Мақала
Бұйрықтар

№ 142 бұйрық (01.03.2010): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Медициналық қызмет көрсету және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы салаларындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 1 наурыздағы N 142 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 5 наурыздағы N 122 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6124 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы N 158 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі N 89 Бірлескен бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
142
Қабылданған күні
01.03.2010
Актіні өзгерту күні
30.03.2011
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
  2. Медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары
  3. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері
  4. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы саласындағы субъективті критерийлерді бағалау
  5. Тексеру жиілігін белгілеу үшін бақылау субъектісінің тәуекел дәрежесін анықтау есебі ________________________________ нысанның атауы

Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы N 158 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі N 89 Бірлескен бұйрығымен .

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 19-бабының 5-тармағына , «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 38-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Бекітілсін: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Медициналық қызмет көрсету саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Баймұқанов С.А.): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты оның мемлекеттік тіркелуінен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін. 5. Осы бірлескен бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнінен күшiне енедi, оны алғаш ресми жариялаған күнінен қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Экономика және бюджеттік министрінің міндетін жоспарлау министрі атқарушы __________ Б. Сұлтанов _________ Б. Садықов

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 142 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 5 наурыздағы № 122 бірлескен бұйрығына 1-қосымша

Медициналық қызметтер көрсету саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу мақсатында әзірленді. 2. Осы критерийлерде келесі ұғымдар пайдаланылады: 1) медициналық қызметтер көрсету саласындағы тәуекел – сапасыз медициналық қызмет көрсету нәтижесінде оның салдарларының ауырлығын ескере отырып пациенттің денсаулығына немесе өміріне жағымсыздық туу ықтималдығы; 2) бақылау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар. 3) медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторлары – медициналық қызметтердің тиімділігін, толық болуын және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігін көрсететін көрсеткіштер. 3. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесінің тиісті тобына жатқызу екі кезеңде жүзеге асырылады. 4. Бірінші кезеңде бақылау субъектілері тәуекел категориясына бөлінеді: тәуекелдің жоғары, орташа, болмашы дәрежесі. 5. Ұсынылатын медициналық көмек нысандары және денсаулық сақтау ұйымдары түрлеріне байланысты бақылау субъектілері тәуекел дәрежесі бойынша мынадай болып бөлінеді: 1) тәуекелдің жоғары дәрежелі тобына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1213 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық жоспарына сәйкес стратегиялық бағыттар бойынша стационарлық , стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуші, сондай-ақ жедел көмек көрсетуші, санитариялық авиация мен медициналық апаттар саласында денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы денсаулық сақтау субъектілері жатады; 2) тәуекелдің орташа дәрежелі тобына стратегиялық бағыттардан басқа стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуші денсаулық сақтау субъектілері жатады; 3) тәуекелдің болмашы дәрежелі тобына қалыпқа келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдары, паллиативтік көмек пен мейірбикелік күтім көрсетуші ұйымдар; инвазиялық әдістер, дәрілік заттар және медициналық мақсаттардағы бұйымдар мен медициналық техниканың көмегімен косметологиялық көмек көрсетуші ұйымдар, сондай-ақ сот медицинасы және патологиялық анатомия саласында қызмет көрсетуші ұйымдар жатады. 6. Екінші кезеңде бақылау субъектілерін тәуекел дәрежесі топтары бойынша бөлу көрсетілген медициналық қызмет сапасы сәйкестігі көрсеткіші ескеріле отырып жүрізіледі (бұдан әрі – сәйкестік көрсеткіші). Сәйкестік көрсеткіші медициналық қызмет сапасын бағалаудың әрбір индикаторы бойынша пайыздарды көрсетілген медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторларының 100% және шекті мәндерінің айырмашылығы ретінде анықталады. Медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторлары және олардың шектік мәндері осы Критерийлерге қосымшаға сәйкес анықталған. Бақылау субъектілерін тексерулерді жоспарлау үшін сәйкестік көрсеткішінің орташа мәні пайдаланылады. 7. Тәуекел дәрежесі жоғары бақылау субъектілерінің ішінен тексеру жоспарына орташа сәйкестік көрсеткіші бар бақылау субъектілері енгізіледі: 50 % және одан төмен; соңғы 3 жылда 50 %-дан 60%-ға дейін. Тәуекел дәрежесі орташа және болмашы бақылау субъектілерінің ішінен тексеру жоспарына енгізілетіндері: 40 % және одан төмен; соңғы 3 жылда 40%-дан 60%-ға дейін; 8. Бір топтың ішінде бақылау субъектілерін тексерулер жоспарына бірінші кіргізу негіздері: 1) соңғы тексеру жүргізілген кезеңнен кейін 18 айдан аса уақыт өткен мерзім; 2) бұрынғы тексерулер кезінде айқындалған елеулі бұзушылықтар; 3) ұлттық аккредиттеу туралы куәліктің болмауы. 9. Елеулі бұзушылықтарға мыналар жатады: 1) медициналық қызметтің көрсетілген түрлерінің (кіші түрлерінің), берілген лицензияға сәйкес келмеуі; 2) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығының бұзылуы; 3) бақылау субъектілерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну шартының міндеттерін бұзуы; 4) медициналық қызметкерде маман сертификатының болмауы; 5) медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.

