Мақала
Бұйрықтар

№ 602 бұйрық (03.09.2012): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 602 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 272 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 қазанда № 7971 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 28 қарашадағы № 684 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 10/НҚ бірлескен бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
602
Қабылданған күні
03.09.2012
Актіні өзгерту күні
28.11.2013
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері
  2. 1. Жалпы ережелер
  3. 2. Объектілердің тәуекелдерін айқындау және тәуекелдер топтарына жатқызу критерийлері
  4. Тәуекелдер дәрежесіне байланысты топтар бойынша бақылау объектілерін бөлу, тексерулер мен зертханалық-құрал-саймандық зерттеулердің базалық кезеңділігі
  5. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілері үшін тәуекел дәрежесін анықтау _______________________________________ объектінің атауы

Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.11.2013 № 684 және ҚР Өңірлік даму министрінің 22.01.2014 № 10/НҚ бірлескен бұйрығымен .

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 72) тармақшасына , «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ : 1. Қоса беріліп отырған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми түрде жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі мен Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 59 және 2011 жылғы 25 ақпандағы № 45 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6841 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 31 мамырда № 226-227 (26625) жарияланған) бірлескен бұйрықтың күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Экономикалық даму және министрі сауда министрі

____________ С. Қайырбекова _____________ Б. Сағынтаев

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 3 қыркүйектегі № 602 және Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 272 бірлескен бұйрығымен бекітілген

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері

1. Жалпы ережелер

1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілерін жоғары, орташа, елеусіз тәуекел топтарына жатқызу және жоспарлы тексерулерді жүргізу кезеңділігін айқындау үшін әзірленді. 2. Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылды: 1) тәуекел – салдарларының ауырлық дәрежесін есепке ала отырып, тексерілетін объектінің қызметі нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігі; 2) тәуекел тобы – критерийлерге сәйкес айқындалатын тәуекелдің жалпы дәрежесі бар объектілер тобы. 3. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі: 1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына; 2) зертханалық-құрал-саймандық зерттеулердің нәтижелеріне; 3) объектілердің эпидемиялық маңыздылығына; 4) санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг деректеріне негізделеді.

2. Объектілердің тәуекелдерін айқындау және тәуекелдер топтарына жатқызу критерийлері

4. Объектілерді тәуекел топтары бойынша бөлу жоспарлы тексерулер кезеңділігін айқындау үшін жүргізіледі. 5. Жоспарлы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер тәуекел дәрежесіне қарай осы Критерийлерге 1-қосымшаға сәйкес топтарға бөлінген. Тәуекел дәрежесі жоғары топқа тексеру кезеңділігі тоқсанына 1 рет деп көрсетілген объектілер жатқызылған. Тәуекел дәрежесі орташа топқа тексеру кезеңділігі жарты жылда 1 рет деп көрсетілген объектілер жатқызылған. Тәуекел дәрежесі елеусіз топқа тексеру кезеңділігі жылына 1 рет деп көрсетілген объектілер жатқызылған. 6. Жаңадан пайдалануға қабылданған объектіні тексеру кезеңділігі осы Критерийлерге 1-қосымшаға сәйкес айқындалады. Жаңадан пайдалануға қабылданған шағын бизнес объектісін тексеру кезеңділігі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады. 7. Егер объект объектілерді тексерулер жоспарын бекіткеннен кейін пайдалануға қабылданған болса, ол осы Критерийлерге 1-қосымшаға сәйкес тексеру кезеңділігімен келесі жартыжылдыққа арналған тексерулер жоспарына енгізіледі. 8. Бұзушылықтарды талдау нәтижелері бойынша: 1) осы Критерийлерге 2-қосымшаға сәйкес талаптарға сай критерийлерді бағалау; 2) осы Критерийлерге 3-қосымшаға сәйкес баллды есептеу негізінде объектілерді келесі жылға, оның ішінде жоспарланатын кезеңге (жартыжылдыққа) арналған тәуекел топтары бойынша бөлу жүргізіледі. 9. Объектілердің тәуекел дәрежесінің топтарын айқындау бойынша баллды есептеуді мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының мамандары жүргізеді және осы органның басшысы Критерийлерге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітеді. 10. Тексерулерге талдау жүргізу барысында өткен күнтізбелік жыл (жарты жыл) ішінде жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар ескеріледі. 11. Егер объектіде күнтізбелік жыл (жарты жыл) ішінде тексерулер барысында бұзушылықтар анықталған не анықталмаған болса, онда алдағы жартыжылдыққа тексерулер жоспарын құру кезінде объектілер жинаған баллының мөлшеріне байланысты объектілер топтардың жүйелілігіне қарамастан, топтан топқа ауыстырылады немесе тиісті топта қалдырылады. 12. Тексерілетін объектілер: 1) 0 баллдан бастап 100 (қоса алғанда) баллға дейін жинаса тәуекелдің 3-ші тобына жатқызылады; 2) 101 баллдан бастап 120 (қоса алғанда) баллға дейін жинаса 2-ші топқа жатқызылады; 3) 121 баллдан бастап және одан жоғары (қоса алғанда) балл жинаса 1-ші топқа жатқызылады. 13. Егер өткен күнтізбелік жыл (жарты жыл) ішінде объект тексерілмеген болса, ол алдыңғы күнтізбелік жылдың (жарты жылдың) нәтижелері бойынша айқындалған топта қалдырылады. 14. Бір субъектіге (заңды тұлғаға) жататын объектілердің тәуекел тобын айқындау әрбір объект үшін жеке жүргізіледі.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне 1-қосымша

