Мақала
Бұйрықтар

№ 360 бұйрық (06.06.2011): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Медициналық қызметтерді көрсету бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 360 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 27 маусымда № 7045 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 796 Бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
360
Қабылданған күні
06.06.2011
Актіні өзгерту күні
14.11.2012
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Медициналық қызметтерді көрсету саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
  2. Көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары және олардың шектік мәндері
  3. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тексеру парағы
  4. Стационар және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тексеру парағы
  5. Жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тексеру парағы

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.11.14 № 796 (алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 19-бабының 5-тармағына , «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3 , 4-тармақтарына , 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес медициналық қызметтерді көрсету жөніндегі саладағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері; 2) тиісінше осы бұйрыққа 2 , 3 , 4-қосымшаларға сәйкес амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын, жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тексеру парақтарының нысандары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Н.Е. Бейсен): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-қорында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 360 бұйрығына 1-қосымша

Медициналық қызметтерді көрсету саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1. Осы медициналық қызметтерді көрсету саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) көрсетілетін медициналық қызметтер сапасына тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесінің әр түрлі тобына жатқызу үшін әзірленді. 2. Осы критерийлерде келесі ұғымдар пайдаланылады: 1) медициналық қызметтерді саласындағы тәуекел – сапасыз медициналық қызмет көрсету нәтижесінде оның салдарларының ауырлығын ескере отырып, пациенттің денсаулығына немесе өміріне жағымсыз нәтиженің туу ықтималдығы; 2) тексерілетін субъектілер – мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары, ведомстволық қарауына байланысты емес; 3) медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторлары – медициналық қызметтердің тиімділігін, толық болуын және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігінің көрсеткіштері. 3. Тексерілетін субъектіні тәуекел дәрежесінің тиісті тобына жатқызу екі кезеңде жүзеге асырылады. 4. Бірінші кезеңде тексерілетін субъектілер тәуекелдің жоғары, орташа, төмен дәреже топтарына бөлінеді. 5. Ұсынылатын медициналық көмек нысандары және денсаулық сақтау ұйымдары түрлеріне байланысты тексерілетін субъектілер тәуекел дәрежесі бойынша мынадай болып бөлінеді: 1) тәуекелдің жоғары дәрежелі тобына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес стратегиялық бағыттар бойынша (бұдан әрі - стратегиялық бағыттар) стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін, сондай-ақ жедел көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері, санитариялық авиация ұйымдары мен медициналық апаттар саласында денсаулық сақтау ұйымдары жатады; 2) тәуекелдің орташа дәрежелі тобына стратегиялық бағыттарды қоспағанда стационарлық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері жатады; 3) тәуекелдің төмен дәрежелі тобына қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдары, паллиативтік көмек пен мейірбикелік күтім көрсететін ұйымдар; инвазиялық әдістер қолдану және дәрілік заттар және медициналық мақсаттардағы бұйымдар мен медициналық техниканың пайдалану көмегімен косметологиялық көмек көрсететін ұйымдар жатады. 6. Екінші кезеңде тексерілетін субъектілердің тәуекел дәрежесі топтары бойынша бөлу пайыздармен айқындалған, көрсетілген медициналық қызмет сапасының сәйкестік көрсеткіші ескеріле отырып жүзеге асырылады (бұдан әрі – Сәйкестік көрсеткіші). Сәйкестік көрсеткіші көрсетілген медициналық сапаны бағалаудың әрбір индикаторы бойынша пайыздарда көрсетілген медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторларының 100 % және шектік мәндерінің (бұдан әрі - Шектік мән) айырмашылығы ретінде анықталады. Көрсетілген медициналық қызмет сапасын бағалау индикаторлары және олардың Шектік мәндері осы Критерийлерге қосымшаға сәйкес анықталған. Тексеру жүргізуді жоспарлау үшін Сәйкестік көрсеткішінің орташа мәні пайдаланылады. 7. Тәуекел дәрежесінің жоғары тобына жататын тексерілген субъектілер ішінен тексеру жүргізу жоспарына орташа Сәйкестік көрсеткіші бар тексерілген субъектілер кіреді: 50 % және одан төмен; соңғы 3 жыл бойы 50 %-дан 60 %-ға дейін. Орташа және төмен тәуекел дәрежелеріне жататын тексерілген субъектілердің ішінен тексеру жоспарына Сәйкестік көрсеткіші бар тексерілген субъектілер кіреді: 40 % және одан төмен; соңғы 3 жыл бойы 40 %-дан 60 %-ға дейін; 8. Бір тәуекел топтың ішінде субъектілерді тексеру жүргізу жоспарына басымды кіргізуге негіздемелер: 1) соңғы тексеру жүргізілген кезеңнен кейін 18 айдан аса уақыт өткен кезең; 2) алдыңғы тексеру жүргізу кезінде анықталған елеулі бұзушылықтардың бар болуы; 3) ұлттық аккредиттеу туралы куәліктің болмауы болып табылады. 9. Елеулі бұзушылықтарға мыналар жатады: 1) көрсетілген медициналық қызмет түрлерінің (кіші түрлерінің), берілген лицензияға қосымшасының сәйкес келмеуі; 2) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығының бұзылуы; 3) тексерілген субъектілердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну шартының міндеттерін бұзуы; 4) медицина қызметкерінің маман сертификатының болмауы; 5) медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.

