Мақала
Бұйрықтар

№ 361 бұйрық (20.05.2010): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

«Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 мамырдағы N 361 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6291 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 Бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
361
Қабылданған күні
20.05.2010
Актіні өзгерту күні
01.01.2012
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Ескерту. 2012.01.01 бастап күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.11.04 № 786 ( 6-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 88-бабына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 21 қыркүйекте № 5799 тіркелген, 2009 жылы 16 қазанда "Заң газетінде" № 158 (1581) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада : 1,0 өтеу коэффициентімен, белгілі бір аурулары (жай-күйлері) және мамандандырылған емдік-өнімдерімен амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесінде: «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде (субвенциялар)» деген 1-тарау мынадай мазмұндағы жаңа жолмен толықтырылсын:

Барлық санаттарГемобластоздар мен апластикалық анемияны қоса алғандағы онкологиялық ауруларЦитарабин, лиофилизат/инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилденген ұнтақ 100мг
Психикалық ауруларАмисульприд, 100 мг, 200 мг таблетка, қабықшамен қапталған таблетка 400 мг Рисперидон, 1 мг, 2 мг, 3 мг, 4 мг таблетка; ішке қолдану үшін ерітінді 1 мг/мл, 30 мл 1 мг/мл

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Баймұқанов С.А.) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Ж. Досқалиев

Іздеу атаулары: №361 бұйрық, 361-бұйрық, приказ 361, үш жүз алпыс бірінші бұйрық, 361 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.