Тәуекелдер дәрежесіне байланысты топтар бойынша бақылау объектілерін бөлу, тексерулер мен зертханалық-құрал-саймандық зерттеулердің базалық кезеңділігі

1-ші топ – тәуекел дәрежесі жоғары объектілер

№Объектілердің түрлеріТексерулердің базалық кезеңділігіБір жылдағы зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер кезеңділігі
Бактериологиялық бақылауПаразитологиялық бақылауСанитариялық-химиялық бақылауФизикалық факторларды бақылауРадиациялық бақылау
12345678
1Балалардың сүт асүйлерітоқсанына бір реттоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкестоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
2Балалардың сауықтыру және санаториялық объектілері (жыл бойғы, маусымдық)тоқсанына бір реттоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкестоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
3Балалар үйлері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтарытоқсанына бір реттоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкестоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
4Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында, интернат ұйымдарында, пансионаттарда, медреседе, баспаналарда, вахталық кенттерде орналасқан қоғамдық тамақтану және сауда объектілерітоқсанына бір реттоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкестоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
5Кремнен жасалатын кондитерлік өнімдерді өндіретін объектілертоқсанына бір реттоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкестоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
6Мынадай: онкологиялық ауруханаларды (диспансерлерді), наркологиялық ауруханаларды (диспансерлерді, медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарын), психиатриялық ауруханаларды (диспансерлерді) қоспағанда стационарлық көмек көрсететін; қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын; амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдартоқсанына бір реттоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкестоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде жылына бір рет
7Көліктегі (темір жол, теңіз, ішкі су, әуе) қоғамдық тамақтану объектілері. Борттық тамақтану объектілерітоқсанына бір реттоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкестоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
8Жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын (темір жол, теңіз, ішкі су, әуе) көлік құралдарытоқсанына бір реттоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкестоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
9Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдары - сәбилер бақшалары және барлық түрдегі бала бақшалар, балалар толық және қысқа уақыт болатын мектепке дейінгі тәрбиелеу орталықтарытоқсанына бір реттоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкестоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
10Интернат ұйымдары (балаларға арналған)тоқсанына бір реттоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкестоқсанына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде

2-ші топ – тәуекел дәрежесі орташа объектілер

№Объектілердің түрлеріТексерулердің базалық кезеңділігіБір жылдағы зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер кезеңділігі
Бактериологиялық бақылауПаразитологиялық бақылауСанитариялық-химиялық бақылауФизикалық факторларды бақылауРадиациялық бақылау
12345678
1Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдарыжарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
2Жастар үйлері, пансионаттар, медресе, баспаналаржарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
3Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарыжарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
4Тамақ өнімдерін өндіретін, қайта өңдейтін және өткізетін қоғамдық тамақтану объектілеріжарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
5Тез бұзылатын тамақ өнімдерін автоматты түрде дайындауға және өткізуге арналған аппараттаржарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес-пайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
6Сүт өңдеу объектілері, дайын сүт өнімін өндіру объектілеріжарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
7Ет өңдеу объектілері, еттің жартылай фабрикаттарын және/немесе дайын ет өнімін өндіретін объектілержарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
8Балық өңдеу объектілері, балықтың жартылай фабрикаттарын және/немесе дайын балық өнімін өндіретін объектілержарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
9Құс өңдеу объектілері, құстың жартылай фабрикаттарын және/немесе дайын құс өнімін өндіретін объектілержарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
10Тамақ өнімдерінің көтерме, бөлшектеп және ұсақ бөлшектеп сату базарларыжарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
11Алкоголь өнімін (оның ішінде шарап, сыра), алкогольсіз өнім (оның ішінде квас, сергітетін сусындар) және сыйымдылықтарға өлшеп-құйылған ауыз су (оның ішінде минералды) өндіретін объектілержарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
12Май өнімдерін өндіретін объектілержарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
13Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерін және тамақ өнімдерінің өзге де топтарын өндіретін және өткізетін объектілержарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
14Нан және нан-тоқаш өнімдерін пісіретін объектілержарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
15Чипсілерді, кептірілген нанды, жүгері таяқшаларын, казинакилерді, шекілдеуіктерді, құрғақ таңертеңгілік, асты, слайстарды, қант мақталарын, поп-корн, қуырылған жаңғақтарды өндіретін объектілержарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
16Кондитерлік өнімдерді өндіретін объектілержарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
17Тамақ өнімдерін сақтауға арналған қоймаларжарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
18Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары: онкологиялық ауруханалар (диспансерлер), наркологиялық ауруханалар (диспансерлер, медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтары), психиатриялық ауруханалар (диспансерлер)жарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
19АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау объектілеріжарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес-пайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
20Су көздері, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін су алу орындарыжарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес-жылына 1 рет
21Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйелеріжарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес-пайдалануға беру кезінде
22Интернат үйлері (ересектерге арналған). Мүгедектер мен қарттарға арналған үйлержарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
23Көлік құралдары (жолаушыларды, тамақ өнімдерін, азық-түлік шикізаттарын, шаруашылық-ауыз суды, радиоактивті, қауіпті, химиялық және уытты заттарды тасымалдау үшін пайдаланылатын темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе)жарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде
24Өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы салынып жатқан және қайта жаңғыртылып жатқан объектілер, күрделі жөндеу объектілері, құрылыс алаңдарыжарты жылда бір ретжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжарты жылда бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жарты жылда бір ретпайдалануға беру кезінде

