Мақала
Бұйрықтар

№ 477/1 бұйрық (17.08.2013): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 17 тамыздағы № 477/1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 қазанда 8730 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-205/2020 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
477/1
Қабылданған күні
17.08.2013
Актіні өзгерту күні
25.11.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Амбулаториялық-емханалық қызметтерді көрсетуге арналған кестеге сәйкес нормативтері

Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.11.2020 № ҚР ДСМ-205/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 . "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2010 ж. № 6, 376-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін :

Мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтыру:

"1-1. Амбулаториялық-емханалық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға арналған ұсыныс сипатында және оны медициналық ұйымның бірінші басшысы медициналық қызметтердің қажеттілігіне қарай жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша бекітеді.";

"Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері" деген 13-қосымшада :

"Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі" деген 4.3-параграфының 88-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

§ 4.3. Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі
Бөлімше меңгерушісінің міндетін атқаратын профилактика және диспансерлеу (СӨС) жөніндегі дәрігер/жоғары медициналық білімі бар мейіргер1 лауазым

мынадай редакцияда жазылсын:

"692. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері осы Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерінің 13-қосымшасына сәйкес белгіленеді. Амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетуге арналған уақыт нормативі Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерінің 13-1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.";

Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 13-1-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева):

1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің
міндетін атқарушыЕ.Байжүнісов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2013 жылғы 17 тамыздағы № 477/1 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылдың 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына сәйкес Денсаулық сақтау ұйымдарының типтік штаттары мен штаттық нормативтеріне 13-1-қосымша

Амбулаториялық-емханалық қызметтерді көрсетуге арналған кестеге сәйкес нормативтері

р/с №МамандығыҚабылдауда: уақыт (минут)Үйде қызмет көрсеткенде: уақыт (минут)
12345
1.Терапевт1530
Педиатр1530
3.Жас өспірімдер дәрігері15
4.Жалпы тәжірибедегі дәрігер/жанұялық дәрігер1530
5.Профилактикалау бөлімшесінің дәрігері/жоғары білімі бар мейіргер15
6.Профилактика бөлімшесінің мейіргері15
7.Акушерка15
8.Мейіргер (1)1530
9.Мейіргер (2)1530
10.Мейіргер (3)1530
11.Әлеуметтік қызметкер2040
12.Психолог3540

* Мәліметтер хронометрлеу жолымен алынды.

Іздеу атаулары: №477/1 бұйрық, 477/1-бұйрық, приказ 477/1, 477/1 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.