Мақала
Бұйрықтар

№ 755 бұйрық (24.09.2010): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау жағдайларына және өткізу мерзіміне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 755 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6525 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № ҚР ДСМ -33 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
755
Қабылданған күні
24.09.2010
Актіні өзгерту күні
23.04.2021
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. "Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау жағдайларына және өткізу мерзіміне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесі
  2. Өнімдерді сақтаудың температуралық режимі және мерзімі

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.04.2021 № ҚР ДСМ -33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және 145-бабының 6) , 20) , 27) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған "Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау жағдайларына және өткізу мерзіміне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С.Оспанов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Н. Садықовқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

МинистрЖ. Досқалиев
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 24 қыркүйектегі № 755 бұйрығымен бекітілген

"Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау жағдайларына және өткізу мерзіміне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесі

1. Осы санитариялық ереже (бұдан әрі - санитариялық ереже) тез бұзылатын тамақ өнімдерін өндіру және өткізу кезінде сақтау мен тасымалдау жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді, оларды сақтамау адамның өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ аурудың пайда болуы мен таралуына қауіп төндіреді.

2. Санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:

1) тез бұзылатын тамақ өнімдері - тасымалдауға, сақтауға, қатаң регламенттелген мерзімде өткізудің арнайы жағдайларын қажет ететін тамақ өнімдері;

2) тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігінің куәлігі - тамақ өнімдерін дайындап шығарушы(жеткізуші) тамақ өнімдері партиясының сапасы мен қауіпсіздігінің нормативтік, техникалық құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;

3) сақтау шарттары - сақтаудың алдын ала арнайы белгіленген тәртібі (қоршаған ауаның төмендетілген температурасы және ылғалдылығы, белгілі жарықтандыру тәртібі).

3. Тез бұзылатын тамақ өнімдеріне сапасы мен адам денсаулығына қауіпсіздігін сақтау үшін арнайы температуралық режимдерді қажет ететін, оларды қамтамасыз етпеу қалпына келмейтін сапаның өзгеруіне, бұзылуға ұшырайтын және тұтынушының денсаулығына зиян келтіруі мүмкін өнімдер жатады.

Оларға мыналар жатады:

1) консервіленбеген ет, құс және жұмыртқа өнімдері, теңіз өнімдері, сүт және балық өнімдері;

2) ұннан жасалған кремді-кондитерлік өнімдер және әрленгенде салмақтық үлесінің ылғалдылық мөлшері 13%-тен астам өнімдер;

3) өсімдік майы қосып жасалған кремдер;

4) өнеркәсіп емес өндірістің сусындары;

5) көкөністен өңдеу өнімдері (салаттар, гарнирлер);

6) құрамында май бар өнімдер (майонез, маргарин);

7) қоғамдық тамақтану жүйесінде дайындалған барлық өнімдер мен тамақтар.

4. Тез бұзылатын тамақ өнімдерінің барлық түрлері екі топқа бөлінеді:

1) бірінші топ - минус 5 градус Цельсий (бұдан әрі - 0 С) төмен емес және плюс 6 0 С жоғары емес температура кезінде барынша сақтау мерзімі 72 сағаттан аспайтын уақытты құрайтын тамақ өнімдері;

2) екінші топ – минус 18 0 С-тан плюс 2 0 С-қа дейінгі температура кезінде сақтау мерзімі 60 тәуліктен аспайтын уақытты құрайтын тамақ өнімдері. Тамақ өнімдерінің осы тобына жоғары температурада өңдеудің жетілдірілген режимдерін пайдалана отырып, өнімді бу-газ өтпейтін қабықшаға вакууммен пленкаға қаптау кезінде микробқа қарсы активтілік (консерванттар) қасиеті бар тағамдық қоспаларды қолдана отырып, жаңа технологияда дайындалған өнімдер жатады.

