Мақала
Бұйрықтар

№ 310 бұйрық (11.12.2014): толық мәтін және скачать

Жаңа

"Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 168-ө-м бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 желтоқсанда № 10044 тіркелді

Бұйрық нөмірі
310
Қабылданған күні
11.12.2014
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

РҚАО-ның ескертпесі! Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2012 жылғы 4 мамырдағы № 168-ө-м бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7706 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2012 жылғы № 11 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдердi есептеу қағидасында : 4 , 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «4. Ең төменгi жалақы өсімінің жинақталған деңгейін есептеу (ЕТЖ жинақ) белгілі бір жылдардағы ең төменгi жалақының өсу коэффициенттерін мынадай формула бойынша көбейту арқылы жүргізіледі:

мұндағы ЕТЖ n – заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі қаржы жылының 1 қаңтарына республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшері; n – заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі жыл; (n + x) – ай сайынғы төлемді тағайындауға өтініш білдірген (қайта есептеген) жыл. Бұл ретте ЕТЖ жинақ үтiрден кейiн үш белгiге дейiн дөңгелектенедi. Егер төртiншi белгi 5-ке тең немесе одан көп болса, онда үшiншi белгiге бiр бiрлiк қосылады. 5. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер (АТ), ай сайынғы төлем мөлшерін (АСТМ) ЕТЖ жинаққа көбейту арқылы айқындалады: АТ = АСТМ * ЕТЖ жинақ 7-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын: «9. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша АТ алушылары болып табылатын, АТ мөлшері тұтыну бағалары индексiнің жинақталған деңгейі ескерiле отырып айқындалған азаматтарға АТ-ның тағайындалған сомаларын қайта есептеу ең төменгi жалақы өсімінің жинақталған деңгейінің есебіне байланысты 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жүрізіледі. Бұл ретте АТ-ның арттырылған мөлшерi алып жүрген ағымдағы АТ мөлшерiнен төмен болмайды. Егер ең төменгi жалақы өсімінің жинақталған деңгейінің есебінен айқындалған АТ мөлшері ағымдағы АТ-дан төмен болса, онда АТ-ның ағымдағы мөлшерi сақталады.». 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi және ресми жариялауға жатады.

Министр Т.Дүйсенова

Түпнұсқадағы суреттер, кестелер және скан (1)

TXT файлы мәтіндік бөлікті қамтиды. Көрнекі бөліктер ресми дереккөзден ашылады.

  1. Ресми қосымшаны ашу

Іздеу атаулары: №310 бұйрық, 310-бұйрық, приказ 310, үш жүз оныншы бұйрық, 310 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.