Мақала
Бұйрықтар

№ 750 бұйрық (23.12.2013): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 750 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 қаңтарда № 9086 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығымен.

Бұйрық нөмірі
750
Қабылданған күні
23.12.2013
Актіні өзгерту күні
28.12.2016
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.12.2016 № 1112 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 1481 қаулысымен бекітілген Жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлері мен көлемінің 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН : 1. Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қоса беріліп отырған түрлері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева): 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Интернет-ресурсына орналастыруды; 2) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына жеткізуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 750 бұйрығымен бекітілген

Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері

Ескерту. Түрлер жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрінің 2014.10.31 № 210 (2015.01.01 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №КодТүрлердің атауы
Хирургиялық бейін
1.37.66Имплантацияланатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу
2.02.93Интракраниалдық нейростимуялтордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
3.03.93Арқалық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру
4.33.5Өкпені транспланттау
5.33.6«Өкпе-жүрек» кешенін аралас транспланттау
6.37.51Жүректі транспланттау
7.50.52Кадаврдан бауырды транспланттау
8.52.80Ұйқыбезін транспланттау, нақтыланбаған
9.99.791Аутотранспланттау үшін қанның гемопоэздік дің жасушаларын дайындау
10.41.06Кіндік дің жасушаларын транспланттау
11.41.10Феталдық дің жасушаларын транспланттау
12.41.11Феталдық жасушалардың медиаторларын транспланттау
13.00.93Транспланттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тінді алу
14.35.01Жабық жүрек вальвулотомиясы, аорталық қақпақша
15.35.02Жабық жүрек вальвулотомиясы, митралдық қақпақша
16.35.03Жабық жүрек вальвулотомиясы, өкпе діңінің қақпақшасы
17.35.04Жабық жүрек вальвулотомиясы, үшжармалы қақпақша
18.35.10Ауыстырмай анықталмаған жүрек қақпақшасының ашық вальвулопластикасы
19.35.11Ауыстырмай аорталық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
20.35.12Ауыстырмай митраль қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
21.35.13Ауыстырмай өкпе діңі қақпақшасының ашық вальвулопластикасы
22.35.14Ауыстырмай үшжармалы қақпақшаның ашық вальвулопластикасы
23.35.21Аорталық қақпақшаны тін трансплантатпен ашық және басқаша алмастыру
24.35.23Митралдық қақпақшаны тін трансплантатпен ашық және басқаша алмастыру
25.35.25Өкпе діңінің қақпақшасын тіндік трансплантатпен ашық және басқаша алмастыру
26.35.27Үшжармалы қақпақшаны тіндік трансплантатпен ашық және басқаша алмастыру
27.35.33Аннулопластика
28.35.34Инфундибулэктомия
29.35.42Жүрек қалқасының ақауын жасау
30.35.50Протездеу жолымен жүрек қалқасының анықталмаған ақауын жою
31.35.53Протездің көмегімен қарыншааралық қалқаның ақауын жою
32.35.55Протездің көмегімен қарыншааралық қалқаның ақауын жабық әдіспен жою
33.35.62Тін трансплантатының көмегімен қарыншааралық қалқаның ақауын жою
34.39.72Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау
35.39.75Жабық емес шиыршықтарды пайдаланып, бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық эмболиялау немесе окклюзиялау
36.39.76Биобелсенді шиыршықтарды пайдаланып, бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық эмболиялау немесе окклюзиялау