Медициналық қызмет көрсету саласында тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлеріне қосымша

Медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары

№Индикаторлардың атауыӨлшем бірліктеріШектік мәні
Стационарлық көмек көрсетуші медициналық ұйымдар үшін медициналық көмек сапасын бағалау индикаторлары
1.Негізсіз госпитализациялау оқиғаларының саныБарлық госпитализацияланғандардың жалпы саны ішіндегі негізсіз госпитализацияланғандардың есеп беру кезіндегі пайызыИндикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
2.Жоспарлы госпитализациялау кезінде өлгендер оқиғаларының саныЖоспарлы тәртіппен барлық стационарға түскендердің өлімі оқиғаларының есеп беру кезіндегі пайызыИндикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
3.Жоспарлы госпитализациялау оқиғаларындағы операциядан кейінгі өлім-жітім саныЖоспарлы тәртіппен барлық операция жасалғандардың ішінде операциядан кейін өлгендердің есеп беру кезіндегі пайызыЖоспарлы госпитализациялау оқиғаларында индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
4.Босану кезінде және босанғаннан кейінгі мерзімде өлген әйелдердің саны, оның ішінде басқарылмалы себептерден: - акушериялық қан кету; - гестоздар; - аборттар;Жаңа босанып, шығарылған әйелдердің жалпы саны ішіндегі өлгендердің пайызыИндикатордың мәні 1%-дан аспауы тиіс
5.0-ден 14 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімі саны, оның ішінде есеп беру кезінде басқарылатын себептер бойынша0-ден 14 жасқа дейінгі балалардың өлімі пайызы, оның ішінде 0-ден 14 жасқа дейінгі шығарылған балалардың саны ішінде 1 жасқа дейінгі балалардың (оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалардың)Басқарылатын себептер бойынша индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
6.Ауруханаішілік жұқпа оқиғаларының саныАуруханаішілік жұқпалармен тіркелген оқиғалардың саны/ шығарылғандардың саны 100-ге көбейтілсін1%-ға дейін
7.Қайталап түсу оқиғаларының саны (бір айдың ішінде сол ауруы бойынша қайта түсу)Қайталап госпитализациялаудың саны/есеп беру кезіндегі госпитализацияланғандардың жалпы саны 100-ге көбейтілсінИндикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
8.Негізгі клиникалық және патологоанатомиялық диагноздар айырмашылығы оқиғаларының саныЕсеп беру кезіндегі диагноздар айырмашылығы оқиғаларының саны/ барлық патологоанатомиялық зерттеулердің саны 100-ге көбейтілсін2%
9.Өткен жылмен салыстырғанда есептік кезеңдегі негізді шағымның жалпы саныЕсеп беру кезіндегі негізді шағымдардың саны/бұрынғы кезеңдегі негізді шағымдардың саны 100-ге көбейтілсінБұрынғы кезеңмен салыстырғанда мән 10%-ға төмендеуі тиіс
Алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық көмек көрсетуші медициналық ұйымдар үшін медициналық көмек сапасын бағалау индикаторлары
10.Есептік кезеңдегі жалпы өлім-жітімділік көрсеткіші1 000 халыққа есептік көрсеткішіИндикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
11.Есептік кезеңдегі артериялық гипертония және ишемиялық жүрек ауруы бар тіркелген халық арасындағы өлім-жітім көрсеткіші1 000 халыққа есептік көрсеткішіИндикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
12.Есептік кезеңдегі тіркелген халық арасындағы аналар өлім- жітімі саны, оның ішінде басқарылмалы себептерден: - акушериялық қан кету; - гестоздар; - аборттар;100 000 тірі туғандарға есептік көрсеткішіБасқарылатын себептер бойынша индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
13.Есептік кезеңдегі тіркелген аумақта тұратын фертильдік жастағы әйелдердің аборты саны, оның ішінде экстрагениталды патологиялары барФертильдік жастағы әйелдер саны 1000-ға көбейтілсінБұрынғы кезеңмен салыстырғанда мән 10%-ға төмендеуі тиіс
14.Есептік кезеңдегі тіркелген халық арасындағы сәбилер өлім-жітімі саны, оның ішінде басқарылмалы себептерден: - тыныс алу ағзаларының аурулары; - ішек жұқпалары; - туа біткен даму кемістіктері; - перинатальдық кезең себептері1 000 тірі туғандарға есептік көрсеткішіБасқарылатын себептер бойынша индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
