдарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне жібереді.".

24-тармақта "денсаулық сақтау" деген сөздерден кейін "және басқа да ұйымдардың" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В.Акрачкова): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін; 2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау наградтау комиссиясының төрағасы А.А.Белоногқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы

Іздеу атаулары: №357 бұйрық, 357-бұйрық, приказ 357, үш жүз елу жетінші бұйрық, 357 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.