Мақала
Бұйрықтар

№ 379 бұйрық (09.06.2011): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнің м.а. 2011 жылғы 9 маусымдағы № 379 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 19 шілдеде № 7072 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 804 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
379
Қабылданған күні
09.06.2011
Актіні өзгерту күні
28.12.2015
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері
  2. 1. Жалпы ережелер
  3. 2. Мемлекетті санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің тәуекелдерін айқындау және тәуекелдер топтарына жатқызу критерийлері
  4. Тәуекелдер дәрежесіне байланысты топтары бойынша бақылау объектілерін бөлу, тексерулер мен зертханалық-аспаптық зерттеулердің базалық жиілігі
  5. 1 топ – тәуекел дәрежесі жоғары объектілер
  6. 2 топ – тәуекел дәрежесі орташа объектілер
  7. 3 топ – тәуекел дәрежесі елеусіз объектілер
  8. 1-топтың объектілері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
  9. 1. Балалардың сүт асүйлері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
  10. 2. Балаларды сауықтыру ұйымдары үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (маусымдық, жыл бойы)
  11. 2-топ объектілері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
  12. 1. Сумен жабдықтау көздері, су құбыры құрылыстары мен желілері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
  13. 2. Интернат ұйымдары үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
  14. 3. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілері, оның ішінде перинаталдық орталықтар, перзентханалар, гинекологиялық бөлімшелер, хирургиялық стационарлар, бөлімшелер, операциялық блоктар, инфекциялық, туберкулез ауруханалары үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
  15. 4. Қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын объектілер үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
  16. 5. АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
  17. 6. Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдары үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
  18. 7. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдар үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
  19. 8. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
  20. 9. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту объектілері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
  21. 10. Сот медицинасы және патологиялық анатомия саласында қызметті жүзеге асыратын объектілер үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
  22. 11. Білім берудің арнайы, арнайы түзету ұйымдары үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
  23. 12. Санаториялық-сауықтыру және санаториялық-курорттық объектілер үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
  24. Тәуекел дәрежесі жоғары объектілерді бөлу бойынша баллдарды есептеу
  25. Тәуекел дәрежесі орташа объектілерді бөлу бойынша баллдарды есептеу
  26. ________________________________________ объектінің атауы
  27. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ___________ облысы (қаласы, ауданы) бойынша департаментінің (басқармасының) _____ жылға арналған мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерін тексерулер жоспары

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.12.2015 № 804 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 19-бабының 5-тармағына , «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С.Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (А.С. Таласпаева): 1) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін атқарушы С. Мусинов

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 9 маусымдағы № 379 бұйрығы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

1. Жалпы ережелер

1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерін (бұдан әрі – объектілер) тәуекел топтарына жатқызу мақсатында тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін айқындау және жоспарлы тексерулерді жүзеге асыру үшін тәуекелге бағалау жүргізуге құқылы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары үшін әзірленді. 2. Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылды: 1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тәуекел – зардаптарының күрделілік дәрежесін есепке ала отырып, адам денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігі дәрежесі; 2) тәуекел дәрежесін бағалау критерийі – тәуекелді бағалауды жүзеге асыру негізіндегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар; 3) тәуекел санаты – критерийлерге сәйкес айқындалатын тәуекелдің жалпы дәрежесі бар объектілер тобы; 4) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру барысында тәуекелдерді басқару жүйесі – инфекциялық және паразиттік аурулардың туындау, аса қауіпті инфекциялар қоздырғыштарының немесе тасымалдағыштарының таралу ықтималдығын, халық денсаулығы үшін қауіпсіз емес өнімдерді өндіруді және өткізуді, зиянды факторлардың кәсіптік аурулар мен уланулардың пайда болуына әсер ету мүмкіндігін бағалау; 5) базалық жиілік – объектілерді тексерудің барынша көп жиілігі. 3. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі мыналарға: 1) нақты объектіге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне; 2) зертханалық-аспаптық зерттеулердің нәтижелеріне; 3) объектілердің эпидемиологиялық маңыздылығына; 4) санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг деректеріне негізделеді.

