Мақала
Бұйрықтар

№ 376 бұйрық (01.09.2006): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымдарына, жетім балалар мен ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға орналастыруға медициналық қарсы айғақтардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 1 қыркүйектегі N 376 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 4398. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 5 қазандағы N 493 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
376
Қабылданған күні
01.09.2006
Актіні өзгерту күні
05.10.2009
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.10.05 N 493 бұйрығымен .

"Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымдарына, жетім балалар мен ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға орналастыруға медициналық қарсы айғақтардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі департаменті (Б.С.Байсеркин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Ақановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы»1 қыркүйектегі N 376 бұйрығымен бекітілген

Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымдарына, жетім балалар мен ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға орналастыруға медициналық қарсы айғақтардың тізбесі

1. Жіті жұқпалы аурулар; 2. Туберкулез (белсенді туберкулездің кез-келген нысаны); 3. Алапес; 4. Стационарлық емдеуді талап ететін мерез (белсенді нысаны); 5. Жұпалы тері аурулары; 6. Стационарлық емдеуді талап ететін орталық жүйке жүйесінің жіті аурулары; 7. Стационарлық емдеуді талап ететін нәрленудің ауыр бұзылулары.

Іздеу атаулары: №376 бұйрық, 376-бұйрық, приказ 376, үш жүз жетпіс алтыншы бұйрық, 376 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.