Мақала
Бұйрықтар

№ 73 бұйрық (11.09.2014): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

2014 жылғы 4 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 73 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 қыркүйекте № 9745 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 326 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
73
Қабылданған күні
11.09.2014
Актіні өзгерту күні
15.12.2014
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2014 № 326 (2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау тәртібінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету критерийін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы бойынша 2014 жылғы 4 тоқсанға кедейлік шегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2014 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2014 жылғы 17 маусымдағы № 267-Ө бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 9539 тіркелген және 2014 жылғы 19 шілдедегі № 139 (27760) «Казахстанская правда» газетінде, 2014 жылғы 19 шілдедегі № 139 (28363) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Әлеуметтік көмек департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қазанынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

МинистрТ. Дүйсенова

Іздеу атаулары: №73 бұйрық, 73-бұйрық, приказ 73, жетпіс үшінші бұйрық, 73 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.