Мақала
Бұйрықтар

№ 577 бұйрық (30.07.2010): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 577 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6433 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
577
Қабылданған күні
30.07.2010
Актіні өзгерту күні
18.05.2012
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. «Балалар ойындары мен ойыншықтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі 1. Жалпы ережелер
  2. 2. Ойыншықтардың, шикiзаттар мен материалдардың қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  3. 3. Ойыншықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  4. Ойыншықтарды жасап шығаруға рұқсат етiлген және тыйым салынған шикiзаттар мен материалдардың тiзбесi
  5. Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарды жасап шығаруға тыйым салынған шикiзаттар мен материалдар
  6. Ауыр металл тұздарының мөлшерлi нормалары

Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.05.18 № 362 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармақтың 5) тармақшасына және 145-бабының 5) және 19) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. «Балалар ойынына және ойыншықтарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» атты санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекiту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 838 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3320 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 28 қазанда № 135-136 (760) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы Б.Н. Садықовқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 577 бұйрығымен бекітілген

«Балалар ойындары мен ойыншықтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі 1. Жалпы ережелер

1. Осы «Балалар ойындары мен ойыншықтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрi - санитариялық ереже) қызметi балалар ойындары мен ойыншықтарын шығаруға және өткізуге байланысты жеке және заңды тұлғаларға арналған. Санитариялық ереже мыналарға: пиротехникалық ойыншықтарға, ұратын капсулалары бар (балалар ойынына арналған пистондарды қоспағанда) фейерверктерге, шырша әшекейлеріне, iштен жану қозғалтқышы бар ойыншықтарға, ересектерге арналған сувенир бұйымдарға, бас қатырғыштарға, пневматикалық мылтықтар мен тапаншаларға, тас атқыштар мен катапульттерге, метал ұштығы бар лақтыруға арналған жебелерге, ертоқымы жерден 635 миллиметр (бұдан әрi - мм) биiктiктегі велосипедтерге, балаларға арналған әшекейлерге, желіден қуаттанатын ойыншықтарға қолданылмайды. 2. Жеке және заңды тұлғалар осы санитариялық ереженiң талаптарын сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. 3. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: 1) балалар ойындары мен ойыншықтары - табиғи және полимер материалдардан дайындалған балалар ассортименті тауарлары; 2) балл - ойыншық иiсiнiң деңгейiн сипаттайтын бiрлiк; 3) көшу қабiлетi - ойыншық бетінен бастапқы шикiзаттың рецептурасына кiретiн химиялық заттардың бөлiну мүмкіндігі; 4) пайдаланудың үлгіленген жағдайлары - табиғи жағдайға жақын, жасанды жасалған микроклиматтық жағдайлар; 5) табиғи материалдар - балалар ойындары мен ойыншықтарын дайындауға пайдаланылатын шығу тегі өсiмдiктер, табиғат және жануарлар болатын материалдар; 6) сiңiру қабiлетi - балалар кiтаптарындағы баспа бояуының бекітілу бекемдігі дәрежесінің көрсеткiшi; 7) синтетикалық (полимер) материалдар - таскөмiр, мұнай және табиғи газды қайта өңдеу өнімдері болып табылатын синтетикалық жоғары молекулярлық қосындылардан алынатын материалдар.

2. Ойыншықтардың, шикiзаттар мен материалдардың қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

4. Ойыншықтардың қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы № 201 қаулысымен бекітілген «Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес келуі тиіс. Ойыншықтар дайындауға рұқсат етiлген шикiзаттар мен материалдардың тiзбесi осы санитариялық ережеге 1-қосымшада келтірілген. Ойыншықтар дайындау үшін қолдануға тыйым салынған шикiзаттар мен материалдар тiзбесі осы санитариялық ережеге 2-қосымшада келтірілген. 5. Ойыншықтар дайындау үшiн балалар ойыншықтарын дайындау жөніндегі (қайталап өңдеу) ұйымдардың өндiрiстiк қалдықтарын қолдануға жол беріледі. Балалар ойыншықтарын шығару жөнінде маманданбаған басқа кәсiпорындардан түсетін өндiрiстiк қалдықтарды қолдануға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бар болғанда жол беріледі. 6. Егер ойыншық баланың жинауына арналса, онда қолданыстағы санитариялық ереженiң талаптары бала жанасатын ойыншықтың әрбiр бөлiгiне және толығымен ойыншыққа қолданылады. 7. Ойыншықтар өндірісінде ескі-құсқыны қолдануға жол берілмейді. 3 жасқа дейiнгi балаларға арналған ойыншықтарды шығарған кезде табиғи теріні, былғарыны, шыныны, түкті резеңкені, картонды, қағазды қолдануға жол берілмейді. 8. Ерінмен жанасуға арналған әуендi ойыншықтардың сылдырлауықтары мен бөлшектері ылғал мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалдардан дайындалуы тиіс.

3. Ойыншықтарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

9. Барлық өндiрiлетiн, әкелiнетiн және сатылатын балалар ойындары мен ойыншықтары міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық сараптауға жатады. 10. Ойыншықтардың барлық түрiлерінiң иiс деңгейлері екі баллдан аспауы тиіс. 11. Ойыншықтардың сәндік немесе қорғаныш жабындары сiлекейдiң, тердiң және ылғалдың әсеріне төзiмдi болуы тиіс. 12. Ойыншық шығаратын дыбыстың деңгейi мынадан жоғары болмауы тиіс: 1) үй-жайлардың iшiнде ойнауға арналған ойыншықтарда – 65 децибелл (бұдан әрi - дБА) (күйіне келтірілген әуенді ойыншықтардан, үрмелi және дабылды аспаптардан басқа); 2) ашық ауада ойнауға арналған ойыншықтарда – 75 дБА; 3) ойын сәтi (бiр рет ату) ретінде қарқынды шу пайдаланылатын ойыншықтарды – 95 дБА. 13. Үстел үстiне қойып басатын ойындарда мәтiн фон үшін қарама-қарсы түспен жазылуы тиіс. Сандық және әрiптік белгілердің түсі қара немесе қара бедерлi болуы тиіс. Фонның оңтайлы түстерi мыналар: көгiлдiр, жасыл, сарғыш-жасыл, сары, қызыл сары болуы тиіс. Үстел үстiне қойып басатын ойындарындағы қағаздар мен картондардағы бояулар жағылмауы және қолға, жиhазға дақ болып жағылмауы тиіс. 14. Үстел үстiне қойып басатын ойындардағы мәтiн әрiптерiнiң биiктiгi 10 жасқа дейiнгi балалар үшiн кемінде 2,3 мм, 10 жастан жоғары балалар үшiн кемінде 1,75 мм болуы тиіс. 15. 3 жасқа дейiнгi балаларға арналған ойыншықтар мен олардың алынып-салынатын бөлшектерi кемінде 31,7 мм болуы және өлшемдерді анықтау үшін цилиндрге толық кiрмеуi тиіс. Ойыншықтардың алынбайтын бөлшектерi мықты бекiтiлген болуы және үшкiр бұрыштары болмауы тиіс. 16. Баланың ернімен жанасуға арналған ойыншықтардың (ысқырғыш, сырнай және осыған ұқсас өнiмдер) ауаны 10 паскаль (бұдан әрi - кПа) қысыммен кезекпен сорғанда және үрлегенде бөлiнетiн бөлшектері болмауы тиіс. 17. Бесiкке, балалардың төсегiне немесе арбасына пайдалануға арналған ойыншықтардың бауының ұзындығы 300 мм аспауы, ал iлмегiнің периметрiнiң ұзындығы - 350 мм-ден аспауы тиіс. 25 Ньютон (бұдан әрi - Н) күшпен тартқан кезде оралымды баудың ұзындығы 750 мм-ден аспауы тиіс, бұл ретте созылған баудың ұзындығы баудың еркін қалпындағы ұзындығынан 40%-ға аспауы тиіс. 18. Ойыншықтардың бауларында жылжымалы ілмек құруға қабілетті жылжымалы түйiндері немесе сусымалы iлмектері болмауы тиіс. 3 жасқа дейiнгi балаларға арналған ойыншықтар бауларының диаметрi кемінде 2 мм болуы және соңында шар тәрiздi тұтқасы болуы тиіс. 19. Балалар сыйатын және есiгi бар ойыншықтар (ойыншық палаткалар, вигвамдар және басқалары) сыртқа кемінде 50 H күшпен ашылуы және есiгi жабық болған жағдайда желдетуді қамтамасыз ету үшін ойықтары, тесіктері болуы тиіс. Түймелердi, сыдырмаларды немесе осыған ұқсас ілгектерді қолдануға жол берілмейді. 20. Сылдырлауықтар соққыға төзiмдi болуы, сұйықтықпен толтырылған ойыншықтар герметикалық болуы тиіс. 21. Ойыншықтардың қорғаныш-сәндік жабын сiлекейге, терге және ылғалға төзiмдi болуы тиіс. Сылдырлауықтардың бетiн бояуға және жазу жазуға жол берілмейді. 22. Полимер және басқа да синтетикалық материалдардан, қағаздан, картоннан, матадан, ағаштан, теріден, резеңкеден, металлдардан дайындалған ойыншықтардан, материалдардан (пластилиннен, балшықтан, гелден), бояулардан, лактан, әшекей жасауға арналған ұнтақтардан, қарындаштағы графиттен, қаламдағы сиялардан зиянды заттардың бөлiнуі тағам өнiмдерi және орталармен жанасатын материалдар мен бұйымдарға арналған рұқсат етілген деңгейден аспауы тиіс. 23. Балалар ойындары мен ойыншықтарын шығаратын объект баланың денсаулығы үшін қауiпсіз өнім шығаруға кепілдік беруі және өнiмнiң сапасы мен қауіпсіздігін санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды мен сертификаттың болуымен растауы тиіс. 24. Ойыншықтардың тұтыну орамасында немесе жапсырмасында ойыншықтар арналған балалардың жасы көрсетiледі: 1) бiр жасқа дейiн (жас сәбилер); 2) бiр жастан 3 жасқа дейiн (бөбектер); 3) 3 жастан 6 жасқа дейiн (мектеп жасына дейiнгi балалар); 4) 6 жастан 10 жасқа дейiн (бастауыш сыныптағы); 5) 10 жастан 14 жасқа дейiн (орта сынып жасындағы). 25. Ойыншықтарды дайындауға және сатуға байланысты қызметкерлер жұмысқа кірер алдында және кейіннен мерзімдік медициналық тексеруден өтеді. 26. Сатушы мен сатып алушыға балалардың ернімен жанасуға арналған ойыншықтарды көрсеткен кезде оларды ауыздарына салуға жол берілмейді. Сатушыда мiндеттi түрде көрсететiн үлгi болуы тиіс. 27. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама (зерттеу) үшiн: өнiмге нормативтiк техникалық құжаттама, ойыншықтардың үлгiлері (кемінде 3 дана) және қолданылатын материалдардың рецептурасы ұсынылуы тиіс. Құжаттардың үлгiлері мен көшiрмелері қайтарып берiлмейдi. Ойыншықтардағы ауыр металдардың болу нормалары осы санитариялық ережеге 3-қосымшада көрсетiлген. 28. Осы санитариялық ережеге сәйкес келмейтiн ойыншықтар анықталған кезде «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңында белгіленген тәртіппен оларды шығаруға және сатуға жол берілмейді (тоқтатылады).

« Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар» туралы санитариялық ережелерге 1-қосымша

Ойыншықтарды жасап шығаруға рұқсат етiлген және тыйым салынған шикiзаттар мен материалдардың тiзбесi

Шикiзаттар және материалдардың атауларыНормативтік құжаттар
1. ПCК-111, ПCM-115, ПСМ-118, ПCM-151 белгiсiндегi полистиролТЖ 6-05-1871-79
2. ПСС-500 белгiсiндегi полистиролТЖ 6-05-190-1-81
3. Төменгi қысымды: 272-74, 276-73, 277-73, 72 белгiсiндегi полиэтилен (тағам өнiмдерiнiң барлық түрiне қолданылуға арналған)ТЖ 6-05-1870-84
4. 11104-030, 11306-075 белгiсiндегi совилен (винилацетаты бар полимерлес пилен)ТЖ 6-05-1636-78
5. УП-457 белгiсiндегi полистиролЮгославия
6. УП-"Норсолор" полистиролыФранция
7. "POLYREX" белгiсіндегi полистирол"СН/МЕ JNDLISTR JAZ СО"
8. Полистирол"DОW", Швейцария
9. Полистирол"Доку", Югославия
10. "Scopyrol PS-C5 16" белгiсiндегi полистиролГермания
11. "Литвин" фирмасының акраваксыФранция
12. АБС-МО602Л пластигiТЖ 6-05-2022-86
13. "Gedex" белгiсiндегi полистиролФранция
14. Винилистен жасалған былғарыТЖ 17-21-475-83
15. Соққыға төзімді УПC-0508 Л полистиролыОСТ 6-05-406-80
16. УПС-225 Д полистиролыТЖ 6-05-1901-81
17. 368 Р белгiсіндегi полимерлес Луран"БАСФ", Германия
18. 790, 867 E белгiсiндегi полимерлес Тайлир"Дау Кемикл", АҚШ
19. 747C (қызыл түстi) типтi АВС пластигi, "магнум" 2020 белгiсiндегi сұр, ақ, пiл сүйегi, «стайлак»-қызыл сары 6575561"DОW", Швейцария
20. 2%-ды СЗЛ пенокон белгiсiндегi көпiршiк тудыратын полистиролТЖ 6-05-22 1-240-25
21. ПВХ - "Сковинил" PVC-684 белгiсiндегi пластизольГермания (VЕВ комбинаты, Хими-верке. Вита)
22. "Синтерал" белгiсiндегi АБС пластигiИталия
23. "EDJSTJR" полистиролыЕ.Е.С Montepozimeri gruppo montedi SОLL
24. "Содетег" фирмасының технология бойынша 071, 201 белгiсiндегi поливилхлорид (балалардың консервi тағамдарының шыны банкiсiне арналған қақпақтар)Франция
25. Дакрил 2ММЕМСТ 6-01-38-81
26. 15203-020 белгiсiндегi ВД полиэтиленiМЕМСТ 16337-77
27. 277-73 белгiсiндегi НД полиэтиленiТЖ 6-05-1570-84
28. 270, 271, 272, 273, 275, 276, 277, 279, 222, 224 белгiсiндегi полимерлеу бойынша газофазды әдiсiнiң төменгi ДВП полиэтиленi (тағам өнеркәсiбiнде қолдануға рұқсат етiлген полиолефин құрамындағы антиоксиданттармен тұрақтандырылған)ТЖ 6-05-1870-84
29. УПС-080 1 белгiсiндегi полистиролМЕМСТ 6-05-4406-20
30. Соққыға төзiмдi: SB-E, SB-NE белгiлерiндегi және жалпылай қолдануға арналған РS-S белгiсiндегi полистирол"Stumer Oy" Жапония
31. 2710 белгiсiндегi соққыға төзiмдi полистирол"БАСФ", Германия
32. "Мослен" белгiсiндегi полистиролЧехословакия