3-ші топ – тәуекел дәрежесі елеусіз объектілер

№Объектілердің түрлеріТексерулердің базалық кезеңділігіБір жылдағы зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер жиілігі
Бактериологиялық бақылауПаразитологиялық бақылауСанитариялық-химиялық бақылауФизикалық факторларды бақылауРадиациялық бақылау
12345678
1Орта және жоғары білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік оқыту ұйымдарыжылына бір ретжылына бір рет,тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
2Арнайы білім беру түзету ұйымдарыжылына бір ретжылына бір рет,тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
3Балалар мен жасөспірімдер үшін өнімдер дайындайтын және өткізетін объектілер (киім, аяқ киім, ойыншықтар)жылына бір ретжылына бір рет,тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде,жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
4Компьютер клубтарыжылына бір рет---пайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
5Ұнның жартылай фабрикаттарын, макарон өнімдерін өндіретін объектілержылына бір ретжылына бір рет,тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
6Аспаздық және йодталған тұздарды өндіретін объектілержылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес-пайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
7Жеміс өңдеу объектілері, өсімдіктен алынатын ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде соя өнімін өңдеу объектілері, ұн тарту объектілеріжылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
8Тамақ концентраттарын және тамақ қышқылдарын өндіретін объектілержылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
9Крахмалды-сірнелі өнімдерді, крахмал өндіретін объектілержылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
10Қант өндіретін объектілержылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
11Тамақ өнімдерін көтерме бөлшектеп және ұсақ бөлшектеп сату объектілеріжылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
12Сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілержылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес-пайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
13Дәрілік препараттарды дайындайтын объектілержылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес-пайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
14Қалпына келтіру және медициналық оңалту ұйымдарыжылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес-пайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
15Шаштараздар, косметологиялық орталықтар, салондаржылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
16Моншалар, сауналар, жүзу бассейндеріжылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
17Спорттық-сауықтыру мекемелеріжылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
18Парфюмерлік-косметикалық өнім және гигиеналық заттарды өндіру объектілеріжылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес-пайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
19Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды, кеңселерді пайдалану ұйымдары, үйлерді басқару ұйымдары, үй-жай иелерінің кооперативтеріжылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
20Саябақтаржылына бір рет----пайдалануға беру кезінде
21Адамдардың уақытша тұратын объектілері (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар, вахталық кенттер)жылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
22Екінші санаттағы су қоймалары, жағажайларжылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес-пайдалануға беру кезінде
23Қалдықтарды, оның ішінде медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау, жою, сұрыптау, өндеу, залалсыздандыру және кәдеге жарату объектілеріжылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
24Зертханалардың барлық түрлеріжылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
25Радиациялық қауіпті объектілержылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес-пайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
26Өндірістік мақсаттағы құрылыстар, өндірістік объектілердің санитариялық қорғаныш аймағыжылына бір рет---пайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
27Өнеркәсіптік сала объектілеріжылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес-пайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
28Көлік құралдарына (әуе, темір жол, су, автомобиль) және жолаушыларға қызмет көрсету объектілеріжылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
29Химиялық заттар мен өнімдерді, агрохимикаттарды және пестицидтерді (улы химикаттарды), вакциналар мен басқа да иммундық-бактериологиялық препараттарды сақтауға арналған қоймаларжылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес-пайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
30Парфюмериялық-косметикалық өнімдерді, гигиеналық заттар мен балаларға арналған тауарларды сақтау қоймаларыжылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес-пайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
31Дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдары мен препараттарын, иммундық-биологиялық, диагностикалық препараттарды дайындайтын, өндіретін, өңдейтін, сақтайтын, тасымалдайтын, пайдаланатын және өткізетін, сондай-ақ оларды пайдаланумен байланысты жұмыстар мен қызметтерді көрсететін объектілержылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкес-пайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде
32Кәріздік тазарту құрылыстары мен тораптарыжылына бір ретжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкесжылына бір рет, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, тексерудің белгіленген кезеңділігіне сәйкеспайдалануға беру кезінде, жылына бір ретпайдалануға беру кезінде

Ескертпе. Тарату желісінің (бақылау нүктелері) ауыз суының қауіпсіздігін бақылау кезеңділігін бақылаудағы аумақтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайына қарай мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары белгілейді.