5. Тез бұзылатын өнімдердің белгіленген сақтау мерзімі технологиялық процесс аяқталған (суытылған) сәттен бастап есептеледі және ол осы санитариялық ережеге қосымшаға сәйкес өнімнің дайындаушы-ұйымдағы болған уақыты мен азық-түлік сауда және қоғамдық тамақтану ұйымдарындағы тасымалдау, сақтау уақыттарын қамтиды.

6. Тамақ өнімдерін дайындаушы өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қамтамасыз етеді және тұтынушыға өніммен бірге мыналарды:

1) тамақ өнімдерінің, материалдар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігінің куәлігі;

2) осы санитариялық ережеге сәйкес объектідегі (технологиялық процесс аяқталған сәттен бастап) өнімнің дайындалған мерзімі мен сағатын, сақтау температурасы мен сақтау мерзімінің аяқталуын көрсете отырып, көрсетілген тауар құжаттамасын ұсынады.

7. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін тасымалдау үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімнде № 5899 болып тіркелген "Объектіге және көлік құралына санитариялық паспорт беру, есепке алу және жүргізу ережесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 731 бұйрығының талаптарына сәйкес санитариялық паспорты бар арнайы белгіленген көлік құралдары пайдаланылады (салқындатқышы жоқ изотермиялық кузовтары, салқындатылатын кузовтары, рефрижераторлары).

8. Жылдың жылы мезгілінде тасымалдау плюс 6 0 С-тан жоғары емес температурада:

1) салқындатқыш кузовы бар арнайы көлікпен алты сағаттан ұзақ емес;

2) салқындатқышы жоқ изотермиялық кузовтарда бір сағаттан аспайтын уақытта жүргізіледі.

9. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін температуралық режимдер жағдайларында жүзеге асырылады. Салқындатқыш жоқ болған жағдайда тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтауға және өткізуге жол берілмейді.

10. Қаптау материалдары мен ыдыстар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан дайындалады.

"Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау жағдайларына және өткізу мерзіміне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесіне қосымша

