Мақала
Бұйрықтар

№ 899 бұйрық (18.11.2010): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Қоршаған орта объектілеріндегі сұйық зымыран отындары компоненттерінің және олардың трансформация өнімдерінің рұқсат етілген шекті шоғырланулары" гигиеналық нормативтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 899 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 13 желтоқсанда № 6675 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
899
Қабылданған күні
18.11.2010
Актіні өзгерту күні
18.05.2012
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Жұмыс аймағы ауасындағы заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануы (әрі қарай - РЕШШ)
  2. Елді мекендердегі атмосфералық ауадағы заттардың шамамен қауіпсіз әсер ету деңгейі (бұдан әрі -ШҚӘД) және РЕШШ
  3. Шаруашылық - ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану объектілеріндегі сулардағы химиялық заттар РЕШШ
  4. Топырақтағы заттардың РЕШШ
  5. Тері қабатының химиялық заттарын ластануының рұқсат етілген шекті деңгейі (РЕШД)
  6. Тамақ өнімдеріндегі нитрозодиметиламиннің рұқсат етілген деңгейі
  7. Жұмыс аймағы ауасында симметриялық емес 1,1-диметилгидразин әсерінің апатты шегі (апат болған жерде жұмыс істейтіндер үшін)
  8. Атмосфералық ауадағы симметриялық емес 1,1-диметилгидразин әсерінің апатты шегі
  9. Симметриялық емес ІД-диметилгидразиннің, онымен кәсіптік байланысы жоқ тұрғындар үшін рұқсат етілген тәуліктік мөлшері (РЕТМ)

Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасы , 145-бабының 10) , 11) , 12) , 20) тармақшалары негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Қоршаған орта объектілеріндегі сұйық зымыран отындары компоненттерінің және олардың трансформация өнімдерінің рұқсат етілген шекті шоғырланулары» гигиеналық нормативтері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері К.С. Оспановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 899 бұйрығымен бекітілген

1-кесте

Жұмыс аймағы ауасындағы заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануы (әрі қарай - РЕШШ)

№IUPAC бойынша заттың атауыСАS бойынша тіркеу нөміріФормулаРЕШШ, мг/м 3Өндіріс жағдайындағы ауаның агрегаттық күйіҚауіптілік сыныбыОрганизмге әсер ету ерекшеліктеріАнықтау әдісі, ең аз анықталатын шоғырлануы, мг/м 3
1Азот тетраоксиді (АТ)10544-72-6N 2 O 42,0Б2O,+Фотоколориметриялық 0,6
2Гидразин302-01-2Н 2 N 20,1Б2+Фотоколориметриялық 0,02
3Симметриялық емес диметилгидразин немесе 1,1-диметилгидразин (СЕДМГ, гептил)57-14-7C 2 H 8 N 20,1Б1+Фотоколориметриялық 0,001
4Т-1 (керосин)8008-20-6300 көміртекке шаққандағы есебіБ4+Фотоколориметриялық 0,01
5Нитрозодиметиламин (НДМА)62-75-9С 2 Н 6 ON 20,01Б1К,+Фотоколориметриялық 0,01
6Тетраметилтетразен (ТМТ)6130-87-6с 4 н 12 N 43,0Б+А3+Фотоколориметриялық 1,0
7Диметиламин (ДМА)124-40-3С 2 н 6 м1,0П+А2к,+Фотоколориметриялық 0,01

Ескертпе: «+» - жұмыс кезінде көз және теріні арнайы қорғауды талап ететін заттар; «О» - ауадағы құрамын автоматтық қадағалауды талап ететін, өткір әсер етуге бағытталған заттар; «К» - канцерогендер; «Б» - булар; «А» - аэрокүлдер; «САS» - Chemical Abstracts Service (барлық белгілі химиялық заттарды тіркеуді жүзеге асыратын, халықаралық ақпараттық жүйе); «IUРАС» - Іnternational Union of Pure and Аррlіed Chemistry (Теориялық және қолданбалы химияның Халықаралық одағы).

2-кесте

Елді мекендердегі атмосфералық ауадағы заттардың шамамен қауіпсіз әсер ету деңгейі (бұдан әрі -ШҚӘД) және РЕШШ

№Заттың атауыСАS бойынша тіркеу нөміріФормулаРЕШШ мөлшері (мг/м 3 )Зияндылық көрсеткішінің шегіҚауіптілік сыныбыАнықтау әдісі, ең аз анықталатын шоғырлануы, мг/м
Бір жолғы ең көпорта тәуліктік
1Азот (II) оксиді10102-43-9N00,40,006рефлекторлық3Фотоколориметриялық, 0,016
2Азот (ІV) оксиді10102-44-0N020,0850,04рефлекторлық-резорбтивтік2Фотоколориметриялық, 0,02
3Гидразин302-01-2Н 2 М 20,0010,001рефлекторлық-резорбтивтік2Фотоколориметриялық, 0,001
4Симмметриялық емес диметилгидразин немесе 1,1-диметилгидразин (СЕДМГ, гептил)57-14-7С 2 н 8 н 20,0010,001рефлекторлық-резорбтивтік1Фотоколориметриялық, 0,0005
5Т-1 (керосин)8008-20-61,2 (ШҚӘД)4Фотоколориметриялық, 0,01
6Нитрозодиметиламин (НДМА)62-75-9С 2 Н 6 ОN 20,0001рефлекторлық1Фотоколориметриялық, 0,0002
7Тетраметилтетразен (ТМТ)6130-87-6рефлекторлық3Фотоколориметриялық, 0,003
8Диметиламин (ДМА)124-40-3С 2 Н 6 N0,0050,0025рефлекторлық -резорбтивтік2Фотоколориметриялық, 0,003