15.Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда негізді шағымның жалпы саныЕсептік кезеңдегі негізді шағымның саны/өткен жылғы негізді шағымның саны 100-ге көбейтілсінБұрынғы кезеңмен салыстырғанда мән 10%-ға төмендеуі тиіс
16.Үйде өлген балалардың көрсеткішіҮйде өлген балалардың көрсеткіші/14 жасқа дейін өлген балалардың саны 100-ге көбейтілсінӨз көрсеткіші 5% төмендетілсін
17.Артериялық гипертония науқастарын гипертониялық дағдарыс күйінде госпитализациялау деңгейіАртериялық гипертония науқастарын гипертониялық дағдарыс күйінде госпитализациялау саны/барлық артериялық гипертензиямен «Д» есепте тұрғандардың саны 100-ге көбейтілсін10%-дан көп емес
18.Халықты профилактикалық флюорографиямен қамтуПрофилактикалық флюорографиямен қамтылған халық саны/тіркелген халық саны 100-ге көбейтілсін60%-дан көп емес
19.Флюорография әдісімен тексерілген тұлғалардың арасында туберкулезбен ауырғандарды анықтау көрсеткішіЖоспарлы флюорографиялық тексеру кезінде анықталған туберкулез оқиғаларының саны/тексеру кезеңінде жоспарлы флюорографиялық тексеру жүргізілген тұлғалар саны 100-ге көбейтілсін60%-дан көп емес
20.Туберкулезбен ауырғандардың алғаш анықталғандары арасында асқындырылғандардың салыстырмалы салмағыАсқынған туберкулез оқиғалары бар жаңа өкпе ауруларының саны/ересектер мен жасөспірімдердің арасында жаңа өкпе аурулары науқастарының саны 100-ге көбейтілсін1,5%-дан көп емес
21.1-2 сатыдағы қатерлі ісікпен ауырғандардың алғаш анықталғандарының есептік кезеңдегі салыстырмалы салмағы1-2 сатыдағы қатерлі ісік диагнозы алғаш қойылған аурулардың есептік кезеңдегі саны/диагнозы алғаш қойылғандардың саны 100-ге көбейтілсінЖеке көрсеткішін жыл сайын 1% ұлғайту
22.Қатерлі ісікпен ауырғандардың 5 жыл және одан көп өмір сүруінің салыстырмалы салмағы5 жыл және одан көп уақытта қадағалаудағы қатерлі ісік науқастарының салыстырмалы салмағы/Қатерлі ісік себебі бойынша «Д» есептегілердің жалпы саныЖеке көрсеткішін жыл сайын 1% ұлғайту
23.Есептік кезеңдегі тіркелген халық арасындағы акушериялық қан кету себебінен аналар өлім-жітімінің салыстырмалы салмағыЕсептік кезеңдегі тіркелген халық арасындағы акушериялық қан кету себебінен аналар өлім-жітімінің саны/жаңа босанғандардың саны 100-ге көбейтілсінБұрынғы кезеңмен салыстырғанда 10% азаю
24.Есептік кезеңдегі тіркелген халық арасындағы гестоздар себебінен аналар өлім-жітімінің салыстырмалы салмағыЕсептік кезеңдегі тіркелген халық арасындағы гестоздар себебінен аналар өлім-жітімінің саны/жаңа босанғандардың саны 100-ге көбейтілсінБұрынғы кезеңмен салыстырғанда өз көрсеткішінің 10% азаюы
25.Есептік кезеңдегі тіркелген халық арасындағы аборттар себебінен аналар өлім-жітімінің салыстырмалы салмағыЕсептік кезеңдегі тіркелген халық арасындағы аборттар себебінен аналар өлім-жітімінің саны/жаңа босанғандардың саны 100-ге көбейтілсінБұрынғы кезеңмен салыстырғанда 10% азаю
Жедел медициналық көмек көрсетуші медициналық ұйымдар үшін медициналық көмек сапасын бағалау индикаторлары
26.Бір тәулік ішінде сол ауруы бойынша бірінші шақыру сәтінен бастап саны қайталап шақыру оқиғаларының саны1000 шақыруларға есептік көрсеткіштерИндикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
27.Науқасқа жету уақытын орташа қалыптасқан уақыттан асыру1000 шақыруларға есептік көрсеткіштер200 мыңнан аса халқы бар елді мекендерде индикатордың мәні 15%-дан аспауы тиіс және 200 мыңнан кем халқы бар елді мекендерде индикатордың мәні 2%-дан аспауы тиіс
28.Шақырулар кезінде бригаданың көзінше болған өлім-жітім1000 шақыруларға есептік көрсеткіштерИндикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
29.Жеткізілгендердің ішінде госпитализацияланғандардың салыстырмалы салмағы1000 шақыруларға есептік көрсеткіштерИндикатордың мәні 5%-дан аспауы тиіс
30.Жедел көмек және стационар бригадасы госпитализизациялаған науқастардың диагноздары арасындағы айырмашылық1000 шақыруларға есептік көрсеткіштерИндикатордың мәні 5%-дан аспауы тиіс
31.Өткен жылмен салыстырғанда есептік кезеңдегі негізді шағымның жалпы саныЕсептік кезеңдегі негізді шағымның жалпы саны/өткен жылмен салыстырғанда есептік кезеңдегі негізді шағымның жалпы саны 100-ге көбейтілсінБұрынғы кезеңмен салыстырғанда мән 10%-ға төмендеуі тиіс

