Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 cәуірдегі № 197 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 10995 тіркелді.
- Бұйрық нөмірі
- 197
- Қабылданған күні
- 01.04.2015
- Актіні өзгерту күні
- Көрсетілмеген
- Мәртебесі
- Жаңа
Дереккөз: «Әділет» АҚЖ ресми мәтіні. Мәтін алынған күн: 2026-10-20.
Бұйрықтың мәтіні
Құжаттың мазмұны
"Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының | |
| Денсаулық сақтау және | |
| әлеуметтік даму министрі | Т. Дүйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 8 сәуір
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 197 бұйрығымен бекітілген |
Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары Бір науқастың бір күнгі тамақтану нормалары
(граммен)
| № п/п | Атауы | Саны |
| 1. | Қара бидай наны | 150 |
| 2. | Бидай наны | 200 |
| 3. | Бидай ұны | 15 |
| 4. | Картоп ұны | 5 |
| 5. | Жарма | 80 |
| 6. | Макарон өнімдері | 20 |
| 7. | Картоп | 400 |
| 8. | Көкөніс, барлығы | 400 |
| 9. | Жас жемістер | 100 |
| 10. | Кептірілген жемістер | 30 |
| 11. | шұжықтар, жіңішке шұжықтар | 10 |
| 12. | Ет, құс еті | 125/25 |
| 13. | Балық, балық тағамдары | 100 |
| 14. | Ірімшік | 15 |
| 15. | Жұмыртқа/дана | 1 |
| 16. | Айран | 100 |
| 17. | Сүт | 300 |
| 18. | Сары май, балқытылған | 40 |
| 19. | Өсімдік майы | 20 |
| 20. | Қаймақ | 20 |
| 21. | Қант, кондитер өнімдері | 60 |
| 22. | Шай | 2 |
| 23. | Кофе, какао | 1 |
| 24. | Ашытқы | 1 |
| 25. | Тұз | 6 |
| 26. | Қызанақ езбесі | 3 |
| 27. | Жеміс шырындары | 100 |
Науқастарды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары
| № п/п | Бұйымдардың атауы | 1 төсекке арналған заттар саны | Пайдаланудың жылдық мерзімі |
| 1. Науқастарға арналған іш киімдер мен төсектер | |||
| 1. | Жейде, іш көйлек (майка) | 7 | 3 |
| 2. | Трусилер (трико, кальсондар) | 8 | 3 |
| 3. | Науқастарға арналған орамалдар | 1 | 1,5 |
| 4. | Ақжайма | 6 | 3 |
| 5. | Көрпе тысы | 5 | 4 |
| 6. | Жаялық (төсеніш) | 1 | 3 |
| 7. | Сыртқы жастықтыс | 8 | 3 |
| 8. | Ішкі жастықтыс (құс жүні) | 2 | 2 |
| 9. | Тюфяк тысы | 1,5 | 3 |
| 10. | Науқастарға арналған сүлгілер | 5 | 2,5 |
| 2. Науқастарға арналған төсек жабдықтары және басқа да заттар | |||
| 11. | Матрац | 1,5 | 5 |
| 12. | Құс жастық | 2 | 10 |
| 13. | Жылы көрпе (жүнді, жартылай жүнді) | 1,5 | 5 |
| 14. | Жазғы көрпе (жылы) | 1 | 4 |
| 15. | Зат қапшықтары | 0,5 | 4 |
| 16. | Науқастарға іш киімін сақтайтын қапшықтар | 1 | 3 |
| 17. | Ыдыс сүртетін сүлгілер | 0,25 | 1 |
| 3. Науқастарға арналған киім және аяқ киім | |||
| 18. | Жылы халат (пижама) | 3 | 3 |
| 19. | Жазғы халат (пижама) | 3 | 3 |
| 20. | Үйде киетін тәпішке | 1 | 0,5 |
| 21. | Маусымдық аяқ киім | 1 | 1 |
Іздеу атаулары: №197 бұйрық, 197-бұйрық, приказ 197, жүз тоқсан жетінші бұйрық, 197 бұйрық скачать.