37.38.852ОАП окклюдермен эндоваскулярлық жабу
38.39.7942Бронх қолқаларын эндоваскулярлық эмболиялау
39.39.7944Жамбас органдары, жатыр артерияларының тамырларын эндоваскулярлық эмболиялау
40.35.41Жүрек қалқасының бар ақауын ұлғайту
41.35.52Протездің көмегімен жүрек қалқасының ақауын жабық әдіспен жою
42.35.61Тіндік трансплантаттың көмегімен жүрекшеаралық далданың кемістігін жою
43.35.54Протездеу жолымен атриветрикулярлық арнаның далдасын қалыптастыру кемістігін жою
44.35.63Тіндік трансплантаттың көмегімен эндокард жамауларының ақауларын жою
45.35.81Фалло тетрадасын толық қалпына келтіру
46.35.82Өкпелік көктамырдың ауытқу жалғауын толық қалпына келтіру
47.35.83Артериялық діңді толық қалпына келтіру
48.35.84Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлар транспозициясын толық қалпына келтіру
49.35.9900Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу
50.36.12Екі коронарлық артерияны аортокоронарлық шунттау
51.36.13Үш коронарлық артерияны аортокоронарлық шунттау
52.36.14Төрт және одан көп коронарлық артерияны аортокоронарлық шунттау
53.36.15Дара ішкі маммарлық-коронарлық шунттау
54.36.16Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау
55.36.1000Интраоперациялық радиожиілік абляцияны пайдаланумен аортокоронарлық шунттау
56.36.1090Аортокоронарлық шунттаудың және артерияларды стенттеудің үйлесуі
57.37.32Жүрек аневризмасын кесу
58.37.34Эндоваскулярлық қол жеткізуді пайдалану арқылы жүректің басқа зақымданған жеріне немесе тінін кесу немесе деструкциялау
59.37.35Парциалдық вентрикулоэктомия
60.37.36Жүрекшенің сол жақ қарыншасын кесу, деструкциялау және алып тастау
61.37.61Пульсациялық баллонды импланттау
62.37.76Трансфеноздық атриалдық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) енгізу немесе ауыстыру
63.37.80Тұрақты электрокардиостимуляторды енгізу, алғашқы немесе оны ауыстыру, құрылғының түрі нақтыламай
64.37.85Кез-келген түрдегі электрокардиостимуляторды бір камералы құрылғымен ауыстыру, жиырылудың нақтыланбаған жиілігі
65.37.86Кез-келген түрдегі электрокардиостимуляторды бір камералы құрылғымен ауыстыру, жиырылудың нақтыланбаған жиілігі
66.37.87Кез-келген түрдегі электрокардиостимуляторды екі камералы құрылғымен ауыстыру
67.37.98Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек қана импульстар генераторын ауыстыру
68.37.94Автоматты кардиовертердің/дефибрилляторды имплантанттау немесе ауыстыру, жалпы жүйені
69.37.95Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек электродын (электродтарын) имплантанттау
70.37.96Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек қана импульстар генераторын имплантанттау
71.38.041Қолқа коарктациясы кезіндегі истмопластика
72.38.12Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартериоэктомиясы
73.38.121Эндартериоэктомия (ұйқы артериясының және оның тармақтары, жарма венасы)
74.38.34Анастомозбен қолқаның резекциясы
75.38.341Қолқа доғасының үзілісін түзету
76.38.851Ашық артериялы өзекті лигилдеу
77.39.521Өкпе артериясының бандингі
78.39.56Жамау түрінде тін трансплантатты пайдаланумен қан тамырын қалпына келтіру
79.39.561Тіндік трансплантаттың көмегімен ми қан тамырын қалпына келтіру
80.39.57Синтетикалық жамау түріндегі трансплантаттың көмегімен қан тамырларын қалпына келтіру
81.39.571Синтетикалық қиық трансплантаттың көмегімен ми қан тамырын қалпына келтіру
82.39.711Аорта коарктациясы кезіндегі транслюминалдық баллондық ангиопластика
83.00.63Каротидтік артерияда стенттерді тері арқылы орнату
84.39.731Аорта коарктациясын стенттеу
85.39.741Бас және мойын тамырларын эндоваскулярлық стенттеу
86.39.764Бүйрек, бүйір, сан артерияларын стенттеу
