Мақала
Бұйрықтар

№ 648 бұйрық (26.12.2006): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырудың анықталуын медициналық куәландырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 575 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 26 желтоқсандағы N 648 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 29 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4532 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 552 Бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
648
Қабылданған күні
26.12.2006
Актіні өзгерту күні
28.07.2010
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.07.28 № 552 Бұйрығымен.

АҚТҚ жұқтырған адамдарды уақтылы анықтау іс-шараларын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. "Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырудың анықталуын медициналық куәландырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 575 бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізілімінде N 1905 болып тіркелген, N 33 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жылғы қыркүйек) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтыруды анықталуын медициналық куәландырудың ережесінде: 4-тараудың тақырыбында "клиникалық" деген сөзден кейін "және эпидемиологиялық" деген сөзбен толықтырылсын;

8-тармақ мынадай мазмұндағы 24)-26) тармақшалармен толықтырылсын; "24) цитамегаловирустық, герпестік көз аурулары; 25) жыныстық қатынас жолдарымен берілетін инфекциялармен ауырғандар; 26) иммундық тапшылық жағдайы";

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "9. Басқа жағдайлар: 1) жүкті әйелдер есепке алынған кезде және 30 апталық мерзімде, сондай-ақ тексерілмеген жүкті әйелдердің перзетханаға түскенінде немесе жүктілікті жасанды түрде үзу алдында; 2) АҚТҚ жұқтырған аналардан туған балалар; 3) қан, оның компоненттері және басқа биологиялық материалдар рецепиенттері гемотранфузиядан соң 6 айдан кейін.";

мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: "9-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті тергеу изоляторы мен түзету мекемелеріне түсетіндер эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша түскен кезде және 6 ай сайын тексеріледі.".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (А.А.Белоног) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрық Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

"КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасының Әділет министрі 2007 жылғы 12 қаңтар

Іздеу атаулары: №648 бұйрық, 648-бұйрық, приказ 648, алты жүз қырық сегізінші бұйрық, 648 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.