2. Мемлекетті санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерінің тәуекелдерін айқындау және тәуекелдер топтарына жатқызу критерийлері

4. Объектілерді тәуекел дәрежесі бойынша бөлу жоспарлы тексерулер жиілігін анықтау үшін жүргізіледі. 5. Объектілердегі жоспарлы тексеру және оның мерзімділігі екі кезеңде анықталады: 1) бірінші кезең – тексерулердің базалық жиілігімен объектінің тәуекел дәрежесі бойынша тобын бекіту; 2) екінші кезең – әрбір топтың ішінде объекті тәуекелінің дәрежесі бойынша жоспарлы тексерулер санын анықтау. 6. Объектілер тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері бойынша Критерийлерге 1-қосымшаға сәйкес үш топқа бөлінеді: 1) бірінші топқа айына бір рет жоспарлы тексерудің базалық жиілігімен тәуекел дәрежесі жоғары объектілер жатқызылған; 2) екінші топқа тоқсанына бір рет жоспарлы тексерудің базалық жиілігімен тәуекел дәрежесі орташа объектілер жатқызылған; 3) үшінші топқа жылына бір рет жоспарлы тексеру жиілігімен тәуекел дәрежесі елеусіз объектілер жатқызылған. 7. Топтардағы объектілерді бөлу: 1) Критерийлерге 2-қосымшада келтірілген талаптарға негізделген критерийлерді бағалау; 2) Критерийлерге 3-қосымшаға сәйкес баллдарды есептеулер негізінде базалық жиілікке қарай жүзеге асырылады. 8. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзушылық мыналарға бөлінеді: өрескел, орташа және елеусіз. Әрбір бұзушылық бойынша топтар ішінде балл белгіленген. Бұл ретте жоғарыдағы топтың бір баллы алдыңғы топтың баллының сомасынан артық болады. 9. Бақылаудағы объектілерді тәуекел дәрежесі бойынша бөлу өткен жылғы тексерулердің талдаулар нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. 10. Объектілердің тәуекел дәрежесін анықтау бойынша есептеуді мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының мамандары жүргізеді және осы органның басшысы Критерийлерге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітеді. 11. Критерийлерді бағалау нәтижелері және жиналған баллдар бойынша: 1) бірінші топ объектісі тәуекелдің мынадай үш дәрежесінің біріне: айына бір рет жоспарлы тексеру жиілігімен тәуекелдің жоғары дәрежесіне; тоқсанына бір рет жоспарлы тексеру жиілігімен тәуекелдің орташа дәрежесіне; жылына бір рет жоспарлы тексеру жиілігімен тәуекелдің елеусіз дәрежесіне жатқызылатын болады; 2) екінші топ объектісі тәуекелдің мынадай екі дәрежесінің біріне: тоқсанына бір рет жоспарлы тексеру жиілігімен тәуекелдің орташа дәрежесіне; жылына бір рет жоспарлы тексеру жиілігімен тәуекелдің елеусіз дәрежесіне жатқызылатын болады. 12. Егер объектіде жыл бойы тексерулер барысында бұзушылықтар анықталмаған болса, онда алдағы жылға тексерулер жоспарын құру кезінде: бірінші топ объектілері тексеру жиілігі тоқсанына бір рет немесе жылына бір рет болатын екінші немесе үшінші топқа ауыстырылады; екінші топ объектілері тексеру жиілігі жылына бір рет болатын үшінші топқа ауыстырылады. 13. Үшінші топ объектілері екінші және бірінші топқа ауыстырылмайды. 14. Бақылаудағы объектілерді тексеру жоспары Критерийлерге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тәуекел дәрежесін есепке ала отырып жасалады.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне 1-қосымша

Тәуекелдер дәрежесіне байланысты топтары бойынша бақылау объектілерін бөлу, тексерулер мен зертханалық-аспаптық зерттеулердің базалық жиілігі

1 топ – тәуекел дәрежесі жоғары объектілер

р/с №Объектілердің түрлеріТексерулердің базалық жиілігіБір жылдағы зертханалық-аспаптық зерттеулер жиілігі
Бактериологиялық бақылауПаразитологиялық бақылауСанитариялық-химиялық бақылауФизикалық факторларды бақылауРадиациялық бақылау
1Балалардың сүт асүйлеріайына бір реттәуекел дәрежесі бойынша белгіленген тексерулер жиілігіне сәйкес (бұдан әрі – белгіленген жиілікке сәйкес)-пайдалануға енгізу кезінде, белгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде
2Балаларды сауықтыру объектілері (жыл бойы, маусымдық)айына бір ретбелгіленген жиілікке сәйкесбелгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, белгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде

