Мақала
Бұйрықтар

№ 881 бұйрық (10.11.2010): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 881 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылы 3 желтоқсанда № 6659 тіркелді

Бұйрық нөмірі
881
Қабылданған күні
10.11.2010
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шектеулі көлемдері

Халыққа медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Стационарлық көмектің шектеулі көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5949 тіркелген, 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 7 «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа орталық мемлекеттік актілер жинағында» жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Г. Төлеғалиева) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) оны мемлекеттік тіркегеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 881 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 799 бұйрығына 1-қосымша

Туберкулезге қарсы, жұқпалы және психиатриялық медициналық ұйымдардан басқа стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық көмектің шектеулі көлемдері

№Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауыСтационарлық емдеуге жоспарланған науқастар саны
1.Ақмола119 432
2.Ақтөбе90 112
3.Алматы195 395
4.Атырау62 660
5.Шығыс Қазақстан224 248
6.Жамбыл154 666
7.Батыс Қазақстан89 850
8.Қарағанды185 102
9.Қызылорда111 094
10.Қостанай129 906
11.Маңғыстау65 140
12.Павлодар115 203
13.Солтүстік Қазақстан108 301
14.Оңтүстік Қазақстан341 039
15.Астана қаласы95 674
16.Алматы қаласы184 707
БАРЛЫҒЫ:2 272 529

Іздеу атаулары: №881 бұйрық, 881-бұйрық, приказ 881, сегіз жүз сексен бірінші бұйрық, 881 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.