Мақала
Бұйрықтар

№ 266 бұйрық (25.11.2014): толық мәтін және скачать

Жаңа

2014-2015 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 266 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 желтоқсанда № 10038 тіркелді

Бұйрық нөмірі
266
Қабылданған күні
25.11.2014
Актіні өзгерту күні
Көрсетілмеген
Мәртебесі
Жаңа

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және білім беру ұйымдарында 2014-2015 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН : 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және білім беру ұйымдарында 2014-2015 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын. 2. Ғылым және адами ресурстар департаменті: 1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Интернет-ресурсында орналыстырылуын; 3) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 4) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада көзделген денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарға және білім беру ұйымдарына жеткізсін және олармен шарт жасассын. 3. Қаржы департаменті осы бұйрыққа қосымшада көзделген денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды және білім беру ұйымдарын 2014-2015 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға жасалған шарттардың негізінде республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министріТ.Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 266 бұйрығына қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және білім беру ұйымдарында 2014-2015 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

№Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар және білім беру ұйымдарыБөлінген орындардың саныМамандықтың атауыМамандық бойынша бөлінген орындардың саны
1.Резидентура
1.Астана медицина университеті (бұдан әрі – АМУ)110Ревматология, соның ішінде балалар ревматологиясы8
Пульмонология, соның ішінде балалар пульмонологиясы6
Нефрология, соның ішінде балалар нефрологиясы6
Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар жұқпалы аурулары7
Невропатология, соның ішінде балалар неврологиясы10
Сәулелік диагностика8
Сәулелік терапия3
Клиникалық фармакология3
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы5
Балалар хирургиясы4
Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы5
Офтальмология, соның ішінде балалар офтальмологиясы7
Оториноларингология, соның ішінде балалар оториноларингологиясы5
Педиатрия9
Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар21
Сот-медициналық сараптама3
2.С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (бұдан әрі – ҚазҰМУ)143Ревматология, соның ішінде балалар ревматологиясы4
Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы10
Психиатрия3
Сәулелік диагностика11
Спорттық медицина7
Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы9
Педиатрия25
Неонатология2
Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар72
3.Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті (бұдан әрі - БҚММУ)100Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы5
Гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы6
Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы8
Невропатология, соның ішінде балалар неврологиясы14
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы9
Кардиохирургия, соның ішінде балалар кардиохирургиясы1
Нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы1
Балалар хирургиясы1
Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы3
Урология және андрология, соның ішінде балалар урологиясы және андрологиясы6
Оториноларингология, соның ішінде балалар оториноларингологиясы3
Педиатрия10
Неонатология5
Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар28
4.Қарағанды мемлекеттік медицина университеті (бұдан әрі – ҚММУ)70Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы3
Ревматология, соның ішінде балалар ревматологиясы3
Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы7
Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар жұқпалы аурулары3
Невропатология, соның ішінде балалар неврологиясы6
Психиатрия3
Сәулелік диагностика3
Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы3
Травматология-ортопедия, соның ішінде балалар травматология-ортопедиясы3
Офтальмология, соның ішінде балалар офтальмологиясы5
Оториноларингология, соның ішінде балалар оториноларингологиясы3
Педиатрия10
Неонатология6
Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар12
5.Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті (бұдан әрі – СММУ)115Ревматология, соның ішінде балалар ревматологиясы3
Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар жұқпалы аурулары6
Невропатология, соның ішінде балалар неврологиясы9
Психиатрия10
Сәулелік терапия3
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы12
Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы3
Педиатрия24
Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар36
Сот-медициналық сараптама9
6.Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (бұдан әрі – ҚМҮББУ)184Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы3
Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы14
Нефрология, соның ішінде балалар нефрологиясы5
Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар жұқпалы аурулары12
Невропатология, соның ішінде балалар неврологиясы24
Психиатрия6
Медициналық реабилитология, соның ішінде балалар медициналық реабилитологиясы3
Сәулелік диагностика14
Функционалдық диагностика5
Клиникалық фармакология5
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы25
Балалар хирургиясы5
Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы9
Травматология-ортопедия, соның ішінде балалар травматология-ортопедиясы3
