Мақала
Бұйрықтар

№ 168 бұйрық (27.03.2015): толық мәтін және скачать

Күшін жойған

Мұрағаттық құжат. Бұл акт қолданыстағы талап ретінде берілмейді.

Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 сәуірде № 10803 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № ҚР ДСМ-199/2020 бұйрығымен

Бұйрық нөмірі
168
Қабылданған күні
27.03.2015
Актіні өзгерту күні
23.11.2020
Мәртебесі
Күшін жойған

Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.

Бұйрықтың мәтіні

Құжаттың мазмұны
  1. Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидалары
  2. 1-тарау. Жалпы ережелер
  3. 2-тарау. Паллиативтік көмек көрсету тәртібі
  4. 3-тарау. Мейіргерлік күтім көрсету тәртібі
  5. Паллиативтік көмек көрсетілетін аурулардың тізбесі
  6. Мейіргерлік күтім көрсету үшін аурулар тізбесі
  7. Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім қызметтерінің тізбесі

Ескерту.Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.11.2020 № ҚР ДСМ-199/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілед) бұйрығымен.

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 53-бабының 3-тармағының, 7-бабының 1-тармағының 99-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

МинистрТ. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 168 бұйрығымен бекітілген

Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидалары

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 № ҚР ДСМ-62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 53-бабының 3-тармағына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және медициналық ұйымдардың паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) білікті медициналық көмек - диагностика, емдеу және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалануды талап етпейтін ауруларда жоғары медициналық білімі бар медициналық қызметкермен көрсетілетін медициналық көмек;

2) дәрігерге дейінгі көмек - аурулардың алдын алу мақсатында, сондай-ақ дәрігердің қатысуымен диагностика, емдеу және медициналық оңалту әдістерін пайдалануды талап етпейтін, орта медициналық білімі бар медициналық қызметкермен көрсетілетін медициналық көмек;

3) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

4) мамандандырылған медициналық көмек - диагностика, емдеу және медициналық оңалтуда, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалану арқылы арнайы әдістерді талап ететін ауруларда бейінді мамандармен көрсетілетін медициналық көмек;

5) медициналық қызметтер - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимыл;

6) медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

7) мейіргер күтімі - дәрігер байқауы талап етілмейтін жағдайларда ауыр аурулары бар күтімге мұқтаж адамдарға орта медицина қызметкерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;

8) паллиативтік көмек - терминалдық (соңғы) сатыдағы емделмейтін аурулары бар пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;

9) стационарды алмастыратын көмек - білікті, мамандандырылған, оның ішінде медициналық байқаумен, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану арқылы дәрігерге дейінгі медициналық көмек ұсыну нысаны;

10) стационарлық көмек - білікті, мамандандырылған, оның ішінде тәулік бойы медициналық байқаумен, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдану арқылы дәрігерге дейінгі медициналық көмек ұсыну нысаны.

3. Паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім "Халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 96 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10576 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес халықтың санаттарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, сондай-ақ ақылы негізде көрсетіледі.

4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі (Бұдан әрі - ТМККК) паллиативтік көмек осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес аурулар мен жағдайларда көрсетіледі.

ТМККК шеңберіндегі мейіргерлік күтім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес аурулар мен жағдайларда көрсетіледі.

Емдеу бекітілген негізгі аурулары бойынша клиникалық хаттамаларға сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбеге сәйкес паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім қызметтерін ұсыну арқылы жүргізіледі.

5. Паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім көрсету бойынша қызметтер Кодекстің 35-бабына сәйкес ақылы түрде ұсынылады.

6. Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтімді қажет ететін пациенттердің тізімдері медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар қалыптастырады және есеп берудің бірыңғай нүктесі "Емхана" автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізіледі, осының негізінде паллиативтік көмек және мейіргерлік күтімді алатын пациенттердің тізбесі қалыптасады.

2-тарау. Паллиативтік көмек көрсету тәртібі

7. Паллиативтік көмек дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмекті қамтиды және амбулаториялық-емханалық стационарды алмастыратын мен стационарлық көмек нысанында көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастықты және байқау үздіксіздігі қағидаттарын сақтай отыра көрсетіледі.

8. Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі паллиативтік көмекті "Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған) аумақтық қағидат бойынша алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.

