Мақала
Бұйрықтар

№ 22 бұйрық (22.08.2014): толық мәтін және скачать

Жаңа

Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2014-2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 22 тамыздағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 қыркүйекте № 9749 тіркелді

Бұйрық нөмірі
22
Қабылданған күні
22.08.2014
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2014-2015 оку жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2014 - 2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 604 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН : 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2014-2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (А.Ә.Сыздықова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін; 4) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін, және олармен техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау бойынша білім беру қызметін көрсетуге шарт жасасуды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Экономика және қаржы департаменті жасалған шарттарға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбековаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы С. Жақыпова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 22 бұйрығына қосымша

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2014-2015 оку жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

р/с №Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарыБөлінген орындардың саныМамандықтың атауыМамандық бойынша бөлінген орындардың саны
12345
1.Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледж400, оның ішінде 200 қазақ тілінде білім алушыларМейіргер ісі200, оның ішінде «Массаж» біліктілігі бойынша мейіргер ісі - 16, оның ішінде 75 қазақ тілінде білім алушылар
Ортопедиялық стоматология25 қазақ тілінде білім алушылар
Зертханалық диагностика100, оның ішінде 50 қазақ тілінде білім алушылар
Гигиена және эпидемиология25 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация25 орыс тілінде білім алушылар
Емдеу ісі25 қазақ тілінде білім алушылар
2.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы100 қазақ тілінде білім алушыларЕмдеу ісі50 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация50 қазақ тілінде білім алушылар

Іздеу атаулары: №22 бұйрық, 22-бұйрық, приказ 22, жиырма екінші бұйрық, 22 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.