Мақала
Бұйрықтар

№ 494 бұйрық (29.08.2013): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Денсаулық сақтау саласындағы сот сараптамалары түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 494 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қыркүйекте № 8688 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 қазандағы № 795 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
494
Қабылданған күні
29.08.2013
Актіні өзгерту күні
27.10.2017
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Денсаулық сақтау саласындағы сот сараптамалары түрлерінің тізбесі

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.10.2017 № 795 бұйрығымен ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

"Қазақстан Республикасындағы сот-сараптамалық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы сот сараптамалары түрлерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М. Ахметниязова):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

МинистрС. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 29 тамыздағы 494 бұйрықпен бекітілген

Денсаулық сақтау саласындағы сот сараптамалары түрлерінің тізбесі

р/р №Денсаулық сақтау саласындағы сот сараптамаларының түрлеріСараптамалық мамандық
1Сот-медициналық сараптама
1.1Мәйіттерді сот-медициналық сараптауЖалпы сараптамалық зерттеу
1.2Сот-гистологиялық сараптамаСот-гистологиялық зерттеу
1.3Сот-биологиялық сараптамаСот-биологиялық зерттеу
1.4Медициналық-криминалистикалық сараптамаСот медициналық-криминалистикалық зерттеу
1.5Молекулалық-генетикалық сараптамаСот молекулалық-генетикалық зерттеу
1.6Химиялық-токсикологиялық сараптамаСот химиялық-токсикологиялық зерттеу
2Сот-наркологиялық сараптамаСот-наркологиялық зерттеу
3Сот-психиатриялық сараптамаСот-психиатриялық зерттеу

Іздеу атаулары: №494 бұйрық, 494-бұйрық, приказ 494, төрт жүз тоқсан төртінші бұйрық, 494 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.