Мақала
Бұйрықтар

№ 786 бұйрық (04.11.2011): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 қарашада № 7306 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
786
Қабылданған күні
04.11.2011
Актіні өзгерту күні
01.01.2018
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы
  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір күшін жоғалтқан бұйрықтар тізімі

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2017 № 666 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен Қолданушылардың назарына! Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз. Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 10.08.2016 № 711 ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 88-бабына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 10.08.2016 № 711 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның заңнамада белгілеген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтағы 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.

6. Осы бұйрық ресми жариялануы тиіс және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушыС. Мусинов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2011 жылғы 4 қарашадағы
N 786 бұйрығына 1 қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы

Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 10.08.2016 № 711 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң 2012.05.18 № 347 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.02.2013 № 76 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2013 № 726 (01.01.2014 бастап күшіне енеді); 28.05.2015 № 403 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2015 № 1078 (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.08.2016 № 711 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

№АуруларХалық санатыДәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым)Дәрілік заттардың атауы (шығару нысаны)
1. Жергілікті бюджеттің есебінен диагностика және емдеу
1Жаңа туған нәрестелер кезеңіндегі аурулар2 айға дейінгі жаңа туған нәрестелерПрофилактика және емдеу*Ана мен бала дәрі қобдишасы
2Медициналық айғақтары бойынша ерте жасанды немесе аралас қоректендіру1 жасқа дейінгі балалар**, ***Емшек сүтін бейімделген ауысты
3Жіті фарингит/ тонзиллит/ бронхит0-5 жасқа дейінгі балаларорта ауырлық дәрежесі кезіндеАмоксициллин, капсула, таблетка, оның ішінде диспергирленген суспензия дайындау үшін ұнтақ, ішуге арналған; Парацетамол, суппозиторилер; Ибупрофен, суспензия; Амоксициллин + клавуландық қышқыл, таблетка, ауызға қолданылатын суспензия дайындауға арналған ұнтақ;
4Мешел1 жасқа дейінгі балаларКүзгі-қысқы кезеңдегі профилактика, емдеуЭргокальциферол, ауыз арқылы қолданылатын ерітінді, ішуге арналған майлы ерітінді; Колекальциферол, сулы ерітінді;
5Темір тапшылығы анемиясы0-18 жастағы балалар, диспансерлік есепте тұрған ұрпақты болу жасындағы әйелдерII, III сатыдағы темір тапшылығы анемиясының верификацияланған диагнозы (сарысу темірі 10мкмоль/л-ден төмен)Темір сульфаты, аскорбин қышқылымен бір компонентті немесе аралас, таблетка, капсула, драже; Фоли қышқылы, таблетка;
Темір сульфаты препараттары, сироптар, ерітінділер, ішуге арналған тамшылар (тек 12 жасқа дейінгі балаларға);
6Аорто-коронарлық шунттау және стенттеуден кейінгі, жүректің жармақшаларын протезделген науқастарДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарАуырлықтың барлық сатысы мен дәрежесіВарфарин, таблетка; Ацетилсалицил қышқыл, таблетка; Клопидогрель, таблетка; Ацетилсалицил қышқылы +Клопидогрель, таблетка;
