Мақала
Бұйрықтар

№ 368 бұйрық (02.07.2014): толық мәтін және скачать

Жаңартылған

Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 шілдеде № 9649 тіркелді

Бұйрық нөмірі
368
Қабылданған күні
02.07.2014
Актіні өзгерту күні
18.11.2014
Мәртебесі
Жаңартылған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі

«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН : 1. Қоса беріліп отырған Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Л.М. Ахметниязова): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында одан әрі жариялануын; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген

Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі

Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 18.11.2014 № 237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №Атауы (ХПА)Өлшем бірлігіСаны
Жарақаттар (қан кету, соғылу, сыну, буынның шығуы, күю), жарақаттану кезінде қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар
1.Сутегі тотығы, 3% ерітіндісіфлакон1
2.Зарарсыздандырылған дәке бинті 5м х 10 смдана1
3.Зарарсыздандырылмаған дәке бинті 5м х 10 смдана1
4.Зарарсыздандырылмаған дәке бинті 7м х 14 смдана1
5.Зарарсыздандырылған медициналық дәке салфеткалардана1
6.Зарарсыздандырылған таңу пакетідана1
7.Зарарсыздандырылған медициналық гигроскопиялық мақта 50 гдана1
8.Қан тоқтатқыш жгутдана1
9.Бактерицидті лейкопластырьдана5
10.Медициналық лейкопластырьдана1
11.Эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3,6данабір-бірден
12.Зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптаржұп1
13.Доғал ұшты қайшылардана1

Ескертпе : Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасын қолдану бойынша ұсынымдар: Жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде зардап шеккен адамдарға медициналық алғашқы көмек қобдишасының құрамына кіретін заттарды мынадай түрде қолдану ұсынылады: а) жол-көлік оқиғалары нәтижесінде зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсету кезінде барлық манипуляцияларды мeдициналық қолғаптармен жасау қажет; б) ірі (магистральді) қан артерияларынан артериялық қан кету кезінде тамырды саусақпен басып, жазбада жгут салу уақытын көрсете отырып, зақымдалған жерден жоғары басып тұрған жерге қан тоқтататын жгутты және жарақатқа (қысып) байланатын таңғышты салу керек; в) жарақат болған кезде зарарсыздандырылған салфеткалар мен бинттерді немесе зарарсыздандырылған таңу пакетін пайдаланып, (қысып) байланатын таңғышты салу керек. Жарақаттан қан ақпаған кезде және қысып байланатын таңғышты салу мүмкіндігі болмаса, онда жарақатқа зарарсыздандырылған салфетканы салып, оны лейкопластырьмен бекіту керек. Ұсақ жарақаттар кезінде бактерицидтік лейкопластырьді пайдалану қажет. Сутегі тотығы, 3% ерітіндісі Сутегі тотығын механикалық тазалау және беткі жаралардан капиллярлық қан кетуді тоқтату үшін қолданады. Жарақатқа зарарсыздандырылған дәке салфеткалар салынады.

Іздеу атаулары: №368 бұйрық, 368-бұйрық, приказ 368, үш жүз алпыс сегізінші бұйрық, 368 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.