2 топ – тәуекел дәрежесі орташа объектілер

р/с №Объектілердің түрлеріТексерулердің базалық жиілігіБір жылдағы зертханалық-аспаптық зерттеулер жиілігі
Бактериологиялық бақылауПаразитологиялық бақылауСанитариялық-химиялық бақылауФизикалық факторларды бақылауРадиациялық бақылау
1Сумен жабдықтау көздері, су құбыры құрылыстары мен желілерітоқсанына бір ретбелгіленген жиілікке сәйкесбелгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, белгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде
2Интернат ұйымдарытоқсанына бір ретбелгіленген жиілікке сәйкесбелгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, белгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде
3Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілері, оның ішінде перинаталдық орталықтар, перзентханалар, гинекологиялық бөлімшелер, хирургиялық стационарлар, бөлімшелер, операциялық блоктар, инфекциялық, туберкулез ауруханаларытоқсанына бір ретбелгіленген жиілікке сәйкесбелгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, белгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде
4Қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын объектілертоқсанына бір ретбелгіленген жиілікке сәйкес-пайдалануға енгізу кезінде, белгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде
5АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілерітоқсанына бір ретбелгіленген жиілікке сәйкес-пайдалануға енгізу кезінде, белгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде
6Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарытоқсанына бір ретбелгіленген жиілікке сәйкесбелгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, белгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде
7Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдартоқсанына бір ретбелгіленген жиілікке сәйкесбелгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, белгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде
8Амбулаториялық- емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерітоқсанына бір ретбелгіленген жиілікке сәйкес-пайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде
9Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту объектілерітоқсанына бір ретбелгіленген жиілікке сәйкесбелгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде
10Сот медицинасы және патологиялық анатомия саласында қызметті жүзеге асыратын объектілертоқсанына бір ретбелгіленген жиілікке сәйкес-пайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде
11Білім берудің арнайы, арнайы түзету ұйымдарытоқсанына бір ретбелгіленген жиілікке сәйкес-пайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде
12Санаториялық- сауықтыру және санаториялық- курорттық объектілертоқсанына бір ретбелгіленген жиілікке сәйкесбелгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, белгіленген жиілікке сәйкеспайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде

Ескертпе: Тарату желісінің (бақылау нүктелері) ауыз су қауіпсіздігін бақылау мерзімділігін бақылаудағы аумақтағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға қарай мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары белгілейді.

3 топ – тәуекел дәрежесі елеусіз объектілер

р/с №Объектілердің түрлеріТексерулердің базалық жиілігіБір жылдағы зертханалық-аспаптық зерттеулер жиілігі
Бактериологиялық бақылауПаразитологиялық бақылауСанитариялық-химиялық бақылауФизикалық факторларды бақылауРадиациялық бақылау
1Балаларды тәрбиелеу және білім беру объектілері (2-топта көрсетілген объектілерді қоспағанда)жылына бір ретжылына бір ретжылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде
2Зертханалардың барлық түрлеріжылына бір ретжылына бір рет-пайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде
3Сауықтыру, мәдени және спорттық мақсаттағы объектілер (2-топта көрсетілген объектілерді қоспағанда)жылына бір ретжылына бір рет-пайдалануға енгізу кезінде,жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде
4Радиациялық қауіпті объектілержылына бір рет--пайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде, жылына бір ретпайдалануға енгізу кезінде, жылына бір рет

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне 2-қосымша

1-топтың объектілері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1. Балалардың сүт асүйлері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

р/с №Критерийлер атауыБұзушылық түрлеріНормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі - НҚА) талаптарына сәйкессіздігіАлдыңғы тексерудің нәтижелері (+/-)
1Шикізат және дайын өнім сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіөрескел бұзушылық45 балл
2Ауыз су сынамасының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіөрескел бұзушылық45 балл
3Шайындылар сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіөрескел бұзушылық45 балл
4Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың және санитариялық паспорттардың болмауыорташа бұзушылық5 балл
5Персоналдың медициналық тексеріп-қараудан өту жиілігін және толықтығын бұзуыорташа бұзушылық5 балл
6Технологиялық және тоңазытқыш жабдығының болмауы, жеткіліксіздігі, жарамсыздығы, өнімді дайындау технологиясының бұзылуыорташа бұзушылық5 балл
7Ашыту өндірісіне қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық5 балл
8Балалар өнімдерін (қоспаларын) құюға, өлшеп-орауға, қаптауға, таңбалауға қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық5 балл
9Шикізат пен дайын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауыорташа бұзушылық5 балл
10Шығарылатын өнім ассортиментінің бұзылуыорташа бұзушылық5 балл
11Өнімді дайындау, сақтау және өткізу мерзімдерінің бұзылуыорташа бұзушылық5 балл
12Жабдықты, мүкаммалды, ыдыстарды күтіп-ұстауға, жууға және өңдеуге, таңбалауға қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
13Өндірістік үй-жайлар санының жеткіліксіздігі, үй-жайлардың санитариялық-техникалық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
14Дезинфекциялық режимнің бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
15Аумақты күтіп-ұстауға және абаттандыруға, қоқыс жинағыштардың, урналардың, қазылған орлардың, аулалық дәретханалардың (бұдан әрі – санитариялық-аулалық қондырғылар) санитариялық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
Барлығы179 балл