Медициналық қызметтерді көрсету саласында тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне 2011 жылғы "__" _______ № __ қосымша

Көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары және олардың шектік мәндері

Р/с №Индикаторлардың атауыӨлшем бірлігіШектік мәні
1. Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары
1Негізсіз емдеуге жатқызу оқиғаларының саныЕсепті кезеңге барлық емдеуге жатқызылғандардың жалпы санынан негізсіз емдеуге жатқызылғандардың пайызыИндикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
2Жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде қайтыс болған оқиғалар саныЕсепті кезеңге жоспарлы тәртіппен барлық емдеуге жатқызылғандардың стационарда қайтыс болған оқиғалардың пайызыИндикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
3Жоспарлы емдеуге жатқызу оқиғаларындағы операциядан кейінгі өлім-жітім саныЕсепті кезеңге жоспарлы тәртіппен барлық операция жасалғандардың ішінде операциядан кейін қайтыс болған оқиғалардың пайызыЖоспарлы емдеуге жатқызу оқиғаларында индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
4Босану кезінде және босанғаннан кейінгі мерзімде қайтыс болған әйелдердің саны, оның ішінде басқару болатын себептерден: - акушериялық қан кету; - гестоздар; - аборттар.Босанған әйелдердің жалпы санынан қайтыс болған әйелдердің пайызыИндикатордың мәні 1 %-дан аспауы тиіс
50-ден 14 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітім жағдайларының саны, оның ішінде есепті кезеңге басқаруға болатын себептер бойынша0-ден 14 жасқа дейінгі балалардың, оның ішінде 0-ден 14 жасқа дейінгі шығарылған балалардың санынан 1 жасқа дейінгі қайтыс болған балалардың пайызы (оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалар)Басқаруға болатын себептер бойынша индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
6Ауруханаішілік инфекция оқиғаларының саныАуруханаішілік жұқпалармен тіркелген оқиғалардың саны/ шығарылғандардың саны 100-ге көбейту1 %-ға дейін
7Қайталап түсу оқиғаларының саны (бір айдың ішінде бір ауру бойынша қайта түсу)Емдеуге жатқызуға қайта түсу саны/есепті кезеңге емдеуге жатқызушылардың жатқызушылардың жалпы санын 100-ге көбейтуИндикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
8Негізгі клиникалық және патологиялық-анатомиялық диагноздар сәйкессіздігі оқиғаларының саныЕсепті кезеңге диагноздар айырмашылығы оқиғаларының саны/барлық патологиялық-анатомиялық зерттеулердің санын 100-ге көбейту2 %
9Өткен жылмен салыстырғанда есепті кезеңге негізделген шағымның жалпы саныЕсепті кезеңге негізделген шағымдардың саны/алдыңғы кезеңге негізделген шағымдардың санын 100-ге көбейтуАлдыңғы кезеңмен салыстырғанда мәні 10 %-ға төмендеуі тиіс
2. Медициналық-санитариялық және консультациялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары
