Мақала
Бұйрықтар

№ 237 бұйрық (18.11.2014): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10004 тіркелді

Бұйрық нөмірі
237
Қабылданған күні
18.11.2014
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі

«Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН : 1. «Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 30 шілдеде № 9649 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 7 тамызда ресми түрде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Н.Е. Бейсен): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Р. Мусиновқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № 237 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 368 бұйрығымен бекітілген

Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі

Р/с №Атауы (ХПА)Өлшем бірлігіСаны
Жарақаттар (қан кету, соғылу, сыну, буынның шығуы, күю), жарақаттану кезінде қолданылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар
1.Сутегі тотығы, 3% ерітіндісіфлакон1
2.Зарарсыздандырылған дәке бинті 5м х 10 смдана1
3.Зарарсыздандырылмаған дәке бинті 5м х 10 смдана1
4.Зарарсыздандырылмаған дәке бинті 7м х 14 смдана1
5.Зарарсыздандырылған медициналық дәке салфеткалардана1
6.Зарарсыздандырылған таңу пакетідана1
7.Зарарсыздандырылған медициналық гигроскопиялық мақта 50 гдана1
8.Қан тоқтатқыш жгутдана1
9.Бактерицидті лейкопластырьдана5
10.Медициналық лейкопластырьдана1
11.Эластикалық түтікшелі бинт № 1, 3,6данабір-бірден
12.Зарарсыздандырылмаған медициналық қолғаптаржұп1
13.Доғал ұшты қайшылардана1

Ескертпе : Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасын қолдану бойынша ұсынымдар: Жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде зардап шеккен адамдарға медициналық алғашқы көмек қобдишасының құрамына кіретін заттарды мынадай түрде қолдану ұсынылады: а) жол-көлік оқиғалары нәтижесінде зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсету кезінде барлық манипуляцияларды мeдициналық қолғаптармен жасау қажет; б) ірі (магистральді) қан артерияларынан артериялық қан кету кезінде тамырды саусақпен басып, жазбада жгут салу уақытын көрсете отырып, зақымдалған жерден жоғары басып тұрған жерге қан тоқтататын жгутты және жарақатқа (қысып) байланатын таңғышты салу керек; в) жарақат болған кезде зарарсыздандырылған салфеткалар мен бинттерді немесе зарарсыздандырылған таңу пакетін пайдаланып, (қысып) байланатын таңғышты салу керек. Жарақаттан қан ақпаған кезде және қысып байланатын таңғышты салу мүмкіндігі болмаса, онда жарақатқа зарарсыздандырылған салфетканы салып, оны лейкопластырьмен бекіту керек. Ұсақ жарақаттар кезінде бактерицидтік лейкопластырьді пайдалану қажет. Сутегі тотығы, 3% ерітіндісі Сутегі тотығын механикалық тазалау және беткі жаралардан капиллярлық қан кетуді тоқтату үшін қолданады. Жарақатқа зарарсыздандырылған дәке салфеткалар салынады.

Іздеу атаулары: №237 бұйрық, 237-бұйрық, приказ 237, екі жүз отыз жетінші бұйрық, 237 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.