Клопидогрельді қолдану тиімсіз болған кездеТикагрелор, таблетка;
7Жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА)Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар – базалық терапия;Стенокардия ауыр, варианттық стенокардия, инфаркттан кейінгі кардиосклерозБазалық терапия: Метопролол, таблетка, соның ішінде баяу бөлінетін, созылмалы әсердегі, ретард; Бисопролол, таблетка; Изосорбид динитраты, қысқа және ұзақ әсерлі
қосымша терапия – әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ******таблетка, спрей, ұнтақ; Ацетилсалицил қышқылы, таблетка; Қосымша терапия: Амлодипин, таблетка; Клопидогрель, таблетка; Изосорбида мононитрат, таблетка, ретард капсулалары, ұзақ әсерлі капсула; Ацетилсалицил қышқылы +Клопидогрель, таблетка;
8Артериялық гипертензияДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттар – базалық терапия; қосымша терапия –әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ******II-III-IV дәреже; созылмалы бүйрек аурулары кезіндегі симптоматикалық артериялық гипертензия (аралас препаратарды тағайындау кезінде монопрепарттарды тағайындауға рұқсат етілмейді)Базалық терапия: Эналаприл, таблетка Амлодипин, таблетка; Индапамид, таблетка, капсула; Кандесартан, таблетка; Қосымша терапия: Бисопролол, таблетка; Моксонидин, таблетка; Валсартан + Амлодипин, таблетка; Телмисартан + Гидрохлортиазид, таблетка; Эналаприл + Нитрендипин, таблетка; Лизиноприл + Амлодипин, таблетка; Фозиноприл, таблетка (қосалқы жүрек және бүйрек функцияларының жетіспеушілігі ар пациенттер үшін); Периндоприл, таблетка; Нифедипин, таблетка, оның ішінде баяу және бақыланатын босатумен; Периндоприл + Индапамид, таблетка, оның ішінде пленкалық қабықпен қапталған;
9Жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі (СЖЖ)Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар – базалық терапия; қосымша терапия – әлеуметтік қорғалмаған топтарға. ******Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесіБазалық терапия: Небиволол, таблетка; Бисопролол, таблетка Фозиноприл, таблетка; Спиронолактон, таблетка, капсула; Торасемид, таблетка, оның ішінде ұзақ әсерлі; Қосымша терапия: Кандесартан, таблетка; Рамиприл, таблетка, капсула; Дигоксин, таблетка; Гидрохлортиазид, таблетка; Эналаприл, таблетка;
10АритмияДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарПароксизмалдық қарыншаүстілік тахикардия, суправентрикулярлық және қарыншалық экстрасистолия, фибрилляция мен жүрекалды трепетанияның пароксизмалдық және созылмалы нысандары, ырғақтың қарыншалық бұзылуыАмиодарон, таблетка; Пропафенон, таблетка; Варфарин, таблетка; Бисопролол, таблетка; Метопролол, таблетка, оның ішінде ақырын босатылу ұзартылған, ретард; Верапамила таблетка, капсула ұзартылған іс-әрекет; Дигоксин, таблетка;
11Пневмония18 жасқа дейінгі балаларАуырлықтың жеңіл және орташа дәрежесіАмоксициллин, таблетка, капсула, дисперсияланған таблетка; ауызға қолданылатын ерітінді дайындауға арналған ұнтақ пен түйіршіктер; Азитромицин, таблетка, капсула, ішуге арналған суспензия дайындау үшін ұнтақ; Амоксициллин + Сульбактам, таблетка, ішуге арналған суспензия дайындауға арналған ұнтақ; Амоксициллин + Клавулан қышқылы, таблетка, ауыз арқылы қолданылатын суспензия дайындауға арналған ұнтақ;
12БронхдемікпесіДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарАуырлықтың барлық сатысы мен дәрежесіСальбутамол, аэрозоль, небулайзерге арналған ерітінді; Фенотерол, аэрозоль; Флутиказон, аэрозоль, назалдық спрей; Беклометазон, дозаланған белсенді демалумен ингаляциялауға арналған аэрозоль, интраназальды қолдануға арналған мөлшерленген спрей; Будесонид, ұнтақ, ингаляцияға арналған суспензия; Будесонид+Формотерол фумарат дигидрат, ингалятордағы ингаляцияға арналған ұнтақ; Сальметерол+Флутиказон пропионат, аэрозоль, ингалятордағы ингаляцияға арналған ұнтақ; Циклезонид, ингаляцияға арналған мөлшерленген аэрозоль Преднизолон, таблетка; Фенотерола гидробромид + Ипратропия бромид, ингаляцияға арналған ерітінді, аэрозоль;
Ингаляциялық глюкокортикостероидтерді қолдану мүмкін болмағанда және тиімсіз болғанда ауыр нысандарымен 3-18 жас аралығындағы балаларМонтелукаст натрия, таблетка, соның ішінде шайнауға арналған, түйіршіктер;
13Созылмалы обструктивті өкпе ауруыДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарАсқыну мен күшею сатысындаФенотерол гидробромид + Ипратропия гидробромид, ингаляцияға арналған ерітінді, аэрозоль; Тиотропия бромид, ингаляцияға арналған ұнтағы бар капсула; Рофлумиласт, таблетка; Индакатерол, ингаляцияға арналған ұнтақ; Будесонид + Формотерола фумарата дигидрат, ингаляцияға арналған ұнтақ; Сальметерол+Флутиказона пропионат, ингалятор-дискідегі ингаляцияға арналған ұнтақ;
14Асқазанның және ұлтабардың ойық жарасыәлеуметтік қорғалмаған топтарға ******Асқыну кезеңіндеОмепразол, капсула; Висмута трикалия дицитрат, таблетка; Амоксициллин, таблетка, капсула, ауызға арналған суспензия; Фуразолидон, таблетка; Кларитромицин, таблетка;
15Крон ауруы және бейспецификалы ойықжаралыколитДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарАуырлықтың барлық сатысы мен дәрежесіМесалазин, таблетка, суппозиторийлер;ұзақ әсерлі түйіршектер; Преднизолон, таблетка; Метотрексат таблетка;
16МиастенияДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарАуырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі кезіндеПиридостигмин бромиді, таблетка; инъекция үшін ерітінді; Неостигмин, инъекция үшін ерітінді, таблетка;
17ЭпилепсияДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарАуырлықтың барлық сатысы мен дәрежесіВальпроев қышқылы, таблетка, соның ішінде пұзақ әсерліы, капсула, түйір, сироп, ішуге арналған тамышалар; Карбамазепин, соның ішінде таблетка, ұзақ әсерлі; Бензобарбитал, таблетка; Ламотриджин, таблетка, оның ішінде ауыз қуысында еритін және шайналатын таблетка; Топирамат, капсула, таблетка; Леветирацетам, таблетка, ерітінді;
18Психикалық ауруларДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарАуырлықтың барлық сатысы мен дәрежесіДиазепам, инъекция үшін ерітінді, таблетка; Оланзапин таблетка; Рисперидон, бұлшық етке енгізу үшін ерітінді суспензиялар дайындауға арналған ұнтақ, таблетка, ішуге арналған ерітінді; Галоперидол, таблетка; инъекцияларға арналған ерітінді; Хлорпромазин, инъекцияларға ерітінді, драже, таблетка; Левомепромазин, таблетка; Амитриптилин, таблетка, драже, инъекция үшін ерітінді; Трифлуоперазин, таблетка; Клозапин, таблетка; Тригексифенидил, таблетка; Флуфеназин, инъекцияларға арналған ерітінді; Венлафаксин, капсула, таблетка, оның ішінде ұзақ әсерлі; Палиперидон, таблетка, оның ішінде ұзақ әсерлі; бұлшық ет ішіне енгізу үшін инъекцияларға арналған суспензия, ұзақ әсерлі; Дулоксетин, капсула; Амисульприд, таблетка, оның ішінде қабықшамен қапталған; ішуге арналған ерітінді;