Өнімдерді сақтаудың температуралық режимі және мерзімі

Өнімнің атауыСақтау мерзімі, сағатпен (бұдан әрі - сағ) және тәулікпенСақтау температурасы, Цельсий градус
123
Сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы, түйе және шошқа етінен жасалған жартылай дайын фабрикаттар:
ірі кесек еттер48 сағат (газ ортасы бар вакуумде – 10 тәулік)плюс 2-ден плюс 6-ға дейін
ірі кесек еттер30 тәулікминус 18-ден аспайтын
өлшеп-оралған еттер (0,25-тен 1 кг дейін)36 сағат (газ ортасы бар вакуумде – 10 тәулік)плюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Ұнға аунатылмаған порциялық (кесінді, табиғи бифштекс, лангет, антрекот, ромштекс, ыстық пеште дайындалған сиыр, қой, шошқа еті, эскалоп, шницель)36 сағат (газ ортасы бар вакуумде – 10 тәулік)плюс 2-ден плюс 6-ға дейін
ұнға аунатылған порциялық (ромштекс, қой және шошқа етінен жасалған табиғи котлета, шницель)24 сағат (газ ортасы бар вакуумде – 10 тәулік)плюс 2-ден плюс 6-ға дейін
ұсақ туралған (бефстроганов, азу, қуырдақ, турамыш, бұқтыруға арналған сиыр еті, кәуапқа арналған ет)24 сағат (газ ортасы бар вакуумде – 10 тәулік)плюс 2-ден плюс 6-ға дейін
айрықша қуырылған картоп, ет ассортименті18 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
тағамдық сүйектер, салқындатылған субөнімдер24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
мұздатылған субөнімдер30 тәулікминус 18-ден жоғары емес
маринадталған кәуап (жартылай фабрикат)24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Шабылған еттен дайындалған жартылай фабрикаттар: шницель, котлеталар, бифштекс, люля-кебаб12 сағат (газ ортасы бар вакуумде – 10 тәулік)плюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Шабылған еттен дайындал жартылай фабрикаттар: мұздатылған: шницель, котлеталар, бифштекс, люля-кебаб30 тәулікминус 18-ден жоғары емес
Араластырылған жартылдай фабрикаттар: ет-картоппен, ет-өсімдік, ет-қырыққабаттан жасалған котлеталар12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Ұлттық тағамдар: шұжық, қазы, қарта, жал, жая, қабырға48 сағат (газ ортасы бар вакуумде – 10 тәулік)плюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Мұздатылған ұлттық тағамдар: шұжық, қазы, қарта, жал, жая, қабырға30 тәулікминус 18-ден жоғары емес
Салқындатылған ет турамалары12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Мұздатылған ет турамасы10 тәулікминус 18-ден жоғары емес
Аралас турама: айрықша ет (сояның белогы қосылған)12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Тұздалған ет турамасы3 сағатплюс 2-ден жоғары емес
Мұздатылған: тұшпара, манты, равиоли, хинкали, фрикадельки, голубцы, ет турамасы қосып пісірілген бұрыш48 сағатминус 5-ден жоғары емес
20 тәулікминус 10-нан жоғары емес
30 тәулікминус 18-ден жоғары емес
Салқындатылған құс және қоян еті48 сағат (газ ортасы бар вакуумде – 10 тәулік)плюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Мұздатылған құс еті және қоян еті20 тәулікминус 18-ден жоғары емес
Құс етінен дайындалған жартылай фабрикаттар (аспаздық өңдеуге дайындалған ірі кесек ет, сан еті, сүбесі, артқы жілік, қуырылған балапан және қалауы бойынша, сан ет, сирағы, төс, қанаттар)48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Ұйыма мен рагуге арналған сорпалық жиындар48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Шабылған құс етінен дайындалған жартылай фабрикаттар24 сағат0-ден минус 5-ке дейін
Шабылған құс етінен дайындалған жартылай фабрикаттар10 тәулік газ ортасы бар вакуумдеминус 12-ден жоғары емес
Құс етінен дайындалған субөнімдер24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Асылған ет (салқын тағамдарға арналып ірі кесек етпен, бірінші және екінші тамақтағы порцияға кесілген, дірілдекке арналған)12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Қуырылған ет, пісірлген ет (салқын тағамдарға ірі туралып, қуырылған сиыр, қой, жылқы, шошқа еттері, ірі туралған, қуырылған сиыр, жылқы, шошқа еттері, екінші тамақ үшін порцияға кесілген, дірілдекке арналған)24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Бұқтырылған тықпаланған ет (екінші тамақ үшін порцияға кесілген ірі кесек ет, дірілдекке арналған)12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Еттен пісірілген субөнімдер (тіл, желін, жүрек, бүйрек, ми, бауыр, өкпе)18 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Қуырылған бауыр12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Шабылған еттен қуырылған аспаздық өнімдер (котлеталар, бифштекстер, биточкалар, шницельдер)12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Еттен жасалған ұйымалар және құйылған ет6 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Қапталған еттен жасалған паштеттер6 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Құстардың және қоянның асылған ірі кесек еттері18 сағатплюс 2-ден плюс 4-ке дейін