33. Мөлдiр және ақ түстi "Мостен", қызыл түстi "Мостен" белгiсiндетi полипропиленЧехословакия
34. Жасыл, қызыл және сары түстi "Моплен" белгiсiндегi полипропиленИталия
35. "Кастилен M240" белгiсiндегi полипропиленИталия
36. Төмен қысымды "Пекема" белгiсiндегi полиэтиленФинляндия
37. ДМД8-5 140 белгiсiндегi төмен қысымды полиэтилен
38. "Хостилен" РР УР 1080 белгiсiндегi полипропилен"XexcT" Германия
39. Поливинилхлоридтi үлдiр"Канека Beлд-жим", Бельгия
40. Поливинилхлоридтi үлдiр"Джон Вэддинг тон", Англия
41 ЕР-Х белгiсiндегi пенополистирол"Cumep Oy" Финляндия
42. 466-Z белгiсiндегi соққыға төзiмдi полистирол"БАСФ", Германия
43. Қапталған алюминий фольга (фольга-полиэтилен)"ЛоисT ПасT", Англия: "Рибер и сын", Швейцария
44. "Комбитерм-РА", "Комбитерм HXX" және "Валопласт" үлдiрi"Вальсроде" Германия
45. 281-73, 281-75, 187-75, 291-73 (ТУ 6-05-05-285-86) белгiсiндегi HД полиэтиленiТЖ 6-05-1899-90
46. Д-23кс белгiсiндегi ПВХ пластиканы
47. Meталлопластқа арналған уытсыз поливинилхлоридтi үлдiр (металдан жасалған ойыншықтардың бетiн қаптауға арналған)ТЖ 6-01-998-75
48. Соққыға төзiмдi УПМ 0503Л, УПМ 0508, 0503, УПС 0803 полистиролМЕМСТ 6-05-406-80
49. Көлемдi ойыншықтарға арналған (соққыға төзiмдi стирол, метилметакрилат және полибутадиендi көк сағыз полимерлес) МСП пластикTЖ 6-05-626-76
50. С белгiсiндегi стирол, акрилонитры және метилметакрилат полимерлесМЕМСТ 12271-76
51. АБС-М пластигi (ересек балаларға арналған ойыншықтарды жасап шығару кезiнде)ТЖ 6-05-1587-74
52. 17703-010 белгiсiндегi, 10803-020, 10313-11513-070, 15712.20 белгiлерiндегi ВД полиэтиленМЕМСТ 16337.77
53. 20908-040 белгiсiндегi (01, 04, 17, 21 рецептураларындағы) 20508-007 белгiсiндегi (01, 04, 17, 21)МЕМСТ 16338-77
54. Ф-1 ФторлоныТЖ 6-05-559-74
55. № 107 10706-075 белгiсiндегi винилацетаты бар полимерлес этиленТЖ 6-05-1636-73
56. "Styroa" белгiсіндегi полистиролШвейцария
57. "Астролон" белгiсiндегi винипрозаГермания
58. "Gedex" белгiсiндегi полистиролФранция
59. "у" белгiсiндегi (7Д. этиленi негiзiнде жасалған MEMCT-16337-77), 10803-020, 15303-003 белгiлерiндегi ыстықты түсiретiн полиэтилендi үлдірТЖ 6-05-051-79-74
60. ВУ, У-1, У-2 белгiсiндегi поливинилхлоридтi "Повиден" қаптамалы үлдiрТЖ 6-01-1036-76
61. П-73ЭМ. П-73ЭM1, ЭП-73 рецептурасындағы "Поливинилхлорид" үлдірТЖ 6-01-1009-75
62. Полиэтиленполиамид үлдiрi (ПЭ-ПА)ТЖ 6-05-051-121-77
63. Бiр жақ бетi (нитролакпен) боялған целофан фольгa-полиэтилен (Ц-Ф-ПЭ)ТЖ 6-17-051-289-80
64. "Дау Кемикал" фирмасының 455 белгiсiндегi полистиролЮгославия