19Балалар церебралды сал ауруыДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарСпастикалық нысан кезіндеБаклофен, таблетка; Тольперизон, таблетка;
Гиперкинетикалық нысандарТригексифенидил, таблетка;
Эпилептинысандық естен танулар мен сәйкес "Эпилепсия" диагнозы болған жағдайдаТопирамат, капсула, таблетка; Вальпроев қышқылы, ұзақ әсерлі таблетка, капсула, түйірдер, сироп, ішуге арналған тамшылар.
20Паркинсон ауруыДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарАуырлықтың барлық сатысы мен дәрежесіТригексифенидил, таблетка; Леводопа + Карбидопа, таблетка;
21Қант диабетіДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарИнсулинге тәуелсіз қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесіГлибенкламид, таблетка, оның ішінде микронизирленген; Гликлазид, таблетка, оның ішінде модификацияланған босатумен; Глимепирид, таблетка; Метформин, таблетка, оның ішінде ұзақ әсерлі; Репаглинид, таблетка; Пиоглитазон, таблетка; Акарбоза, таблетка; Метформин/Глибенкламид таблетка; Глюкагон, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат; Метформин/Глимепирид таблетка; Лираглутид, тері астына енгізуге арналған ертінді;
Инсулинге тәуелді қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесіТаңбаларымен бір реттік инсулиндік шприцтер
22Қантсыз диабетДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарАуырлықтың барлық сатысы мен дәрежесіДесмопрессин, ауыз арқылы қабылданатын лиофилизат;
23ОнкологияДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарҚатерлі ісіктердің барлық сатысыКапецитабин, таблетка; Темозоломид, капсула; Эпоэтин альфа, шприц-сықпадағы инъекцияға арналған ерітінді; Тамоксифен, таблетка; Фулвестрант, бұлшық ет ішіне енгізуге арналған шприц-сықпадағы ерітінді; Трипторелин, инъекциялық ерітінді дайындауға арналған лиофилизат; Гозерелин, шприц-аппликатордағы тері астына енгізуге арналған ұзақ әсерлі депо-капсула (имплантат); Ципротерон, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді; Летрозол, таблетка; Анастрозол, таблетка; Бикалутамид, таблетка; Торимефен, таблетка; Золедрон қышқылы, инфузия дайындауға арналған концентрат/лиофилизат; Клодрон қышқылы, капсула, таблетка; Интерферон альфа 2а, 2 b, шприц-сықпада; Тегафур, капсула; Филграстим, шприц-сықпа; БЦЖ вакцинасы, жиынтығында ерітіндісі бар интравизикалды енгізуге арналған суспензия дайындау үшін ұнтақ; Тиогуанин****, таблетка; Меркаптопурин, таблетка; Лейпрорелин, суспензия/ инъекцияға арналған ерітінді дайындау үшін лиофилизирленген ұнтақ/ лиофилизат;
Қатерлі ісіктер кезіндегі паллиативтік терапияМорфин, инъекцияға арналған ерітінді; Тримепиридина гидрохлорид, инъекцияға арналған ерітінді; Трамадол, ұзақ әсерлі таблетка, капсула, суппозиторийлер, инъекцияға арналған ерітінді; Фентанил, терапиялық трансдермалдық жүйе; Кетопрофен, капсула, таблетка, суппозиторийлер, инъекцияға арналған ерітінді; Диазепам, таблетка, инъекцияға арналған ерітінді; қорғаныш пастасы бар жиынтықта бір компонентті құрғатылатын илео/колостомдық нәжіс қабылдағыш;