10Есепті кезеңмен салыстырғанда жалпы өлім-жітім көрсеткіші1 000 халыққа шаққанда есептеу көрсеткішіИндикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
11Қан-айналым жүйесінің ауруларынан өлім-жітім көрсеткіші100 000 халыққа шаққанда есептеу көрсеткішіӨз көрсеткішін 1 % төмендету
12Есепті кезеңге бекітілген халық арасындағы ана өлім-жітім оқиғаларының саны, оның ішінде басқаруға болатын себептерден: - акушериялық қан кету; - гестоздар; - аборттар100 000 тірі туғандарға шаққанда есептеу көрсеткішіБасқаруға болатын себептер бойынша индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
13Есепті кезеңге бекітілген аумақта тұратын ұрпақты болу жастағы, оның ішінде экстрагениталды патологиясы бар әйелдердің аборт саныҰрпақты болу жастағы әйелдер саны/аборт саны 1000-ға көбейтуАлдыңғы кезеңмен салыстырғанда мәні 10 %-ға төмендеуі тиіс
14Есепті кезеңге тіркелген халық арасындағы өлім-жітімі саны, оның ішінде басқаруға болатын себептер: - тыныс алу ағзаларының аурулары; - ішек инфекциялары; - туа біткен даму кемістіктері; - перинатальдық кезең себептері1 000 тірі туғандарға есептеу көрсеткішіБасқаруға болатын себептер бойынша индикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
15Алдыңғы есепті кезеңмен салыстырғанда негізделген шағымның жалпы саныЕсепті кезеңге негізделген шағымның саны /алдыңғы кезеңдегі негізделген шағымның санын 100-ге көбейтуАлдыңғы кезеңмен салыстырғанда мәні 10 %-ға төмендеуі тиіс
16Үйде қайтыс болған балалардың көрсеткішіҮйде қайтыс болған балалардың көрсеткіші / 14 жасқа дейін қайтыс болған балалардың санын 100-ге көбейтуӨз көрсеткішін 5 % төмендету
17Артериялық гипертония науқастарын гипертониялық дағдарыс жағдайында емдеуге жатқызу деңгейіАртериялық гипертония науқастарын гипертониялық дағдарыс жағдайында емдеуге жатқызу саны/барлық артериялық гипертензиямен «Д» есепте тұрғандардың санын 100-ге көбейту10 %-дан кем емес
18Халықты профилактикалық флюорографиямен қамтуПрофилактикалық флюорографиямен қамтылған халық саны/тіркелген халық санын 100-ге көбейту60 %-дан кем емес
19Флюорография әдісімен зерттеліп-қаралған тұлғалардың арасында туберкулез науқастарды анықтау көрсеткішіТексеру жоспарлы флюорографиялық зерттеп-қарау кезеңде анықталған туберкулез оқиғаларының саны / тексеру кезеңіне жоспарлы флюорографиялық зерттеп қарау жүргізілген тұлғалар санын 100-ге көбейту60 %-дан кем емес
20Туберкулезбен ауырған науқастардың алғаш анықталғандар арасында асқынған оқиғалардың саныАсқынған туберкулез оқиғалары бар жаңа өкпе аурулары бар науқастардың саны / ересектер мен жасөспірімдердің арасында жаңа өкпе аурулары бар науқастардың санын 100-ге көбейту1,5 %-дан кем емес
21Есепті кезеңге 1-2 сатыдағы қатерлі ісік аурулары бар алғаш анықталған науқастардың саныЕсепті кезеңге 1-2 сатыдағы қатерлі ісік диагнозы алғаш қойылған науқастардың саны / қатерлі ісік диагнозы алғаш қойылғандардың санын 100-ге көбейтуЖеке көрсеткішін жыл сайын 1 % ұлғайту