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 142 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 5 наурыздағы № 122 бірлескен бұйрығына 2-қосымша

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

1. Осы Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежесі бойынша түрлі топтарға жатқызу үшін әзірленді. 2. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар (бұдан әрі - бақылау субъектілері). 3. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың саласындағы тәуекел – Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау, сырттан әкелу, сату, қолдану (пайдалану) нәтижесінде зардаптарының күрделілік дәрежесін есепке ала отырып, адам денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігі. 4. Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежесінің түрлі топтарына жатқызу біріншілік және кейінгі бөлулер арқылы жүзеге асырылады. Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежесінің түрлі топтарына біріншілік жатқызу объективті критерийлерді ескере отырып жүргізіледі. Бақылау субъектілерін тәуекелдер дәрежесінің түрлі топтарына екіншілік жатқызу субъективті критерийлерді ескере отырып жүргізіледі. 5. Объективті критерийлер бойынша: 1) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы саласындағы тәуекелдердің жоғары дәрежелі тобына жататын денсаулық сақтау ұйымдары: дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын дайындаумен байланысты фармацевтикалық қызметпен айналысатын ұйымдар; дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын көтерме саудада өткізумен байланысты фармацевтикалық қызметпен айналысатын ұйымдар; стационарлық көмекпен, жедел медициналық көмекпен және санитарлық авиациямен байланысты медициналық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 2) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы саласындағы тәуекелдердің орташа дәрежелі тобына жататын денсаулық сақтау ұйымдары: дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын өндірумен байланысты фармацевтикалық қызметпен айналысатын ұйымдар; дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын бөлшек саудада өткізумен байланысты фармацевтикалық қызметпен айналысатын ұйымдар; амбулаториялық - емханалық көмек көрсететін ұйымдар; қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдар; адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ)/жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 3) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы саласындағы тәуекелдердің елеусіз дәрежелі тобына жататын денсаулық сақтау ұйымдары: дәрілік заттар айналысы саласындағы тиісті практиканың мемлекеттік стандарттарын енгізген ұйымдар; сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар. 6. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы саласындағы субъективті критерийлерді бағалау осы Критерийлерге 1-қосымшаға сәйкес анықталады. Субъективті критерийлер балдық жүйемен үш түрге бөлінген: 1) өрескел бұзушылықтар – 40 балл және одан жоғары; 2) орташа бұзушылықтар – 5 баллдан 40 баллға дейін; 3) елеусіз бұзушылықтар – 1 баллдан 5 баллға дейін. 7. Бақылау субъектілері: 1) 40 (қоса алғанда) және одан жоғары балл жинағанда тәуекелдердің жоғары дәрежелі тобына жатқызылады; 2) 5-тен (қоса алғанда) бастап 40 баллға дейін жинағанда тәуекелдердің орташа дәрежелі тобына жатқызылады; 3) 1-ден (қоса алғанда) 5 баллға дейін жинағанда тәуекелдердің елеусіз дәрежелі тобына жатқызылады. 8. Тәуекелдердің бір тобының ішінде бақылау субъектілерін тексеруді басымдылықпен жоспарлауға негіз болып табылады: 1) жиналған баллдың жоғары саны; 2) тексерілмеген кезеңнің ұзақтығы, соның ішінде фармацевтикалық қызмет түрін жүзеге асыруға мемлекеттік лицензия алған уақыттан бері тексерудің жүргізілмеуі. 9. Тексеру жиілігін белгілеу үшін бақылау субъектісінің тәуекел дәрежесін анықтау есебін дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы саласындағы мемлекеттік органның маманы жүргізеді және Алматы, Астана қалаларының, облыстың бас мемлекеттік фармацевтика инспекторы осы Критерийлерге 2-қосымшадағы нысанға сәйкес бекітеді.