9. Стационарды алмастыратын нысандағы паллиативтік көмек құрамында паллиативтік көмек бөлімшелері (төсектер) бар амбулаториялық-емханалық ұйымдарының, ауруханалық ұйымдардың күндізгі стационарларында, дербес мамандандырылған медициналық ұйымдарда (хоспистер) "Стационарды алмастыратын көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығына (бұдан әрі - № 669 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

10. Стационарлық көмек нысанындағы паллиативтік көмек мамандандырылған төсектерде, мамандандырылған палаталарда және стационарлық көмек көрсететін және мамандандырылған медициналық/медициналық әлеуметтік ұйымдарда (хоспистерде) "Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығына (бұдан әрі - № 761 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12106 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

11. Паллиативтік көмек көрсететін ұйымдарға емдеуге жатқызу үшін мыналар көрсетілімдер болып табылады:

1) науқасты кейіннен амбулаториялық жағдайда емдеуге ауыстыру үшін қолдаушы, ауырсындырмау терапиясын таңдау қажеттілігі;

2) тәуліктік бақылау жағдайында ауырсындырмау терапиясын түзеу;

3) тәуліктік бақылау жағдайында симптоматикалық емдеу қажеттігі;

4) әлеуметтік-психологиялық айғақтардың болуы (депрессия жағдайы, реактивті жағдай немесе отбасындағы дау-жанжал жағдайы, науқастың күтімі үшін тұрмыс жағдайларының болмауы).

12. Пациентті стационарға жоспарлы және шұғыл түрде емдеуге жатқызу № 761 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Мейіргерлік күтім көрсету тәртібі

13. Мейіргерлік күтім стационарды алмастыратын және стационарлық көмек түрінде ұсынылады.

14. Стационарды алмастыратын көмек түріндегі мейіргерлік күтім № 669 бұйрыққа сәйкес бекітілген жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін үйдегі стационар нысанында ұсынылады.

Мейіргерлік күтімді қажет ететін науқастарға зертханалық зерттеулер жүргізу үшін материалдар жинау үйде жүзеге асырылады. Аспаптық зерттеу әдістері тұрақты жері бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымда көрсетілімдері бойынша жүргізіледі.

15. Стационарлық көмек түріндегі мейіргерлік күтім арнайы құрылымдық бөлімшелерде, денсаулық сақтау ұйымдарының (бөлімшелерде, палаталарда, төсектерде), № 761 бұйрыққа сәйкес арнайы медициналық ұйымдарда (мейіргерлік күтім ауруханаларында) ұсынылады.

16. Мейіргерлік күтімді қажет ететін науқастарды емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер:

1) тәулік бойы байқау жағдайларында күтім мен симптоматикалық терапияның қажеттілігі;

2) әлеуметтік-психологиялық көрсетілімдерінің болуы (депрессиялық жағдай, реактивтік жағдай, отбасындағы дау-жанжал жағдайы, науқасты күту үшін тұрмыстық жағдайлардың болмауы) болып табылады.

Білікті медициналық көмекті және тұрақты дәрігерлік байқауды талап ететін пациенттер мейіргерлік күтім ауруханасына, бөлімшесіне (палатасына) емдеуге жатқызуға жатпайды.

17. Мейіргерлік күтім көрсететін медициналық ұйымға пациентті емделуге жатқызу жоспарлы және (немесе) № 761 бұйрыққа сәйкес шұғыл тәртіпте жүзеге асырылады.

Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидаларына 1-қосымша

Паллиативтік көмек көрсетілетін аурулардың тізбесі

Ересектер
№Аурулар класыНозологиялық нысандарыХАЖ 10 кодыНақтылау коды
1.Инфекциялық ауруАИТВ инфекцияВ20-В24Z51.5 - Паллиативтік көмек
ТуберкулезА15-A19Z51.5 - Паллиативтік көмек
2.ІсіктерҚатерлі ісіктерС00-С97Z51.5 - Паллиативтік көмек
3.Эндокринді жүйе ауруы, тамақ бұзушылығы және зат алмасуының бұзылуы1-типті инсулинге тәуелді қан диабетіЕ10Z51.5 - Паллиативтік көмек
2-типті инсулинге тәуелсіз қан диабетіЕ11
4.Жүйке жүйесі ауруларыПаркинсон ауруыG20Z51.5 - Паллиативтік көмек
Альцгеймер ауруыG30
Нерв жүйесінің басқа айдарларда жіктелмеген дегенерациялық басқа ауруларыG31
Паралитикалық синдромыG81-83
Басқа жүйесінің зақымдануы (энцефалопатия)G92-G93
5.Қан айналымы жүйесінің ауруларыӨкпе-жүрек функциялары жеткіліксіздігінің басқа түрлеріI27Z51.5 - Паллиативтік көмек
Жүрек функциясының жеткіліксіздігіI50
Ми-тамыр ауруларының салдарларыI69
6.Тыныс алу ағзаларының ауруларыӨкпенің созылмалы басқа обструкциялық ауруыJ44Z51.5 - Паллиативтік көмек
Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелмеген жалқығыJ90
Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелген жағдайларJ91
Тыныс алу функциясының басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігіJ96
7.Ас қорыту ағзаларының ауруларыБауырдың уыттық зақымдануыК71.7Z51.5 - Паллиативтік көмек
Бауыр қызметінің басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігіК72
Бауыр фиброзы және циррозыК74
8.Несеп жүйесі ауруларыБүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіN18Z51.5 - Паллиативтік көмек
Бүйрек қызметінің анықталмаған жеткіліксіздігіN19
9.ЖарақаттарБастың жарақатыS00-S79Z51.5 - Паллиативтік көмек
Балалар
№Аурулар класыНозологиялық нысандарыХАЖ 10 кодыНақтылау коды
1.Инфекциялық ауруАИТВ инфекцияВ20-В24Z51.5 - Паллиативтік көмек
ТуберкулезА15-А19Z51.5 - Паллиативтік көмек
2.ІсіктерҚатерлі ісіктерС00-С97
3.Эндокринді жүйе ауруы, тағам бұзушылығы және зат алмасуының бұзылуы1-типті инсулинге тәуелді қан диабетіE10Z51.5 - Паллиативтік көмек
2-типті инсулинге тәуелсіз қан диабетіE11
Галактоза алмасуының бұзылуыE74.2
Басқа сфинголипидоздарE75.2
МукополисахаридозЕ76.0 Е76.1 Е76.2
Жылауықты фиброзЕ84.0 Е84.1 Е84.8 Е84.9
Класикалық фенилкетонурияЕ70.0
Гипофиз гиперфункциясыЕ22
Гипофиз гиперфункциясы мен басқа бұзылуларЕ23
4.Жүйке жүйесі ауруларыБактериялық анықталмаған менингитG00-G09Z51.5 - Паллиативтік көмек
Орталық нерв жүйесін басымырақ зақымдайтын жүйелік атрофияларG10-G14
Нерв жүйесінің басқа дегенерациялық ауруларыG30-G32
Орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші ауруларыG35-G37
Бұлшық еттердің алғашқы зақымдануларыG71
Церебралды параличG80
5.Қан айналымы жүйесінің ауруларыЖүректің созылмалы ревматикалық ауруыI05-I09Z51.5 - Паллиативтік көмек
Жүрек функциясының жеткіліксіздігіI50
КардиомиопатияI42
Мидың торлы қабығы астына қан құйылуI60
Мидың ішіне қан құйылуыI61
Бас сүйек ішіне жарақаттық емес басқаша қанI62
Ми инфаргіI63
Қан құйылу немесе инфаркт ретінде анықталмаған миға қан құйылуI64
Қақпалық венаның тромбозыI81
Тыныс алу ағзаларының ауруларыТыныс алу функциясының басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігіJ96Z51.5 - Паллиативтік көмек
Ас қорыту ағзаларының ауруларыЖұқпалы емес энтерит пен колитK50-52Z51.5 - Паллиативтік көмек
Бауыр қызметінің басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігіК72
Бауыр фиброзы және циррозыК74
Сүйек-бұлшық ет жүйесі және дәнекерлік тіндер ауруларыДəнекер тіннің жүйелік зақымдануларыM30-M36Z51.5 - Паллиативтік көмек
Несеп жүйесі ауруларыБүйрек жеткіліздігіN18-N19Z51.5 - Паллиативтік көмек
Перинаталдық кезеңде туындаған жекелеген жағдайНəрестенің туғандағы салмағының өте аздығыP07Z51.5 - Паллиативтік көмек
Туа біткен ауытқулар, деформациялар мен хромосомалық бұзылуларЖүйке жүйесі дамуындағы туа біткен ақауларQ00-Q07Z51.5 - Паллиативтік көмек
Қан айналым жүйесінің туа біткен ауытқуларыQ20-Q28
Туа біткен ихтиозQ80
НейрофиброматозQ85.0
Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидаларына 2-қосымша