22Қатерлі ісік аурулары бар 5 жыл және одан көп өмір сүретін науқастар саны5 жыл және одан көп уақыт қадағалаудағы қатерлі ісік науқастарының салыстырмалы салмағы / Қатерлі ісік себебі бойынша «Д» есептегілердің жалпы санын 100 % көбейтуЖеке көрсеткішін жыл сайын 1 % ұлғайту
23Есепті кезеңге тіркелген халық арасындағы акушериялық қан кету себебінен ана өлім-жітімінің саныЕсепті кезеңге тіркелген халық арасындағы акушериялық қан кету себебінен ана өлім-жітімінің саны / жаңа босанғандардың санын 100-ге көбейтуАлдыңғы кезеңмен салыстырғанда 10 % азайту
24Есепті кезеңге тіркелген халық арасындағы гестоздар себебінен ана өлім-жітімінің саныЕсепті кезеңге тіркелген халық арасындағы гестоздар себебінен аналар өлім-жітімінің саны/жаңа босанғандардың санын 100-ге көбейтуАлдыңғы кезеңмен салыстырғанда өз көрсеткішінің 10 % азайту
25Есепті кезеңге тіркелген халық арасындағы аборттар себебінен ана өлім-жітімінің саныЕсепті кезеңге тіркелген халық арасындағы аборттар себебінен ана өлім-жітімінің саны/жаңа босанғандардың санын 100-ге көбейтуАлдыңғы кезеңмен салыстырғанда 10 % азайту
26Қант диабеті асқынуларымен емдеуге жатқызылған, тіркелген халық ішіндегі науқастарды емдеуге жатқызу деңгейінің көрсеткішіҚант диабеті асқынуларымен тіркелген халық ішіндегі емделіп шыққан науқастардың саны *100 / Қант диабетімен тіркелген халық ішіндегі емделіп шыққан науқастардың саныАлдыңғы кезеңмен салыстырғанда қазіргі кезең көрсеткішінің мәнін 10 % азайту
3. Жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін медициналық қызметтер сапасын бағалау индикаторлары
27Бір тәулік ішінде бір ауру бойынша бірінші шақыру сәтінен бастап бір ауру бойынша қайталап шақыру оқиғаларының саны1000 шақыруға есептеу көрсеткішіИндикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
28Науқасқа жету уақытын орташа қалыптасқан уақыттан асыру1000 шақыруға есептеу көрсеткіші200 мыңнан аса халқы бар елді мекендерде көрсеткіштердің мәні 15 %-дан аспауы тиіс және 200 мыңнан кем халқы бар елді мекендерде индикатордың мәні 2 %-дан аспауы тиіс
29Шақыру кезінде бригаданың көзінше болған өлім-жітім1000 шақыруға есептеу көрсеткішіИндикатордың мәні нөлге ұмтылуы тиіс
30Жеткізілгендердің ішінен емдеуге жатқызылғандардың салыстырмалы салмағы1000 шақыруларға есептеу көрсеткішіИндикатордың мәні 5 %-дан аспауы тиіс
31Жедел көмек бригадасы және стационарға емдеуге жатқызылған науқастардың диагноздарының арасындағы сәйкессіздік1000 шақыруға есептеу көрсеткішіИндикатордың мәні 5 %-дан аспауы тиіс
32Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңге негізделген шағымның жалпы саныЕсепті кезеңге негізделген шағымның жалпы саны/өткен жылмен салыстырғанда есепті кезеңге негізделген шағымның жалпы санын 100-ге көбейтуАлдыңғы кезеңмен салыстырғанда мәні 10 %-ға төмендеуі тиіс

