Мақала
Бұйрықтар

№ 799 бұйрық (26.11.2009): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 799 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5949 болып енгізілді

Бұйрық нөмірі
799
Қабылданған күні
26.11.2009
Актіні өзгерту күні
10.12.2010
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарды, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарын, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдарды қоспағанда стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері
  2. Туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарда, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері

Қолданушылардың назарына!!! Бұйрықтың күшіне енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 34-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН : 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1–қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарды, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарын, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдарды қоспағанда стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері; 2) осы бұйрыққа 2–қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарда, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері. Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.10 № 957 (2011.01.01 бастап күшіне енеді) Бұйрығымен. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және ресми жариялануы тиіс.

Министрдің міндетін атқарушы Б. Садықов

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы N 799 бұйрығына 1-қосымша

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.11.10 N 881 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.10 № 957 (2011.01.01 бастап күшіне енеді) Бұйрықтарымен.

Туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарды, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарын, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдарды қоспағанда стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері

№Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауыСтационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны
1.Ақмола106116
2.Ақтөбе88629
3.Алматы203204
4.Атырау60917
5.Шығыс Қазақстан205755
6.Жамбыл141711
7.Батыс Қазақстан86338
8.Қарағанды177509
9.Қызылорда101046
10.Қостанай113484
11.Маңғыстау64326
12.Павлодар105668
13.Солтүстік Қазақстан92711
14.Оңтүстік Қазақстан321570
15.Астана қаласы127451
16.Алматы қаласы193406
БАРЛЫҒЫ:2 189 841

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы N 799 бұйрығына 2-қосымша

Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010.12.10 № 957 (2011.01.01 бастап күшіне енеді) Бұйрығымен.

Туберкулезге қарсы, жұқпалы, психиатриялық, наркологиялық медициналық ұйымдарда, қалпына келтіре емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында, сондай-ақ паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсететін ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шекті көлемдері

р/с NОблыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауыСтационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны
1Ақмола15538
2Ақтөбе15998
3Алматы28972
4Атырау10000
5Шығыс Қазақстан36433
6Жамбыл18890
7Батыс Қазақстан15763
8Қарағанды38528
9Қызылорда11900
10Қостанай17734
11Маңғыстау13380
12Павлодар23171
13Солтүстік Қазақстан15200
14Оңтүстік Қазақстан50514
15Астана қаласы19108
16Алматы қаласы50627
БАРЛЫҒЫ381756

Іздеу атаулары: №799 бұйрық, 799-бұйрық, приказ 799, жеті жүз тоқсан тоғызыншы бұйрық, 799 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.