Мақала
Бұйрықтар

№ 209 бұйрық (30.03.2007): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Дәрілік заттарды, медицина техникасын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және парафармацевтиктерді әкелу және әкету келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 885 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N 209 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 23 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4623 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 710 Бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
209
Қабылданған күні
30.03.2007
Актіні өзгерту күні
16.11.2009
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009.11.16 N 710 бұйрығымен .

"Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 қаңтардағы Заңына , "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрiлiк заттардың, оның iшiнде дәрiлiк субстанциялардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрi-дәрмек және диабеттiк құралдарды өндiруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тiзбесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 , "Қазақстан Республикасына импортталатын, қосылған құн салығынан босатылатын тауарлардың ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 , "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің мәселелері" туралы 2004 жылғы 29 қазандағы N 1124 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген "Дәрілік заттарды, медицина техникасын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және парафармацевтиктерді әкелу және әкету келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 22 желтоқсандағы N 885 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 28 қаңтарда N 3404 тіркелген, 2005 жылғы N 3 "Фармация Казахстана" журналында, 2005 жылғы N 9-13, 27 бет Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың атауында және 1-тармағында "Дәрілік заттарды" деген сөздің алдынан ", денсаулық сақтау ұйымдарына және фармацевтикалық қызмет объектілеріне жеткізілетін" және "парафармацевтиктерді" деген сөзден кейін "тауарларды" деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрілік заттарды, медицина техникасын және медициналық мақсаттағы бұйымдарды әкелу және әкетуді келісу жөніндегі нұсқаулықта: Нұсқаулықтың атауында "Дәрілік заттарды" деген сөздің алдынан ", денсаулық сақтау ұйымдарына және фармацевтикалық қызмет объектілеріне жеткізілетін" және "парафармацевтиктерді" деген сөзден кейін "тауарларды" деген сөздермен толықтырылсын;

Нұсқаулықтың 2-тармағында және 3-тармағының 1)-тармақшасында: "осы Ережеге" деген сөздер "осы Нұсқаулыққа" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: 2.1. Фармация комитеті дәрілік заттарға, медицина техникасына және медициналық мақсаттағы бұйымдарға, денсаулық сақтау ұйымдарына және фармацевтикалық қызмет объектілеріне жеткізілетін тауарларға жатпайтын, қосылған құн салығын төлеуден босатылатын өнімдерді әкелуге осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісу хат береді.";

Нұсқаулықтың 3-тармағының 2)-тармақшасы "көшірмесі" деген сөзден кейін "немесе денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметін іске асыру үшін қосымшасымен лицензия көшірмесі" деген сөздермен толықтырылсын;

Нұсқаулықтың 3-тармағының 3)-тармақшасында "лицензияны" деген сөздер "лицензияларды және оған қосымшаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацында "дәрілік" деген сөздердің алдынан ", сараптама ұйымымен келісілген" деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақтың 3)-тармақшасының үшінші абзацын "дәрілік заттар санының негіздемесі мен есебі бар" деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «"5) денсаулық сақтау ұйымдарын Қазақстан Республикасында тіркелген функциялық параметрлері бойынша маңызы бірдей аналогы жоқ медицина техникасымен жарақтандыру кезінде: бір жолғы әкелуге және әкетуге келісу хат беруге өтініш; денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік заттарды көтерме сауда арқылы сатуға қосымшасымен лицензияның көшірмесі немесе медициналық қызметті іске асыруға қосымшасымен лицензияның көшірмесі; мемлекеттік және орыс тіліне аударылған келісім-шарттың (шарттың) немесе инвойстың (жөнелтпе құжаттың) көшірмесі; Қазақстан Республикасында тіркелген функциялдық параметрлері бойынша маңызы бірдей аналогтарының болмауы туралы сараптама ұйымының қорытындысы;";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нұсқаулыққа 1-қосымшаның кестесін "Дәрілік затты тіркеу мерзімінің аяқталуы" деген 7-бағанмен толықтырылсын;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті (Машкеев Б.Ә.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы Б.Ә.Машкеевке жүктелсін.

5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 30 наурыздағы N 209 бұйрығына қосымша

Қосылған құн салығын төлеуден босалатын денсаулық сақтау ұйымдарына және фармацевтикалық қызмет объектілеріне жеткізілетін дәрілік заттарды медицина техникасы медициналық мақсаттағы бұйымдарды және парафармацевтиктерді, тауарларды әкелу және әкету келісу жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша

_____________________ бойынша кедендік бақылау департаменті

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті _________________________________ (заңды (жеке) тұлғаның толық атауы, СТН, ОКПО коды, мекен-жайы, телефоны) мынадай атауларға _________ фирмасымен жасалған 20___ жылғы "____" ___ N__ келісім-шартқа (шартқа) 20___ жылғы "____" _________N ___ айырықшалауға сәйкес мынадай өнімдерді Қазақстан Республикасына әкелуге келіседі:

р/с NӨнімнің атауыөлш. бірл.СаныФирманың және өндіруші елдің атауы
12345

Жоғарыда көрсетілген өнімдер (атаулардың саны) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қаңтардағы N 84 және 2002 жылғы 10 наурыздағы N 378 қаулыларына сәйкес қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

Уәкілетті тұлғаның қолы ________ Т.А.Ә.

орынд. _________________ тел. _________________ М.О

Іздеу атаулары: №209 бұйрық, 209-бұйрық, приказ 209, екі жүз тоғызыншы бұйрық, 209 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.