87.35.121Митралдық тесік тарылуының баллондық вальвулопластикасы
88.00.50Ресинхрондау функциясымен бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды имплантанттау (CRT-P)
89.00.51Кардиоресинхрондық дефибрилляторды имплантанттау, жалпы жүйе (сrt-d)
90.35.05Аорталық қақпақшаны эндоваскулярлық алмастыру
91.39.73Кеуде аортасына эндоваскулярлық имплантант
92.39.791Үлкен аорта-өкпелік коллатералдардың эндоваскулярлық окклюзиясы
93.35.91Веналық қанның ағуының жүрекшеаралық транспозициясы
94.39.591Аорто-өкпелік саңлаудың пластикасы
95.39.71Құрсақ аортасына басқа трансплантатты эндоваскулярлық импланттау
96.35.991Митралды тесікті клиптеу
97.00.62Интракраниалдық тамырлардың тері арқылы ангиопластикасы немесе атерэктомиясы
98.00.64Экстракраниалдық артериялар үшін басқа стенттерді тері арқылы орнату
99.00.65Стенттердің бассүйек ішіндегі артерияларға тері арқылы импланттау
100.01.32Лоботомия және өткізу жолдарының қиылысуы
101.01.53Эпилепсия кезіндегі мидың лобэктомиясы
102.02.391Үшінші қарынша түбінің вентрикулостомиясы (эндоскопиялық)
103.03.4Жұлын немесе жұлын қабығының зақымданған бөлігін кесу немесе бұзу
104.03.799Нейрохирургиялық навигациямен жасалған операциялар
105.04.41Үш қабатты тамыр нервісі түбіршегінің декомпрессиясы
106.04.42Басқа қаңқа тамырының декомпрессиясы
107.07.53Домалақ денені жартылай кесу
108.07.54Томпақ денені толық кесу
109.07.61Транфронталдық жету әдісі арқылы гипофизді жартылай кесу
110.07.64Транфронталдық жету әдісі арқылы гипофизді толық кесу
111.07.62Трансфеноидальдық жету әдісі арқылы гипофизді жартылай кесу
112.07.65Трансфеноидалдық жету әдісі арқылы гипофизді толық кесу
113.38.11Анастомозы бар интракраниалдық түтікшенің резекциясы
114.38.31Анастомозы бар интракраниалдық түтікшенің резекциясы
115.38.32Бас пен мойынның басқа тамырларының анастомозбен резекциясы
116.38.41Интракраниалдық тамырларды орын ауыстырумен резекциялау
117.38.621Гломустық ісіктің, бастың, беттің, мойынның түкті бөлік гемангиомасының рентгенэндоваскулярлық эмболизациясы
118.39.28Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау
119.39.511Ми тамырларының аневризмасын клиптау
120.39.531Мидың артериовеналық жыланкөзін жою
121.81.6010Омыртқа ісігі кезіндегі вертебропластика
122.84.62Мойын деңгейінде омыртқааралық диск протезін импланттау
123.84.63Кеуде деңгейінде омыртқааралық диск протезін импланттау
124.84.65Бел-құйымшақ сегізкөз деңгейінде омыртқааралық диск протезін импланттау
125.84.66Мойын деңгейінде омыртқааралық дискінің жасанды протезін тексеру және қайта орнату
126.84.67Кеуде деңгейінде омыртқааралық дискінің жасанды протезін тексеру және қайта орнату
127.84.68Бел-құйымшақ сегізкөз деңгейінде омыртқааралық дискінің жасанды протезін тексеру және қайта орнату
128.03.7991Нейронавигацияны қолданумен омыртқаға және жұлынға операция
129.01.591Интраоперациялық нейромониторингті қолданумен мидың зақымдалған тіндерін кесу
130.03.7992Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция
131.03.7993Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау
132.81.051Ішкі транспедикулярлық жүйелердің және кейдждердің фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, артқы жету әдісі
133.81.081Ішкі транспедикулярлық жүйе және кейдждердің фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, артқы жету әдісі
134.81.73Қол ұштарының бунақаралық және білезік-бунақ буындарын толық ауыстыру
135.81.74Имплантат арқылы білезік-бунақ буынының және білезік сүйегі буындарының артропластикасы
136.81.052Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, артқы жету әдісі
137.81.082Эндокорректор фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, артқы жету әдісі