Құстардың маринадталған ірі кесек еттері24 сағатплюс 2-ден плюс 4-ке дейін
Құстардың және қоянның пісірілген ірі кесек еттері48 сағат0-ден плюс 2-ге дейін
Құстардың және қоянның ысталып-пісірілген, ысталып-асылған ірі кесек еттері72 сағат0-ден плюс 2-ге дейін
Құстардың және қоянның қуырылған еті48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Порцияға және дірілдекке кесілген, асылған құс еті6 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Қоспамен турама ет қосылып пісірлеген құс еті12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Құс етінен жасалған котлеталар12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Пісірілген жұмыртқа24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Омлет12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Пісірілген шұжықтар:72 сағатплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
жоғары сұрыптағы және сұрпы жоқ48 сағатплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
үшінші сұрыптағы24 сағатплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
Өсімдіктен алынған ас қоспаларымен жасалған шұжықтар72 сағатплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
Сосикалар мен сарделькалар48 сағатплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
Полиамидті қабықшамен қапталған пісірілген шұжықтар, сосискалар, сарделькалар10-нан 45-дейін тәулікплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
Пісірілген және жартылай ысталған шұжық өнімдері, вакуумге полимерлі пленкамен қапталған және бөлшектеп кесілген сиыр, қой, жылқы және шошқа еттерінен жасалған өнімдер8 тәулікплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
Ет нандары48 сағатплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
Қабықшадағы пісірілген өнімдер (ветчина ассорти, таңертеңгілік асқа арналған ветчина, кабықшадағы ветчина)72 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Қалыптағы сиыр, жылқы, шошқа еттері96 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Айрықша сиыр еті, жылқы етімен қосылған ассорти, қой етімен қосылған ассорти96 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Субөнімдер қосылып пісірілген шұжықтар, белок және субөнім сарделькалары24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Бауырдан жасалған шұжық48 сағатплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
Өкпе-бауыр, ішек-қарыннан жасалған шұжықтар:
жоғарғы және бірінші сұрыптағы48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
екінші сұрыптағы24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
үшінші сұрыптағы12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Өсімдік қосылып ішек-қарын, өкпе-бауырдан жасалған шұжықтар (жарма қосылған)12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Қан қосылып жасалған шұжықтар:
бірінші және екінші сұрыптағы24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
үшінші сұрыптағы12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
ысталған48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Құс етінен пісіріліп жасалған шұжықтар және сосикалар48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Қабықшадағы зельцтер, сальтисон ұймалар:
жоғарғы сұрыптағы48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
бірінші және екінші сұрыптағы24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
үшінші сұрыптағы12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Үшінші сұрыптағы қарыннан жасалған орама12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Субөнімдерден жасалған орама және престелген ассорти24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Субөнімдерден жасалған ветчиналық өнімдер48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Жартылай ысталған шұжықтар10 тәулікплюс 6-дан жоғары емес
Пісіріліп-ысталған шұжықтар15 тәулікплюс 12-ден жоғары емес
Шикі-ысталған шұжықтар4 айплюс 12-ден жоғары емес
Полиамид қабықтағы жартылай ысталған шұжықтар40 тәулікплюс 12-ден жоғары емес
Ысталған, жылқы етінен жасалған ұлттық тағамдар10 тәулікплюс 12-ден жоғары емес
Ысталған, жылқы етінен жасалған ұлттық тағамдар15 тәулікплюс 6-дан жоғары емес
Салқындатылған балықтың барлық түрлері48 сағат0-ден минус 2-ге дейін
Балықтар және мұздатылған балық тауарларының барлық түрлері48 сағат0-ден минус 8-ге дейін
