Мақала
Бұйрықтар

№ 32 бұйрық (23.01.2014): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

"Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу құжатына өзгерістер енгізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 735 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 4 ақпанда № 9126 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
32
Қабылданған күні
23.01.2014
Актіні өзгерту күні
09.02.2021
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу кезінде ұсынылатын тіркеу деректерінің тізбесі

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.02.2021 № ҚР ДСМ-16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 63 және 71-баптарына және дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу рәсімін жетілдіруге сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1. "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 735 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде 5935 нөмірімен тіркелген, Орталық атқарушы және Қазақстан Республикасының өзге де орталық мемлекеттік органдарының Актілер жинағында жарияланған, № 6 2010 жыл) мынадай өзгерістер енгізілсін:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"6. Осы бұйрық 2014 жылғы наурыздан бастап және Қазақстан Республикасының өндіруші ұйымдары үшін 2015 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 11-тармағын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.";

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу құжатына өзгерістер енгізу ережелерінде:

13-тармақ алынып тасталсын;

Ережелерге 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М. Ахметниязова):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министріС. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы "23" қаңтардағы № 32 бұйрығына 1-қосымша Дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу ережесіне 3-қосымша

Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу кезінде ұсынылатын тіркеу деректерінің тізбесі

р/с №Құжаттар атауыДәрілік заттар (ДЗ)
Дәрілік препаратДәрілік балк өнімДәрілік субстанц ияФармакопеялық емес дәрілік өсімдіктер шикізатыГомеопатиялық дәрілік препараттарПарафар-мацевтикаМедициналық иммундық-биологиялық препараттар
123456789
I бөлім жалпы құжаттама
І АӘкімшілік деректер
І А 1.Түрі бойынша мемлекеттік тіркеуге өтініш (қағаз және электрондық нұсқада)++-++++
І А 2.Соңғы инспекцияның күні мен нәтижелері көрсетілген GMP сертификаты (нотариалды куәландырылған)++-++++
І А 3.**ДДҰ ұсынысына сәйкес берілген фармацевтикалық өнімге (СРР) сертификат (нотариалды куәландырылған)
Болмаған кезде мыналар ұсынылады:
** Өндіруші елде (нотариалды расталған) тіркеу туралы сертификат (тіркеу куәлігі)++--+++
Еркін сатуға рұқсат беретін сертификат (экспорт)++-++++
І А 4*** Фармацевтикалық қызметке мемлекеттік лицензия (нотариалды куәландырылған)+++++++
І А 5*** Лицензияға қосымша (өсімдік текті шикізаттар үшін - отандық өндірушілер үшін әзірлеуге рұқсат)+++++++
І А 6Егер өндірістік процесте бірнеше өндіруші ІА2, ІА3, ІА4 тарауының құжаттары қатысса, өндірістің барлық қатысушыларына ұсынылады.+++++++
І А 7Өндіруге құқығы бар лицензиялық шарт (түпнұсқа препаратқа берілген патенттің жарамдылық мерзімі өткенге дейін)++--+-+
І А 8Басқа елдерде тіркеу куәлігінің нөмірі мен күні көрсетілген ДЗ тіркеу туралы мәліметтер (сертификаттың немесе тіркеу куәлігінің көшірмесі)+++++++
І А 9Қорғау құжатының көшірмесі (бар болғанда). Патент болмаған кезде өтініш берушінің патент иесінің құқықтарын бұзбағаны туралы кепілхат
І А 10.Белсенді заттардың сапасын растайтын құжат (өндірушіден субстанция талдамасының сертификаты, Еуропалық Фармакопея монографиясының сәйкестік сертификаты, талдау хаттамасы, аналитикалық төлқұжат және т.б.)++---++
І А 11Үш өндірістік серияның дайын өнімінің сапасын растайтын құжат бойынша (талдау сертификаты, талдау хаттамасы және т.б.), бір сериясы тіркеуге берілген ДЗ үлгісінің сериясымен сәйкес болуы тиіс++-++++
І А 12Өндірушіден жануарлардан алынған заттарға приондық қауіпсіздігі туралы құжаттар+++-+++
І А 13ҚР қайта тіркеу кезіндегі тіркеу куәлігінің көшірмесі+++++++
І А 14Тіркеуден бас тарту, құзырлы органның немесе өтініш берушінің рыноктан кері алдыруы, тіркеу куәлігін қолдануды тоқтату немесе құзырлы органмен оның тоқтатыла тұруы туралы мәліметтер (оқиғалар болған жағдайда себептері көрсетіледі)+++++++
I.B.Дәрілік препараттың (SPC), таңбалануының, медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың қысқаша сипаттамасы
I.B. 1.** Өндіруші елде бекітілген дәрілік препараттың (SPC) ағылшын тіліндегі қысқаша сипаттамасы+--++++
І.В.2.** (SPC) Дәрілік препараттың қысқаша сипаттамасының орыс тіліндегі дәлме-дәл аудармасы+--++++
І.В.3.Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың мемлекеттік тілдегі жобасы (қағаз және электрондық тасығыштарда)+--++++
І.В.4.Медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтың орыс тіліндегі жобасы (қағаз және электрондық тасығыштарда)+--++++
І.СӨтініш беруші ұсынған, дәрілік препаратты медициналық қолдану кезіндегі қауіп басқару жүйесі мен фармакоқадағалаудың толық сипаттамасы+---+++
І.DҚР аумағында анықталған жағымсыз әсерлерді жинау және тіркеу үшін қажетті фармакоқадағалауға жауапты, білікті маманның барын растайтын құжат+---+++
II бөлім Химиялық, фармацевтикалық және биологиялық құжаттама+--++++
ІІМазмұны+++++++
ІІ АҚұрамы
ІІ А 1Дәрілік препараттың сапалық және сандық құрамы белсенді, қосымша заттар, таблетка қабығының немесе капсула корпусының құрамы)++-++++
ІІ А 2Қаптама (қысқаша сипаттамасы)++-++++
ІІ А 3Фармацевтикалық әзірлеу (бірінші қаптаманың және б. құрамын таңдаудағы негізі)++-++++
ІІ ВӨндіріс туралы деректер:
ІІ В 1өндірістік формула++-++++
ІІ В 2өндіріс технологиясының сипаттамасы+++ (синтездеу жолы)-+++
ІІ В 3өндіріс үдерісін бақылау (операциялық бақылау)++--+++
ІІ В 4өндірістік үдерістің валидациясы++---++
ІІ СБастапқы материалдарды бақылау әдісі
ІІ С 1Белсенді субстанция
ІІ С 1.1Әсер етуші заттарға және зерттеу әдістемесіне (фармакопеялықтан басқасы) сапа сертификаты++-++++
ІІ С 2Қосымша заттар
ІІ С 2.1Әсер етуші заттарға және зерттеу әдістемесіне (фармакопеялықтан басқасы) сапа сертификаты++--+++
ІІ С 3Қаптау материалы (бірінші және екінші қаптама)
ІІ С 3.1Қаптау материалдарының сапасын регламенттейтін құжаттарды қоса берумен сапа сертификаты+++++++
ІІ DАрадағы өнімдердің сапасын бақылау әдісі (қажет болған жағдайда)+++++++
ІІ ЕДайын өнімнің сапа ерекшелігі мен бақылау әдістемесі орыс тіліндегі дұрыс аудармасымен
ІІ Е 1Дәрілік заттың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі бекітілген нормативтік-техникалық құжаттар, оған түсіндірме хат, дәрілік препаратты сынау әдістемелерінің валидациясы (фармакопеялы әдістемеден басқасы) қағаз жүзінде және электрондық түрде+++++++
І F3-тен кем емес өндірістік немесе тәжірибелік-өндірістік (ұшпа) серияларындағы тұрақтылық сынау нәтижелері+++++++
І GЕріту бейіні туралы деректер (қатты дозаланған дәрілік түрлерге арналған)++--++
І НБиожетімділігі, биобаламалығы бойынша деректер (генериктер үшін), генериктердің парентеральдық түрлері үшін - қауіпсіздік және тиімділік бойынша деректер+----+
І КЖануарларға жасалған тексерулер деректері------+
I LҚұрамында генетикалық өзгерген организмдер бар препараттардың қоршаған орта үшін болуы ықтимал қаупі туралы деректер+--++-+
І МҚауіпсіздігі бойынша кезең-кезеңмен жаңаратын есеп (қайта тіркеу кезінде)+--++-+
I QСапасын растайтын қосымша ақпарат (қажет болған жағдайда)+++++++
III бөлім. Фармакологиялық және уыттану құжаттамалары
ІІІ.Мазмұны++-++++
ІІІ А.Уыттылығы жөніндегі деректер (жедел және созылмалы), (МИБП - бір рет енгізген кезде және дозаны қайталап енгізгендегі уыттылығы)+---+++
ІІІ В.Бала туу қызметіне әсері+----++
ІІІ С.Эмбриоуыттылығы және тератогендігі бойынша деректер+----++
III D.Мутагендігі бойынша деректер+----++
III E.Канцерогендігі бойынша деректер+----++
III F.Фармакодинамика (МИБП-реактогендігі)+---+++
III G.Фармакокинетика (МИБП - ерекше белсенділігі)+----++
III H.Жергілікті тітіркендіргіш туралы деректер (МИБП - вакцинаға арналған иммуногендік)+----++
III Q.Қауіпсіздігін растайтын қосымша ақпарат (қажет болған жағдайда)+---+++
IV бөлім. Клиникалық құжаттама
V.IV бөлім. Клиникалық құжаттама+---++
V A.Мазмұны+---+++
V B.Клиникалық фармакология жөніндегі деректер (фармакодинамика, фармакокинетика)------+
V C.Диагностикалық тиімділігі-------
V D.Клиникалық зерттеулер, ғылыми басылымдар, есеп беру нәтижелері+---+++
V D1Тіркеуден кейінгі тәжірибе деректері+---+++
V QТиімділікті растайтын қосымша ақпарат+---+++