3-кесте

Шаруашылық - ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану объектілеріндегі сулардағы химиялық заттар РЕШШ

№Заттың атауыСАS бойынша тіркеу нөміріФормулаРЕШШ мг/дм 3Зияндылық көрсеткішінің шегіҚауіптілік сыныбыАнықтау әдісі, ең аз анықталатын шоғырлануы, мг/м 3
1Гидразин302-01-2Н 2 N 20,01Санитарлық-уыттылық2Фотоколориметриялық 0,005
2Симмметриялық емес диметилгидразин немесе 1,1- диметилгидразин (СЕДМГ, гептил)57-14-7С 2 Н 8 К 20,02Санитарлық-уыттылық1Фотоколориметриялық 0,001
3Т-1 (керосин)8008-20-60,05Органолептикалық (иіс)4Фотоколориметриялық 0,001
4NO 3 бойынша нитраттарNО 345,0Санитариялық-уыттылық3Фотоколориметриялық 0,1
5Нитрозодиметиламин (НДМА)62-75-9C 2 H 6 ON 20,01Санитариялық-уыттылық1Фотоколориметриялық 0,01
6Тетраметилтетразен (ТМТ)6130-87-6C 4 H 12 ON 40,1Санитариялық-уыттылық3Фотоколориметриялық 0,05
7Диметиламин (ДМА)124-40-3C 2 H 6 N0,1Санитариялық-уыттылық2Фотоколориметриялық 0,05

4-кесте

Топырақтағы заттардың РЕШШ

№Заттың атауыРЕШШ, мг/кгЗияндылық көрсеткішінің шегіҚұрғақ ауа сынамасындағы ең аз анықталатын массалық үлесін анықтау әдісі, мг/кг
1Симмметриялық емес диметилгидразин немесе 1,1-диметилгидразин (СЕДМГ, гептил)0,1 (уақытша)ЕсептелінгенФотоколориметриялық 0,02
2Нитраттар130,0Сулы-миграциялықФотоколориметриялық Потенциометриялық 1,0
3Нитрозодиметиламин (НДМА)0,01Сулы-миграциялықГаздық хроматография/масс-спектрометрия, 10 -8
4Тетраметилтетразен (ТМТ)0,1Сулы-миграциялықГаздық хроматография/ масс-спектрометрия, 10 -8
5Керосин (зымыран жанармайы)2,0Сулы-миграциялықГаздық хроматография, 0,025
6Диметиламин (ДМА)0,2Сулы-миграциалықГаздық хроматография, 10 -6

5-кесте

Тері қабатының химиялық заттарын ластануының рұқсат етілген шекті деңгейі (РЕШД)

№Заттың атауыШРЕД, мг/см
1Симметриялық емес диметил-гидразин немесе 1,1 - диметилгидразин (СЕДМГ, гептил)0,00001

6-кесте

Тамақ өнімдеріндегі нитрозодиметиламиннің рұқсат етілген деңгейі

№Өнімнің атауыРұқсат етілген деңгейі, мг/кг артық емес
1Ет0,002
2Астық0,015
3Балық тағамдары0,003

7-кесте

Жұмыс аймағы ауасында симметриялық емес 1,1-диметилгидразин әсерінің апатты шегі (апат болған жерде жұмыс істейтіндер үшін)

ЗатЭкспозициясы/ шоғырлануы
Симмметриялық емес диметилгидразин немесе 1,1-диметилгидразин (СЕДМГ, гептил)Экспозиция, мин51560240480
Шоғырлануы мг/м 33,02,00,60,150,05

8-кесте

Атмосфералық ауадағы симметриялық емес 1,1-диметилгидразин әсерінің апатты шегі

ЗатЭкспозициясы/концентрациясы
Симмметриялық емес диметилгидразин немесе 1,1-диметилгидразинЭкспозициясы, сағ.14824
Шоғырлануы,0,060,020,0070,005
(СЕДМГ, гептил)мг/м

9-кесте

Симметриялық емес ІД-диметилгидразиннің, онымен кәсіптік байланысы жоқ тұрғындар үшін рұқсат етілген тәуліктік мөлшері (РЕТМ)

Заттың атауыАдам организіміне түскендегі РЕТМ шамасы, тәулігіне дене салмағына қарай, мг/кг
Симметриялық емес диметилгидразин немесе ІД-диметилгидразин (СЕДМГ, гептил)0,0003

Іздеу атаулары: №899 бұйрық, 899-бұйрық, приказ 899, сегіз жүз тоқсан тоғызыншы бұйрық, 899 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.