Мақала
Бұйрықтар

№ 462 бұйрық (09.07.2012): толық мәтін және скачать

Жаңа

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 462 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 18 шілдеде № 7799 тіркелді

Бұйрық нөмірі
462
Қабылданған күні
09.07.2012
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 640 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (М.Қ. Телеуов): 1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін, және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын жасалған шарттар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 462 бұйрығына қосымша

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

Р/с №Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарыБөлінген орындардың саныМамандықтың атауыМамандық бойынша бөлінген орындардың саны
12345
1.Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледж275, оның ішінде 125 қазақ және 150 орыс тілдерінде білім алушыларЕмдеу ісі50 қазақ және 38 орыс тілдерінде білім алушылар, оның ішінде 10 - Ауғанстаннан келген тыңдаушылар
Ортопедиялық стоматология25 орыс тілінде білім алушылар, оның ішінде 8 Ауғанстаннан келген тыңдаушылар
Мейірбике ісі25 қазақ және 37 орыс тілдерінде білім алушылар, оның ішінде «Массаж» біліктілігі бойынша мейірбике ісі 16
Зертханалық диагностика25 қазақ және 50 орыс тілдерінде білім алушылар
Гигиена және эпидемиология25 қазақ тілінде білім алушылар
2.С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті20Мейірбике ісі Ауғанстаннан келген тыңдаушылар20 - дайындық бөлімі
3.Қарағанды мемлекеттік медицина университеті75, оның ішінде 50 қазақ және 25 орыс тілдерінде білім алушыларМейірбике ісі25 қазақ және 25 орыс тілдерінде білім алушылар
Емдеу ісі25 қазақ тілінде білім алушылар
4.Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті50, оның ішінде 25 қазақ және 25 орыс тілдерінде білім алушыларМейірбике ісі25 қазақ тілінде білім алушылар
Стоматологиялық ортопедия25 орыс тілінде білім алушылар
5.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы75, оның ішінде 50 қазақ және 25 орыс тілдерінде білім алушыларЕмдеу ісі25 қазақ тілінде білім алушылар
Мейірбике ісі25 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация25 орыс тілінде білім алушылар
6.«Эмили» медициналық орталығы25 қазақ тілінде білім алушыларМейірбике ісі25 қазақ тілінде білім алушылар

Іздеу атаулары: №462 бұйрық, 462-бұйрық, приказ 462, төрт жүз алпыс екінші бұйрық, 462 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.