65. "Фина" фирмасының 82 E полистиролыФинляндия
66. Рецептураның пигменттерi мен бояғыш заттардың жоғарғы қанықпалары: 001, 002, 108, 138, 129, 307, 308, 410, 407, 474, 504, 505, 506, 508, 510, 512, 524, 557, 601, 701, 705, 706, 709, 714, 715, 716, 801, 803, 805, 806, 899, 900, 902, П-202, П-404, П-502, П-503, П-507, П-704, П-804ТЖ 6-05-1980-84
67. Қоңыр эмаль (ЭСП-210 фритта негiзiнде жасалған)МЕМСТ 24405-80
68. RR-2 белiгiсiндегi финдiк пигменттi титанның қос тотығы
69. Кем дегенде 5% болатын СКП-118, 119, 805, 710, СКП-105, 501, 503, CКП-716, 717 белгiлерiндегi (массадағы НД және ВД полиэтиленiн бояу үшiн) пигменттердiң жоғарғы қанықпаларыТЖ 6-05-223-86, ТЖ 6-05-149-81, ТЖ 6-05-05-292-87
70. 501 рецептурасындағы пигменттердiң жоғарғы қанықпасы (көгiлдiр фталоцианиндi 0,7%-ды пигмент, титанның қос тотығы - 38,9%, ПСС-500 белгiсiндегi полистирол - 24%, ГЭК (алкан - 120) - 36,4% (полистиролды бояуға арналған)
71. Ақ СКП 001, қызыл СКП 102 және 100, СКП 802 сұр, СКП қара (полипропилендердi бояуға арналған) пигменттердiң жоғарғы қанықпасы
72. Жоғарғы қанықпалы пигменттер құрамындағы (полистиролды пластиктердi бояуға арналған) шайыршықтың глицериндi эфирi (алкал-120)
73. Пигменттердiң жоғары қанықпалары: СКП 001. СКП 103. СКП 802. СКП 901.СКП 102. СКП 503. СКП 204.ТЖ 6-05-149-81
74. Пигменттердiң жоғары қанықпалары-молекуласы төмен полиэтилендi балауызбен пигменттердiң қоспасы 1:1 еселiгiнде рұқсат етiлетiн
75. МЧ-52 лакТЖ 6-10-767-80
76. Титанның қос тотығыМЕМСТ 98-8-80
77. Темiр тотықты қызыл пигментTЖ 6-10-602-77
78. Сары кронМЕМСТ 478-80
79. СК лағыл лагыМЕМСТ 7436-74
80. НЦ 218, НЦ 224 нитролагыMEMCT 4776-76
81. НитроэмальдарMEMCT 5406-73
82. 646 ерiткiшiМЕМСТ 18168-72
83. Май ерiтетiн сары Ж, май ерiтетiн қызыл Ж, Ии 218 нитролагы бояғыштардың негiзiндегi бояуларТЖ 6-14-ДХ-75, ТЖ 6-14-716-76, МЕМСТ 4976-76
84. "Винилин" белгiсiндегi бояулар"Садолин" Финляндия
85. ТПХВ бояуларыTЖ 29-02-888-79
86. Поливинилхлоридті ПBX-716 ұнтақты бояуыТЖ 6-10-1706
87. МЛ 242 эмалiMEMCТ 10982-75
88. ФЛ-559 (3-30-59) лагыМЕМСТ 4147-80
89. ЭП-527Х лагыТЖ 6-10-12.16.82.
90. Қалбырдағы ЭП-547 лагыТЖ 6-10-1395-73
91. ЭП 547 М лагыТЖ 6-10-12-38-78
92. ЭП-547/ЭП-51 95/ФЛ/-559; ЭП-547/ЭП-51 47 ал/ ФЛ-559; ЭП-51-47 ал/ФЛ-559ТЖ 6-10-1395-73. ТЖ 6-10-11-351-6-80. МЕМСТ 14147-80, ТЖ 6-10-1498-75
93. ЭП-5147 ал эмалi; ЭП-547. ЭП-547M; ФЛ-559; ЭП-527Х лактары (эмаль мен лактардың үйлесiмiн бiр немесе екi қабат)ТЖ 6-10-1498-75, ТЖ 6-10-1395-73, ТЖ 6-10-12-38-78 МЕМСТ 14147-80, ТЖ 6-10-11-335-6-79
94. ЭСП-117 (СТ-17) силикатты эмальМЕМСТ 24405-80