138.81.53Ұршықбуынның ауыстырылуын тексеру, анықталмаған
139.81.55Тізе буынын ауыстыруды тексеру, анықталмаған
140.81.591Ірі буындарды эндопротездеуден кейін іріңді асқынулар кезінде антибиотигі бар цементті спейсерді қолданумен тексерісті эндопротездеу
141.33.34Торакопластика
142.78.19Кезеңдік түзетуді қажет ететін сырқаттар кезінде басқа сүйектерге сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану
143.79.112Блоктаушы экстрамедуллярлық имплантпен ішкі фиксациямен иық сүйегі сынықтарының жабық репозициясы
144.79.121Блоктаушы интрамедуллярлық имплантпен ішкі фиксациямен иық және білек сүйектері сынықтарының жабық репозициясы
145.79.122Блоктаушы экстрамедуллярлық остеосинтезбен cәуле тәрізді шынтақ сүйектерінің сынықтарын ішкі фиксация (бекіту) арқылы жабық репозициялау
146.79.152Блоктаушы экстрамедуллярлық остеосинтезбен сан сүйегінің сынықтарын ішкі фиксация арқылы жабық репозициялау
147.79.162Блоктаушы экстрамедуллярлық имплантпен ішкі тіреумен үлкен жіліншік және кіші жіліншік сүйектің сүйек сынықтарын жабық репозициялау
148.79.391Блоктаушы интрамедуллярлық имплантпен ішкі фиксациямен басқа анықталған сүйек сынықтарының ашық репозициясы
149.80.206Артроскопиялық мозаикалық хондропластика
150.80.207Буын құрылымдарының артроскопиялық суық плазмалық коблациясы
151.80.217Буын құрылымдарының артроскопиялық суық плазмалық коблациясы
152.80.227Буын құрылымдарының артроскопиялық суық плазмалық коблациясы
153.80.267Гемофилия кезінде артроскопиялық операциялар
154.80.277Шынтақ буыны құрылымдарының артроскопиялық суық плазмалық коблациясы
155.80.208Буынның синовиалдық қабығының артроскопиялық криодеструкциясы
156.80.218Буынның синовиалдық қабығының артроскопиялық криодеструкциясы
157.80.228Шынтақ буынының синовиалдық қабығының артроскопиялық криодеструкциясы
158.80.268Тізе буынның синовиалдық қабығының артроскопиялық криодеструкциясы
159.80.278Сирақ-табан буынының синовиалдық қабығының артроскопиялық криодеструкциясы
160.80.209Буындардың капсулалық-байламдық құрылымдарының артроскопиялық вапоризациясы
161.80.219Иық буынының капсулалық-байламдық құрылымдарының артроскопиялық вапоризациясы
162.80.229Шынтақ буынының капсулалық-байламдық құрылымдарының артроскопиялық вапоризациясы
163.80.269Сирақ буынының капсулалық-байламдық құрылымдарының артроскопиялық вапоризациясы
164.80.279Сирақ-табан буынының капсулалық-байламдық құрылымдарының артроскопиялық вапоризациясы
165.80.215Иық буынының капсулалық-байламдық құрылымдарының артроскопиялық пластикасы
166.80.263Менискті артроскопиялық тігіп тастау
167.80.264Тізе буынының аралығын артроскопиялық қалпына келтіру
168.80.265Сирақ буынының капсулалық-байламдық құрылымдарының артроскопиялық пластикасы
169.81.04Кеуде және бел омыртқасының спондилодезі, алдыңғы жету жолы
170.81.041Ішкі транспедикулярлық жүйе және кейдж фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
171.81.042Эндокорректор фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
172.81.043Кеуде және бел омыртқасының спондилодезі, алдыңғы жету жолы, диск протезін жасау
173.81.06Бел және құйымшақ сегізкөз омыртқасының спондилодезі, алдыңғы жету жолы
174.81.061Ішкі транспедикулярлы жүйе және кейдж ішкі фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
175.81.062Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және құйымшақ сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі
176.81.063Бел және құйымшақ сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі, диск протезін жасау
177.81.07Бел және құйымшақ сегізкөз омыртқасының спондилодезі, артқы жету жолы
