Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.
"Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 54 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 4 наурызда № 9189 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 94 бұйрығымен
- Бұйрық нөмірі
- 54
- Қабылданған күні
- 31.01.2014
- Актіні өзгерту күні
- 24.02.2016
- Мәртебесі
- Күшін жойған
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Құжаттың мазмұны
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 24.02.2016 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН : 1. «Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6142 болып тіркелген, 2010 жылғы 29 қарашада «Казахстанская правда» газетінің № 325 (26386) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулықта : 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «14. Сот-наркологиялық сараптама қызметінің субъектілеріне: сот-наркологиялық сараптама органының басшысы; комиссиялық сот-наркологиялық сараптаманы өндіру кезінде жетекші сот-наркологиялық сарапшысы; сот-наркологиялық сарапшы не лицензия негізінде сот-наркологиялық сараптаманы өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға жатады.»; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Сот–наркологиялық сараптама зерттеулерінің нәтижелері бойынша осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшының жазбаша қорытындысы жасалады, оны өздерінің жеке қолдарымен және жеке мөрлерімен куәландырады. Сот-наркологиялық сараптаманы сот-наркологиялық сараптама органы өндірген жағдайда сот-наркологиялық сарапшылардың қолы, көрсетілген органның мөрімен расталады»; 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «34. Қорытындыны берудің мүмкін болмауы туралы хабарлама осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес ресімделеді: Оны ресімдеу күні, сот-наркологиялық сараптаманы өндіру орны мен мезімдері; сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған тұлға туралы мәліметтер; сот-наркологиялық сараптаманы өндіру негіздері; сот-наркологиялық сараптама органы туралы не сот-наркологиялық сараптама органның қызметкері немесе сот-наркологиялық сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, лауазымы); көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілігі жөнінде ескертілгені туралы сот-наркологиялық сарапшының (сарапшылардың) қолымен куәландырылған белгі; сот-наркологиялық сарапшының (сарапшылардың) шешуіне қойылған сұрақтар; зерттеу объектілері; сот сарапшысының (сарапшыларының) алдына қойылған сұрақтарға жауап берудің мүмкін болмауына негіздеме; көрсетілген Нұсқаулыққа 2 , 3 , 4 , 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1 , 2 , 3 , 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М. Ахметниязова): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 54 бұйрығына 1-қосымша
Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша нысан
_______________________________________________________________ (сот-наркологиялық сараптаманы өндіру орны)
Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру мерзімін тоқтата тұру туралы хабарлама
_______________________________________________________________ (сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған, хабарлама жіберілетін орган (тұлға)
20 ___ жылғы «___» _______________ Сот-наркологиялық сараптаманы өкізу мерзімі: 20__ жылғы «__»_________бастап 20___ жылғы «___» _________ дейін. Сот-наркологиялық сараптаманы тоқтата тұру мерзімі: 20__ жылғы «__»_________бастап 20___ жылғы «___» _________ дейін. Сот-наркологиялық сараптама тағайындалған тұлғаға қатысты. _____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы) Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша сезікті, айыпталушы немесе куәгер, жауапкер;20 __ жылғы «____» ______ туралы мәселе шешілуі тиіс Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру мерзімін тоқтата тұру себептері: _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Сот-наркологиялық сараптама органының басшысы/ сот-наркологиялық сараптама органының қызметкері болып табылмайтын сот-наркологиялық сарапшы (сарапшылар) ______________ қолы
Мөр орны
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 54 бұйрығына 2-қосымша
Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша нысан
______________________________________________________________ (сот-наркологиялық сараптаманы өндіру орны)
Сот-наркологиялық сараптама қорытындысын беру үшін қажетті қосымша материалдарды ұсыну туралы өтініш
_____________________________________________________________________ (сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған хабарлама, жіберілетін орган (тұлға)
20 ___ж. «___» ____________ Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру мерзімі: 20 ___ж. «____» _______ бастап 20 ___ж. «____» ______ дейін Сот-наркологиялық сараптама тағайындалаған тұлға _____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), туған жылы) Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша сезікті,айыпталушы немесе куәгер, жауапкер;20 __ ж. «____» __________ (сот-наркологиялық сараптаманы тағайындалған тұлға немесе органның қаулысы, анықтамасы) Осы сұрау салудың қысқаша негіздемесі бар сот-наркологиялық срапшылардың қорытынды беруі үшін қажетті қосымша материалдардың тізбесі: _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
Сот-наркологиялық сараптама органның басшысы/ сот-наркологиялық сараптама органының қызметкері болып табылмайтын сот-наркологиялық сарапшы (сарапшылар) ______________ қолы
Мөр орны
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 54 бұйрығына 3-қосымша
Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша нысан
*ОКУД бойынша нысанның коды _______
_______________________________________________________________ (сот-наркологиялық сараптаманы өндіру орны)
№ _____ сарапшының қорытындысы
