Мақала
Бұйрықтар

№ 349 бұйрық (03.06.2011): толық мәтін және скачать

Жаңа

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" мен "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында, "Астана медицина университеті" акционерлік қоғамында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 349 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 маусымда № 7042 тіркелді

Бұйрық нөмірі
349
Қабылданған күні
03.06.2011
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында, «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2011/2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 232 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН : 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында, «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Р.Б. Исаева): 1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін, және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын жасалған шарттар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (А.С. Таласпаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 349 бұйрығына қосымша

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында, «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

р/с №Денсаулы қ са қ тау саласында ғ ы білім беру ұ йымдарыБ ө лінген орындарды ң саныМаманды қ ты ң атауыМамандық бойынша бөлінген орындардың саны
12345
1.С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті1000, оның ішінде 680 қазақ тілінде оқитындарЖалпы медицина700, оның ішінде 510 қазақ тілінде оқитындар
Стоматология50, оның ішінде 30 қазақ тілінде оқитындар
Мейірбике ісі60, оның ішінде 40 қазақ тілінде оқитындар
Қ о ғ амды қ денсаулы қ са қ тау50, оның ішінде 25 қазақ тілінде оқитындар
Фармация70, оның ішінде 35 қазақ тілінде оқитындар
Медициналы қ - профилактикалы қ іс70, оның ішінде 40 қазақ тілінде оқитындар
2.«Астана медицина университеті» акционерлік қ о ғ амы800, оның ішінде 470 қазақ тілінде оқитындарЖалпы медицина580, оның ішінде 345 қазақ тілінде оқитындар
Стоматология15, оның ішінде 10 қазақ тілінде оқитындар
Мейірбике ісі30, оның ішінде 10 қазақ тілінде оқитындар
Қ о ғ амды қ денсаулы қ са қ тау160, оның ішінде, 75 қазақ тілінде оқитындар
Медициналы қ - профилактикалы қ іс15, оның ішінде 10 қазақ тілінде оқитындар
3.О ң т ү стік Қ аза қ стан мемлекеттік фармацевтика академиясы600, оның ішінде 480 қазақ тілінде оқитындарФармация130, оның ішінде 85 қазақ тілінде оқитындар
Мейірбике ісі140, оның ішінде 110 қазақ тілінде оқитындар
Қ о ғ амды қ денсаулы қ са қ тау300, оның ішінде, 250 қазақ тілінде оқитындар
Медициналы қ - профилактикалы қ іс30, оның ішінде 20 қазақ тілінде оқитындар

Іздеу атаулары: №349 бұйрық, 349-бұйрық, приказ 349, үш жүз қырық тоғызыншы бұйрық, 349 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.