24Ағзалармен тіндерді ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдайДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарАуырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі*****;Циклоспорин, капсула; ерітінді****; Микофенол қышқылы/Микофенолат мофетил капсула, таблетка; Преднизолон, таблетка; Метилпреднизолон, таблетка, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизирленген ұнтақ; Такролимус, капсула, оның ішінде ұзақ әсерлі; Валганцикловир, таблетка;
25Күшейген гломерулярлық ауруларДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарГломерулонефриттің морфологиялық верификацияланған нұсқасыЦиклоспорин, капсула; Преднизолон, таблетка; Микофенол қышқылы/ Микофенолат мофетил, капсула, таблетка; Циклофосфамид, драже, сауыттағы инъекциялық ерітінді дайындау үшін ұнтақ;
26Ревматоидтық артритДиспансерлік есепте тұрған ересектерАуырлықтың барлық сатысы мен дәрежесіМетотрексат, инъекция үшін ерітінді; Метилпреднизолон, таблетка; Голимумаб, инъекцияға арналған ертінді
27Ювенильдық артритДиспансерлік есепте тұрған балаларАуырлықтың барлық сатысы мен дәрежесіМетотрексат, таблетка; инъекция үшін ерітінді; Метилпреднизолон, таблетка;
28Жүйелі қызыл жегіДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарАуырлықтың барлық сатысы мен дәрежесіМетилпреднизолон, таблетка; Микофенол қышқылы/ Микофенолат мофетил капсула, таблетка;
29Остеоартрозәлеуметтік қорғалмаған топтарға. ******Гонартроз, коксартроз, 2-3-сатысыҚұрамында натрий гиалуронаты бар буын ішіне енгізуге арналған эндопротез (имплантант), стирильденген, бір рет пайдаланатын, шприцте (қатаң түрде емшара кабинетінде);
30Гипофизарлық нанизм, Шерешевский-Тернер синдромыДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарОсы тексеріп-қараулармен верификацияланған диагнозСоматропин, инъекциялық ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезирленген ұнтақ, инъекция үшін ерітінді;
31Орталық генездің ерте жыныстық дамуы (мерзімінен бұрын, жылдамдатылған)Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттарОсы тексеріп-қараулармен верификацияланған диагнозТрипторелин, инъекциялық ерітінді дайындауға арналған суспензия үшін лиофилизат;
32Гипотиреоз, гипопаратиреоз, тиреотоксикозДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарОсы тексеріп-қараулармен верификацияланған диагнозЛевотироксин, таблетка; Дигидротахистерол, қабылдауға арналған ерітінді; Тиамазол, таблетка;
33Гормондық белсенді гипофиз ісіктеріДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарОсы тексеріп-қараулармен верификацияланған диагнозБромокриптин, таблетка; Каберголин, таблетка;
34АкромегалияДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарядролық магниттік резонанстық томографияда расталған, жоғары өсу гормонымен, верификацияланған диагнозБромокриптин, таблетка; Каберголин таблетка; Октреотид, инъекция үшін ерітінді, инъекция үшін суспензиялар дайындауға арналған микросфералар; Ланреотид, дайындау үшін лиофилизат, ұзақ босатылатын инъекция үшін ерітінді;
35Гепато–церебралдық дистрофияДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарАуыр ағымыПеницилламин****, таблетка;
36ФенилкетонурияДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарБарлық нысандары, өмірлік терапияКомида мед ФКУ – А формула+LCP (11,8 гр. ақуыз 100 гр-да); Комида мед ФКУ – (31,1 гр. ақуыз 100 гр-да); Комида мед ФКУ С - 45 (45 гр. ақуыз 100 гр-да); ФКУ-3 (69 гр. ақуыз 100 гр-да); Комида мед ФКУ С - 75 (75 гр. ақуыз 100 гр-да); ФКУ-0 (13 г ақуыз 100 гр-да); ФКУ-1 (20 г ақуыз 100 гр-да); РАМ-1 и РАМ-2 (75 г ақуыз 100 гр-да); Изифен (16,8 гр. ақуыз 1 қаптамада); емдік ақуызы төмен өнімдер және құрамында фенилаланин аз өнімдер;
