Мақала
Бұйрықтар

№ 41 бұйрық (26.01.2007): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Эпидемиология және гигиена жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздың N 629 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы N 41 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 20 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4547 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 шілдедегі № 533 Бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
41
Қабылданған күні
26.01.2007
Актіні өзгерту күні
23.07.2010
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.07.23 № 533 Бұйрығымен.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. "Эпидемиология және гигиена жөніндегі санитарлық эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3076 болып тіркелген Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2006 ж. N 13. 223-құжат, 2005 жылғы 14 қазандағы N 126-127(751) жарияланған "Заң газетінде") мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Атмосфералық ауаға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларында: 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:«

"596-1Винил-н бутилді эфир(н- бутокси -этилен )111- 34-2CH 2 CH(CH 2 ) 3 CH 30,30,15Рез.3
596-2Винил -изо- бутилді эфир (винил- окси-1- метил-2 -пропан)CH 2 CHOCH 2 CH (CH 3 ) 20,30,15Рез.3
596-3Қазақ. стан көмір күлінің шаңы0,30,1Есеп.;"

2-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"1498Ильменитеттің шоғырлануы (аэрозоль)TiO 2 (51,2-64,7%), FeO (19,6-35,2), SiO 2 (1,5-2,0%), AI 2 O 3 (0,38-2,7%), Pb(0,09-0,9%)0,1
1499Ильменитет шаңыTiO 2 (41,8%), FeO(20,0%), SiO 2 (13,0%), AI 2 O 3 (2,9%) MgO(1,0%), (Ph(0,09-0,9)%0,1
1500Карналлит (аэрозоль)MgCI 2 (47,1%), KCI(38,4%), NaCI(8,8%), MgO(1,5%), CaCI 2 (0,25%)0,075
1501Титандық қож (аэрозоль)TiO 2 (85,0%), FeO(7,0%), SiO 2 (2,4,0%), AI 2 O 3 (2,2%), MnO(1,0%)0,4
1502Пайдаланылған электролит аэрозоліKCI(71,0%), MgCI 2 (8,0%), NaCI(20,0%), MgO(0,3%), CaCI 2 (0,17%)0,04
1503Витамицин А (пирилдипирил мететеннің туындысы)C 25 H 3 O 31,0
1504Шектелген көмір. сутегінің қоспасыC 1 - C 550,0
1505Шектелген көмірсутегінің қоспасыC 6 -C 1030,0".

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (А.А.Белоног) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберілсін.

3. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыстар департаменті (Д.В.Акрачкова) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т.Омаровқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр

Іздеу атаулары: №41 бұйрық, 41-бұйрық, приказ 41, қырық бірінші бұйрық, 41 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.