Урология және андрология, соның ішінде балалар урологиясы және андрологиясы5
Офтальмология, соның ішінде балалар офтальмологиясы6
Оториноларингология, соның ішінде балалар оториноларингологиясы9
Педиатрия2
Неонатология10
Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар19
7.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы (бұдан әрі - ОҚМФА)37Невропатология, соның ішінде балалар неврологиясы15
Педиатрия22
8.Қазақстан-Ресей медицина университеті57Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы12
Психиатрия16
Оториноларингология, соның ішінде балалар оториноларингологиясы3
Педиатрия4
Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар19
Төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы3
9.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (бұдан әрі – ХҚТУ)8Невропатология, соның ішінде балалар неврологиясы8
10.Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты23Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы3
Ревматология, соның ішінде балалар ревматологиясы4
Аллергология және иммунология, соның ішінде балалар аллергологиясы және иммунологиясы3
Гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы7
Гематология, соның ішінде балалар гематологиясы3
Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы3
11.Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты3Травматология-ортопедия, соның ішінде балалар травматология-ортопедиясы3
12.«Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты10Офтальмология, соның ішінде балалар офтальмологиясы10
13.А.Н. Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы18Сәулелік диагностика7
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы11
14.Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты19Сәулелік диагностика6
Сәулелік терапия6
Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы7
15.Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы16Балалар хирургиясы8
Педиатрия8
16.Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы7Нефрология, соның ішінде балалар нефрологиясы2
Урология және андрология, соның ішінде балалар урологиясы және андрологиясы5
17.Ұлттық ғылыми медициналық орталық13Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы5
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы4
Урология және андрология, соның ішінде балалар урологиясы және андрологиясы4
18.Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы10Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар5
Медициналық генетика5
19.Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы25Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы2
Педиатрия6
Неонатология2
Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар15
20.Республикалық онкология және трансплантология ғылыми орталығы6Гематология, соның ішінде балалар гематологиясы2
Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы2
Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы2
21.Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы4Нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы4
22.Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық19Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы10
Сәулелік диагностика9
23.Еңбек гигиенасы мен кәсіби аурулар ұлттық орталығы3Кәсіби дерітер3
ЖИЫНЫ10001000
2.Магистратура
1.АМУ41Медицина (ғылыми-педагогикалық)35
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)3
Медициналық-профилактикалық ісі (ғылыми-педагогикалық)3
2.ҚазҰМУ40Медицина (ғылыми-педагогикалық)23
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)11
Фармация (ғылыми-педагогикалық)5
Мейіргер ісі (ғылыми-педагогикалық)1
3.БҚММУ23Медицина (ғылыми-педагогикалық)15
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)5
Медициналық-профилактикалық ісі (ғылыми-педагогикалық)3
4.ҚММУ35Медицина (ғылыми-педагогикалық)23
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)3
Медициналық-профилактикалық ісі (ғылыми-педагогикалық)3
Фармация (ғылыми-педагогикалық)3
Мейіргер ісі (ғылыми-педагогикалық)3
5.СММУ36Медицина (ғылыми-педагогикалық)17
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)10
Қоғамдық денсаулық сақтау (бейіндік)3
Медициналық-профилактикалық ісі (ғылыми-педагогикалық)3
Мейіргер ісі (ғылыми-педагогикалық)3
6.ҚМҮББУ44Медицина (ғылыми-педагогикалық)25
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)16
Медициналық-профилактикалық ісі (ғылыми-педагогикалық)3
7.ОҚМФА64Медицина (ғылыми-педагогикалық)18
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)31
Фармация (ғылыми-педагогикалық)9
Мейіргер ісі (ғылыми-педагогикалық)6
8.Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебi (бұдан әрі – ҚДСЖМ)41Медицина (ғылыми-педагогикалық)3
Медицина (бейіндік)3
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)15
Қоғамдық денсаулық сақтау (профильдік)20
9.МКТУ5Медицина (ғылыми-педагогикалық)5
ЖИЫНЫ329329
3.Докторантура
1.АМУ19Медицина (ғылыми-педагогикалық)12
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)7
2.ҚазҰМУ20Медицина (ғылыми-педагогикалық)10
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)5
Фармация (ғылыми-педагогикалық)5
3.БҚММУ5Медицина (ғылыми-педагогикалық)5
4.ҚММУ14Медицина (ғылыми-педагогикалық)11
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)3
5.СММУ18Медицина (ғылыми-педагогикалық)15
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)3
6.ҚДСЖМ16Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)13
Қоғамдық денсаулық сақтау (профильдік)3
7.ХҚТУ8Медицина (ғылыми-педагогикалық)5
Қоғамдық денсаулық сақтау (ғылыми-педагогикалық)3
ЖИЫНЫ100100

Іздеу атаулары: №266 бұйрық, 266-бұйрық, приказ 266, екі жүз алпыс алтыншы бұйрық, 266 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.