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 360 бұйрығына 2 қосымша

Нысан

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тексеру парағы

Құрастыру орны күні «__» ___________20____ж Мемлекеттік органның атауы __________________________________________ Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________ (№, күні) Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________ Субъектінің орналасқан мекенжайы ____________________________________ Ұйым басшысы ________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.)

№ р/сТалаптар тізбесіФакті бойынша көрсеткіштер
123
1Медициналық қызмет көрсету лицензиясының , лицензияға қосымшалардың болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні)
2Дәрігерлермен, орта медициналық қызметкерлерімен толықтырылуы (қызметті атқару коэффициенті) (%)
3Медицина қызметкерлерінде маман сертификаттарының болуы (жалпы дәрігерлер саны %, жалпы орта медицина қызметкерлерінің саны %)
4Мамандар санаттылығының деңгейі (санаттар бойынша %)
5Соңғы 5 жылға біліктілікті арттыру курсынан өту туралы мамандар куәлігінің болуы (қызметкерлердің жалпы саны %)
6Шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың болуы
7Медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану (%) Медициналық жабдықтардың тозуы (%)
8Есепке алу – есептік құжаттау жүргізу сапасы, жұмыс рәсімдерін құжаттау
9Пациенттер мен аурухана қызметкерлерінің инфекциялық ауруларды жұқтыруының алдын алу іс-шаралары: ЖИТС, АИТВ, вирусты гепатит
10Бекітілген тұрғындардың, оның ішінде жұмысқа жарамдылар арасындағы жалпы өлім-жітім көрсеткішінің өсуі немесе төмендеуі
11Бекітілген тұрғындардың арасындағы ана өлім-жітім оқиғаларының саны
12Бекітілген тұрғындардың арасындағы нәрестелер өлім-жітімі оқиғаларының саны
13Аурулардың профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеудің жаңа әдістері мен құралдары
14Жүктіліктің асқынуы профилактикасы мақсатында жүктілікті ерте анықтау (12 аптаға дейін) және уақытын БМСК медициналық бақылауға алу
15Физиологиялық және патологиялық жүктілік кезінде әйелдерге жетекшілік ету
16Перзентханадан шыққан жаңа туған нәрестелерді патронажбен уақтылы және толық қамту
170 ден 5 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда, олардың үйде қайтыс болуы оқиғаларының санының өсуі немесе төмендеуі
18Медициналық көмек стратегиялық болып табылатын аурулардан үйде қайтыс болған еңбекке жарамды тұлғалар санының өсуі мен төмендеуі
19Медициналық көмек басымды болып табылатын аурулар бойынша еңбекке жарамды тұлғалардың алғаш рет мүгедектікке шығу оқиғаларының санының өсуі немесе төмендеуі
20Профилактикалық екпе жүргізу, жоспарлауды бағалау және профилактикалық екпелердің күнтізбелік мерзімін сақтау
21Стационарды алмастыратын технологияларды енгізу (күндізгі стационар)
22Диагностиканың уақтылы жүргізілмеуі және асқынған қатерлі ісіктердің саны
23Алғаш анықталғандар арасындағы асқынған туберкулез формаларының саны
24Медициналық құжаттамалардың сараптамасы (амбулаториялық карталар)
25Ішкі бақылау қызметі (аудит) жұмысының көрсеткіштері: 1) пациенттердің өтініштерін қарау нәтижелері; 2) ұйым бөлімшелері қызметінің тиімділігін талдау; 3) медициналық көмек сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін және жұмыс кемшіліктерді ескерту мен алдын алу және жұмыс кемшіліктерін жоюға бағытталған бағдарламалық шараларды әзірлеу; 4) медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету мәселесі бойынша ұйымдардың қызметкерлерін оқыту және әдістемелік көмек; 5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерін сақтау; 6) диагностика және емдеу хаттамаларын сақтау.
26Іс-шаралардың тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау: 1) медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу; 2) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету; 3) ақылы қызметтерді көрсету ; 4) туу, қайтыс болу және перинаталдық қайтыс болу жағдайларын куәландыратын бастапқы медициналық құжаттамалар нысандарын толтыру және беру; 5) халықаралық аурулардың статистикалық жіктемесіне (ХАЖ-10) сәйкес стационар және стационарды алмастыратын емдеуге жататын аурулар тізбесін сақтау; 6) қалпына келтіре емдеуді және медициналық оңалтуды көрсетуді, оның ішінде және балаларды медициналық оңалтуды ұйымдастыру ; 7) азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын медициналық ұйымдардың құжаттарын толтыру және беру; 8) паллиативтік көмек пен мейірбикелік күтімді көрсету ; 9) денсаулық сақтау ұйымдарында азаматтарға консультативтік-диагностикалық көмек көрсету ; 10) медициналық ұйымдарда қан мен оның қан компонеттерін беру (донация) донорды медициналық зерттеп қарау; 11) халықтың нысаналы топтарын жаппай профилактикалық медициналық тексеріп -қараудан өткізу; 12) бастапқы медициналық–санитариялық көмек ұйымдары деңгейінде ерте жастағы балаларға медициналық көмек көрсету; 13) денсаулық сақтау ұйымдарының туберкулездің жұқпалы формасымен ауыратын, емдеуден бас тартқан немесе қашып жүрген науқастарды анықтау, есепке алу және мәжбүрлеп емдеуге жіберу бойынша іс-шараларды жүргізуі, сондай-ақ туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда болу режімі; 14) бастапқы медициналық–санитариялық көмек көрсету (бұдан әрі - БМСК) азаматтарды БМСК ұйымдарына бекіту; 15) Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету; 16) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету; 17) пациенттерді тегін және жеңілдікті рецептермен қамтамасыз ету; 18) декреттелген контингентке жыл сайынғы жоспарлы профилактикалық тексеріп қарау жүргізу, декреттелген контингентті профилактикалық тексеріп қараумен қамту.