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне 2-қосымша

1-ші топтың объектілері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

№Критерийлер атауыБұзушылық түрлеріБалл саныНәтижелері (+/-)
12345
1Зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер нәтижелерінің сәйкес еместігі (өлшеулердің жалпы санының 10%-нан жоғары)өрескел бұзушылық20 балл
2Тамақ сынамаларының (сынамалардың жалпы санының 10%-нан жоғары), су сынамаларының (сынамалардың жалпы санының 10%-нан жоғары), жұғындылар сынамаларының (жұғындылардың жалпы санының 2%-нан жоғары) зертханалық зерттеулері нәтижелерінің сәйкес еместігіөрескел бұзушылық20 балл
3Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, инфекциялық бақылауды ұйымдастыру бойынша бұзушылықөрескел бұзушылық20 балл
4Дезинфекциялық, дератизациялық, дезинсекциялық заттар мен препараттарды, иммундық-биологиялық, дәрілік препараттарды сақтауға, пайдалануға және өткізуге қойылатын талаптардың бұзылуыөрескел бұзушылық20 балл
5Сумен жабдықтауға, суды бұруға, желдетуге, жарықтандыруға, ауа баптауға, микроклиматқа қойылатын талаптардың бұзылуыөрескел бұзушылық20 балл
6Халықтың декреттелген тобында алдын ала және/немесе мерзімдік (инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу және оларды таратпау мақсатында) медициналық тексерудің, вакцинациялаудың болмауыөрескел бұзушылық20 балл
7Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын өткізуге қойылатын талаптардың бұзылуыөрескел бұзушылық20 балл
8Объектінің жобалау қуатының артуы. Бір адамға/балаға/орынға аудан нормаларының сақталмауыорташа бұзушылық10 балл
9Объектінің құрылғысына және күтіп-ұстауға, үй-жайлардың жиынына, оларды орналастыруға және санитариялық-техникалық жағдайына, «таза» және «лас» ағындарды бөлуді қамтамасыз ету бойынша талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық10 балл
10Жабдықты күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын талаптардың бұзылуы, технологиялық, салқындатқыш, өндірістік және медициналық жабдықтың болмауы, жеткіліксіздігі, жарамсыздығы, оны орналастыруға қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық10 балл
11Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тыйым салынған тамақтарды, бұйымдарды, азық-түліктер мен өнімдерді дайындау және пайдалануорташа бұзушылық10 балл
12Азық-түліктерді сақтау шарттары мен мерзімдерінің, дайын өнімді өткізу мерзімдерінің бұзылуыорташа бұзушылық10 балл
13Өндіру жағдайларына (технологиялық үдеріске, өндіру технологиясына) қойылатын, ұсынылатын қызметтерге қойылатын талаптардың бұзылуы, өндірістік бақылауды ұйымдастыруорташа бұзушылық10 балл
14Тамақ өнімдерімен және сумен жанасатын шикізаттың, тамақ өнімдерінің және жабдықтың қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауыорташа бұзушылық10 балл
15Жабдықты және мүкаммалды пайдалану қағидаларының, оларды күтіп-ұстауға, жууға және өңдеуге қойылатын талаптардың бұзылуы. Асхана мүкаммалын таңбалауға, технологиялық жабдықпен, қатты және жұмсақ мүкаммалмен жарақталуына қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық10 балл
16Киім-кешектерді жинауға, жууға, тасымалдауға және сақтауға қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық10 балл
17Қалдықтарды, оның ішінде медициналық қалдықтарды жинауға, сақтауға, тасымалдауға, залалсыздандыруға және кәдеге жаратуға қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық10 балл
18Медициналық, егу кабинеттерін жарықтандыруға, жабдығына және күтіп-ұстауға қойылатын талаптардың болуыелеусіз бұзушылық1 балл
19Еңбек жағдайларының, тұрмыстық қызмет көрсетуге, өндірістік гигиенаға қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
20Жиһазға, спорт және ойын жабдықтарына, ойын және спорт алаңдарына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
21Аумақты аймақтауға, күтіп-ұстауға және көгалдандыруға, санитариялық-аулалық қондырғылардың санитариялық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл

2-ші топтың объектілері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

№Критерийлер атауыБұзушылық түрлеріБалл саныНәтижелері (+/-)
12345
1Зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер нәтижелерінің сәйкес еместігі (өлшеулердің жалпы санының 10%-нан жоғары)өрескел бұзушылық20 балл
2Тамақ сынамаларының (сынамалардың жалпы санының 10%-нан жоғары), су сынамаларының (сынамалардың жалпы санының 10%-нан жоғары), жұғындылар сынамаларының (жұғындылардың жалпы санының 2%-нан жоғары) зертханалық зерттеулері нәтижелерінің сәйкес еместігіөрескел бұзушылық20 балл
3Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, инфекциялық бақылауды ұйымдастыру бойынша бұзушылықөрескел бұзушылық20 балл
4Дезинфекциялық, дератизациялық, дезинсекциялық заттар мен препараттарды, иммундық-биологиялық, дәрілік препараттарды сақтауға, пайдалануға және өткізуге қойылатын талаптардың бұзылуыөрескел бұзушылық20 балл
5Халықтың декреттелген тобында алдын ала және/немесе мерзімдік (инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу және оларды таратпау мақсатында) медициналық тексерудің, вакцинациялаудың болмауыөрескел бұзушылық20 балл
6Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын өткізуге қойылатын талаптардың бұзылуыөрескел бұзушылық20 балл
7Азық-түліктерді сақтау шарттары мен мерзімдерінің, дайын өнімді өткізу мерзімдерінің бұзылуыорташа бұзушылық10 балл
8Объектінің жобалау қуатының артуы. Бір адамға/балаға/орынға аудан нормаларының сақталмауыорташа бұзушылық10 балл
9Объектінің құрылғысына және күтіп-ұстауға, үй-жайлардың жиынына, оларды орналастыруға және санитариялық-техникалық жағдайына, «таза» және «лас» ағындарды бөлуді қамтамасыз ету бойынша талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық10 балл
10Жабдықты күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын талаптардың бұзылуы, технологиялық, салқындатқыш, өндірістік және медициналық жабдықтың болмауы, жеткіліксіздігі, жарамсыздығы, оны орналастыруға қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық10 балл
11Сумен жабдықтауға, суды бұруға, желдетуге, жарықтандыруға, ауа баптауға, микроклиматқа қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық10 балл
12Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тыйым салынған тамақтарды, бұйымдарды, азық-түліктер мен өнімдерді дайындау және пайдалануорташа бұзушылық10 балл
13Өндіру жағдайларына (технологиялық үдеріске, өндіру технологиясына) қойылатын, ұсынылатын қызметтерге қойылатын талаптардың бұзылуы, өндірістік бақылауды ұйымдастыруорташа бұзушылық10 балл
14Тамақ өнімдерімен және сумен жанасатын шикізаттың, тамақ өнімдерінің және жабдықтың қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауыорташа бұзушылық10 балл
15Киім-кешектерді жинауға, жууға, тасымалдауға және сақтауға қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық10 балл
16Қалдықтарды, оның ішінде медициналық қалдықтарды жинауға, сақтауға, тасымалдауға, залалсыздандыруға және кәдеге жаратуға қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық10 балл
17Медициналық, егу кабинеттерін жарықтандыруға, жабдығына және күтіп-ұстауға қойылатын талаптардың болуыелеусіз бұзушылық1 балл
18Еңбек жағдайларының, тұрмыстық қызмет көрсетуге, өндірістік гигиенаға қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
19Жиһазға, спорт және ойын жабдықтарына, ойын және спорт алаңдарына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
20Жабдықты және мүкаммалды пайдалану қағидаларының, оларды күтіп-ұстауға, жууға және өңдеуге қойылатын талаптардың бұзылуы. Асхана мүкаммалын таңбалауға, технологиялық жабдықпен, қатты және жұмсақ мүкаммалмен жарақталуына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
21Аумақты аймақтауға, күтіп-ұстауға және көгалдандыруға, санитариялық-аулалық қондырғылардың санитариялық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл

3-ші топтың объектілері үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

№Критерийлер атауыБұзушылық түрлеріБалл саныНәтижелері (+/-)
12345
1Зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер нәтижелерінің сәйкес еместігі (өлшеулердің жалпы санының 10%-нан жоғары)өрескел бұзушылық20 балл
2Тамақ сынамаларының (сынамалардың жалпы санының 10%-нан жоғары), су сынамаларының (сынамалардың жалпы санының 10%-нан жоғары), жұғындылар сынамаларының (жұғындылардың жалпы санының 2%-нан жоғары) зертханалық зерттеулері нәтижелерінің сәйкес еместігіөрескел бұзушылық20 балл
3Халықтың декреттелген тобында алдын ала және/немесе мерзімдік (инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу және оларды таратпау мақсатында) медициналық тексерудің, вакцинациялаудың болмауыөрескел бұзушылық20 балл
4Дезинфекциялық, дератизациялық, дезинсекциялық заттар мен препараттарды, иммундық-биологиялық, дәрілік препараттарды сақтауға, пайдалануға және өткізуге қойылатын талаптардың бұзылуыөрескел бұзушылық20 балл
5Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, инфекциялық бақылауды ұйымдастыру бойынша бұзушылықөрескел бұзушылық20 балл
6Объектінің жобалау қуатының артуы. Бір адамға/балаға/орынға аудан нормаларының сақталмауыорташа бұзушылық10 балл
7Киім-кешектерді жинауға, жууға, тасымалдауға және сақтауға қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық10 балл
8Объектінің құрылғысына және күтіп-ұстауға, үй-жайлардың жиынына, оларды орналастыруға және санитариялық-техникалық жағдайына, «таза» және «лас» ағындарды бөлуді қамтамасыз ету бойынша талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық10 балл
9Жабдықты күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын талаптардың бұзылуы, технологиялық, салқындатқыш, өндірістік және медициналық жабдықтың болмауы, жеткіліксіздігі, жарамсыздығы, оны орналастыруға қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық10 балл
10Сумен жабдықтауға, суды бұруға, желдетуге, жарықтандыруға, ауа баптауға, микроклиматқа қойылатын талаптардың бұзылуыорташа бұзушылық10 балл
11Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тыйым салынған тамақтарды, бұйымдарды, азық-түліктер мен өнімдерді дайындау және пайдалануорташа бұзушылық10 балл
12Өндіру жағдайларына (технологиялық үдеріске, өндіру технологиясына) қойылатын, ұсынылатын қызметтерге қойылатын талаптардың бұзылуы, өндірістік бақылауды ұйымдастыруорташа бұзушылық10 балл
13Тамақ өнімдерімен және сумен жанасатын шикізаттың, тамақ өнімдерінің және жабдықтың қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болмауыорташа бұзушылық10 балл
14Жабдықты және мүкаммалды пайдалану қағидаларының, оларды күтіп-ұстауға, жууға және өңдеуге қойылатын талаптардың бұзылуы. Асхана мүкаммалын таңбалауға, технологиялық жабдықпен, қатты және жұмсақ мүкаммалмен жарақталуына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
15Азық-түліктерді сақтау шарттары мен мерзімдерінің, дайын өнімді өткізу мерзімдерінің бұзылуыорташа бұзушылық10 балл
16Жиһазға, спорт және ойын жабдықтарына, ойын және спорт алаңдарына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
17Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын өткізуге қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
18Еңбек жағдайларының, тұрмыстық қызмет көрсетуге, өндірістік гигиенаға қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
19Медициналық, егу кабинеттерін жарықтандыруға, жабдығына және күтіп-ұстауға қойылатын талаптардың болуыелеусіз бұзушылық1 балл
20Қалдықтарды, оның ішінде медициналық қалдықтарды жинауға, сақтауға, тасымалдауға, залалсыздандыруға және кәдеге жаратуға қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл
21Аумақты аймақтауға, күтіп-ұстауға және көгалдандыруға, санитариялық-аулалық қондырғылардың санитариялық жағдайына қойылатын талаптардың бұзылуыелеусіз бұзушылық1 балл

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне 3-қосымша

1-ші топтағы объектілерді бөлу бойынша баллды есептеу

№Бұзушылықтың сипатыКритерий саныБаллдарды есептеуБалл диапазоны
12345
1елеусіз бұзушылықтар41 критерий = 1 баллмен121 баллдан бастап және одан жоғары
2орташа бұзушылықтар101 критерий = 10 баллмен
3өрескел бұзушылықтар71 критерий = 20 баллмен

2-ші топтағы объектілерді бөлу бойынша баллды есептеу

№Бұзушылықтың сипатыКритерий саныБаллдарды есептеуБалл диапазоны
12345
1елеусіз бұзушылықтар51 критерий = 1 баллмен101 баллдан бастап 120 баллға дейін
2орташа бұзушылықтар101 критерий = 10 баллмен
3өрескел бұзушылықтар61 критерий = 20 баллмен

3-ші топтағы объектілерді бөлу бойынша баллды есептеу

№Бұзушылықтың сипатыКритерий саныБаллдарды есептеуБалл диапазоны
12345
1елеусіз бұзушылықтар61 критерий = 1 баллмен0 баллдан бастап 100 баллға дейін
2орташа бұзушылықтар101 критерий = 10 баллмен
3өрескел бұзушылықтар51 критерий = 20 баллмен

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне 4-қосымша

Бекітемін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер _____________________ _____________________

А.Т.Ә., қолы

Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектілері үшін тәуекел дәрежесін анықтау _______________________________________ объектінің атауы

№Объектінің атауыТәуекел тобыОбъектіні тексерудің жоспарланған саныОбъектіге нақты жүргізілген тексеру саныАнықталған бұзушылық саныБалл диапазоны_____ топтан _____ топқа ауыстырылды___ топтан ____ топқа ауыстырылған жоқЕскертпе
12345678910

Қорытынды __________________________________________________________ (бір жыл (жарты жыл) ішіндегі тексеру саны, жиналған балл саны, тәуекел тобы көрсетіледі) Тәуекел тобын анықтаған маманның А.Т.Ә., лауазымы, қолы _____________

Іздеу атаулары: №602 бұйрық, 602-бұйрық, приказ 602, алты жүз екінші бұйрық, 602 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.