Мейіргерлік күтім көрсету үшін аурулар тізбесі

№Аурулар класыНозологиялық нысандарыХАЖ 10 кодыНақтылау коды
1.Жүйке жүйесі ауруларыПаркинсон ауруыG20Z51.5 - Паллиативтік көмек
Альцгеймер ауруыG30
Нерв жүйесінің басқа дегенерациялық ауруларыG31
Церебралдық паралич ауруы мен басқа параличтік синдромдарG81-83
Нерв жүйесінің басқа бұзылулары (энцефалопатия)G92-G93
2.Эндокринді жүйе ауруы, тамақтанудың бұзылулары және зат алмасуының бұзылуы1- типті инсулинге тәуелді қан диабетіE10Z51.5 - Паллиативтік көмек
2- типті инсулинге тәуелсіз қан диабетіE11
3.Қан айналымы жүйесінің ауруларыӨкпе-жүрек функциялары жеткіліксіздігінің басқа пішіндеріI27Z51.5 - Паллиативтік көмек
Жүрек функциясының жеткіліксіздігіI50
Ми-тамырлық аурулардың салдарларыI69
4.Тыныс алу ағзаларының ауруларыӨкпенің созылмалы басқа обструкциялық ауруыJ44Z51.5 - Паллиативтік көмек
Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелмеген жалқығыJ90
Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелген жағдайлар барысындағы жалқығыJ91
Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелген жағдайлар барысындағы жалқығыJ96
5.Ас қорыту ағзаларының ауруларыБауырдың бауыр фиброзы мен беріштенуі қабаттасқан уыттық зақымдануыК71.7Z51.5 - Паллиативтік көмек
Бауыр қызметінің басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігіК72
Бауыр фиброзы және циррозыК74
6.Несеп жүйесі ауруларыБүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіN18Z51.5 - Паллиативтік көмек
Бүйрек қызметінің анықталмаған жеткіліксіздігіN19
7.ЖарақаттарБастың жарақатыS00-S79Z51.5 - Паллиативтік көмек
Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсету қағидаларына 3-қосымша

Паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім қызметтерінің тізбесі

Қызметтердің кодыДәрігер көрсететін қызметтер
А.02.001.000Терапевтің консультациясы (тексеру)
А.02.002.000Педиатрдың консультациясы (тексеру)
А.02.018.000Невропатологтың консультациясы (тексеру)
А02.015.000Кардиологтың консультациясы (тексеру)
А.02.044.000Фтизиатрдың консультациясы (тексеру)
А.02.013.000Хирургтің консультациясы (тексеру)
D.54.910.426Лапароцентез
D.54.910.427Плевроцентез
D.54.910.428Трахестомия
D.54.910.429Назогастральды сүңгіні орнату
D.54.910.430Несеп катетрін орнату
Қызметтердің кодыОрта медицина қызметкері көрсететін қызметтер
D93.891.019Науқас балаға күтім жасауды үйрету
D93.891.022Қатты сырқат пациенттің шашын, тырнақтарын күту, қырындыру
D93.891.023Қатты сырқат пациенттің ауыз қуысына күтім жасау
D93.891.024Ауыз-жұтқыншақтан сілемейді сорып алу
D93.891.025Оростомалар, эзофагостомалар кезіндегі құрал
D93.891.026Трахеостома кезіндегі құрал
D93.891.027Назогастральды сүңгіге, мұрын канюлялалары және катетерлеріне күтім жасау
D93.891.028Жоғары тыныс жолдарынан сілемейлерін сору
D93.891.029Мұрыннан сілемейлер сору
D93.891.030Фарингостома кезіндегі құрал
D93.891.031Интраназальды дәрілік препараттарды енгізу
D93.891.032Гастростома кезіндегі құрал
D93.891.033Назогастральды сүңгіге күтім жасау
D93.891.034Гастростома арқылы қатты сырқат пациентті тамақтандыру
D93.891.035Илеостома кезіндегі құрал
D93.891.036Интестинальды сүңгіге күтім жасау
D93.891.037Интестинальды сүңгі арқылы қатты сырқат пациентті тамақтандыру
D93.891.038Илеостомаға күтім жасауды үйрету
D93.891.039Жуан ішек стомалары кезіндегі құрал
D93.891.040Колостомоға күтім жасауды үйрету
D93.891.041Қатты сырқат пациентті дефекациялау кезіндегі құрал
D93.891.042Тазалау клизмасын қою
D93.891.043Газ шығару түтікшесін қою
D93.891.044Ккопролитті алып тастау
D93.891.045Нәжіс ұстамау кезіндегі құрал
D93.891.046Сифонды клизма қою
D93.891.047Қынапты ұстап тұратын сақинаны (пессария) енгізу, алу
D93.891.048Сыртқы есту өтісіне күтім жасау
D93.891.049Қатты сырқат пациенттің көздеріне күтім жасау
D93.891.050Конъюнктивтік қуысқа дәрілік заттарды инстилляциялау
D93.891.051Қатты сырқат пациенттің несеп шығаруы кезіндегі құрал
D93.891.052Несеп катетріне күтім жасау
D93.891.053Цистостомоға және уростомоға күтім жасау
D93.891.054Несеп ұстамау кезіндегі құрал
D93.891.055Төсектегі қатты сырқат пациентті жатқызу және/немесе орналастыру
D93.891.057Қатты сырқат пациенттің ауыз және/немесе назогастральды сүңгі арқылы тамақтандыру
D93.891.058Қатты сырқат пациенттің төсек жаймасын ауыстыруға дайындау
D93.891.059Қатты сырқат пациенттің киімін және іш кимін ауыстыру бойынша құрал
D93.891.060Қатты сырқат пациенттің сыртқы жыныс және бұтаралық ағзаларына күтім жасау
D93.891.061Дренажға күтім жасау
D93.891.062Дәрілік препараттарды парентеральды енгізу кезіндегі құрал
D93.891.063Жауыржараның даму қаупінің дәрежесін бағалау
D93.891.064Жауыржараның ауырлық дәрежесін бағалау
D93.891.065Ауырсынудың қарқындылығын бағалау
D93.891.066Пациенттің отбасы мүшелерін төсекке жатқызу және орнын ауыстыру техникасына үйрету
D93.891.067Пациентті төсекке және/немесе креслоға өз көмегімен орналасуға үйрету
D93.891.068Пациентті балдақпен жүруге үйрету
D93.891.069Пациентті қосымша тіректің көмегімен жүруге үйрету
D93.891.021Тері қабықтарының тұтастығы бұзылғанда таңулар салу
КодПсихологтың қызметтері
А02.005.000Консультациялық қабылдау: Психолог (психологиялық мәртебесін бағалау, психотерапиялық/психологиялық интервенциялар, психологиялық қолдау көрсету)
КодӘлеуметтік қызметкердің қызметтері
A01.006.000Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкердің консультациясы (қабылдау)
A01.007.000Орта білімі бар әлеуметтік қызметкердің консультациясы (қабылдау)
A01.006.001Медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастырып, өткізу: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер
A01.007.001Медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастыруды өткізу: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер
A01.006.002Үй жағдайларында жүргізілетін медициналық күтімнің негіздеріне пациенттің отбасы мүшелерін үйрету: Жоғары білімі бар әлеуметтік қызметкер
A01.007.002Үй жағдайларында жүргізілетін медициналық күтімнің негіздеріне пациенттің отбасы мүшелерін үйрету: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер
6-тарауМобильды бригаданың шығуы
Е01.006.000Паллиативтік көмек көрсету кезінде мобильды бригаданың шығуы

Іздеу атаулары: №168 бұйрық, 168-бұйрық, приказ 168, жүз алпыс сегізінші бұйрық, 168 бұйрық скачать.

Маңызды

Материал ақпараттық мақсатта берілген. Диагноз бен емді дәрігер анықтайды.

Біз саған жазып
бере аламыз!

Реферат немесе медициналық тақырыптағы материал керек пе? Тақырыбыңды WhatsApp-қа жібер.