Мақала
Бұйрықтар

№ 353 бұйрық (18.06.2013): толық мәтін және скачать

Жаңа

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 02 шілдеде № 8545 тіркелді

Бұйрық нөмірі
353
Қабылданған күні
18.06.2013
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2013/2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН : 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (А.Ә. Сыздықова): 1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада көзделген денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада көзделген денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын жасалған шарттар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асаинова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына қосымша

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

р/с №Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарыБөлінген орындардың саныМамандықтың атауыМамандық бойынша бөлінген орындардың саны
12345
1.Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледж285, оның ішінде 150 қазақ тілінде білім алушыларЕмдеу ісі73, оның ішінде 50 қазақ тілінде білім алушылар, 10 - Ауғанстаннан келген тыңдаушылар
Ортопедиялық стоматология50, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар
Мейіргер ісі62, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар, оның ішінде «Массаж» біліктілігі бойынша мейіргер ісі 16
Зертханалық диагностика75, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар
Гигиена және эпидемиология25, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар
2.Қарағанды мемлекеттік медицина университеті75, оның ішінде 50 қазақ тілінде оқитындарМейіргер ісі50, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар
Емдеу ісі25, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар
3.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы100, оның ішінде 100 қазақ тілінде білім алушыларЕмдеу ісі50, оның ішінде 50 қазақ тілінде білім алушылар
Мейіргер ісі25, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация25, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар
4.«Эмили» медициналық орталығы50, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушыларМейіргер ісі50, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар

Іздеу атаулары: №353 бұйрық, 353-бұйрық, приказ 353, үш жүз елу үшінші бұйрық, 353 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.