Мақала
Бұйрықтар

№ 269 бұйрық (06.05.2013): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 06 мамырдағы № 269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 маусымда № 8501 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 2 қазандағы № 130 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
269
Қабылданған күні
06.05.2013
Актіні өзгерту күні
02.10.2026
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 02.10.2026 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ДСМ-305/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2) "Интернатура және резидентурада клиникалық мамандықтарды даярлау тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 27 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2008 жылғы наурыз, № 3, 311-бап) бұйрығына :

көрсетілген бұйрықпен бекітілген интернатурада клиникалық мамандықтарды даярлау тізбесінде :

4, 8 және 9-тармақтар алынып тасталсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген резидентурада клиникалық мамандықтарды даярлау тізбесінде :

1, 2, 26 және 40-тармақтар алынып тасталсын;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"Гематология";

мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

"7-1. Балалар онкологиясы және гематологиясы";

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"Онкология".

Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ДСМ-305/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (А.Ә. Сыздықова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың бұқаралық ақпараттық құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министріС. Қайырбекова

Іздеу атаулары: №269 бұйрық, 269-бұйрық, приказ 269, екі жүз алпыс тоғызыншы бұйрық, 269 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.