178.81.071Ішкі транспедикулярлық жүйе және кейдждердің ішкі фиксациясы арқылы бел және құйымшақ сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, көлденең жету әдісі
179.81.072Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және құйымшақ сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлдеңен жету әдісі
180.81.073Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және құйымшақ сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, диск протезін жасау
181.81.51Жамбас буынын толық ауыстыру
182.81.52Жамбас буынын жартылай ауыстыру
183.81.54Тізе буынын толық ауыстыру
184.81.65Тері асты вертебропластика
185.81.71Имплантат көмегімен аяқ саусақаралық және саусақ буындарының артропластикасын жасау
186.81.80Иық буынын толық ауыстыру
187.81.84Шынтақ буынын толық ауыстыру
188.83.75Сіңірдің орнын жылжыту немесе транспланттау
189.84.21Қолдың бас бармағын реимпланттау
190.84.22Қол бармағын реимпланттау
191.84.23Білекті, білезікті немесе қолдарды реимпланттау
192.84.24Иықты реимпланттау
193.84.25Бақайды реимпланттау
194.84.26Табанды реимпланттау
195.84.28Жамбасты реимпланттау
196.07.8411Тимоманы видеоторакоскопиялық жолмен алып тастау
197.17.0722Лапароскопиялық адреналэктомия
198.32.41Өкпенің торакоскопиялық лобэктомиясы
199.33.4301Миниторакотомалық жету жолы және экстраплевралық пневмолиз арқылы өкпенің булласын бейнеторакоскопиялық тігу
200.42.51Кеудеішілік эзофаго- эзофагостомия
201.42.53Жіңішке ішек интерпозициясы арқылы өңештің интраторакалдық анастомозы
202.42.55Тоқішек интерпозициясы арқылы өңештің интраторакалдық анастомозы
203.42.65Тоқішек интерпозициясы арқылы өңештің антестерналдық анастомозы
204.44.65Эзофагогастропластика
205.42.8901Өңештің лапароскопиялық дивертикулэктомия
206.44.95Асқазанға лапароскопиялық рестриктивтік емшара
207.46.3900Балалардың өт жолдарындағы бүйрек өзегінің анастомозы (Ру бойынша У-тәрізді анастомоз арқылы Касаи бойынша жасалған порто-энтеростомия)
208.51.62Бауыр – ұйқы безі ампуласын кесу (жалпы от жолын реимплантау арқылы)
209.52.01Катетердің көмегімен ұйқы безінің жылауығын дренаждау
210.52.3Ұйқы безінің жылауығын марсупиализациялау
211.52.4Ұйқы безі жылауығының ішкі дренажы
212.52.53Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия
213.52.6Ұйқы безін толықтай алып тастау
214.52.7Радикалдық панкреатикодуоденэктомия
215.04.21Резистенттік артериялық гипертензия кезіндегі бүйрек денервациясы
216.51.87Өт жолын эндоскопикалық стенттеу
217.21.3214Мұрын қуысының және қосалқы қуыстардың ісігін пластикамен алып тастау
218.29.33Жұтқыншақтың жартылай резекциясы
219.29.4Жұтқыншаққа пластикалық операциялар
220.30.2213Ларингэктомиядан кейінгі дауыс протезін орнату
221.30.3Толық ларингэктомия
222.30.4Радикалдық ларингэктомия
223.31.7910Кеңірдікті қалпына келтіру (реконструктивтік-пластикалық) операциялары
224.33.4910Бронхты қалпына келтіру (реконструктивтік-пластикалық) операциялары
225.39.7900Рентгеноэндоваскулярлық эмболизация (+электрокоагуляция)
226.39.7916Бүйректің артерияішілік химиоэмболизациясы (ТАСЕ)
227.39.7949Гепатоцеллюлярлық карцином кезінде бауыр артерияларының химиоэмболизациясы
228.39.7946Бауыр, ұйқы безі, жатыр ісіктерінің эдоваскулярлық химиоэмболизациясы
229.42.4110Кеңейтілген екі аймақтық лимфодиссекциямен өңештің субтоталды резекциясы
230.43.0019Өңеш және қарыншаның қатерлі ісіктері кезінде кеңейтілген біріктірілген гастрэктомия
231.50.2219Бауырда ісіктер пайда болғанда кеңейтілген біріктірілген гемигепатэктомия
232.55.5016Тромбэктомиямен түбегейлі нефрэктомия
233.56.8910Несептамырды жіңішке ішек сегментімен ауыстыру