95. Шыны тәрiздi БС-20 сары және жасыл эмалi
96. 25, 54, Э-1; 2ОН, 92Т, 105T, 301-3, 25-32, 25-32Л белгiсiндегi шыны эмальдарыТЖ 26-01-149-78 ТЖ 26-01-461-72
97. ЭСГ-21 (СГ-21Л), ЭСП 117 (CT-17), CГ-21 белгiдегi эмальдарMEMCT 2440580
98. Т-174 және У-21 белгiсiндегi эмальдар
99. В-ЭП-2100 эмалiTЖ 6-10-1502-79
100. ЖБ қызыл лагы (ДКМ-0,5 мг/л)МЕМСТ 8573-77
101. 2020-33 сериясының темiрден жасалған ойыншықтарды бояуға арналған бояуыТУ 29-02-872-79
102. 12000-12000-331, 12000-531. 12000-01 (қаңылтырдың бетiне басу үшiн) сериясындағы офсеттi бояуларТЖ 29.02.851-78
103. Май ерітетiн индулин (пластмассаны бояуға арналған) (ДКМ-1,2 мг/л)МЕМСТ 4770-77
104. Дибутилсебацинат, бутилстеарат, диоктилфталат, мырыштың стеараты, стеарин қышқылы, кальцидiң стеаратыМЕМСТ 8728-77 МЕМСТ 9419-78 ТЖ 6-14-722-76
105. Жоғары дәрежеде тазаланған минералды майлар (ВММ) және нафталды компрессорлы (HКM-40)
106. Увитекс ОБ ағартқышы (0,1 % аспайтын мөлшерде пластамассалардың композицияларына енгiзiледi)
107. Синтамид-5 (пластмассаларға антистатикалық қоспа ретiнде)ТЖ 6-02-640-76
108. ФАУ-13 стабилизаторы (AБC-пластиктерiн және полиэтилендi өндiргенде қолданылады)ТЖ 6-14-22-129-75
109. Стабилизатор 4-метил-2,6-дитреттi бутилфенол (2,6-лық паракревил, бутилденген гидроокситолуол, ионол, алкифен БП, апидол-1)
110. Стафор-10 (полимерлi материалдар стабилизаторы)
111. 52-469, 52-470, 6а-1, 6а-2, 52-446 (СКН-26 бутадиеннитрилды синтетикалық көксағыз негiзiнде) белгісіндегі резеңке
112. 52-563 белгiсiндегi резеңке
113. 5C-2 (СКЭП этиленпропилендi синтетикалық көксағыз негiзiнде) белгiсiндегi резеңке
114. П-4, Т-193, 1840, 1843 белгiсiндегi резеңке
115. T-199, 1743, 6306-VII белгiсіндегi резеңке
116. 52-107, 52-111, 52-07а, КП-339 (ТК табиғи көксағыз негiзiндегi), СЛД-ЛП (бензиннiң 25%-ды ерiтiндiсiнде) белгiсiндегi резеңке
117. 52-530 (СКП-26М. МЕМСТ 7738-79 бутадиеннитрилды синтетикалық көксағыз негiзiнде) белгiсiндегi резеңке
118. ИРП-1338 (СКТВ силоксанды синтетикалық көксағыз негiзiнде) белгiсiндегi резеңке
119. ИГП-1338 және ИP-1344 (СКТВ силоксанды синтетикалық көксағыз негiзiнде) белгiсiндегi резеңке қоспалары
120. Б-22 (TК табиғи көксағыз және натрий-бутадиендi CКB синтетикалық көксағызы негiзiндегi) белгiсiндегi резеңке
121. ГTЦ-7 (бутадиендi СКД синтетикалық көксағызы негiзiндегi) белгiсiндегi резеңке
122. С-482 (силоксанды СКТВ синтетикалық көксағызы негiзiндегi) белгiсiндегi резеңке
123. Табиғи латекстi қоспа ("Ревультекс", антиоксидант Н-Г-22-46, ұйытатын казеин аммонидiң су тотығы, су)