2. Балаларды сауықтыру ұйымдары үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (маусымдық, жыл бойы)

р/с №Критерийлер атауыБұзушылық түрлеріНормативтік құқықтық актілердің (бұдан әрі - НҚА) талаптарына сәйкессіздігіАлдыңғы тексерудің нәтижелері (+/-)
1Шикізат және дайын өнім сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіөрескел бұзушылық45 балл
2Ауыз су сынамасының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіөрескел бұзушылық45 балл
3Шайындылар сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіөрескел бұзушылық45 балл
4Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың және санитариялық паспорттардың болмауыорташа бұзушылық5 балл
5Персоналдың медициналық тексеріп-қараудан өту жиілігін және толықтығын бұзуыорташа бұзушылық5 балл
6Технологиялық және тоңазытқыш жабдығының болмауы, жеткіліксіздігі, жарамсыздығы, өнімді дайындау технологиясының бұзылуыорташа бұзушылық5 балл
7Тағамдарды дайындау технологиясының бұзылуыорташа бұзушылық5 балл
8Бір балаға арналған аудан нормасының сақталмауыорташа бұзушылық5 балл
9Тыйым салынған тағамдарды дайындау және пайдалануорташа бұзушылық5 балл
10Бір балаға арналған тамақтандыру нормасының сақталмауыорташа бұзушылық5 балл
11Дезинфекциялық және дератизациялық іс-шаралардың болмауы және/немесе жеткіліксіз жүргізілуіорташа бұзушылық5 балл
12Жағажай құрылғысына және оны күтіп ұстауға қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
13Жиһазға, спорт және ойын жабдығына, ойын және спорт алаңдарына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
14медициналық кабинеттің болмауы және/немесе жеткіліксіз жабдықталуы
15Аумақты аймақтауға күтіп-ұстауға және абаттандыруға, санитариялық-аулалық қондырғылардың санитариялық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
Барлығы179 балл

2-топ объектілері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1. Сумен жабдықтау көздері, су құбыры құрылыстары мен желілері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

р/с №Критерийлер атауыБұзушылық түрлеріНҚА талаптарына сәйкессіздігіАлдыңғы тексерудің нәтижелері (+/-)
1Су сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
2Мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қызмет органы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар мен санитариялық паспорттардың болмауыорташа бұзушылық4 балл
3Персоналдың медициналық тексеріп-қараудан өту жиілігін және толықтығын бұзуыорташа бұзушылық4 балл
4Суды тазалауға қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
5Сумен жабдықтау жүйесіне, объектілерінің құрылымына, оларды күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
6Санитариялық қорғаныш аймақтарының сақталмауыорташа бұзушылық4 балл
7Сумен жабдықтау көздерін, бас құрылыстарды, әртүрлі шаруашылық қызметі түрлерінде таратушы су құбыры желісін қорғауға қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
8Пайдаланылатын шикізат пен материалдардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауыорташа бұзушылық4 балл
9Дезинфекциялық режимнің бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
10Алғашқы медициналық көмек дәрі қобдишасының болмауы немесе толықтырылмауыорташа бұзушылық4 балл
11Қауіпсіздік техникасының бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
12Өндірістік зертханалардың болмауы немесе сәйкессіздігіелеусіз бұзушылық1 балл
13Аумақты күтіп-ұстауға және абаттандыруға, санитариялық-аулалық қондырғылардың санитариялық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
Барлығы43 балл

