Мақала
Бұйрықтар

№ 1008 бұйрық (31.12.2010): толық мәтін және скачать

Жаңа

Республикалық бюджеттен қаржыландыратын "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" мен "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1008 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 қаңтарда № 6751 тіркелді

Бұйрық нөмірі
1008
Қабылданған күні
31.12.2010
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастыру

РҚАО-ның ескертуі! Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IVкодексінің 7-бабының 15) тармақшасына іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН : 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина): 1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін, және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын жасалған шарттар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қыркүйектегі туындаған қатынастарға қолданылады.

Министр С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1008 бұйрығына қосымша

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастыру

р/с №Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарыБөлінген орындардың саныМамандықтың атауыМамандық бойынша бөлінген орындардың саны
12345
1.С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті1000, оның ішінде 710 қазақ тілінде оқитындарЖалпы медицина700, оның ішінде 510 қазақ тілінде оқитындар
Стоматология70, оның ішінде 45 қазақ тілінде оқитындар
Мейірбике ісі40, оның ішінде 30 қазақ тілінде оқитындар
Қоғамдық денсаулық сақтау40, оның ішінде 20 қазақ тілінде оқитындар
Фармация70, оның ішінде 45 қазақ тілінде оқитындар
Медициналық-профилактикалық іс80, оның ішінде 60 қазақ тілінде оқитындар
2.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы500, оның ішінде 380 қазақ тілінде оқитындарФармация130, оның ішінде 100 қазақ тілінде оқитындар
Мейірбике ісі120, оның ішінде 80 қазақ тілінде оқитындар
Қоғамдық денсаулық сақтау250, оның ішінде, 200 қазақ тілінде оқитындар

Іздеу атаулары: №1008 бұйрық, 1008-бұйрық, приказ 1008, мың сегізінші бұйрық, 1008 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.