Ескерту: ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы БМСК – бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 360 бұйрығына 3 қосымша

Нысан

Стационар және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тексеру парағы

Құрастыру орны күні «__» _________20____ж Мемлекеттік органның атауы __________________________________________ Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________ (№, күні) Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________ Субъектінің орналасқан мекенжайы ____________________________________ Ұйым басшысы ________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.)

№ р/сТалаптар тізбесіФакті бойынша көрсеткіштер
123
1Медициналық қызмет көрсету лицензиясы , лицензияға қосымшаларының болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні)
2Дәрігерлермен, орта медицина қызметкерлерімен толықтырылуы атқару қызметін (қызметін қоса коэффициенті) (%)
3Медицина қызметкерлерінде маман сертификаттарының болуы (жалпы дәрігерлер саны, % жалпы орта медицина қызметкерлерінің саны %)
4Мамандар санаттылығының деңгейі (санаттар бойынша %)
5Қызметкерлердің соңғы 5 жылға біліктілікті арттыру курсынан өту туралы мамандар куәлігінің болуы (қызметкерлердің жалпы саны %)
6Тіркеу-есеп құжаттамасын жүргізу сапасы, жұмыс үдерісінің құжаттамасы
7Пациенттер мен аурухана қызметкерлерінің инфекциялық ауруларды жұқтыруының алдын алу іс-шаралары: ЖИТС, АИТВ, вирустық гепатит
8Пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтау, АІИ оқиғаларының болуы, АІИ алдын алу үшін қабылданған шаралар
9Медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану (%)
10Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда негізделмеген емдеуге жатқызу оқиғаларының саны (1-3 күнге жатқызу)
11Жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде қайтыс болған оқиғалар саны
12Алдын-ала зерттеп-қараусыз жоспарлы науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі
13Бейінді емес емдеуге жатқызу жағдайларының бар болуы
14Аурулар диагностикасы мен емдеу хаттамасымен емдеу-диагностикалық іс-шараларға сәйкестік деңгейі
15Төсектік қорды тиімді пайдалану көрсеткіштері (төсекте науқастардың болуының орташа ұзақтығы, төсектің жұмысы, төсектің тұрып қалуы, емдеуге жатқызу мерзімдерінің негіздемесіз бұзылуы)
16Операциядан кейінгі асқыну пайызы
17Жоспарлы емдеуге жатқызу жағдайында операциядан кейінгі өлім-жітім
18Ана өлім-жітім оқиғаларының саны
19Нәресте өлім-жітім оқиғаларының саны
20Ауруханаішілік жұқпа көрсеткіші
21Қайта түсу көрсеткіштері (бір айдың ішінде бір аурудың қайталануы)
22Клиникалық және патологиялық-анатомиялық диагноздардың сәйкессіздік оқиғалары
23Профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолдану
24Медициналық айғақтар бойынша қан препараттары және компоненттерімен қамтамасыз ету
25Ішкі бақылау қызметі (аудит) жұмысының көрсеткіштері: 1) пациенттердің өтініштерін қарау нәтижелері; 2) ұйым бөлімшелері қызметінің тиімділігін талдау; 3) медициналық көмек сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін және кемшіліктерді алдын алу және жұмыс кемшіліктерін жоюға бағытталған бағдарламалық шараларды әзірлеу; 4) медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету мәселесі бойынша ұйымдардың қызметкерлерін оқыту және әдістемелік көмек; 5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерін сақтау; 6) Диагностика және емдеу хаттамаларын сақтау
26Іс-шаралардың тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау: 1) жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ; 2) азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету; 3) ақылы қызметтерді көрсету ; 4) бастапқы медициналық құжаттамалар нысандарын толтыру және беру; 5) халықаралық аурулардың статистикалық жіктемесіне (ХАЖ-10) сәйкес стационар және стационарды алмастыратын емдеуге жататын аурулар тізбесін сақтау; 6) қалпына келтіре емдеуді және медициналық оңалтуды көрсетуді , оның ішінде және балалар медициналық оңалтуды ұйымдастыру; 7) азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын куәландыратын медициналық ұйымдардың құжаттарын толтыру және беру; 8) паллиативтік көмек пен мейірбикелік күтімді көрсету ; 9) Қазақстан Республикасы жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ; 10) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан стационарлық көмек көрсететін (бұдан әрі - стационарлар) денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық көмек көрсетуі ; 11) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан стационарды алмастыратын көмек көрсету ; 12) Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету; 13) денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынатын ауруларды емдеу; 14) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету .

Ескерту: ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы АІИ – ауруханішілік инфекциялар ТМККК - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 360 бұйрығына № 4 қосымша

Нысан

Жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған тексеру парағы

Құрастыру орны күні «__» ___________20____ж Мемлекеттік органның атауы __________________________________________ Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________ (№, күні) Тексерілетін субъектінің атауы ______________________________________ Объектінің орналасқан мекенжайы ____________________________________ Ұйым басшысы ________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.)

Р/с №Талаптар тізбесіФактілер бойынша көрсеткіштер
123
1Медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы , лицензияға қосымшаларының болуы (нөмірі, сериясы, берілген күні)
2Дәрігерлермен, орта медициналық қызметкерлерімен толықтырылуы (қызметін қоса атқару коэффициенті) (%)
3Медицина қызметкерлерінде маман сертификаттарының болуы (дәрігерлердің жалпы санынан %, жалпы орта медицина қызметкерлердің санынан %)
4Мамандар санаттылығының деңгейі (санаттар бойынша %)
5Қызметкерлердің соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру курсынан өтуі туралы куәлігінің болуы (қызметкерлердің жалпы санынан %)
6Медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану (%)
7Медициналық жабдықтармен жарақтандыру деңгейлерінің белгіленген нормативтеріне сәйкестік (%) Медициналық жабдықтың тозуы (%)
8Шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың болуы
9Бір ауру түрі бойынша алғашқы шақырудан кейін бір тәулік ішінде бірнеше қайталап шақырудың салыстырмалы салмағы (нақты оқиғалар, талдау)
10Есепті кезеңге жедел көмек бригадасының уақытты асырып келу шақыруларының салыстырмалы салмағы (себептерді талдау)
11Шақырулар кезіндегі қайтыс болу оқиғаларының саны (бригада келгенге дейінгі қайтыс болу, бригада келген кездегі қайтыс болуы)
12Медициналық айғақтарсыз науқастарды емдеуге жатқызуға жеткізудің салыстырмалы салмағы
131 шақыруға жұмсалған уақыт
14БМСК ұйымдарына берілген активтердің салыстырмалы салмағы
15Науқасты емдеуге жатқызу жағдайында жедел медициналық көмек бригадасы мен стационарда қойылған диагноздардың айрымашылығы
16Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғандағы негізделген шағымдардың жалпы саны (шағымдардың туындау себептерін талдау)
17Тіркеу - есеп құжаттамаларын жүргізу сапасы, жұмыс үдерісінің құжаттамасы
18Ішкі бақылау қызметі (аудит) жұмысының көрсеткіштері: 1) пациенттердің өтініштерін қарау нәтижелері; 2) ұйым бөлімшелері қызметінің тиімділігін талдау; 3) медициналық көмек сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін және жұмыс кемшіліктерінің алдын алу мен кемшіліктерін жоюға бағытталған бағдарламалық шараларды әзірлеу; 4) медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету бойынша қызметкерлерді оқыту және әдістемелік көмек; 5) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерін сақтау; 6) диагностика және емдеу хаттамаларын сақтау.
19Іс-шаралардың тәртібін реттеуші нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау: 1) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ; 2) медициналық қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу; 3) Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету; 4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету ; 5) бастапқы медициналық құжаттамалар нысандарын толтыру және беру; 6) халықаралық аурулардың статистикалық жіктемесіне (ХАЖ-10) сәйкес стационар және стационарды алмастыратын емдеуге жататын аурулар тізбесін сақтау.

Ескерту: БМСК – бастапқы медициналық санитариялық көмек көрсету.

Іздеу атаулары: №360 бұйрық, 360-бұйрық, приказ 360, үш жүз алпысыншы бұйрық, 360 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.