124. ММ-2 белгiсiндегi борМЕМСТ 21-10-74
125. МТД-1 борыТЖ 21 РСФСР 763-79
126. БС-30 белгiсiндегi ақ күйеМЕМСТ 18307-78
127. А белгiсiндегi тальк., 1 сұрыптағы рецепт
128. Кореялық тальк
129. ГТМ-4011, ПМО-95Н белгiсiндегi техникалық көмiртегiТЖ 38-1528-77 ТУ 38-11535-77
130. ДГ-100, ПМ-75 белгiсiндегi техникалық көмiртегi (күйе)МЕМСТ 7885-77
131. ПМ 0-101H белгiсiндегi техникалық көмiртегiТЖ 38-11-555-76
132. Этилциматтың вулкандауын жылдамдатқыш
133. Үшiншi құрамы ретiнде СКЭПТ-Э белгiсiндегi этилдиенобормен бар этилен пропилендi үштiк синтетикалық көксағызТЖ 38-103252-79
134. СКЭПТ-Э белгiсiндегi этиленпропилендi синтетикалық көксағыз
135. СКЭП белгiсiндегi этиленпропилендi синтетикалық көксағызТЖ 38-103252-79
136. ПС-04 резеңкесi: СКЭП-40, 50-100,0; күкiрт-0,3; пероксимон p-40 - 6,0; бензой қышқылы - 2,0; үшкөмiртек П-702 - 50,0; үш көмiртек П-324-50.0; И-8А индустриалды майы; 15,0; төмен молекулярлы полиэтилен - 10,0
137. СКИ-ЗЗАМ 11 синтетикалық көксағызы
138. 52-446с белгiсiндегi резеңке (CКH-26CМ - 100,0 көксағызы; күкiрт-1,5; Р-экстра Н вулкацитi - 0,9; мырыш ақсырлары - 5,0; стеарин қышқылы - 0,2; үшкөмiртек ІІ-701-40,0; үшкөмiртек К-354 - 10,0; ДОФ-25; фригит - 10,0)
139. СКИ-5 изопрендi көксағыз
140. ПС-23: CКН-40М-100.0 белгiсiндегi резеңке сульфенамидi Ц-0,1: күкiрт-2,5; мырыш ақсырлары-3,0; стеарин-2,0; каолин-30,0; бензой қышқылы-1,0; үшкөмiртек К-354-60,0; үшкөміртек П-702-60,0; төмен молекулярлы полиэтилен-10,0
141. 374 белгiсiндегi резеңке СКД-ЛБС -100,0 көксағызы; күкiрт-2,5; күйдiрiлген магнезия-7,0; стеарин қышқылы-2,0; үшкөмiртек ПМ-75 (ПМ-40Н)-70,0; бор - 80,0; вазелин майы -20,0
142. CКД-Л250 полибутадиендi көксағызы (УПM, УПС, АБС, МСП- полистиролы, пластиктердiң ұруға төзiмдi сұрыптарын синтездеуге арналған)ТУ 38.4037-87
143. 5П-815: CКИ-3 100,0 резеңке сульфенамид Ц-1,0; техникалық күкiрт - 2,5; бор-20,0; мырыш ақсырлары - 5,0; стеарин қышқылы - 2,0; И-8А индустриалды майы -5,0 үшкөмiртек ГД-100 - 10,0
144. CФ-10-21 резеңке СКН-18M көксағызы - 100,0; пероксимон Г-40, мырыш ақсырлары - 5,0; стеарин қышқылы - 0,2; БС -50 күйесi- 50,0; ацетоамид Р-1,0, диоксинафталат - 10,0; олигоэфиракрилат МГФ-9- 10,0
145. СФ-10-21 резеңке СКЭПТ-40 көксағызы - 100,0 үшкөмiртек П-514 - 90,0; пероксимон E-40-5,5; мырыш ақсырлары -3,0; И-8А вазелин майы - 19,0; ИЭГ-115-2,5; колаксол - 6,0
146. Резеңке 374: СКД-ЛБС көксағызы -100,0; күкiрт -2,5; магнезия- 7,0; стеарин қышқылы - 1,0; үшкөмiртектi ПМ-75H - 70,0; бор - 10,0; вазелин майы - 20,0
147. Ашық түстi гейландит толықтырғышы

«Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар» туралы санитариялық ережелерге 2-қосымша

Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарды жасап шығаруға тыйым салынған шикiзаттар мен материалдар

Шикi заттар мен материалдардың атауыТыйым салудың себептерi
1. 10-09-СФ резеңкесiРұқсат етiлген көлемiнен жоғары дифенилгуанидиннiң жанасқан ортаға көшуi
2. 52-782 резеңкесіЖанасатын модельдi ортаның және рұқсат етiлген деңгейiне жоғары тиурам, каптакс, цинк ионының болуы түйсiктiк көрсеткiштер тұрғысынан қанағаттанарлықсыз
3. 52-782-1 резеңкесiЖанасатын модельдi ортаның және рұқсат етiлген деңгейiнен жоғары тиурам, каптакс, мырыш иондарының болуы түйсiктiк көрсеткiштер тұрғысынан қанағаттанарлықсыз
4. М2Т, МЕМСТ 6-17-72 белгiсiндегi мыс түтiкМыстың тоттануы және ауыр металл тұздарының жанасқан ортаға көшуi
5. Резеңке өндiрiсiндегi атактикалы полипропиленУыттылығы
6. 81-22 белгiсiндегi резеңкеРұқсат етiлген деңгейден тиурам және циматтың көп бөлiнуi
7. Ыдыс-аяқ, шаруашылық бұйымдарын жасауға арналған мырышталған болат
8. МЕМСТ 6-14-40-82, "В" қызыл-қоңыр пигментiПигменттiң канцерогендi қасиетi және оның боялған жерден бөлiнуi
9. "2М" қайталанған дакрилiМеталдар иондарының бөлінуі
10. 20908-040, MEMCT 16337-77 белгiсiндегi төмен қысымдағы полиэтиленМырыш және қорғасынның бөлiнуi
11. 10803-070, 11503-070 белгiсiндегi жоғарғы қысымдағы полиэтиленМырыш және қорғасынның бөлiнуi
12. ЭЖК және ЭЖР белгiлерiндегi электролиттiк балқыту арқылы жасалатын ақ қаңылтырМодельдiк ерiтiндiлердiң сыртқы түрлерiнiң үлгiлермен жанасқан кездегi өзгерiсi және олардан хром мен күшәннiң бөлiнуi
13. ХЖК хромдалған қаңылтыр
14. ФДБ бояуларынан болатын таттанбайтын бояулар (Германияда шығарылған)Мырыш хроматының уыты жиынтығының болуы
15. ПОС-2 дәнекерлегiшiҚорғасынның көп мөлшерiнiң модельдiк ортаға бөлiнiлуi
16. ЛС59-1 белгiсiндегi жезҚорғасынның модельдiк ортаға бөлiнуi (сүт қышқылының әлсiз ерiтiндiсi)
17. "Мостен" 52.512 және 55.222 полипропиленіТүйсiктiк көрсеткiштердiң өзгеруi
18. ЛЦ-400 белгiсiндегi жезMoдельдiк ортаға мыс және мырыштың бөлiнуi, түйсiктiк қасиетiнiң өзгеруi
19. Фталацианиндi жасыл пигментКанцерогендi әсерi
20. СКП 301, 401, 412 пигменттерiнiң жоғарғы қанықпасыҚұрамына кiретiн пигменттердiң канцерогендi әсерi
21. Алқызыл, бордо, қызыл, 4ЖВ, қызыл-қоңыр түстi пигменттерБекітудiң нашар болуы және ортаға бөлiнуi
22. Сұр, көгiлдiр және ақшыл cұp түстi АС-1171 "Г" белгiсiндегi акрильдi-силиконды эмальДКМ-нен жоғары мөлшерде берiлген дифенилпропан және бутамолдың бөлiнуi

«Балаларға арналған ойындар мен ойыншықтарға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар» туралы санитариялық ережелерге 3-қосымша

Ауыр металл тұздарының мөлшерлi нормалары

Материалдардың атауы1г материалдан бөлiнетiн элементтiң eң көп саны мг.
сурьмакүшәнбарийкадмийxpoмқорғасынсынапселен
Саусақтың көмегiмен түр беру үшiн істелiнетiн массалар мен жағылатын бояулардан басқа материалдар602550075609060500
Саусақтың көмегiмен түр беру үшiн iстелетiн массалар мен бояулар621525050259025500

Іздеу атаулары: №577 бұйрық, 577-бұйрық, приказ 577, бес жүз жетпіс жетінші бұйрық, 577 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.