234.57.7114Энтеропластикамен (ортотопиялық қуық жасаумен) брикер бойынша илеумкондуитпен немесе колонкондуитпен түбегейлі цистэктомия
235.60.5015Түбегейлі тамырсақтаушы простатэктомия
236.67.3910Түбегейлі абдоминалдық трахелэктомия
237.76.3914Ақауды пластикалаумен бет бас сүйектерінің ісігін алып тастау
238.76.6413Төменгі жақты протездеу
239.85.4514Бірмезгілді және мерзімі ұзартылған қайта құрумен түбегейлі мастэктомия
240.34.3010Буындарды шунттаумен көкірек қуысындағы ісікті алып тастау
241.42.4210Торакоскопиялық эзофагэктомия
242.81.9610Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру
243.34.0010Жаңартылған экстраперитонеалдық артқы экзентрация. Жүйелі аймақтық периаорталды және жамбас лимфодиссекция. Диафрагма стриппингі. Перитонеумэктомия
244.55.0169Бүйрек жылауығының қабырғасын ретроперитонеалдық диссекциялау (лапароскопиялық кесу)
245.55.04Фрагменттеу арқылы тері асты нефростомия жасау
246.55.5002Толық нефрэктомия (эндовидеохирургиялық, ретроперитонеалдық)
247.55.7002Нефропексия (лапароскопиялық, ретроперитонеалдық)
248.55.8602Гидронефроздық лапароскопиялық ретроперитонеалдық түзету
249.55.87Түбекше - несептамыр сегментінің лапароскопиялық пластикасы
250.56.7404Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар Политано-Летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия
251.57.8404Көпіршікті қынап жыланкөзінің пластикасы
252.58.4904Уретраны қалпына келтіру (Буккалық қиындымен пластика)
253.60.0019Радикалдық ішперделік простатэктомия
254.60.3122Қуықасты безінің зарарсыз гиперплазиясы асқынған науқастарда қасағаарты немесе қуықасты аденомэктомиясы
255.60.2020Қуықасты безінің зарарсыз гиперплазиясының биполярлық трансуретралдық резекциясы
256.63.0019Инфрақуықтық обструкция кезінде хирургиялық шара қолдану
257.63.8301Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия
258.19.11Төсті ауыстырумен стапедэктомия
259.19.21Төсті ауыстырумен стапедэктомияны тексеру
260.30.0902Жұтқыншақтың эндоскопиялық микроларингохирургиясы
261.30.1Гемиларингоэктомия
262.11.62Қабаттық кератопластиканың басқа түрлері
263.11.64Тесік кератопластиканың басқа түрлері
264.12.59015-фторурацил экспозициясы және дренажды импланттау арқылы жасалған трабекулэктомия
265.13.7301Интраокулярлық линзаның трансклералық фиксациясы және қаптамалық қаптың пластикасы арқылы сублюксацияланған көз жанарының факоэмульсификациясы
266.14.41Импланттаудың көмегімен аққабықты бекіту
267.14.74Артқы қол жеткізу арқылы механикалық витреоэктомияның басқа түрлері
268.16.42Басқа имплантатты синхрондық енгізу арқылы көз алмасының энуклеациясы
269.80.865Гемофилия кезінде зақымданған буынды басқа жолмен жергілікті кесу немесе зақымдау
270.81.515Гемофилия кезінде жамбас сүйегін толығымен ауыстыру
271.81.516Гемофилия кезінде ұршықбуынды толығымен ауыстыру
272.81.526Гемофилия кезінде ұршықбуынды ішінара ауыстыру
273.81.545Гемофилия кезінде тізені толығымен ауыстыру
274.83.755Гемофилия кезінде сіңірлерді транспланттау және орнын ауыстыру
275.41.00Басқаша анықталмаған сүйек кемігін транспланттау
276.41.94Көкбауырды транспланттау
277.50.51Бауырды қосымша транспланттау
278.50.59Бауырды басқа транспланттау
279.55.6Бүйректі транспланттау
280.55.62Кадаврдан бүйректі транспланттау
281.78.03Білек және шынтақ сүйектерін транспланттау
282.78.05Сан сүйегін транспланттау
283.78.07Үлкен және кіші жіліншік сүйектері транспланттау
284.41.01Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын транспланттау
285.41.08Сүйек кемігінің гемопоэздік дің жасушаларын транспланттау
286.86.66Теріні аллотранспланттау
287.00.91Транспланттау үшін тірі реципиентпен бір-біріне сәйкес келетін донордың ағзаларын және/немесе тіндерін алу.