2. Республикалық бюджет қаражатының есебінен
1.ГемофилияДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарХимиотерапия схемасына сәйкес ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесіОктоког альфа (рекомбинанттық антигемофилдік фактор), к/і енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезат, ерітінділерімен жиынтықтағы сауыт; VIII фактор концентрат, к/і енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезат, ерітінділерімен жиынтықтағы сауыт және құрамында альбумин бар гистидинсіз енгізуге арналған жиынтық; VIII фактор концентрат, к/і енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезат, ерітінділерімен жиынтықтағы сауыт және альбумин мен полиэтиленгликолсыз енгізуге арналған жиынтық; IX фактор концентрат, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезат ұнтақ; Эптаког альфа (активирленген) рекомбинанттық коагуляциялық VII а фактор; Көктамырішілік енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофнемесезирленген ұнтақтың антиингибиторлық антикоагулянттық кешені; VIII ұюдың адами факторы / Виллебранд адами факторы;
2.АИТВ-инфекциясы/ЖИТСДиспансерлік есепте тұратын барлық санаттарАнтиретровирустық терапияның, оның ішінде жүкті әйелдер мен АИТВ жұқтырған аналардан туған балалардың профилактикасы үшін барлық дәрежелер мен сатыларДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы схемасы бойынша препараттар
3Қант диабетіДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарИнсулинге тәуелді қант диабеті ауырлығының барлық сатысы мен дәрежесіИнсулин аспарт, картридждердегі, сауыттардағы ерітінді; Екі фазалы инсулин, орташа ұзақтықты инсулинмен комбинацияда (әсері қысқа және орташа ұзақтықты инсулин аналогтарының қоспасы), картридждердегі суспензия; Инсулин гларгин, картридждердегі ерітінді; Инсулин глулизин, картридждердегі, сауыттардағы ерітінді; Гендік-инженерлік адамға арналған екі фазалы инсулин, сауыттардағы суспензия; Гендік-инженерлік адамға арналған екі фазалы инсулин, картридждердегі суспензия; Инсулин детемир, картридждердегі ерітінді; Тәуліктік (орташа) әсері бар гендік-инженерлік адам инсулин изофан, сауыттардағы суспензия; Тәуліктік (орташа) әсері бар гендік-инженерлік адамға арналған инсулин изофан, катриждердегі суспензия; Инсулин лизпро, картридждердегі; сауыттардағы ерітінді; сауыттардағы ерітінді; Орташа ұзақтықтағы инсулинімен екі фазалы инсулин лизпро (әсері қысқа және орташа ұзақтықтағы инсулин аналогтарының қоспасы), картридждердегі суспезия; Гендік-инженерлік адамға арналған еритін инсулин, сауыттардағы ерітінді; Гендік-инженерлік адамға арналған еритін инсулин, картридждердегі ерітінді; Шприц-қаламға инелер; Кетондық денелерге арналған тест-жолақтар; Қандағы глюкозаны анықтау үшін тест жолақтар;
18 жасқа дейінгі балаларШығыс материалдарымен жиынтықта инсулин помпасы;
4ТуберкулезДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарЕмдеудің қолдау сатысыDOTS-терапия схемасы бойынша препараттар
5В және С вирусты гепатитіДиспансерлік есепте тұрған ересектерВ созылмалы гепатиті - репликация фазасы, халықаралық хаттамаға сәйкес анықталған вирустық жүктеме С созылмалы гепатиті - халықаралық хаттамаға сәйкес фиброздың анықталған сатысыДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Бауырды зерттеу жөніндегі еуропалық қоғамдастығы (EASL) схемасы бойынша препараттар