Мұздатылмаған арнайы бөлшектелген балық24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Кепкен нанға аунатылған порцияланған балық12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Кәуаптар және қуырмалар24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Балықтан жасалған жартылай фабрикаттар (котлеталар, биточкалар, турама, зразалар)12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Балықтан жасалған мұздатылған котлетатлар, голубцылар және турамалар72 сағатплюс 4-тен плюс 6-ға дейін
Мұздатылған балық тұшпарасы48 сағатминус 6-дан минус 4-ке дейін
Мұхит және ішкі су қоймаларының салқын ысталған балықтары (балық өнімдері):
бөлінбеген, ішек-қарыннан тазаланған, басы алынған және вакуумсіз бір-бірден өлшеп-оралған жон кесек еті40 тәулікминус 8-ден минус 2-ге дейін
вакуумдегі пленкалы пакетке өлшеп-оралған жон кесек еті, бүйір еті, сүйекті, сүйексіз сүбе еті3 айминус 8
вакуумдегі пленкалы пакетке өлшеп-оралған кесектер еттер мен бөлшегі20 тәулік0-ден минус 4-ке дейін
30 тәулікминус 8-ден минус 4-ке дейін
Вакуумсіз пленкалы пакетке өлшеп оралған кесек еттер мен бөлшегі10 тәулік0-ден минус 4-ке дейін
20 тәулікминус 8-ден минус 4-ке дейін
72 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Ыстықпен ысталған балық72 сағатплюс 2-ден минус 2-ге дейін
Қуырылған барлық түрдегі балықтар36 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Бумен пісірілген барлық түрдегі балықтар48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Қайнатып пісірілген барлық түрдегі балықтар24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Турамаланған балық24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Тұздалған балықтан шабылып жасалған өнімдер (майшабақ, скумбрия, сардина)24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Барлық түрдегі балықтардан жасалған қуырылған котелаталар12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Томат соусы қосылған балықтан жасалған фрикаделькилер, тефтелилер48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Барлық түрдегі балықтар және ыстықпен ысталған орама48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Асылған балық шұжығы48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Асылған шаян және креветкалар12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Краб таяқшасы48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Қаймақ соусындағы көкөністермен бірге дайындалған балықтың барлық түрлері24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Маринадтағы балықтың барлық түрлері48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Белок пастасынан дайындалатын өнеркәсіп өндірісінің аспаздық өнімдері24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Балық және уылдырық майының барлық түрлері24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Құйылған балық24 сағатминус 2-ден плюс 2-ге дейін
Полимерлі тұтынушылар ыдысындағы балық пасталары24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Мұздатылмаған тұтынушылар ыдысындағы екінші балық тағамдары12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Балықтардың барлық түрінің уылдырықтары24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Мұздатылған белок пастасы72 сағатминус 1-ден минус 3-ке дейін
Мұздатылған сельд филесі48 сағминус 4-ден минус 6-ға дейін
Маринадтағы сельд филесі48 сағминус 2-ден минус 4-ке дейін
Сельд уылдырығы24 сағминус 2-ден минус 4-ке дейін
Пастерленген сүт және кілегей36 сағатплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
Ашыған сүт өнімдері36 сағат0-ден плюс 8-ге дейін
Ашыған сүт, құрамында дірілдек бар өнім72 сағат0-ден плюс 8-ге дейін
Ацидофильді паста36 сағат0-ден плюс 8-ге дейін
Десерттер36 сағат15-тен артық емес
Сарысудан дайындалған сусындар (сүт квасы, қызанақ шырыны бар сарысу сусыны)24 сағатплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
Жаңа майсу және одан жасалған сусындар36 сағатплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
Табиғи қымыз, сиыр сүтінен жасалған қымыз48 сағатплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
Шұбат72 сағатплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
Майлылығы 20, 25, 30% қаймақ72 сағатплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
Майлылығы 15% және одан төмен қаймақ36 сағатплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
Майлы және диеталық сүзбе36 сағатплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
Майсыз сүзбе24 сағатплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
Сүзбе жартылай фабрикаттары, ірімшік құймақ, ірімшік құймаққа арналған қамыр, бос варениктерге арналған қамыр, мейізі бар сүзбе пісірмесіне арналған жартылай фабрикат24 сағатплюс 2-ден плюс 8-ге дейін
