Мақала
Бұйрықтар

№ 664 бұйрық (30.09.2011): толық мәтін және скачать

Жаңа

Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 24 қазанда № 7274 тіркелді

Бұйрық нөмірі
664
Қабылданған күні
30.09.2011
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесі

«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті (Қ.Б.Бесбалаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 бұйрығымен бекітілген

Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесі

1. Нашақорлық. 2. Психикалық бұзылу (ауру). 3. Туберкулез. 4. Лепра (Гансен ауруы). 5. Жыныс жолдарымен арқылы берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) – мерез, мерез лимфогранулемасы (донованоз), шанкроид. 6. Жіті инфекциялық аурулар (жіті респираторлық вирустық инфекциясы (тыныс органдарының жіті вирустық инфекциясынан) және грипптан басқа).

Іздеу атаулары: №664 бұйрық, 664-бұйрық, приказ 664, алты жүз алпыс төртінші бұйрық, 664 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.