Дәрілік заттар, медициналық медициналық техниканы айналысы салаларындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне 1-қосымша

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасы айналысы саласындағы субъективті критерийлерді бағалау

№ р/сКритерийлердің атауыБұзушылықтар түріБалл
1Фармацевтикалық қызметке мемлекеттік лицензияның болмауыӨрескел бұзушылықтар40
2Нысанның бөлмелерінің құрамының, көлемінің, жабдықтарының біліктілік талаптарына сәйкес болмауыӨрескел бұзушылықтар40
3Фармацевтикалық білімі бар мамандардың білімінің, еңбек өтілінің біліктілік талаптарына сәйкес болмауы, соның ішінде атқарып отырған лауазымына сәйкестігіне аттестациядан өтпеуіӨрескел бұзушылықтар40
4Денсаулық сақтау саласындағы наркотикалық құралдар, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, өткізу, қолдану, жою ережелерін бұзуӨрескел бұзушылықтар40
5Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын өндіру, сатып алу, сақтау, жарнамалау, өткізу, қолдануӨрескел бұзушылықтар40
6Сертификациялаудан өтпеген дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сатып алу, сақтау, өткізу, қолдануӨрескел бұзушылықтар40
7Жалған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын өндіру, сырттан әкелу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жарнамалау, өткізу, қолдануӨрескел бұзушылықтар40
8Өндірілген және әкелінген дәрілік заттардың құрамында Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосымша заттарды қолдануӨрескел бұзушылықтар40
9Тиісті өндіріс тәжірибиесі жағдайында жасалған дәрілік субстанциялардан басқа, Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік субстанцияларды немесе жартылай өнімдерді қолдануӨрескел бұзушылықтар40
10Ұйымның өнім стандартында көрсетілген стандарттау бойынша нормативтік құжатқа сәйкес емес өндіру үдерісінде қосымша заттарын шығыс және буып-түю материалдарын пайдалануӨрескел бұзушылықтар40
11Шығарылатын дайын өнімдерді медициналық немесе фармацевтикалық қызмет түрін жүзеге асыру құқығына лицензиясы жоқ тұлғаларға сатуӨрескел бұзушылықтар40
12Белгіленген сапа талаптарына сәйкес болмауы анықталғанда немесе болжанғанда өндірілген және сатылған дайын өнімнің кез-келген сериясын қайтарып алу жүйесінің болмауыӨрескел бұзушылықтар40
13Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру және сапасын бақылау тәртібінің бұзылуыӨрескел бұзушылықтар40
14Сынақтарды жүргізу және дәрілік заттарды сақтау және қайта бақылау мерзімін бекіту тәртібінің бұзылуыӨрескел бұзушылықтар40
15Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау ережесінің бұзылуы, соның ішінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде қолдануға нұсқаулықтарының, медициналық техникасы үшін пайдалану құжатының болмауыӨрескел бұзушылықтар40
16Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сырттан әкелу ережелерінің бұзылуыӨрескел бұзушылықтар40
17Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау шарттарының бұзылуыӨрескел бұзушылықтар40
18Жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау, өткізу, қолдануӨрескел бұзушылықтар40
19Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қабылдау және өткізу кезінде бақылаудың жүргізілмеуіӨрескел бұзушылықтар40
20Ілеспе құжатын толтыруға қойылатын талаптардың сақталмауыӨрескел бұзушылықтар40
21Сәйкестік сертификаттарының немесе көшірмелерінің болмауыӨрескел бұзушылықтар40
22Дәрілік заттарды босатудың жоғары бір реттік және тәуліктік нормаларының бұзылуыӨрескел бұзушылықтар40
23Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережелерінің бұзылуыӨрескел бұзушылықтар40
24Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу ережелерінің бұзылуыӨрескел бұзушылықтар40
25Медициналық ұйымдарда ТМККБК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын есепке алу ережелерінің бұзылуыӨрескел бұзушылықтар40
26ТМККБК шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын қолдану (белгілеу) тәртібінің бұзылуыӨрескел бұзушылықтар40
27ТМККБК шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын сатып алу ережесінің бұзылуыӨрескел бұзушылықтар40
28Медициналық ұйымның формулярлық комиссиясының болмауыӨрескел бұзушылықтар40
29Медициналық ұйымның бекітілген дәрілік формулярының болмауыӨрескел бұзушылықтар40
30Медициналық ұйымның қаржысының есебінен сатып алынған дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын есепке алу мен сақтау тәртібінің бұзылуыӨрескел бұзушылықтар40
31ТМККБК шеңберінде жедел, стационарлық, стационар алмастырушы көмектер көрсетуге арналған дәрілік заттарды арнайы таңбаламауӨрескел бұзушылықтар40
32Рецептілер жазбау немесе қате жазуӨрескел бұзушылықтар40
33Дәрігердің рецепті бойынша босатуға арналған дәрілік заттарды рецептісіз өткізуӨрескел бұзушылықтар40
34Фармацевтикалық білімі бар мамандардың тиісті мерзімде біліктілікті арттыру курстарын өтпеуіОрташа бұзушылықтар5
35Дәрілік заттардың жанама әсерлерінің мониторингін жүргізбеуОрташа бұзушылықтар5
36Дәрілік заттарды қолдануға (белгілеуге) сараптаманың жүргізілмеуіОрташа бұзушылықтар5
37Ауаның температурасын және ылғалдылығын анықтауға арналған құралдардың болмауыОрташа бұзушылықтар5
38Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасының сериялық есебі, соның ішінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарамдылық мерзімінің есебі жүргізілмеуіОрташа бұзушылықтар5
39Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасын жоюдың ережесінің бұзылуыОрташа бұзушылықтар5
40Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы жарнамалау ережесінің бұзылуыОрташа бұзушылықтар5
41Температуралық режим мен ылғалдылықты өлшеу құралдарының көрсеткішін тіркеу журналының болмауыЕлеусіз бұзушылықтар1
42Халықтың танысуы үшін ыңғайлы жерде фармацевтикалық қызметке лицензиясының және оған тиісті қосымшаның көшірмелерінің орналаспауыЕлеусіз бұзушылықтар1
43Нормативтік құжаттар мен анықтамалық әдебиеттердің болмауыЕлеусіз бұзушылықтар1
44Ескертпе жазулар мен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінің телефондары және мекен-жайы, фармацевтикалық анықтама қызметінің телефон нөмірлері туралы ақпараттардың болмауыЕлеусіз бұзушылықтар1

Ескерту: ТМККБК – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы айналысы салаларындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне 2–қосымша

нысан

Бекітемін ________________________________ (облысының, Алматы, Астана қ.қ.) Бас фармацевтика инспекторы ______________________________ (Тегі, аты, әкесінің аты, қолы) _____жылғы «____» ____________

Тексеру жиілігін белгілеу үшін бақылау субъектісінің тәуекел дәрежесін анықтау есебі ________________________________ нысанның атауы

№Объективті критерий бойынша тәуекел тобыЖиналған баллдар саныСубъективті критерий бойынша баллдар диапазоныТәуекел дәрежесіТексерудің жиілігі
123456

Қорытынды ____________________________________________________________________ (нысанның атауы, оның тәуекел дәрежесі мен тексеру жиілігі жазбаша көрсетіледі) ____________________________________________________________________ Есепті жүргізген маманның тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қолы

Іздеу атаулары: №142 бұйрық, 142-бұйрық, приказ 142, жүз қырық екінші бұйрық, 142 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.