Сүзбеден жасалған варениктер24 сағатминус 5-тен жоғары емес
Ірімшік-сүзбе өнімдері, оның ішінде глазурленген ақ ірімшіктер36 сағатплюс 0-ден плюс 2-ге дейін
Глазурленген сүзбеден жасалған ақ ірімшіктер24 сағат2-ден плюс 6-ға дейін
Сүзбеден жасалған пісірме және пудинг48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Сүзбеден жасалған өнімдер24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Мейіз қосылған сүзбеден жасалған майлы және жартылай майлы зразалар24 сағат0-ден плюс 2-ге дейін
Полимерлі материалдан жасалған қораптардағы кілегейлі ірімшік:
тәтті және жеміс-жидекті48 сағат0-ден плюс 2-ге дейін
ащы, кеңестік, рокфор72 сағат0-ден плюс 2-ге дейін
Жұмсақ және жетілдірілмеген тұзсу ірімшіктері48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Қоспалары бар сары май48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Оралған сары май10 тәулік0-ден плюс 2-ге дейін
Балалар тамағына арналған азық-түлік:
Шөлмектегі балалар айраны, балалар сүзбесі, шөлмектегі ацидофильді қоспалар24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Пакеттердегі балалар айраны, пакеттердегі ацидофиль қоспалары36 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Балалар сүт ас үйінің өнімдері - сүт, кілегейлер, ботқалар (биолакт, айран, сүзбе, балдырған)24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Жаңа технология бойынша дайындалаған сүт және сүт өнімдері:
Гомогенделген стерилді сүт және кілегей21 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Герметикалық ыдысқа құйылған пастерленген сүт5 тәулікплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Шоколадты пастерленген сүт5 тәулік2-ден плюс 6-ға дейін
Ашыған сүт өнімдері (айран, биоайран, қатық, майлы айран)7 тәулікплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Йогурттар14 тәулікплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Биойогурт21 тәулікплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
15%, 20%, 36%-ды үй қаймағы7 тәулікплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
10% қаймағы15 тәулікплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Сүзбе десерттері14 тәулікплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Ірімшік пастасы14 тәулікплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Жұмсақ ірімшіктер14 тәулік0-ден плюс 6-ға дейін
Сүзбе ірімшік21 күн2-ден плюс 6-ға дейін
Асхана ірімшігі: оралған10 тәулік0-ден плюс 6-ға дейін
вакуумдағы қаптамада20 тәулік2-ден плюс 4-ке дейін
Сулугуни ірімшігі: вакуумдағы қаптамада оралған5 тәулік0-ден плюс 4-ке дейін
20 тәулік0-ден плюс 4-ке дейін
Толтырғыш қосылған глазурленген ірімшік сүзбелер36 сағатплюс 8-ден жоғары емес
Толтырғыш қосылмаған глазурленген ірімшік сүзбелер30 тәулікминус 18-ден жоғары емес
Соя ірі бұршақтарын пайдалана отырып дайындалған өнімдер
Акара (соя ірі бұршақтарының жұмсағы)30 тәулікминус 18
Көкөністер, котлеталар, биточкалар, фрикаделькалар қосылған акарадан жасалған жартылай фабрикат30 тәулікминус 18
Тофу ірімшігі, тәтті және тұздалған ақ ірімшіктер7 тәулік0-ден плюс 6-ға дейін
Соя сүті, сүтті соя сусыны36 сағат0-ден плюс 6-ға дейін
Соя айраны және йогурты72 сағат0-ден плюс 6-ға дейін
Соя "Картоп" тәтті наны72 сағат0-ден плюс 2-ге дейін
Көкөніс жартылай фабрикаттары:плюс 2-ден плюс 6-ға дейін
тазартылған шикі тұрып24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
тазартылған асқабақ48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
пекин, брюссель қырыққабаты, брокколи72 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
қуырылған көкөністер12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
тазартылмаған пісірілген көкөністер24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
жаңа қуырылған саңырауқұлақтар12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
май қосылған тұздалған саңырауқұлақтар12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
көкөніс соусы72 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
қуырылған баклажандар12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
тазартылған шикі картоп48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
жаңа піскен тазартылған ақ қауданды қырыққабат12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
тазартылған шикі сәбіз, қызылша, басты пияз24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
өңделген көкшөп (ақжелкек, балдыркөк, аскөк, эстрагон, пастернак, кинза, базилик, пияздың сабағы, рихан)6 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
көкшөптің тамырлары12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Жылумен өңдеуден өткен жартылай фабрикаттар:
Пісірмелер, орамалар: көкөністен,ет-көкөністен жасалған12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
қырыққабаттан жасалған шницель12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
шала қуырылған пияз, сәбіз24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
қырыққабаттан, сәбізден, қызылшадан, картоптан жасалған биточкалар мен котлеттер12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Концентрацияланған соустар:
негізгі қызыл және томатттан жасалған72 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
негізгі ақ, қаймақтан жасалған48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Голубцы-жартылай фабрикаттар12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Ашытылған қырыққабаттан жасалған салат24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Тазартылмаған қайнатылған көкөністер6 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Тазартылған қайнатылған көкөністер:
картоп18 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
қызылша, сәбіз24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Қайнатылған тазартылған кесілген көкөністер12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Құйылмаған салаттар, винегреттердің барлық түрлері6 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Құйылған түрдегі көкөністен жасалған салаттар, салқын көп компонентті тағамдар3 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Уксус қосылған ащы салаттар24 сағатплюс 0-ден плюс 4-ке дейін
Ұннан жасалған жартылай фабрикаттар:
ашытылған және пісірілген қамыр9 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
ашымаған қамыр24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
үгілме қамыр36 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
құймақ дайындамасы24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
пайдалануға дайын ет, сүзбе, ірімшік, жеміс-жидек, күрделі фарш қосылған құймақтар24 сағат0-дан минус 5-ке дейін
ішіне сүзбе және ет салынған құймақтар6 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Аспаздық өнімдер:
ірімшікті таяқшалар48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
ішіне сүзбе, повидло және жеміс салынған ашытылған қамырдан жасалған жартылай ашық ватрушкалар, сочниктер, бәліштер12 сағатплюс 15-тен жоғары емес
қуырылған, піскен чебуректер, беляштар, самсалар, кулебякалар, расстегайлар, бәліштер (ет, жұмыртқа, сүзбе, қырқабат, өкпе-бауыр және тағы басқалар салынған)12 сағатплюс 15-тен жоғары емес
пицца24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
гамбургер, чизбургер, хот-дог12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
бауырсақтар, пончиктер16 сағатплюс 20-дан жоғары емес
бризоль12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Гарнирлер (күріш, қарамық, макарон өнімдері)12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Жарма өнімдері:
биточкалар, ақталған тары, ұнтақ қосқан котлеталар аспаздық өнімдер18 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
ұнтақ, күріш пісірмесі, сүзбе қосылған күріш пісірме12 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
сүттен, күріштен жасалған пудинг24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
сүзбе қосылған жарма24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Торттар және пирожныйлар:
кремсіз әрленген, ақуыз-көпіршіген кремдермен немесе жеміспен әрленген36 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
өсімдік кілегей кремі бар120 сағплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
кілегей крем, қайнатқан крем, көпіршіген кілегейден жасалған крем бар6 сағат0-ден плюс 2-ге дейін
Сүзбе торты24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Ішінде қоспасы бар бисквит орамалар:
кілегейлі ірімшік, жеміс кремімен36 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
дірілдек, самбуктер, мусстар24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Кілегейлі және сүзбе-жеміс кремдері24 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Көпіршіген кілегей6 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
Сусындар:
өнеркәсіпте өндірілген пастерленбеген нан квасы48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
қоғамдық тамақтанду кәсіпорындарында жасалатын алкогольсіз сусындар48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін
дән және ашытылған жармалар негізінде дайындалған ұлттық сусындар48 сағатплюс 2-ден плюс 6-ға дейін

Іздеу атаулары: №755 бұйрық, 755-бұйрық, приказ 755, жеті жүз елу бесінші бұйрық, 755 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.