2. Интернат ұйымдары үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

р/с №Критерийлер атауыБұзушылық түрлеріНҚА талаптарына сәйкессіздігіАлдыңғы тексерудің нәтижелері (+/-)
1Өнімдердің және/немесе судың сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
2Шайындылар сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
3Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың және санитариялық паспорттардың болмауыорташа бұзушылық4 балл
4Персоналдың медициналық тексеріп-қараудан өту жиілігін және толықтығын бұзуыорташа бұзушылық4 балл
5Технологиялық және тоңазытқыш жабдығының болмауы, жеткіліксіздігі, жарамсыздығыорташа бұзушылық4 балл
6Тағамдарды дайындау технологиясының бұзылуы және/немесе тыйым салынған тағамдарды пайдалануорташа бұзушылық4 балл
7Бір балаға арналған аудан нормасының сақталмауыорташа бұзушылық4 балл
8Температуралық режимнің бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
9Күн режиміне және/немесе дене және гигиеналық тәрбиеге қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
10Дезинфекциялық режимнің бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
11Үй-жайлардың санитариялық-техникалық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
12Медициналық кабинеттің, изолятордың болмауы және жеткіліксіз жабдықталуы
13Аумақты күтіп-ұстауға және абаттандыруға, санитариялық-аулалық қондырғылардың санитариялық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
Барлығы43 балл

3. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілері, оның ішінде перинаталдық орталықтар, перзентханалар, гинекологиялық бөлімшелер, хирургиялық стационарлар, бөлімшелер, операциялық блоктар, инфекциялық, туберкулез ауруханалары үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

р/с №Критерийлер атауыБұзушылық түрлеріНҚА талаптарына сәйкессіздігіАлдыңғы тексерудің нәтижелері (+/-)
1Шайындылар, ауа, персоналдың микробтық пейзажы сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
2Мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қызмет органы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар мен санитариялық паспорттардың болмауыорташа бұзушылық4 балл
3Персоналдың медициналық тексеріп-қараудан өту жиілігін және толықтығын бұзуыорташа бұзушылық4 балл
4Жарамдылық мерзімі өткен препараттардың болуы және пайдаланылуыорташа бұзушылық4 балл
5Дәрі қобдишасының болмауы және шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер жиынымен толықтырылмауыорташа бұзушылық4 балл
6Медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және кәдеге жаратуға қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
7Дезинфекциялық-стерилизациялық режимнің бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
8Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу талаптарының бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
9Жабдықпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
10Пайдаланылатын шикізат пен материалдардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауыорташа бұзушылық4 балл
11Сору шкафының болмауыелеусіз бұзушылық1 балл
12Үй-жайлардың ішін әрлеуге қойылатын талаптардың сақталмауыелеусіз бұзушылық1 балл
13Аумақты күтіп-ұстауға және абаттандыруға, қоқыс жинауға арналған контейнерлердің санитариялық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
Барлығы43 балл

4. Қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын объектілер үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

р/с №Критерийлер атауыБұзушылық түрлеріНҚА талаптарына сәйкессіздігіАлдыңғы тексерудің нәтижелері (+/-)
1Шайындылар, ауа, персоналдың микробтық пейзаж сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
2Мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қызмет органы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар мен санитариялық паспорттардың болмауыорташа бұзушылық4 балл
3Персоналдың медициналық тексеріп-қараудан өту жиілігін және толықтығын бұзуыорташа бұзушылық4 балл
4Жарамдылық мерзімі өткен препараттардың болуы және пайдаланылуыорташа бұзушылық4 балл
5Дәрі қобдишасының болмауы және шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер жиынымен толықтырылмауыорташа бұзушылық4 балл
6Медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және кәдеге жаратуға қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
7Дезинфекциялық-стерилизациялық режимнің бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
8Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу талаптарының бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
9Жабдықпен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
10Пайдаланылатын шикізат пен материалдардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауыорташа бұзушылық4 балл
11Сору шкафының болмауыелеусіз бұзушылық1 балл
12Үй-жайлардың ішін әрлеуге қойылатын талаптардың сақталмауыелеусіз бұзушылық1 балл
13Аумақты күтіп-ұстауға және абаттандыруға, санитариялық-аулалық қондырғылардың санитариялық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
Барлығы43 балл

5. АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

6. Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдары үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

