Мақала
Бұйрықтар

№ 1007 бұйрық (31.12.2010): толық мәтін және скачать

Жаңа

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1007 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 26 қаңтарда № 6752 тіркелді

Бұйрық нөмірі
1007
Қабылданған күні
31.12.2010
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

РҚАО-ның ескертуі! Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV кодексінің 7-бабының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина): 1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін, және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік–құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қыркүйектегі туындаған қатынастарға қолданылады.

Министр С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1007 бұйрығына қосымша

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

р/с№Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарыБөлінген орындардың саныМамандықтың атауыМамандық бойынша бөлінген орындардың саны
12345
1.Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледж250, оның ішінде 125 қазақ тілінде оқитындарЕмдеу ісі92, оның ішінде 50 қазақ тілінде оқитындар
Мейірбике ісі92, оның ішінде 50 қазақ тілінде оқитындар
«Массаж» біліктілігі бойынша мейірбике ісі16
Зертханалық диагностика25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар
Гигиена және эпидемиология5
2.С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті20Ауғанстаннан келген тыңдаушылар Мейірбике ісі20
3.Қарағанды мемлекеттік медицина университеті50, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындарЕмдеу ісі25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар
Мейірбике ісі25
4.Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті50, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындарАкушерия іс25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар
Гигиена және эпидемиология5
5.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы125, оның ішінде 100 қазақ тілінде оқитындарЕмдеу ісі75, оның ішінде 50 қазақ тілінде оқитындар
Акушерия іс25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар
Фармация25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар
6.«Эмили» медициналық орталығы25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындарМейірбике ісі25, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар

Іздеу атаулары: №1007 бұйрық, 1007-бұйрық, приказ 1007, мың жетінші бұйрық, 1007 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.