1. Ресімдеу күні ____________________________________________________ 2. Сараптаманы өндіру мерзімі және орны _____________________________ 3. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________________ 4. Жасы _____________________________________________________________ 5. Мекенжайы ________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша сезікті, айыпталушы немесе куәгер, жауапкер; арнайы медициналық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін адамға қатысты шешілетін мәселе; медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану; әрекетке қабілеттілігі; кәмелет жасқа толмаған адамды наркологиялық ұйымға тиісті ем қабылдауға жіберу (астын сызу) _____________________________________________________________________ (сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған тұлға немесе органның қаулысы, анықтамасы) 6. Бастапқы, қайталанған, қосымша сот-наркологиялық сараптама (астын сызу); соңғы екі жағдайда сот-наркологиялық сраптаманы қашан және кім өткізгені туралы, сарапшылардың қорытындылары көрсетіледі _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 7. Сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған орган және сот-наркологиялық сараптаманы өндіру негізі туралы мәліметтер _____________________________________________________________________ 8. Сот-наркологиялық сараптаманы шешуге қойылатын сұрақтар: 1) __________________________________________________________________ 2) __________________________________________________________________ 3) __________________________________________________________________ 4) __________________________________________________________________ 9. Сот-наркологиялық сараптама органы не лицензия негізінде сот-наркологиялық сараптаманы өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға туралы мәліметтер ________________________________________ _____________________________________________________________________ 10. Сарапшылар туралы мәліметтер: _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі мен атағы, лауазымы) 11. Қорытынды беруден бас тарту немесе көрінеу жалған қорытынды бергені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 352-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілігі туралы сарапшылар ескертілді _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (сарапшылардың қолы) 12. Сот-наркологиялық сараптама кезінде шешуге жататын сұрақтар және «Қорытынды» басқа бөлімдері мынадай ______ парақта жазылады. 13. Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру кезінде қатысқандар, процеске қатысушылар туралы мәлімет _________________________________ _____________________________________________________________________ 14. Процеске қатысушылардың түсініктеме деректері ___________________ _____________________________________________________________________ 15. Іс материалдарын зерттеу ________________________________________ _____________________________________________________________________ 16. Медициналық құжаттамаларды зерттеу (наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан мәліметтер) ________________________________ _____________________________________________________________________ 17. Анамнездік мәліметтер (соның ішінде медициналық құжаттамалардан) _____________________________________________________________________ 18. Осы зерттеу кезінде мыналар анықталды: 1) Жалпы тексеріп - қарау: __________________________________________ 2) Соматикалық жай-күйі _____________________________________________ 3) Неврологиялық жай- күйі __________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 4) Психикалық жай-күйі ______________________________________________ 5) Зертханалық және аспаптық зерттеулердің деректері ________________ 6) Рентгенологиялық зерттеулердің деректері _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 19. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау
_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ 20. Алға қойылған сұрақтар бойынша қорытындылардың негіздемесі және тұжырымдасы _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
Сот-наркологиялық сарапшының (лардың) қол(дар)ы/ сот-наркологиялық сараптама органының қызметкері болып табылмайтын, сот-наркологиялық сарапшы (сарапшылар) _____________________________________________________________________
Мөр орны
Ескертпе:
*Басқарушылық құжаттамалардың жалпы жіктеуіші;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 54 бұйрығына 4-қосымша
Сот-наркологиялық сараптаманы өндіру жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша нысан
Қорытынды берудің мүмкін болмауы туралы хабарлама
1. Ресімдеу күні ____________________________________________________ 2. Сараптаманы өндіру мерзімі және орны _____________________________ 3. Тегі, аты, әкесінің аты __________________________________________ 4. Жасы _____________________________________________________________ 5. Мекенжайы ________________________________________________________ Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ___ бабы бойынша сезікті, айыпталушы немесе куәгер, жауапкер; арнайы медициналық ұйымға мәжбүрлеп емдеу туралы жіберілетін адамға қатысты шешілетін мәселе; медициналық сипаттағы мәжбүрлеп шаралар қолдану; әрекетке қабілеттілігі; кәмелетке толмаған адамды наркологиялық ұйымға тиісті ем қабылдауға жіберу (астын сызу) _____________________________________________________________________ (сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған тұлға немесе органның қаулысы, анықтамасы) 6. Сот-наркологиялық сараптаманы тағайындаған орган (тұлға) туралы мәліметтер __________________________________________________________ 7. Сараптамада шешуге қойылған сұрақтар: 1) __________________________________________________________________ 2) __________________________________________________________________ 3) __________________________________________________________________ 4) __________________________________________________________________ 8. Сот-наркологиялық сараптама органы туралы немесе сот-наркологиялық сараптама қызметкері болып табылмайтын, сот-наркологиялық сарапшы (сарапшылар) туралы мәліметтер _____________________________________________________________________ 9. Сарапшылар туралы мәліметтер:_____________________________________ _____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), білімі, сарапшылық мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесі мен атағы, лауазымы) 10. Қорытынды беруден бас тартқаны немесе көрінеу жалған қорытынды бергені үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 352-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілігі туралы сарапшылар ескертіледі _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (сарапшылардың қолы) 11. Сараптама кезінде шешуге жататын және «Қорытынды» басқа бөлімдері мынадай ______ парақта жазылады. 12. Сот-наркологиялық сарапшының (лар)дың алдына қойылған сұрақтарға жауап берудің мүмкін болмауы туралы негіздеме _____________________________________________________________________ Сот-наркологиялық сарапшының (лардың) қол(дар)ы/ сот-наркологиялық сараптама органының қызметкері болып табылмайтын, сот-наркологиялық сарапшы (сарапшылар)
Мөр орны
Іздеу атаулары: №54 бұйрық, 54-бұйрық, приказ 54, елу төртінші бұйрық, 54 бұйрық скачать.