р/с №Критерийлер атауыБұзушылық түрлеріНҚА талаптарына сәйкессіздігіАлдыңғы тексерудің нәтижелері (+/-)
1Азық-түлік, су, шайындылар сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
2Мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қызмет органы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар мен санитариялық паспорттардың болмауыорташа бұзушылық4 балл
3Персоналдың медициналық тексеріп-қараудан өту жиілігін және толықтығын бұзуыорташа бұзушылық4 балл
4Технологиялық және тоңазытқыш жабдықтардың болмауы, жеткіліксіздігі, ақаулығыорташа бұзушылық4 балл
5Тағамдар дайындау технологиясының бұзылуы, тыйым салынған тағамдарды пайдалануорташа бұзушылық4 балл
6Бір балаға арналған аудан нормасының сақталмауыорташа бұзушылық4 балл
7Топтық оқшаулаудың сақталмауыорташа бұзушылық4 балл
8Температуралық режимнің бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
9Күн режиміне, дене және гигиеналық тәрбиеге қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
10Дезинфекциялық режимнің бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
11Үй-жайлардың санитариялық-техникалық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
12Медициналық кабинеттің, изолятордың болмауы және жеткіліксіз жабдықталуыелеусіз бұзушылық1 балл
13Аумақты күтіп-ұстауға және абаттандыруға, санитариялық-аулалық қондырғылардың санитариялық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
Барлығы43 балл

7. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдар үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

р/с №Критерийлер атауыБұзушылық түрлеріНҚА талаптарына сәйкессіздігіАлдыңғы тексерудің нәтижелері (+/-)
1Азық-түлік сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
2Ауыз су сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
3Шайындылар сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
4Мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қызмет органы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар мен санитариялық паспорттардың болмауыорташа бұзушылық4 балл
5Персоналдың медициналық тексеріп-қараудан өту жиілігін және толықтығын бұзуыорташа бұзушылық4 балл
6Кабинеттерді (физика, химия), компьютер сыныптарын, зертханаларды, шеберханаларды жабдықтауға қойылатын талаптардың және жұмыс (оқу) кезіндегі қауіпсіздік техникасының бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
7Оқу кестесін құрудың бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
8Бір оқушыға арналған аудан нормаларының бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
9Дезинфекциялық режимнің бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
10Медициналық пункттің, изолятордың болмауы және/немесе жабдықталмауыорташа бұзушылық4 балл
11Тағамдарды дайындау технологиясының бұзылуы, тыйым салынған тағамдарды пайдалануелеусіз бұзушылық1 балл
12Жиһазда таңбаның болмауыелеусіз бұзушылық1 балл
13Аумақты күтіп-ұстауға және абаттандыруға, санитариялық-аулалық қондырғылардың санитариялық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
Барлығы43 балл

8. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

р/с №Критерийлер атауыБұзушылық түрлеріНҚА талаптарына сәйкессіздігіАлдыңғы тексерудің нәтижелері (+/-)
1Шайындылар, ауа, су сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
2Персоналдың микробтық пейзаж сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
3Мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қызмет органы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар мен санитариялық паспорттардың болмауыорташа бұзушылық4 балл
4Персоналдың медициналық тексеріп-қараудан өту жиілігін және толықтығын бұзуыорташа бұзушылық4 балл
5Жарамдылық мерзімі өткен препараттардың болуы және пайдаланылуыорташа бұзушылық4 балл
6Медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және кәдеге жаратуға қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
7Дезинфекциялық-стерилизациялық режимнің бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
8Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу талаптарының бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
9Жабдықпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
10Пайдаланылатын шикізат пен материалдардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауыорташа бұзушылық4 балл
11Дәрі қобдишасының болмауы және шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер жиынымен толықтырылмауыелеусіз бұзушылық1 балл
12Үй-жайлардың ішін әрлеуге қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
13Аумақты күтіп-ұстауға және абаттандыруға қойылатын талаптардың бұзылуы, санитариялық-аулалық қондырғылардың санитариялық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
Барлығы43 балл

9. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту объектілері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

р/с №Критерийлер атауыБұзушылық түрлеріНҚА талаптарына сәйкессіздігіАлдыңғы тексерудің нәтижелері (+/-)
1Шайындылар сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
2Ауа, су сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
3Персоналдың микробтық пейзаж сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
4Мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қызмет органы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар мен санитариялық паспорттардың болмауыорташа бұзушылық4 балл
5Персоналдың медициналық тексеріп-қараудан өту жиілігін және толықтығын бұзуыорташа бұзушылық4 балл
6Жарамдылық мерзімі өткен препараттардың болуы және пайдаланылуыорташа бұзушылық4 балл
7Медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және кәдеге жаратуға қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
8Дезинфекциялық-стерилизациялық режимнің бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
9Ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу талаптарының бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
10Жабдықпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
11Пайдаланылатын шикізат пен материалдардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауыелеусіз бұзушылық1 балл
12Дәрі қобдишасының болмауы және шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмектер жиынымен толықтырылмауыелеусіз бұзушылық1 балл
13Аумақты күтіп-ұстауға және абаттандыруға қойылатын талаптардың бұзылуы, санитариялық-аулалық қондырғылардың санитариялық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
Барлығы43 балл