Диспансерлік есепте тұрған балаларВ созылмалы гепатиті - репликация фазасы, халықаралық хаттамаға сәйкес анықталған вирустық жүктеме С созылмалы гепататі - халықаралық хаттамаға сәйкес фиброздың анықталған сатысы
6Кистозды фиброз (Муковисцидоз)Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттарАуырлық дәрежесіне қарамастан барлық түріДорназа альфа****, ингаляция үшін ерітінді; Панкреатин, шағын микросферадан тұратын ішекте еритін қабықтағы капсула; Тиамфеникола глицинат ацетилцистеинат, инъекция және ингаляция үшін ұнтақ;
7МукополисахаридозДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттар1-түр (Гурлер синдромы)Ларонидаза****, концентрат инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған
Мукополисахаридоз 1-3 типа,Идурсульфаза****, инъекция үшін ерітінді;
Мукополисахаридоз 6-түрГалсульфаза****, инъекция үшін ерітінді;
8Гоше ауруыДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттар1 және 3-түрі, ауырлық дәрежесінен тысИмиглуцераза****, инфузия үшін ерітінді;
9Реналдық анемиямен созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігіДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарIII-IV-V сатысы, күндізгі стационар жағдайында бағдарламалық диализ алатын 18 жастан жоғары пациенттерді қоспағандаЭпоэтин альфа, шприц-сықпадағы инъекцияға арналған ерітінді; Эпоэтин бета, шприц-сықпадағы инъекцияға арналған ерітінді; Темір сульфаты, капсула, таблетка; Парентералды қолданатын темір препараттары;
10Ауто-иммундық аурулар, оның ішінде миастения және иммун тапшылығы жағдайыДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарЖіті кезеңдегі Гийене-Барре синдромы, аурулар дебютіндегі мультифокалдық моторлық полинейропатия, адамның алғашқы туабіткен иммунды жетіспеушілігі, миастенияның генерализацияланған түрі, миастениялық криз, созылмалы қабынулы демиелинизирленген полинейропатияG иммуноглобулині (адами қалыпты), инфузия үшін ерітінді;
11Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қамтитын гематологиялық ауруларДиспансерлік есепте тұрған ересектерауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесіИнтерферон альфа 2b, лиофнемесезирленген ұнтақ шприц - сықпа; Флударабин фосфат, таблетка; Клодрон қышқылы, таблетка, капсула; Иматиниб, таблетка, капсула; Нилотиниб, капсула; Гидроксикарбамид, капсула; Метотрексат, таблетка; Циклоспорин, капсула; Имиглюцераза****, инъекция үшін ерітінді;
11-1Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық ауруларДиспансерлік есепте тұрған балаларБарлық сатысы мен ауырлық дәрежелеріВинбластин, лиофилденген ұнтақ; Метотрексат, таблеткалар; Филграстим, тері астына енгізуге арналған ерітінді; Цитарабин, лиофилденген ұнтақ; Циклоспорин, капсулалар;
12ШашыраңқыДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарРемиссиялы ағын және клиникалық оқшауланған синдромИнтерон бета 1 а, инъекция үшін ерітінді;
Ремиссиялы және қайталанған прогредиенттелген ағынИнтерферон бета 1 b, инъекциялық ерітінді дайындау үшін лиофнемесезирленген ұнтақ;
Ремиссиялы ағынАцетат глатирамера, инъекция үшін ерітінді;
13ОнкологияДиспансерлік есепте тұрған барлық санаттарТаргетті емге сезімтал дәрежесіне байланысты емес қауіпті ісікСорафениб, таблетка; Эрлотиниб, таблетка; Гефитиниб, таблетка; Лапатиниб, таблетка; Сунитиниб, капсула; Иматиниб, капсула, таблетка.