Акушериялық-гинекологиялық бейін
288.68.51Лапароскопиялық қынаптық гистероэктомия
289.68.61Лапароскопиялық радикалдық абдоминалдық гистерэктомия
290.69.221Торлы протезбен жатырды лапароскопиялық промонтофиксациялау
291.69.231Пубо-цервикалдық және жамбас шандырының синтетикалық торлы протезбен толық экстраперитонеалдық репозициялау
292.69.925Индукция кезеңіндегі аяқталмаған экстракорпоралдық ұрықтандыру
293.69.921Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама
294.69.922Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама
295.69.923АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасалған экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама
296.69.924АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасалған экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама
Педиатриялық бейін
297.14.24Көз торын лазерлік фотокоагуляциялау жолымен хореоретиналдық зақымды деструкциялау
298.20.95Электромагнитті есту аппаратын импланттау
Терапиялық бейін
299.99.2902Лангерганс жасушаларынан гистицитоздың жоғары мөлшердегі химиотерапиясы (LCH-III)
300.99.2903Жіті лейкоздың жоғары мөлшердегі химиотерапиясы (ALL-BFM, AML-BFM)
301.99.101Церебралдық артериялар мен синустардың тамырішілік тромболизисі
302.92.231Конформдық сәулелік терапия
303.92.241Орталық нерв жүйесінің бастапқы және қайталанған метастатикалық ісіктерінің қарқынды –модульденген сәулелік терапиясы (IMRT)
92.242Көкірек қуысының, ішперде қуысының, лимфомдардың және кіші жамбастың висцералдық ағзаларының қатерлі ісіктерінің қарқынды-модульденген сәулелік терапиясы (IMRT)
92.243ҚМСТ - сүт безі обыры кезінде сәулелеу уақытында түйін ішінің қарқындылығы (флюенся) модуляциялау (өзгерту) арқылы сәулелік терапиясы
92.244ҚМСТ - бас және мойын мүшелерін сәулелеу уақытында түйін ішінің қарқындылығын (флюенся) модуляциялау (өзгерту) арқылы сәулелік терапиясы
92.245Әйелдер гениталиялар обырдың қарқынды-модульденген сәулелік терапиясы (IMRT)
92.246Бөлек орындағы ісіктер кезіндегі бейнелеумен басқарылатын сәулелік терапиясы
304.92.201Қуықасты безі обырының жоғары мөлшердегі брахитерапиясы
305.92.202Қуықасты безінің оқшауланған обырының интерстициалды сәулулік терапиясы (төмен мөлшердегі брахитерапиясы)
306.92.291Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы
307.00.0990Ультрадыбыстық абляция
308.39.65Экстракорпорлық мембраналық оксигенация

Іздеу атаулары: №750 бұйрық, 750-бұйрық, приказ 750, жеті жүз елуінші бұйрық, 750 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.