10. Сот медицинасы және патологиялық анатомия саласында қызметті жүзеге асыратын объектілер үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

р/с №Критерийлер атауыБұзушылық түрлеріНҚА талаптарына сәйкессіздігіАлдыңғы тексерудің нәтижелері (+/-)
1Ауа сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
2Су сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
3Мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қызмет органы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар мен санитариялық паспорттардың болмауыорташа бұзушылық4 балл
4Персоналдың медициналық тексеріп-қараудан өту жиілігін және толықтығын бұзуыорташа бұзушылық4 балл
5Тоңазытқыш жабдығының болмауы және жарамсыздығыорташа бұзушылық4 балл
6Жарамдылық мерзімдері өткен препараттардың болуы және пайдаланылуыорташа бұзушылық4 балл
7Медициналық қалдықтарды жинауға, залалсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және кәдеге жаратуға қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
8Дезинфекциялық режимнің бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
9Аса қауіпті инфекциядан қайтыс болған мәйіт келіп түскен жағдайға материал жинауға арналған жиындар мен обаға қарсы костюмдер жиынының болуыорташа бұзушылық4 балл
10Жабдықпен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
11Алғашқы медициналық көмек дәрі қобдишасының болмауы немесе жинақталмауыорташа бұзушылық4 балл
12Үй-жайлардың ішін әрлеуге қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
13Аумақты күтіп-ұстауға және абаттандыруға, санитариялық-аулалық қондырғылардың санитариялық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
Барлығы43 балл

11. Білім берудің арнайы, арнайы түзету ұйымдары үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

р/с №Критерийлер атауыБұзушылық түрлеріНҚА талаптарына сәйкессіздігіАлдыңғы тексерудің нәтижелері (+/-)
1Азық-түлік сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
2Ауыз су сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
3Шайындылар сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
4Мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қызмет органы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар мен санитариялық паспорттардың болмауыорташа бұзушылық4 балл
5Персоналдың медициналық тексеріп-қараудан өту жиілігін және толықтығын бұзуыорташа бұзушылық4 балл
6Кабинеттерді, компьютер сыныптарын, зертханаларды, шеберханаларды жабдықтауға қойылатын талаптардың және жұмыс (оқу) кезіндегі қауіпсіздік техникасының бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
7Оқу кестесін құрудың бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
8Бір оқушыға арналған аудан нормаларының бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
9Дезинфекциялық режимнің бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
10Медициналық пункттің, изолятордың болмауы және жеткіліксіз жабдықталуыорташа бұзушылық4 балл
11Тағамдарды дайындау технологиясының бұзылуы, тыйым салынған тағамдарды пайдалануорташа бұзушылық4 балл
12Жиһазда таңбаның болмауыелеусіз бұзушылық1 балл
13Аумақты күтіп-ұстауға және абаттандыруға, санитариялық - аулалық қондырғылардың санитариялық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
Барлығы43 балл

12. Санаториялық-сауықтыру және санаториялық-курорттық объектілер үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

р/с №Критерийлер атауыБұзушылық түрлеріНҚА талаптарына сәйкессіздігіАлдыңғы тексерудің нәтижелері (+/-)
1Шикізат пен дайын өнім сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
2Ауыз су сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
3Шайындылар сынамаларының зертханалық көрсеткіштерінің сәйкессіздігіорташа бұзушылық4 балл
4Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органы берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар мен санитариялық паспорттардың болмауыорташа бұзушылық4 балл
5Персоналдың медициналық тексеріп-қараудан өту жиілігін және толықтығын бұзуыорташа бұзушылық4 балл
6Технологиялық және тоңазытқыш жабдығының болмауы, жеткіліксіздігі, ақаулығы, азық-түлікті сақтау жағдайларының және мерзімдерінің бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
7Тағамдарды дайындау технологиясының бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
8Пайдаланылатын шикізат пен өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауыорташа бұзушылық4 балл
9Бір адамға арналған аудан нормаларының сақталмауыорташа бұзушылық4 балл
10Дезинфекциялық режимнің бұзылуыорташа бұзушылық4 балл
11Жағажай құрылғысына және күтіп-ұстауға қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
12Жиһазға, спорт және ойын жабдығына, ойын және спорт алаңдарына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
13Аумақты күтіп-ұстауға және абаттандыруға, санитариялық-аулалық қондырғылардың санитариялық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
Барлығы43 балл