* Бағдарламалар әкімшісінің рұқсаты бойынша және жеткізуші мен перзентхананың арасындағы шарт бойынша перзентханадан шығару кезінде жаңа туған нәрестелерге дәрі қобдишаларын беруге рұқсат етіледі.

"Ана мен бала" дәрі қобдишасының құрамына мынадай жадынаманы салу керек:

БЦЖ вакцинациясы туралы;

емшек сүтімен қоректендіру бойынша;

контрацепция бойынша;

жаңа туған нәрестелерге күтім жасау бойынша;

қажет болған жағдайда аз салмақты жаңа туған нәрестелерге күтім жасау бойынша;

алаңдатарлық симптомдар кезінде медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы (емшекті әлсіз емеді, аурушаң, дене қызу 38 градустан асады, қиын немесе жиі демалу, тырысу, нәжісіндегі қанның болуы, құсу, кіндігінің қызааруы немесе іріңді бөліну);

** Абсолюттік медициналық және әлеуметтік айғақтар тізбесі үшін 1 жасқа дейінгі баланы ерте жасанды қоректендіруге ауыстыру

№Факторлар мен ауруларЖасанды қоректендіру
Әлеуметтік факторлар
1Балаларды асырап алу+
Емшек сүтімен қоректендіретін аналардың жағдайы
2АИТВ-инфекция+
3Туберкулездің белсенді нысаны+ (иммунитетті қалыптастыру кезеңінде анадан баланы оқшаулау)
Бала денсаулығы жағдайы
4Расталған туа біткен ақуыз жетіспеушілігінің болуы+
5Галактоземия+
6Фенилкетонурия+
7"үйеңкі шырыны" ауруы+

*** Салыстырмалы медициналық және әлеуметтік айғақтар тізбесі үшін 1 жасқа дейінгі баланы ерте жасанды/аралас қоректендіруге ауыстыру

№Факторлар мен аурулараралас қоректендіружасанды қоректендіру
Әлеуметтік факторлар
1Көп ұрықты жүктіліктен туған балалар++
2Күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент болып табылатын аналардың балалары++
3Аналарды стационарлық емдеу++
Емшек сүтімен қоректендіретін аналардың жағдайы
4Қан өндіру аппараты ауруының ауыр нысандары++
5Қатерлі онкологиялық аурулар 1++
6Жіті психикалық аурулар (психоздар немесе ауыр босанғаннан кейінгі күйзеліс) 1+
7Бүйрек функциясы жетіспушілігі бар бүйрек ауруларының ауыр нысандары 1++
8Туа біткен және жүре пайда болған жүрек-қан тамырлық жүйе декомпенсациясымен ілесе жүретін жүрек ақауы 1+
9Ананың іріңді-септикалық аурулары 1++
10Эндокриндік ауруларының ауыр нысандары 1+
11Аллергиялық аурулар ауыр нысандары 1+
12Гипогалактиканың бастапқы нысандары 2++

1 кардиолог, аллерголог, психиатр, онколог, нефролог және т.б. бейінді маманнан қорытынды болған кезде дәрілік препарттарды (цитостатиктерді, радиоактивтік, тиреоидтік немесе есірткілік) қабылдаумен байланысты емшекпен қоректендіретін ананың ауруы немесе жағдайы

2 комиссияның бастапқы гипогалактика диагнозын белгілеуі алгоритмнің көмегі анықталады.

**** Орфандық препараттар . Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бір реттік әкелумен қамтамасыз етіледі.

***** - ауыстырып салынған ағзалар мен тіндерді қабылдамау қаупін болдырмау үшін науқастар өмір бойы бір өндірушінің дәрілік препараттарын қабылдайды;

******- әлеуметтік осал топ: 18 жасқа толмаған балалар, жүкті әйелдер, Ұлы Отан соғысына қатысқандар, мүгедектер, көп балалы аналар, "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жасы бойынша зейнеткерлер.

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2011 жылғы 4 қарашадағы
N 786 бұйрығына 2 қосымша

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір күшін жоғалтқан бұйрықтар тізімі

1. "Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5799 тіркелген, "Заң газетінің" 2009 жылғы 16 қазанындағы № 158 (1755) басылымында шыққан).

2. "Амбулаториялық деңгейде тегін Медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 112 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6150 тіркелген, Орталық атқару және Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мекемелер жиынтығының 2010 жылғы 07 шілдесіндегі № 1207 басылымында жарық көрген).

3. "Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 361 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6291 тіркелген, "Егеменді Қазақстан" газетінің 2010 жылғы 18 қыркүйегіндегі № 246-247(26307-26308) басылымында шыққан).

4. "Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 қазандағы № 853 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6641 тіркелген, Орталық атқару және Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мекемелер жиынтығының 2011 жылғы 25 наурызындағы № 1 басылымында жарық көрген).

5. "Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде халыққа тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 446 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 532 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7185 тіркелген).

Іздеу атаулары: №786 бұйрық, 786-бұйрық, приказ 786, жеті жүз сексен алтыншы бұйрық, 786 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.