Тіркеу құжаттары жиынтығына қосымша (екі данада толтырылады):

Атауы, дәрілік түрі, дозасы, концентрациясы, көлемі, қаптамадағы доза көлеміӨлшем бірлігіСаныСақтау шарттары
1.3 реттік талдау жүргізу үшін жеткілікті мөлшерде болатын қаптамадағы дәрілік заттар үлгілері
2.Бөгде қоспаларды анықтауға арналған стандартты үлгілер (қажет болғанда)
3.3 реттік талдау жүргізуге арналған субстанциялар үлгілері
4.Субстанцияларды талдауға арналған белсенді заттардың стандартты үлгілері
5.Шығыс материалдары (ерекше жағдайда және қайтару жағдайында)

Өткізген (Т.А.Ә.) ______________________ Қолы _________________

Қабылдаған (Т.А.Ә) _____________________ Қолы _________________

Күні

Ескертпе:

**- құжаттар тек алыс шетел дайындаушы зауыттары арқылы беріледі;

***- құжаттар Қазақстан Республикасында және ТМД елдерінде дайындаушы зауыттар арқылы беріледі;

мәні жоқ құжаттар, барлық өтініш берушілер үшін болуы тиіс.

Іздеу атаулары: №32 бұйрық, 32-бұйрық, приказ 32, отыз екінші бұйрық, 32 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.