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне 3-қосымша

Тәуекел дәрежесі жоғары объектілерді бөлу бойынша баллдарды есептеу

р/с №Бұзушылықтың сипатыКритерий саныБаллдарды есептеуБаллдарды есептеуАуқымыТәуекел дәрежесі
1елеусіз бұзушылықтар41 критерий = 1 баллға4 * 1 = 41-ден 4-ті қоса алғандаелеусіз тәуекел объектісі
2орташа бұзушылықтар81 критерий = 5 баллға1) 8 * 5 = 40 2) 40 + 4 = 445-тен 44-ті қоса алғандаорташа тәуекел объектісі
3өрескел бұзушылықтар31 критерий = 45 баллға1) 3 * 45 = 135 2) 135 + 44 = 17945-тен 179-ды қоса алғандажоғары тәуекел объектісі

Баллдарды бағалау нәтижелері бойынша объект: 1) жинаған баллдары 45-тен 179-ға дейінгі ауқымда болғанда айына бір рет жоспарлы тексеру жиілігі бар жоғары тәуекел дәрежесіне; 2) жинаған баллдары 5-тен 44-ке дейінгі ауқымда болғанда тоқсанына бір рет жоспарлы тексеру жиілігі бар орташа тәуекел дәрежесіне; 3) жинаған баллдары 1-ден 4-ке дейінгі ауқымда болғанда жылына бір рет жоспарлы тексеру жиілігі бар елеусіз тәуекел дәрежесіне жатады.

Тәуекел дәрежесі орташа объектілерді бөлу бойынша баллдарды есептеу

р/с №Бұзушылықтың сипатыКритерий саныБаллдарды есептеуБаллдарды есептеуАуқымыТәуекел дәрежесі
1елеусіз бұзушылықтар31 критерий = 1 баллға3* 1 = 31-ден 3-ті қоса алғандаелеусіз тәуекел объектісі
2орташа бұзушылықтар101 критерий = 4 баллға1) 10 * 4 = 40 2) 40 + 3 = 434-тен 43-ті қоса алғандаорташа тәуекел объектісі

Баллдарды бағалау нәтижелері бойынша объект: 1) жинаған баллдары 4-тен 43-ке дейінгі ауқымда болғанда тоқсанына бір рет жоспарлы тексеру жиілігі бар орташа тәуекел дәрежесіне; 2) жинаған баллдары 1-ден 3-ке дейінгі ауқымда болғанда жылына бір рет жоспарлы тексеру жиілігі бар елеусіз тәуекел дәрежесіне жатады.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне 4-қосымша

Бекітемін _____________________ аумақтың, көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері _____________________ А.Т.Ә., қолы

Жоспарлы тексеру жиілігі ______________ тәуекел дәрежесін анықтау (айына немесе тоқсанына не жылына бір рет) бойынша есептеулер

________________________________________ объектінің атауы

р/с №Жинаған баллдар саныБаллдардың ауқымыТәуекел дәрежесіТексеру мерзімділігі
12345

Қорытынды _____________________________________________________ (жинаған баллдар саны, тәуекел дәрежесі, бір жылдағы тексеру жиілігі көрсетіледі)

Есептеу жүргізген маманның А.Т.Ә., лауазымы, қолы ___________________

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне 5-қосымша

Нысан

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің ___________ облысы (қаласы, ауданы) бойынша департаментінің (басқармасының) _____ жылға арналған мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерін тексерулер жоспары

1. Эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары объектілерді жоспарлы тексеру
р/с №Субъектінің атауыСТН (ЖСН, БСН)Тексеру объектісінің орналасқан орны немесе қызметін жүзеге асыратын орныТексеру жүргізуді бастау жоспарланып отырған кезең
12345
2. Эпидемиологиялық маңыздылығы орташа объектілерді жоспарлы тексеру
р/с №Субъектінің атауыСТН, ЖСН (ЖСН, БСН)Тексеру объектісінің орналасқан орны немесе қызметін жүзеге асыратын орныТексеру жүргізуді бастау жоспарланып отырған кезең
12345
3. Эпидемиологиялық маңыздылығы елеусіз объектілерді жоспарлы тексеру
р/с №Субъектінің атауыСТН, ЖСН (ЖСН, БСН)Тексеру объектісінің орналасқан орны немесе қызметін жүзеге асыратын орныТексеру жүргізуді бастау жоспарланып отырған кезең
12345

Іздеу атаулары: №379 бұйрық, 379-бұйрық, приказ 379, үш жүз жетпіс тоғызыншы бұйрық, 379 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.